Жаңа оқу жылының алғашқы күні Алматы метрополитені жолаушылар санының күрт өсуіне тап болды. Тек күннің бірінші жартысында метро шамамен 40 мың адамды тасымалдады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Метрополитен баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 қыркүйекте сағат 06:20-дан 14:00-ге дейін метро қызметін шамамен 40 мың жолаушы пайдаланған. Оқу жылының басталуына байланысты электропойыздардың қозғалыс кестесі түзетілді: таңғы және кешкі қарбалас уақытта пойыздар арасындағы интервал 3 минут 27 секундқа дейін қысқартылды.
Баспасөз қызметі жолаушыларға ыңғайлы және қауіпсіз қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін метрополитен жолаушылар ағынын бақылауды жалғастырып жатқанын атап өтті.
Бұған дейін Алматы метросында адамдардың көп болғаны, сондай-ақ қала тұрғындары 1 қыркүйекте әдеттен тыс бос жолдарға назар аударғаны хабарланған болатын: кептеліс деңгейі 3-тен 6 баллға дейін болды.
Еске салайық, қарсаңында Алматы әкімдігі компанияларға қыркүйектің алғашқы күндерінде қызметкерлердің бір бөлігін қашықтан жұмысқа ауыстыруды ұсынып, өзі үлгі көрсеткен еді. Жүргізушілерге де жеке көліктен бас тартып, қоғамдық көлікті пайдалануға кеңес берілген.


