Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 сағат бұрын)
Азияның мұнай экспорттаушы елдері. (ОПЕК - ке мүше елдер)
Азияның мұнай экспорттаушы елдері. (ОПЕК - ке мүше елдер)
ОПЕК әлемдегі мұнайлы державалардың бастамасымен қара алтынның құнын тұрақтандыру үшін 1960 жылы Ирактың астанасы Бағдад қаласында құрылды. Алғашында бастамашы топта бес мемлекет (Иран, Ирак, Кувейт, Сауд Арабиясы және Венесуэла) ғана болды. Қазір бұл мемлекеттердің қатарына Катар, Ливия, БАӘ, Алжир, Нигерия, Эквадор және Ангола елдері қосылып, жалпы саны 12 - ге дейін жетті. Ұйым құрамынан Габон 1994 жылы шығып кетті. Дәл осындай жағдай 1992 жылы Эквадордың да басында болғанмен, оңтүстік америкалық ел 2007 жылы қайта мүшелікке өтті. ОПЕК - тің штаб - пәтері алғашқы бес жыл Швейцарияның Женева қаласында болғанымен, 1965 жылдың күзінде Австрия астанасы Вена қаласына көшірілді. Себебі аталған ұйымның орталығы бейтарап елде болуға тиіс.

Мақсаты:
Мұнай саласында мұнай бағасының тұрақты болуы, тұтынушыларды мұнаймен қамтамасыз етуі, бұл мекемеге мүше елдердің арасындағы мұнай өндіруді қоғамдық және ортақ саяси қатынаста үйлестіру болып табылады.
ОПЕК - тің туы (сурет)
Ұйымға кірген жылдары
Алжир – 1969 ж
Эквадор – 2007ж
Иран – 1960ж
Ирак – 1960ж
Кувейт – 1960ж
Ливия – 1962ж
Нигерия - 1971ж
Катар – 1961ж
Сауд Арабиясы – 1960ж
БАӘ – 1967ж
Венесуэла – 1960ж
Ангола – 2007ж
Венадағы ОПЕК - тің штаб - пәтері (Австрия) (сурет көрсетіледі)
Бас хатшы - Абдалла Салем аль - Бадри (портреті)

ОПЕК елдері өздеріне пайда көру үшін әлемді мұнаймен “тамақтандырады” (сурет)

Сауд Арабиясы
Сауд Арабия патшалығы — Араб түбегінде орналасқан мемлекет. Солтүстігінде Иорданиямен, Иракпен және Кувейтпен шекаралас, шығысында Катармен, Біріккен Араб Әмірліктерімен, оңтүстігінде Оман, оңтүстік - шығысында Йеменмен шекаралас. Солтүстік - шығысында Парсы шығанағы батысында Қызыл теңізбен қоршалып жатыр.
Сауд Арабияны «Харам жері» деп атайды. Харам деп аталуына себеп Мекке және Медине қалаларының орналасуында.
Сауд Арабия мұнай қорымен әлемдегі бай елдердің қатарынан. 2009 жылы мұнай өндіріп экспорттаудан Ресейден кейінгі екінші орынды иемденді. Мұнайды экспорттау 95% құрайды, оның ішінде 75% мемлекетке кіріс, мемлекет кірісті халыққа теңдей бөліп беріп отырады.
Астанасы Эр - Рияд қаласы. Халық саны 4 878 473 адам (2010 жылғы халық санағы бойынша). Бұл жерлерді алғашында көшпенді араб тайпалары мекендеген болатын. 1902 жылдан бастап Неджд аймағының орталығы болып, 1932 жылы мемлекеттің астанасы болды. Бұрын қала шағын қалашық болған. Мұнай өндірісінің дамуы қаладағы халық санының өсуіне ықпалын тигізді. Қазіргі таңда Эр - Риядта заманауи жобалармен салынған ғимараттар бой көтерген.

Туы және елтаңбасы (сурет)
Экономикасы
Су мен ауыл шаруашылығы. Сауд Арабиясында тұрақты өзендер немесе ірі көлдер жоқ. Ауыл шаруашылығында дәстүрлі мал шаруашылығы - түйе, қой, ешкі, есек пен жылқы өсіру басым. Көшпелі бәдеуилер өз үйлерімен бірге бір жайылымнан басқасына көшіп - қонып жүреді. Өңдеуге жарамды жерлер елдің оңтүстік - батысындағы Асир таулы ауданы мен корольдіктің солтүстігінде шашыраған шұраттарда ғана бар. Алайда суландырудың қазіргі заманғы әдістерінің арқасында егіншілік жедел қарқынмен дамып келе жатқан салаға айналады. Теңіз суын тұщыландыру кең көлемге ие болды. Шөл даланың ортасында дөңгелек формасындағы егін алаптары созылып жатыр. Суару айналатын қондырғылар арқылы жүзеге асырылады. Негізгі дақылдар — бидай, арпа, құрма, көкөністер, бақша өсімдіктері мен жемістер.

Мұнай өндірісі. Сауд Арабиясында мұнай алғаш рет 1936 жылы табылды. 2002 жылы елде күніне 10, 5 млн баррель мұнай өндірілді. Корольдікте бұл қазба отынның бүкіл дүниежүзілік қорының 1/4 - не жуығы шоғырланған. Экспорт құрылымында мұнайдың үлесі 97%- ға жетеді. Мұнай кен орындарының көпшілігі елдің шығысында, Парсы шығанағының жағалауында орналасқан. Мұнайды экспортқа шығарудан түсетін орасан пайда қазіргі заманғы қалалар, жолдар мен порттар салуға, инфрақұрылымды дамытуға, мектептер мен ауруханаларды қазіргі заманғы құрал - жабдықтармен жарақтандыруға мүмкіндік берді. Қаржы сондай - ақ өнеркәсіптің мұнай - химия, металл өңдеу мен дәрі - дәрмек жасау сияқты салаларын құруға да бағытталады.
Сауд Арабиясы мұнайды экспортқа шығаратын елдер ұйымында (ОПЕК) жетекші орынды иеленді, бұл оған көптеген халықаралық өткір проблемаларды шешуге ықпал етуге мүмкіндік береді.

Транспорты
Теміржолы небәрі бірнеше жүз км. Стандартты кәлия 1435 мм, Эр - Риядты Парсы шығанағымен байланыстырады.
2005 жылы «Солтүстік — Оңтүстік» теміржол торабы, ұзындығы 2400 км, құны $2 млрд. жоба жасалды. Аталмыш жобаның тэндерін 2008 жылы ОАО «Российские железные дороги» ұтып алды. Ұзындығы 520 км құны $800 млн. 2006 жылы Мекке мен Медине арасын байланыстыратын 440 - километрлік теміржол жобасы басталды. 2011 жылғы қажылық маусымында Мекке қаласында жаңа метрополитен іске қосылды. Ол 500 мың қажылығын өтеушілерге қызмет көрсетіп, олардың Меккеден Арафат тауына жеткізіп отырады. Қытайлық темір жол компаниясы салған бұл метро сағатына 72 мың жолаушыны тасымалдауға есептелген. 2011 жылы алғаш рет іске қосылғанына қарамастан, толық мүмкіндікте жұмыс істеді. Темір жол Мина, Мұздалифа және Арафат тауын жалғайды.
Автокөлік жолдары. Автомобиль жолдарының жалпы ұзіндіғі 221, 372 км. Олардың ішінде:
Сауд Арабиядан барлық әйелдерге көлік жүргізуге тыйым салынған. Аталмыш заң 1932 г. қабылданған болатын
Аэропорттар саны — 208, олардың 73 - інің ұшу - қону алаңдар бетонмен қапталған. 3 халықаралық статусты иеленген.

