Алматыда тағы да көшеде төбелес болды, оған екі жүргізуші қатысты. Бейнеге түскен оқиға полицияның назарын аударып, енді құқықбұзушыға қылмыстық жауапкершілік қаупі төніп тұр, деп хабарлайды infohub.kz.
Жанжалдың бейнежазбасы kris_p_almata Instagram-парақшасында жарияланды. Кадрларда 20 тамызда Қазыбек Тауасарулы көшесінде Mercedes көлігінің жүргізушісі жолды жауып тастағаны, ал жол беру өтінішіне агрессиямен жауап бергені көрінеді. Нәтижесінде ол Kia Rio жүргізушісімен айтысып, төбелеске ұласқан.
Алматы полиция департаментінде жағдайға түсініктеме берді. Ведомствоның мәліметінше, 41 жастағы Mercedes жүргізушісі 30 жастағы қарсыласына бірнеше соққы жасаған. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Полицейлер ұсталған адамның әрекетіне заң аясында принципті баға берілетінін және ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жазаға тартылатынын мәлімдеді.
Айта кетейік, бейнежазбада әдепсіз сөздер бар, сондықтан ролик 18 жастан асқан көрермендерге арналған.
Бұған дейін Алматыдағы автобустардың бірінде екі ер адам төбелесіп, үшіншісі оларды ажыратуға тырысқан бейне тараған еді. Полиция бұл оқиғаға да жауап берді.


