Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 сағат бұрын)
Ата-аналарға арналған ақыл-кеңес. Баланы - жастан
Ата-аналарға арналған ақыл-кеңес
Тақырыбы: Баланы - жастан

Үш жасқа аяқ басқанда баланың әр нәрсеге қызығушылығы арта түседі. Көзіне көрінгеннің бәрін сұрап, «мынау не?» деп мазаңды алатын да, әнге құлақ түріп өлең жаттайтын да, ертегіге құмартып, сурет салуға ынтасы оянатын да баланың осы шағы. Тап осы кезеңде бала ынтасына зер салып мұқият көңіл бөлінсе, бала әрекеті жемісті нәтиже берері сөзсіз. Сондықтан әке - шешесі балаға «әліппе» сияқты кітапты сатып алып берсе, бала сол кітаптағы суретті көре отырып оның атын атауға, түсін айыруға, тіпті бара - бара әріптерге деген қызығу - шылығы артып, оны білуге талпынады. Түрлі мазмұнды суреттерге зер салу арқылы, қарау, көру арқасында баланың сурет салуға деген құштарлығы артады. Тұйық - талмаған шеңбер, қисық сызық, ірілі - ұсақты нүктелер мен сопақшаларды дәптер бетіне қалай болса солай айқыштай бастаған бала әрекетін бағыттап жіберсе, мазмұндық су - реттерді байқауға болады дер ем. Баланың ертегіге деген қызығушылығы екі жасқа толар - толмас шағында - ақ оянады. Бұл кездегі сәбидің тыңдауын үш кезеңге бөлуге болады.
1. Ертекшінің сөзін бөлмей, үнсіз тыңдау.
2. Бала еске қалар тұсында сұрақ қойып отырады.
3. Ойында қалған тұстарында өзіңмен жарысып айтып отырады.
Осылай баланың танымдық жетілуі қалыптасады.
Біз табиғаттан жасампаз күштердің организмде қимыл жасап, сыртқы дүниемен жалғастырып жатқанын жиі байқаймыз. Мысалы: ара өзінің ұясын алты бұрыш түрінде пластинкалардан құралады.
Сол сияқты баланы да ойын үстінде бақылап көрейікші. Ойын бала үшін қимыл, ал бірдеңе жасауға ұмтылу, бала аяқтарын бұлғаңдатып отырады және оның қимылдарын өзі қадағалайды. Бала ойнағанда үлкендер - дің қимыл, әрекетіне еліктейді, бірақ бұл жай еліктеу емес, қиялға толы еліктеу. Бала ойын кезінде алдына мақсат қоймайды, оның мақсаты қиялынан туындайды. Бала сұлулықты тамашалауды қаламайды. Мысалы: ағаш балаға қызықтау үшін емес, өрмелеуге қажет. Сондықтан бала ойынына ерекше ден қою керек, ойын арқылы баланың денсаулығы нығаяды, мінез - құлқы қалыптасады, тілі дамиды.
Мен, әсіресе аналарға мынандай 2 - 3 ойын түрлерін, демалыс кезінде балалармен ойнаса, дұрыс сөйлеуге, сұраққа толық жауап беруге, нәрсені айыра білуге деген мүмкіншіліктері, бала бойында қалыптасар дер едім.

1. Ойын: «Ана мен бала» арасындағы қарым - қатынасы:
Анасы кешкі тамақты әзірлеп жүріп, баласына «кесені алып берші», «маған көмектесіп жіберші», немесе «аспан бүгін ашық па, әлде бұлт бар ма?». т. с. с әрекеттер арқылы баламен диалогты түрде сөйлесу, тіл байлығын арттыру, ойлау қабілетін дамытары сөзсіз дер едім.
2. Ойын: Демалыс күндері балаға 2 - 3 сағат уақыттарын бөліп, әр түрлі ойындар өткізуге болады. «Ұқсас суретті тап». Тік төртбұрышқа ұқсаған кішкене әдемі суреттері бар «Домино» ойыншығы, бұл ойыншықты ойнау кезінде баланың ойлау, есте сақтау, суреттердің аттарын атап, тани білу процестері дамиды. Бала «Міне мынау шырша, мынау тағы да шырша», «Екі шырша» деген сияқты сөйлем құрастыру ерекшеліктері қалыптасады.
3. Ойын: «Төл баласын шақыру» немесе «Қайсысы қалай дыбыстайды».
Үй шаруасын жасай жүріп баланың ойлау, тез таба білу, тез арада ойын жинақтай білу ерекшеліктерін қалыптас - тыру.
Анасы: Қойдан жуас бозымды,
Шақырамын қозымды.
Қалай шақыру керек.
Бала: Пұшайт - пұшайт.
Қысқа ғана құлақты,
Шақырамын лақты.
«Шөре, шөре».
Желбіреген туымды,
Шақырамын құлынды.
Құрау - құрау т. с. с.
Осындай өлең жолдары арқылы балалардың төлге деген сүйіспеншілігін арттыру.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама