Алматыда Канада азаматы қаладағы мекемелердің бірінде ағылшын тілді әйелді орыс тілінде балағаттап, кейін бес тәулікке қамалды, деп хабарлайды infohub.kz.

Threads әлеуметтік желісіндегі Kzo_travel парақшасында ер адамның шетелдік әйелге дөрекі сөйлеп жатқаны бейнеленген видео пайда болды. Жарияланымда әйелдің қасында отырған ер адамның қорлағанына шағымданғаны айтылған. Оның айтуынша, ол жергілікті тұрғын емес немесе көшіп келген болуы мүмкін. Әйел қауіпсіздік мақсатында болып жатқан оқиғаны видеоға түсіре бастаған, содан кейін бардың артына тығылып, қоғамдық орында өзін қауіпсіз сезінбей, жылаған.

Кадрларда ер адамның әйелге орыс тілінде бірнеше рет балағат сөздер айтқаны, ал әйелдің оған ағылшын тілінде жауап беріп, агрессивті мінез-құлқын көрсеткені көрінеді.

NUR.KZ тілшісі Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сұрау жіберді. Онда оқиға Абылай хан даңғылындағы мекемелердің бірінің жанында болғанын түсіндірді. Тексеру барысында ер адамның жеке басы анықталды — ол Канада азаматы болып шықты. Оған қатысты ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Сот шешімімен ол 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.