Жыл басынан бері Назарбаев даңғылы, 120 және 124 мекенжайларында орналасқан 11 ойын-сауық мекемесіне қатысты полицияға 167 шақыру түсті. Маңайдағы үй тұрғындары шу мен қоғамдық тәртіптің бұзылуына шағымдануда. Анықталған деректер бойынша полицейлер 257 әкімшілік хаттама жасады. Мекеме басшыларына бұзушылықтарды жою туралы ұсыныстар жолданды. Шара қолданбағаны немесе жауап бермегені үшін тағы 11 хаттама жазылды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

«Бұл учаске полицияның ерекше бақылауында. Біз тек жасалған құқық бұзушылықтарға ғана емес, тұрғындардың өтініштеріне де жауап береміз. Иелері түсінуі керек: ойын-сауық мекемесінің жұмысын ұйымдастыру іргелес аумақтағы тәртіпке жауапкершілікті білдіреді», — деді Алматы қалалық ПД қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Тимур Ноғайбаев.

Полиция осы мекемелерге қатысты профилактикалық және бақылау іс-шараларын жалғастырады.

Бұған дейін Алматыдағы Медеу ауданы, Назарбаев көшесінде Шоқан Уәлиханов бейнеленген жасанды интеллектпен жасалған баннер пайда болған еді. Threads әлеуметтік желісіндегі жазбаның астындағы пікірлерде пайдаланушылар мәселе мәтінде ғана емес, суреттің өзінде екенін атап өтті. Уәлихановтың портретінде тарихи шындыққа сәйкес келмейтін бас киім бейнеленген.