Ирак
Ирак Республикасы (өзд. атауы — әл - Жумхурия әл - Иракия) — Оңтүстік - Батыс Азияда, Тигр және Евфрат өзендері бойында орналасқан мемлекет. Жер көлемі 444 мың км2. Халқы 31 234 000 млн. адам (2009). Тұрғындарының 75%- ы арабтар, 20%- ы — курдтар, қалғандары түрікмендер, ассириялықтар, парсылар, армяндар, т. б. Қала халқы 68, 1% (1997). Мемлекеттік тілі — араб тілі. Халқының 62%- ы — ислам дінінің шиит бағытын, 34%- ы сунит бағытын ұстанады. Астанасы — Бағдад қ. (3 млн - нан астам). 1970 ж. қабылданған конституциясы бойынша Революциялық кеңестің төрағасы елдің Президенті және Жоғарғы Бас қолбасшы қызметін қатар атқарады. Заң шығарушы орган — бір палаталы Ұлттық кеңес, 250 депутаттан тұрады. Елдің ұлттық мейрамы — 17 шілде, Ұлттық Республика күні және Тәуелсіздік күні (1958). Ирак 18 провинциядан (мухафаз) тұрады. Ақша бірлігі — Ирак динары.
Ирак — экономикалық әлуеті үлкен ел. Елде аса ірі мұнай (65 млрд. т - дан астам), табиғи газ, фосфат қорлары бар. Ирак — Иран соғысына дейін ел тек мұнай экспортынан ғана жыл сайын 21 — 26 млрд. АҚШ долл - ы көлемінде пайда тауып отырды. Ол ақша елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға, жаңа индустрия мен инфрақұрылымдарды дамытуға жұмсалды. Мұнай шығару, мұнай өңдеу, газ өндіру, цемент, электрэнергетика, машина жасау, т. б. өндіріс салалары жақсы дамыған. Ауыл шаруашылығы ұлттық табыстың 20%- н құрайды. Астық (бидай, арпа, күріш) өнімдері, өсімдік майлары, көкөніс, құрма, т. б. өсіру жақсы жолға қойылған. Мал шаруашылығы жақсы дамыған (15 млн - нан астам қой мен ешкі, 2, 5 млн мүйізді ірі қара бар). 1998 ж. Ирак үкіметі БҰҰ - ның арнайы комиссиясын жұмыс істеткізбей тастады. Сондықтан елге экон. байкот жариялау әлі күнге жалғасып келеді. 2001 — 2002 ж. АҚШ үкіметі Ирак террорлық қастандықтарды қолдайды, “зұлымдық ұясы елдеріне” жатады, сол себепті Ауғанстаннан соң оны соққының астына алып, ел басшысы С. Хусейннің көзін жою керек деген пікірді әлем халықтарына жариялап келеді
Туы мен елтаңбасы (сурет көрсетіледі)

Кувейт
Кувейт - Шығыс Орта елдерінің бірі. Ресми атауы: Кувейт Мемлекеті. Астанасы - Кувейт қаласы (тұрғын саны 60. 000). Басты қалалары: Хауалли (т. с. 190. 000), Салимия (т. с. 200. 000), Фәруания, Джәхра және Әл - Ахмадия. Жер көлемі: 17. 818 кв. км
Халқы. Жалпы саны: 450 000. Халқының басым көпшілігі қалалық жерде қоныстанған. Орташа жас мөлшері 73 жас. Халықтың 37% жастан төменгілер. Халықтың қоныстану тығыздығы: бір шаршы метрге 81. 3 кісі. Халықтың өсу қарқыны: жылдық 4% көлемінде.
Ұлттық құрамы: Халықтың 84% арабтар құрайды. Олардың жартысынан көбі кувейттік, ал қалғандары басқа араб елдерінен келген арабтар. Қалған 15% Азия елдерінен келгендер, 0, 1% африкалықтар, 0, 8% европалықтар, ал 0, 1% американдықтар. Соның ішінде азиялықтардың көпшілігі Үндістан мен Ираннан келгендер.
Туы мен елтаңбасы (сурет)

