Елордада алданған үлескерлердің көпжылдық дауы шешілді: 2022 жылы жаңа баспанаға кіруі тиіс 350 отбасы ақыры қоны тойын тойлады. Олардың құқықтарын прокуратураның араласуының арқасында қорғау мүмкін болды, деп хабарлайды infohub.kz.
Қадағалау органының мәліметінше, 2020 жылы азаматтар тұрғын үй кешенінің құрылысына қаражат салған, алайда құрылыс салушы бес жыл бойы өз міндеттемелерін орындамаған. Прокуратура 350 үлескердің мүддесіне сай сотқа талап-арыз берген, нәтижесінде аяқталмаған нысан жаңадан құрылған тұрғын үй-құрылыс кооперативіне берілді. Осының арқасында құрылыс аяқталып, адамдар көптен күткен кілттерін алды.
Прокуратурада сондай-ақ ағымдағы жылдың басынан бері соттар прокуратураның 277 үлескерді қорғаудағы 11 талап-арызын қанағаттандырып, жалпы сомасы 3,9 миллиард теңгені құрағанын атап өтті. Үлестік құрылыс саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету жұмыстары прокуратура органдарының тұрақты бақылауында.
Үлескерлерді алдау жағдайлары жиілегеніне байланысты елорда прокуратурасы азаматтарды салынып жатқан үйден пәтер сатып алар алдында тиісті құрылыс рұқсатының бар-жоғын міндетті түрде тексеруге шақырады.


