Алматыда полиция қызметкерлері ер адам мен әйелді ұстады, олардың көлігінен бежевый түсті ұнтақ табылды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қалада есірткінің заңсыз айналымына тағы бір әрекеттің жолы кесілді. Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Райымбек даңғылында Hyundai Accent көлігін тоқтатты. Көлікте ер адам мен әйел болған. Жүргізілген іс-шаралар барысында жолаушы әйелден бежевый түсті зат оралған бума табылды. Оның салмағы шамамен 700 граммды құрады.
Көлікті тексеру кезінде полицейлер әйелдер сөмкесін тапты. Ішінде ақ түсті зат салынған үш zip-пакет, көптеген бос пакеттер және электронды таразы болды. Табылған заттардың бәрі алынып, сараптамаға жіберілді.
Барлық күдіктілер қажетті процестік іс-шараларды жүргізу үшін полиция басқармасына жеткізілді. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу алынған заттардың шығу тегін және оны мегаполисте тарату арнасын анықтап жатыр.


