Алматы орталығында проблемалық аймақ анықталды. Биылғы жылдың басынан бері осы аймақтағы қатар орналасқан 11 ойын-сауық мекемесіне полиция қызметкерлері 167 рет шақыртылған, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Алматы полиция департаменті Instagram-парақшасында 11 ойын-сауық мекемесінің мекенжайын жариялады. Олар Назарбаев даңғылы, 120 және 124 мекенжайларында орналасқан. Полицейлер шақыртуларды өңдеу үшін жиі осы мекемелерге барады.
Анықталған бұзушылықтар бойынша 257 әкімшілік хаттама толтырылды. Мекеме басшыларына құқық бұзушылыққа ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныстар жолданды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 479-бабына сәйкес қажетті шаралар қабылдамағаны үшін тағы 11 хаттама толтырылды.
«Бұл аймақ полицияның ерекше бақылауында. Біз тек жасалған құқық бұзушылықтарға ғана емес, түнгі тыныштықты бұзу және қоғамдық тәртіптің бұзылуы туралы хабарлаған тұрғындардың өтініштеріне де әрекет етеміз. Мекеме иелері мен басшылары түсінуі керек: ойын-сауық мекемесінің жұмысын ұйымдастыру іргелес аумақтағы қауіпсіздік пен тәртіпке жауапкершілікті де қамтиды», — деп ескертті Алматы қалалық полиция департаментінің қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Тимур Ноғайбаев.
Оның айтуынша, тәртіп бұзушылықтар тұрақты түрде тіркелетін мекемелерде профилактикалық және бақылау іс-шаралары күшейтілетін болады.


