Халықаралық жолаушылар тасымалы қызметі inDrive негізін қалаушы Арсен Томский қазақстандық Камила Лукпановаға үйленетінін жариялады. Кәсіпкер бақытты жас жұбайлардың фотосын Threads әлеуметтік желісінде жариялады, деп хабарлайды infohub.kz.
«Қазақ ұлтына +1 күйеу бала. Міне, бәрі осы, қазақ халқының күйеу баласы», — деп жазды Томский.
Суретте жұбайлар үйлену киімдерінде: оның жұбайы Камила Лукпанова ақ көйлекте, Арсен Томский классикалық күйеу жігіт костюмінде. Жарияланым мыңдаған құттықтаулар жинады.
Досының өміріндегі қуанышты оқиға туралы әлеуметтік желілерде оның достары да жазады.
«Бүгін Арсен Томский мен Камиланың үйлену тойы. Әлемнің түкпір-түкпірінен достар жас жұбайларды осы маңызды оқиғамен құттықтауға келді!», — деп жазды Forbes-тің Қазақстан мен Грузиядағы франшизасының иесі, кәсіпкер Арманжан Байтасов.
Жұптың үйленуге дайындалып жатқаны маусым айында белгілі болды. Сол кезде Томский Камила Лукпанованың туған қаласы Оралда өткен қазақтың сырға салу және құда түсу дәстүрлері туралы айтқан.
Камила Лукпанова бұрын Almaty Tourism Bureau басқарған. Ол урбанистика мәселелерімен айналысатын өзінің Tana қорын құрды, сонымен қатар Алматыда білім алған. Оның әлеуметтік желілеріне қарағанда, соңғы кездері Лондонда тұрып, оқып жүр.
Арсен Томский 2022 жылы inDrive кеңсесін Ресейден Қазақстанға көшіріп, Қазақстан азаматтығын алды. 2024 жылдың мамырында ол $920 млн байлығымен Қазақстанның ең бай бизнесмендері рейтингінде 10-орынға ие болды.
Алдыңғы күні Томский Kursiv Talks подкастыне қатысып, өз бизнесі туралы айтып, болашаққа болжамдарымен бөлісіп, балалық шағы мен қалыптасуы туралы ой қозғады.
Томский үшін бұл алғашқы неке емес. Кәсіпкердің екі қызы бар. Камила Лукпанованың да бір қызы бар.


