Алматыда бес қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтерде өрт болды. Қатты түтіндену салдарынан құтқарушылар тұрғындарды баспалдақпен эвакуациялауға мәжбүр болды. Құтқарылғандардың ішінде бес кәмелетке толмаған бала бар, деп хабарлайды infohub.kz.
Оқиға Тұрғыт Озал көшесіндегі үйде болды. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде кіреберіс қатты түтінденген болатын.
Өртті барлау және сөндіру кезінде ТЖД қызметкерлері ғимараттан алты адамды, оның ішінде бес баланы алып шықты.
«Өртті барлау және сөндіру кезінде ТЖД күштерімен баспалдақ арқылы ғимараттан алты адам, оның ішінде бес бала құтқарылды», — деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.
Өрт толығымен сөндірілді. Ведомствоның мәліметінше, зардап шеккендер жоқ.


