Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Ауыз әдебиеті - асыл мұра
Сыныптан тыс шара
Тақырыбы: Ауыз әдебиеті - асыл мұра
Мақсаты: Тілімізге деген құрметті дәріптеу;
Атадан қалған мұраға құрметпен қарауға тәрбиелеу;
Тілдерін, сөздік қорларын дамыту;

Барысы:
1. Сұрақтар қою арқылы сайысқа қатысатын оқушыларды таңдап алу;
5 - сынып оқушыларына сұрақ:
• Қиын сөзін пайдаланып, көп мағыналы сөз жаса
• Мақалды аяқта. Дұшпанға тастай қатты бол...
• «Бетінен оты шықты» сөз тіркесінің мағынасын түсіндір
• Қабат - қабат қаттама, ақылың болса аттама (жұмбақтың шешуін тап)

6 - сынып оқушыларына сұрақ:
• Төмендегі сөздерден жаңа сөздерді ажырат: төлқұжат, кеден, әке, ата, әуежай
• Қос сөздердің екінші сыңарын тап: сәлем -..., ән -..., әдет -..., әзіл -...
• Төмендегі сөздерді буынға бөл: ақыл, қонақ, бұлт, төрт, мың
• Бірнеше біріккен сөз айт

7 - сынып оқушыларына сұрақ:
• «Тар» сөзінің антонимін тап, оған – ей; - іт; - шілік жұрнақтарын қос
• Мақалға тән сөзді тап: Қандай жолдас жолда қалдырар?
• «Жатып ішер» тіркесінің мағынасын түсіндір
• Мекендеген портфелімді,
Беттері аппақ - ақ көңілді.
Қызаратын қатем үшін,
Кірлетпеймін... (дәптерімді)
(Жауап берген 12 баланы 2 топқа болу керек)

1. Кім көп біледі?
(2 топқа сұрақтар қою)
1 - топқа:
• Ауыз әдебиеті деген не?
• «Ауыз әдебиеті – атадан қалған мұра» дегенді қалай түсінесіңдер?
2 - топқа:
• Ауыз әдебиетінің салаларын ата
• Бізге жеткен ауыз әдебиеті үлгілерін ұрпақтарымызға қалай жетеді? (ауызша ма, жазбаша ма?)

2. Кім жылдам? (қойылатын 10 сұраққа тез жауап беру қажет)
1 - топқа:
• «Қобыланды батыр» жырындағы Тайбурылдың неше күндік кемдігі бар? (41)
• «Ер Төстік» ертегісіндегі Төстік Ерназардың нешінші баласы? (9)
• «Сырттандар» ертегісінде баланың түсіне не кіреді? (қасқыр)
• «Аяз би» ертегісіндегі ханның аты кім? (Мадан)
• Сол ертегідегі хан кімнің баласы? (наубайдың)
• Білім туралы мақал айт
• «Қырық өтірік» ертегісіндегі құрықтың басына шаншылған ине баланың қай жерінде болады? (тілінің астында)
• Сол ертекте алты құлаш алан биеден қанша құлаш жирен құлын туады? (жеті)
• «Аяз би» ертегісіндегі шал мен ханның диалогын айт
• Бір жұмбақ айт

2 - топқа:
• «Алпамыс батыр» жырындағы Алпамыстың қарындасының аты кім? (Қарлығаш)
• «Ер Төстік ертегісіндегі перінің қызының аты кім? (Бекторы)
• «Сырттандар» ертегісіндегі баланың тірі қалуына кім көмектеседі? (жігіттің сырттаны)
• «Аяз би» ертегісіндегі жаманның жылқыны сынаған жерін айт.
• Осы ертегідегі Жаман қызға барғанда, оған қыздың жеңгесі не берді? (пышақ, тәрелке, гауһар тас, қайрақ)
• Өнер туралы мақал айт
• «Қырық өтірік» ертегісіндегі тазша бала басын қай жерде ұмытып кетті? (суат басында)
• Басының жоқ екенін қайдан білді? (қоянның етін жерде)
• «Қырық өтірік ертегісіндегі «етік» туралы хикаяны айт
• Бір жұмбақ айт

3. Өлең оқу сайысы
(Бұл сайыста қай топқа қандай тапсырма түсе, соны орындайды)
1. Бір салт өлеңін жатқа оқы
2. Төрт түлікке байланысты өлеңді жатқа айт

4. Мен саған, сен маған
(топтар өзара сұрақтар қою арқылы сайысқа түседі)

5. Алдағыны қуып жету...
(артта қалған топтың жеңуіне немесе теңесуіне мүмкіндік беріледі, ол үшін сұрақ тек артта қалған топқа қойылады, егер жауап болмаса қарс ы топқа жауап беруге мүмкіндік беріледі)
1. «Аяз би» ертегісіндегі шалдың: «Күндіз төртеуміз, түнде екеуміз дегенді Жаман қалай шешті?
2. Кез келген жаңылтпаш айт
3. «Қырық өтірік» ертегісіндегі Тазша бала шешесінің құрсағында жатып атасының малын неше жыл бақты?
4. Жұмбақ айт, оның шешуіне мақал айт
5. Шешендік өнер деген не?
(Соңында топтардың алған балдары есептелінеді, жеңімпаз топ марапатталады)

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама