- 05 нау. 2024 02:38
- 182
Ауа және ауа райы
Қостанай облысы, Қостанай ауданы,
Глазунов орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі
Арыстанбек Тазагүл Базарқызы
Дүниетану 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Ауа және ауа райы
Мақсаттары:
Білімділік: Ауа қасиеттері туралы білімдерін тереңдете отырып, ауаның жер үстіндегі қозғалысы туралы түсініктерін қалыптастыру;
Дамытушылық: Байқампаздық, әуестік дағдыларын дамыту. Салыстыру және қорытындылау біліктілігін арттыру;
Тәрбиелік: Табиғатты аялауға, ұқыпты қарауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Жұмыс түрі: түсіндірмелі - зертханалық сабақ
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, қазақ тілі
Қажетті құрал - жабдықтар: «Ауаның құрамы» атты тірек сызба, орман бейнелеген сурет, тәжірибе үшін шар, бір стақан су, май шам.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал - жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Психологиялық дайындық
ІІІ. Өткенді қайталау:
Үй тапсырмасын сұрау.
ІҮ. Жаңа сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.
Қызығушылықты ояту (мұғалімнің әңгімесі)
«Көрінбейтін сиқыршы»
Ү. Оқулық бойынша жұмыс.
Оқушыларға жаңа сабақты түсіндірместен бұрын оқулықта берілген сұрақтар қойылады. Оқушылар өз күштерімен жауап беруге тырысады.
Тәжірибе арқылы айналаның бәрінде ауа бар екенін дәлелдеу.
1 - тәжірибе. Шарды үрлеп, сонан соң оның желін шығарады.
Сұрақ: Үрлегенде және желін шығарғанда шар қандай күйге түсті?
2 - тәжірибе. Екі ұртыңды ауамен толтыр да, екі саусағыңмен ұртыңды бас. Не байқадың?
Мұғалімнің түсіндіруі.
Ауа қабаты бізді және біздің ғаламшарымыз Жерді қоршар тұр. Осы қабатты атмосфера деп атайды. Ол біздің планетамыз Жерді Күннің радиациясынан қорғайды.
Егер ауа қабаты жойылып кетсе, онда тіршілік жойылады. Күннің ыстық сәулесі түгел күйдіріп жібереді. Енді ауа суда да, топырақта да бар екеніне мысал келтіріңдер.
Оқушылар ауаның қасиеттерін кестеге толтырады.
Негізгі сөз: Ауа
Ауаның қасиеттері: Мөлдір, түссіз, салмағы жоқ, пішіні жоқ, иісі жоқ, жылы, суық, қатты, т. б.
– Ауаның құрамы қандай? Тақтаға тірек сызбасы ілінеді.
Азот 78 %
Көмір қышқыл газы 1 %
Оттегі 21 %
– Сонымен ауа дегеніміз не? г – Ауа – газдардың қоспасы.
4) Оқушылар «Ауа. Ауаның қасиеттері» мәтінін оқиды. Осы сабақта алған білімдерін оқулықтағы мәтінмен салыстырады. Ауа туралы алған білімдерін бекітеді.
5) Мұғалімнің басшылығымен тәжірибе жасалады. Жұмыс майшаммен жүргізілетін болғандықтан, қауіпсіздік ережесі қатаң сақталуы тиіс.
Тәжірибенің нәтижесін кестеге жазады.
Сабақты қорытындылау.
Ауа туралы не білдіңдер?
Дәптермен жұмыс.
Үйге тапсырма беру.
Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
Бағалау.
Оқушылардың еңбегін мадақтау.