Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Арыстан баб кесенесі

Алматы облысы, Талғар ауданы,  Дәулет ауылы  
«Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар
№11 жалпы білім беретін орта мектебі» МКМ
7 «А» сынып оқушысы: Олжабай Айдос
Жетекшісі: Қадырқожақызы Мөлдір

Мақсаты: Арыстан баб кесенесіне зерттеу жүргізе отырып, шығармашылық тапсырмалар топтамасын ұсыну, топпен жұмысқа баулу;

1-мәліметпен танысу;

Арыстан баб кесенесі көне Отырар жеріндегі сәулет өнері ескерткіші.

Түркістан халқының арасында мұсылман дінін таратушы Қожа Ахмет Иасауидің ұстазы болған Арыстан баб ата қабірінің басына салынған. Кесене дәлізхана, мешіт, құжырахана, азан шақыратын мұнара сияқты жеке бөлмелерден құралған. Кесененің ең көне бөлігі қабірхана болуы тиіс. Қазір де оның едені басқа бөлмелермен салыстырғанда едәуір биік. Қабір үстіне алғашқы белгі ΧΙΙ ғ. шамасында салынған. Мазар ΧΙV ғасырда қайта жөнделген. Арыстан баб кесенесі ΧΧ ғ басында жергілікті халықтың қаражатымен күйдірілген кірпіштен ауданы 35x12 м, биіктігі 12 м, бұрынғы Меккеге қараған есігі Түркістанға, Әзірет Сұлтанға бағытталып, Солтүстік жағы кесене, Оңтүстік жағы мешіт есебінде қайта жөнделді. Дәліз-қақпа маңдайшасына мәрмәр тақта қаланып, бетіне һижра бойынша 1327 жыл, яғни соңғы құрылыс жүрген уақыт деп көрсетілген

XVIII ғ құрылыс қиратылып, фриз жазбалары бойынша 1909 жылы қайта салынды. 1971 жылы жоғары деңгейдегі грунт сулары салдарынан мешіт құлатылып, қайта орнатылды. Қазіргі кезде бұл кесене Орталық Азиядағы қажылық міндетті өтейтін мұсылман киелі жерлерінің бірі болып саналады Аңыз бойынша Арыстан баб Мұхаммед пайғамбардың елшісі болған. Бір күні Мұхаммед пайғамбар өзінің шәкірттерімен құрма жеп отырған еді. Бір құрма қайта-қайта ыдыстан құлай беріп, пайғамбар ішкі дауысты естіді: «Бұл құрма Сізден кейін 400 жыл алдағы уақытта туылатын мұсылман бала Ахметке арналған». Сонда пайғамбар шәкірттері ішінен бұл құрманы кім иесіне жеткізетінін сұрайды. Ешкім сұранған жоқ. Пайғамбар сұрақты қайта қойғаннан кейін, Арыстан баб былай деді: «Егер Сіз Алла Тағаладан 400 жыл сұрап берсеңіз мен бұл құрманы иесіне жеткіземін». Халық аңыздарынан және жазба деректеріне қарағанда Арыстан баб Ахмет Яссауидің ұстазы болып құрманы жеткізеді. Қазіргі кезде Арыстан баб мазары үстінде 30*13 метр аумағы бар кесене тұр. Тарихи деректер бойынша XII-XVIII ғасырларда кесене бірнеше рет қайта салынып, қайта жаңартылды. Қожа Ахмет Яссауи ұлы әулие мен діни көріпкел 1103 жылы туылып 1166 жылы қайтыс болған.

Арыстан бабтың дүние салуы Қожа Ахмет Иасауи хикметінде былайша суреттеледі:
«Бабам айтты: Ей балам, қасымда тұр өлейін,
Жаназамды оқып көм, жан тәсілім қалайын.
Медет берсе Мұстафа, ғарыш биігіне шығайын.
Арыслан бабам сөздерін есітіңіз - тәбәрік.

Әлемге танымал “Арыстан баб” мавзолейінің құрылысы жаңа архитектуралық кешен тұрғысында басталған. Идея авторы – белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, инженер-ғалым, танымал меценат Асқар Құлыбаев болып табылады.
Отырар өңірінде біз естіген аңыз байынша Арыстанбаб дүние салған соң, оның денесін ақ бураға артып, еркіне жіберіп, соңынан ілесіп отырған. Ақ бура жүре-жүре осы жерге шөккен екен. Сол шөккен жерге Арыстанбаб қойылыпты.

1-топ тапсырмасы. Картаны мұқият қара, қандай кесене орналаспаған келесі картаға кесенелердің суретін түсіреміз.....

2-топ тапсырмасы. Сурет сөйлейді, суреттерге қарап эссе жазамыз. /70-90 сөз/

1- топқа тапсырма.Адасқан сөздерді табамыз. Мағынасын айтамыз.

2-топқа тапсырма. Диктант.

........................ ............ кесенесі көне .............................. жеріндегі ...................... өнері ескерткіші. .................. халқының арасында мұсылман дінін таратушы ......................... ............................... ..........................  ұстазы болған.Кесене ....................... , ............................ , ........................... , ....................  сияқты жеке бөлмелерден құралған.Қабір үстіне алғашқы белгі ................. ғасырда салынған. Мазар ..................... ғасырда қайта жөнделген. ............. ғасырдың басында жергілікті халықтың қаражатымен күйдірілген кірпіштен ауданы ......................... метр, бұрынғы Меккеге қараған есігі ................................, .......................... ...................... бағытталған. Оңтүстігі ........................... ретінде қайта жөнделді. ....................... / ....................... маңдайшасына мәрмәр тақта қаланып,бетіне һижра бойынша ................. жылы, яғни соңғы құрылыс жүрген уақыт деп көрсетілген.

Қорытынды. Қимыл қозғалыс арқылы жауап беру.

 «Иә»- десе қол шапалақтайды, «жоқ» - десе аяқтарын тарсылдатады.

1.   Қожа Ахмет Йассауидің ұстазы емес.
2.   Отырар жеріндегі сәулет өнері ескерткіші.
3.   Дәлізхана,мешіт,құжырахана,мұнара бөлмелері бар.
4.   Кесененің ең көне бөлігі қабірхана.
5.   10 ғасырда салынған.
6.   16 ғасырда жөндеуден өткізген.
7.   Күйдірілген кірпіштен тұрғызылған.
8.   Ауданы 35x12 метр.
9.   Меккеге қараған есігі Түркістанға,Әзірет Сұлтанға бағытталған.
10. Һижра бойынша 1327 жыл құрылысты соңғы жөндеген уақыт деп көрсеткен.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама