Алматыда қоғамдық көлікте суық қару қолданылған оқиға болды. Әлеуметтік желілерде тараған жанжал видеосы кең қоғамдық резонанс тудырды, деп хабарлайды infohub.kz.
Novacity.news Instagram-парақшасында тараған кадрларда екі ер адамның автобус салонында алдымен ауызша, былапыт сөздермен ренжісіп, кейін төбелеске ұласқаны көрінеді. Бір сәтте жанжалға пышақ ұстаған үшінші жолаушы араласып, қақтығысушыларға қауіп төндіріп жүгіріп келді. Бұл жолаушылар арасында дүрбелең тудырды: әйелдер айқайлап, басқа ер адамдар төбелесті тоқтатуға тырысты.
Алматы полиция департаменті жарияланған видеоға жедел жауап берді. Ведомство Түрксіб ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғағанын хабарлады. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция төбелеске қатысушылардың әрекетіне қатаң құқықтық баға берілетінін, мұндай агрессивті және қоғамға қауіпті мінез-құлыққа жол берілмейтінін атап өтті. Кінәлілер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жазаға тартылады.
Айта кету керек, видеода былапыт сөздер бар, сондықтан материал 18 жастан асқан көрермендерге арналған.


