Алматыда қайын енесін зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды. Мегаполистік полиция департаменті ұстау сәтін жариялады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде Алматы тұрғыны 1961 жылы туған туысына қатысты зорлық-зомбылық жасағаны туралы ақпарат тараған. Сондай-ақ, полиция сараптама жүргізу үшін тиісті қаулы ұсынбағаны айтылған.
Алматы полиция департаменті бұл мәліметтерді жоққа шығарды. Ведомствоның ресми өкілі Салтанат Әзірбек күдіктінің ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын мәлімдеді. Қылмыс фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
«Әлеуметтік желілерде әйелді зорлау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу мән-жайына қатысты шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат таралуда. Бұл іс бойынша Әуезов ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тергеудің тиісті түрде жүргізілмегені туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Күдіктінің әрекеттеріне принципті, объективті құқықтық баға беріледі. Кінәсі анықталған жағдайда, ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жазаға тартылады», — деп ДП баспасөз қызметі Әзірбектің сөзін келтірді.
Полицияда ақпараттың дұрыс еместігін таратқан авторды жауапкершілікке тарту мәселесі қаралып жатқанын да атап өтті.


