Алматыда 2026 жылдың 1-6 қыркүйегі аралығында кейбір тұрғын үйлерде электр қуатының қысқа мерзімді өшірілуі мүмкін. Бұл электр желілерінде жоспарлы жұмыстар жүргізуге байланысты, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның мәліметінше, нысандарды электр қуатынан ажырату тек ерекше жағдайларда, нақты учаскедегі тұтынушыларды басқа қуат көзіне ауыстыру мүмкін болмаған кезде жүзеге асырылады. Өшірулер сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін болуы мүмкін, бірақ ұзаққа созылмайды — 1,5-2 сағаттан аспайды.

Компания аталған күндері жарық сөнуі мүмкін мекенжайлар тізімін жариялады. Мәселен, 1 қыркүйекте Абаканская, Баянаульская, Вильямс, Герцен, Жангельдин, Мусоргский, Парковая, Потанин, Саянская, Бенберин, Наби, Тополиная, Аксайская, Тепличная, Акпаев, Багратион, Жансүгіров, Меркулов, Плодовая, Румянцев, Сейфуллин, Успенский, Филатов, Шилов көшелерінің, сондай-ақ қала орталығындағы бірқатар көше контурларының, Айгерим-1, Қарағайлы, Ақжар, Тастыбұлақ, Қалқаман-3, Айнабұлақ, Қарғалы, Нұр Алатау, Архат, Ғаламат, Алтын бесік, Таугүл және басқа да шағын аудандардың тұрғындары жарықсыз қалуы мүмкін.

2 қыркүйекте Шаңырақ-1, Айгерим-1, Алғабас, Ақжар, Қалқаман-2, Өжет, Айнабұлақ, Ерменсай, Достық шағын аудандарында, Өтемісұлы, Ақсайская, Бенберин, Почтовая, Шешен, Шавров, Черкасская оборона, Жетісуйская, Хамиди, Репин, Баишев көшелерінде, сондай-ақ Бөгенбай батыр, Айманов, Төле би, Әуезов, Дүйсенов, Турғыт Озал, Кавказская, Түркебаев, Артем, Гайдар, Циолковский, Грановский көшелерінің контурларында өшірулер болуы мүмкін.

3 қыркүйекте Ахтанов, Ботаникалық, Дарвин, Дегтярев, Жансүгіров, Ломоносов, Маяковский, Озерная, Плодовая көшелерінің, Абылай хан даңғылының, сондай-ақ Абай, Мұқанов, Құрманғазы, Байзақов, Бөгенбай батыр, Мұқанов, Төле би, Жұмалиев, Қарасай батыр, Жұмалиев, Байзақов, Дүйсенов, Циолковский, Кавказская, Грановский көшелерінің контурларының, Қарағайлы, Ақжар, Тастыбұлақ, Қалқаман-2, Маяк және басқа шағын аудандардың тұрғындары жарықсыз қалуы мүмкін.

4 қыркүйекте Навои көшесінде, Достық даңғылында, Қабанбай батыр, Жангельдин, Луганский, Тәттімбет көшелерінде, Ақжар, Шұғыла, Қарағайлы, Айгерим-1, Айгерим-2 шағын аудандарында, сондай-ақ Жамбыл, Жароков, Қабанбай батыр, Жандарбеков, Қарасай батыр, Жароков, Бөгенбай батыр, Айманов, Мыңбаев, Клочков, Абай, 8-линия көшелерінің контурларында өшірулер болуы мүмкін.

5 және 6 қыркүйекте Айгерим-1 шағын ауданында Бенберин, Наби, Тополиная, Назар, Ұшқын көшелерінде жарық сөнуі мүмкін.