Алматыда жолаушылар «Сайран» автовокзалындағы антисанитарияға шағымданды. Сын айтылған бейнероликті Threads желісіндегі Расул Токпанов жариялады, деп хабарлайды infohub.kz.
Кадрлардан вокзал ғимаратының лас екені, қоқыс пен темекі тұқылдарының жан-жақта жатқаны көрінеді. Пост авторы жағдайды «90-жылдардағы тозаққа апаратын қақпамен» салыстырып, арзан тағамның иісі көлік түтініне араласқанын атап өтті. «Ішке кірген бойда «тұрақтылықтың хош иісін» сезінесің — қоқыс, кір, темекі тұқылдары және арзан тағамның иісі көлік түтініне араласқан. Алматы, біз шынымен XXI ғасырдағы мегаполисте тұрамыз ба? Вокзалда тазалық дегеннің не екенін мүлде білмейтін сияқты. Бұл — 90-жылдардағы тозаққа апаратын қақпа», — деп жазды ол.
Қалалық көлік басқармасы шағымға жауап берді. Онда автовокзалдың тиісті санитарлық жағдайда болмауы туралы ақпарат нысан иесі — «Uni Route Station» ЖШС-не тиісті шаралар қабылдау үшін жіберілгені хабарланды. Ведомство иесіне аумақты кешенді тазалау, анықталған санитарлық кемшіліктерді жою және ғимарат пен іргелес аумақты күтіп-ұстау бақылауын күшейту мәселесі қойылғанын атап өтті. Қабылданған шаралардың нәтижесі бойынша автовокзал иесі есеп беруі тиіс.


