Алматыда 19 жастағы жігітті полиция қызметкерлері ұстаған кезде ол өзін Ямайка азаматымын деп таныстырған. Алайда ол отбасы іздеген жергілікті тұрғын болып шықты, деп хабарлайды infohub.kz.
Алматы полиция департаментінің мәліметінше, құжаты жоқ ер адамды қабылдау-бөлу орнына жеткізген. Жеке басын анықтау кезінде ол өзін 19 жастағы Ямайка азаматымын деп мәлімдеген.
Алайда дерекқорлар бойынша жүргізілген тексеру оның сөзін растамаған. Полицейлер жеке басын анықтауды жалғастырып, оның шын мәнінде Алматы қаласының Алатау ауданында тұратын 2003 жылы туған Қазақстан азаматы екенін анықтаған. Ер адам іздеуде болған — оны туыстары іздеген.
Полиция қызметкерлері ер адамның әкесімен байланысқа шығып, ол көп ұзамай қабылдау-бөлу орнына келіп, ұлын таныған. Жігіттің психикалық ауруы бар екені белгілі болған. Барлық мән-жайлар анықталған соң, оны әкесіне тапсырған.


