16 тамыздан бастап Алматыда тұрғын үй аулаларына шлагбаум орнатудың жаңа ережелері күшіне енді. Енді оларды орнату аудандық әкімдікпен келісілуі тиіс, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Негізгі талаптардың бірі — шлагбаумдар автоматты түрде ашылуы керек, бұл арнайы және коммуналдық қызметтердің өтуіне кедергі жасамауы үшін қажет.
Алматы қаласының жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасы тұрғындар шлагбаум орнату туралы шешімді тек кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне жататын жер учаскесінде ғана қабылдай алатынын түсіндірді. Ол үшін үй-жай иелерінің үштен екісінен астамының келісімі қажет.
«Шлагбаумдарды орнатудың бірыңғай тәртібі арнайы және коммуналдық қызметтердің кедергісіз өтуін қамтамасыз етеді. Тұрғындар шлагбаум орнату туралы шешімді тек кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне жататын жер учаскесінде ғана қабылдай алады. Ол үшін үй-жай иелерінің үштен екісінен астамының келісімі қажет», — деп мәлімдеді басқармада.
Тұрғындардың шешімінен кейін аудандық әкімдіктің келісімін алу қажет. Егер аула өтпелі болса, мәселені қарауға өртке қарсы қызмет қызметкерлерін де тартуы мүмкін.
Бұған дейін «Курсив» Алматыда коммуналдық ақылы тұрақтарды пайдалану ережелерінің өзгергенін жазған болатын. Қалада минутына төлем енгізілуде, ал көппәтерлі үй тұрғындары үйінің жанындағы бір тегін тұрақ орнын ресімдей алады.


