22 тамызда Қазақстанның жеті қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
«Қазгидромет» деректеріне сәйкес, қолайсыз метеожағдайлар (ҚМЖ) Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау және Алматы қалаларында болжанады. Түнде Астана мен Атырауда да ауа сапасының нашарлауы күтіледі.
ҚМЖ тымық, әлсіз жел, тұман немесе температуралық инверсия сияқты факторлардың тіркесуі кезінде пайда болады. Бұл жағдайлар ауаның жерге жақын қабатында ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді.
Астанада 22 тамызда ауа райы айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде ауа температурасы +9…+11°С, күндіз +24…+26°С. Жел оңтүстік және оңтүстік-батыстан соғады, түнде 2-7 м/с, күндіз 5-10 м/с.
Алматыда айнымалы бұлттылық, күндіз жаңбыр мен найзағай күтіледі. Түнде +18…+20°С, күндіз +28…+30°С болады. Солтүстік-шығыс жел 3-8 м/с, күндіз екпіні 11 м/с-қа жетуі мүмкін.
Атырауда жауын-шашын күтілмейді. Түнде +18…+20°С, күндіз ауа температурасы +35…+37°С-қа дейін көтеріледі. Солтүстік-батыс жел түнде 2-7 м/с, күндіз 7-12 м/с.
Жезқазғанда айнымалы бұлттылық, жауын-шашынсыз болады. Түнде ауа температурасы +15…+17°С, күндіз +28…+30°С. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, 3-8 м/с.
Қарағандыда да негізінен жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Температура түнде +9…+11°С, күндіз +24…+26°С. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, 3-8 м/с.
Қарағанды облысында түнде және таңертең батыста, солтүстікте және шығыста тұман болуы мүмкін. Температура түнде +6…+11°С, оңтүстікте +17°С-қа дейін, күндіз +23…+28°С, шығыста шамамен +20°С.
Бұған дейін «Курсив» 22 тамызға Қазақстанның барлық облыстарында дауылды ескерту жарияланғанын жазған болатын. Бірқатар аймақтарда жаңбыр, найзағай, бұршақ, тұман және желдің күшеюі күтілсе, оңтүстік пен батыста +38°С-қа дейін ыстық сақталады.


