Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Ата салтым – асыл мұрам
Сабақтың тақырыбы: «Ата салтым – асыл мұрам»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының салт - дәстүрлері мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру. Баланың бойына
адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, халық өнегесін үйрету. Өз ұлтына, әдет – ғұрып, салт - дәстүрге деген сүйіспеншілігін арттыру.
Көрнекіліктер: ұлттық киімдер, бесік, қуыршақ, суреттер, слайд.

Ұйымдастыру кезеңі
Жүргізуші: Ата салтым – асыл мұрам, ардағым,
Бабалардың жалғастырар арманым.
Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,
Өткенімді бүгінменен жалғадым.

Сәлеметсіздер ме, құрметті ата – аналар, мұғалімдер! Бүгінгі біздің 2 «Б» сыныбында өткізіліп жатқан «Ата салтым – асыл мұрам» атты сыныптан тыс шарамызға қош келдіңіздер! Бүгінгі шарамыздың негізгі мақсаты өз халқымыздың салт – дәстүрлері, асыл қазыналары, асыл мұралары туралы оқушыларға түсіндіріп, бойларына сіңіру болып табылады. Салт - дәстүр, әдет – ғұрып атадан балаға қалып отырған. Әр ұлттық өзіне тән салт – дәстүрі бар.
Білімсізден жаман жоқ,
Туған соң адам боп.
Ел дәстүрін білмесең,
Жұрт айтады надан деп, - дегендей, қазақтың салт – дәстүрлерін бірнеше топқа бөліп қарауға болады.
ҚАЗАҚТЫҢ САЛТ – ДӘСТҮРЛЕРІ
Отау көтеру дәстүрлері: қыз ұзату, беташар, шаңырақ көтеру.
Тәрбие дәстүрлері: бесікке салу, алтыбақан.
Отбасы дәстүрлері: дастарқанда бата беру, бәйге, отбасы аластау.
Еңбек дәстүріне: аңшылық, сонар.
Ислам тағылымы: құрбан шалу.
Қаза ғұрыптары: дұға оқу, жоқтау.

Ата салтым – асыл мұрам, ардағым,
Бабалардың жалғастырар арманым.
Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,
Өткенімді бүгін менен жалғадым.

Енді тақпақтарға кезек берейік:
1 – оқушы Қазағымның салт – дәстүрі жаңғырған,
Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.
Салт – дәстүрді ардайық ағайын,
Қазақ атты үлкен – кіші балдырған.

2 – оқушы Жиналыппыз сәтті күні бәрімізде,
Үлкен, кіші, жасымыз, кәрімізде.
Төрлетіңіз қадірменді қонақтар,
Гүл – гүл жайнап, мына біздің төрімізге.

3 – оқушы Туған соң адам боп,
Білімсізден жаман жоқ.
Ел дәстүрін білмесең,
Жұрт айтады надан деп.

4 – оқушы Ата – бабаң ардақты,
Жамандыққа бармапты.
Ардай тұтып салт – дәстүрді,
Ата жолын жалғапты.

5 – оқушы Бауырласқан тәніміз,
Бұзылмаған антымыз.
Кең даланың ежелгі,
Қазақ дейтін халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де,
Бар дәстүрмен салтымыз.

Ән: «Алтын ана» Орындайды: Набатова Ұлболсын.

Жүргізуші: Мәңгі толы қазағымның ғұмыры,
Сан асылдың ашылып тұр ғұмыры.
Кеше ғана керексіз ғып тастаған,
Ғажап екен әдебі мен ғұрыбы.
Атамыз қазақ тәрбиеге, салт – дәстүрге ерекше көңіл бөлген. Ерте кезде жазу, сызу болмағанда да баланы отбасында отырып – ақ тәрбиелеген. Ырымдар мен тыйымдар, алғыс – тілектер, мақал – мәтелдер арқылы тәрбие берген.

Ырымдар мен тыйымдар.
- Сәби шалқасынан алаңсыз ұйықтаса, белгілі азамат болып өседі.
- Бүк түсіп ұйықтаса – уайымшыл, жігерсіз болып шығады.
- Етпетінен ұйықтаса – ойшыл болады.
- Аяқ – қолын еркін созып ұйықтаса – болашақта батыр, кемеңгер болады деп болжаған.

Жүргізуші: Сонымен біз ырымдар мен тыйымдарды біліп, оларды әрдайым жадымызда сақтауымыз керек.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама