Алматыда қайын енесін зорлады деп күдіктелген ер адам ұсталды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. Оқиға күндіз болған: күйеу бала 63 жастағы әйелге шай ішуге келген сылтаумен кіріп, оның дәрменсіздігін пайдаланып, жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасаған.
Сол күні зардап шеккен әйел полицияға арызданған. Алайда «Үндеме» қоғамдық қорының жарияланымында айтылғандай, алдымен полиция сараптамадан өту үшін тиісті қаулы шығармаған. Әйелді сот-медициналық куәландыруға жіберген моргте қаулы дұрыс ресімделмегендіктен қабылданбаған. Нәтижесінде үш күн бойы сараптама жүргізілмеген.
Алматы полиция департаментінде бұл факті бойынша Әуезов ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғағанын мәлімдеді. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторында отыр. Оның әрекеттеріне принципті және объективті құқықтық баға беріледі. Кінәсі дәлелденген жағдайда, ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жазаға тартылады.