Экономикасы
Экономикасы. Кувейт экономикасы ең алдымен мұнай өндірісіне сүйенеді. 1992 ж. жалпы 312 баррель мұнай өндірілген. OPEC елдері арасында 1993ж. жасалған келісім бойынша Кувейттің кунделікті мұнай өндірісі 2 млн. баррель деп белгіленген. 1993 ж. болжам бойынша Кувейттің мұнай қоры 92 млрд. 430 млн. баррелге жуық деп бағаланған. Елде табиғи газдың да мол қоры бар. 1992 ж. 2 млрд. 650 млн. М3. табиғи газ өндірілген. 1993ж. болжам бойынша табиғи газ қоры 1 млрд. 350 млн. м. кубты құрайды. Мұнай мен газдың жалпы ішкі өнімдегі үлесі 41% көлемінде. Сонымен бірге соңғы уақыттарда егін шаруашылығында заманауи әдістер кең қолданылып, елеулі өзгерістерге қол жеткізілген. Егін мен мал шаруашылығынан түскен табыстың ұлттық табыстағы үлесі 1%. Халық пайдаланатын ауыз су теңіз суын тазарту арқылы алынады.
Ақша бірлігі: Кувейт динары.
Адам басына шаққандағы ұлттық табысы: 16. 200 $
Сыртқы сауда. Импортталатын заттардың басында мұнай мен табиғи газ келеді (бұл екеуінің импорттағы үлесі 91%). Басты экспорт заттарына: қорғаныс құралдары, электрлі және электронды заттар, көлік құралдары мен оның бөлшектері, станоктар, азық түлік заттары, химиялық өнімдер, текстиль өнімдері және түрлі өндіріс шикізаттары жатады. Сыртқы сауда Жапония, Тайвань, АҚШ және түрлі Еуропа елдерімен жасалуда.

Өндірісі. Кувейт өндірісінің басында мұнай өңдеу және мұнай өнімдерін шығару өнеркәсіптері бар. Бұдан басқа темір болат өнімдері, металл сым, май, пластикалық заттар, цемент, оттегі, күкірт, қағаз, азықтүлік заттары, сусындар, киім тігу, жиһаз жасау, кеңсе заттары, құрылыс жабдықтары, электр құралдары мен жабдықтарын өндіретін өнеркәсіптер де бар. Өндіріс орнын ашатындар мемлекет тарапынан ұзақ мерзімді кредиттер және өндіріс орнын салатын жермен қамтамасыз етіледі. Өндіріс орындарынан түсетін табыстың жалпы ішкі өнімдегі үлесі 14%. Жұмысшы күшінің 9. 5%ы өнеркәсіп саласында жұмыс істейтіндер.

Иран
Иран (1935 жылға дейін Парсы елі), Иран Ислам Республикасы — Азияның оңтүстік - батыс бөлігінде орналасқан мемлекет. Жер көлемі 1, 648 млн. км². Халқы 77 891 220 млн. адам (2011). Халқының ұлттық құрамы: парсылар (51%), әзірбайжандар (27%), күрдтер (5%), арабтар, түрікмендер, белуджилер, армяндар, еврейлер, т. б. Қала халқы 58, 3%. Астанасы — Тегеран қ. (айналасын қосқанда 12 млн - нан астам). Одан басқа Мешхед (1, 5 млн.), Исфаһан (1 млн.), Тебриз (852 мың), Шираз (800 мың) сияқты ірі қалалар бар. Ресми тілі — парсы тілі. Мемлекеттік діні — ислам дінінің шиит тармағы. Иран — діни мемлекет. Елдегі саяси және діни билік аятолла Сейд Әли Хаменеидің қолында. Президент (1997 жылдан бастап Сейд Мохаммед Хатами) 4 жылға сайланады және Министр Кабинетін басқарады. Жоғарғы заң шығарушы орган — бір палаталы парламент — Ислам кеңесі жиналысы (меджлис) 4 жыл сайын сайланып отыратын 270 депутаттан тұрады. 1981 жылғы конституциясы бойынша, елде саяси және діни емес ұйымдарға тыйым салынған. Ұлттық мейрамы 11 ақпан — Революция күні (1979). Ұлттық ақша бірлігі — риал.
Туы және елтаңбасы (суреті көрсетіледі)

Экономикасы
Ел экономикасының негізі мұнай және мұнай мен газ өңдеу өнеркәсіптері. Мемл. кірістің 1/3 және экспорттың 90%- ына жуығы осы салалардан алынады. Елде жыл сайын 180 млн. т - ға жуық мұнай, 58 млрд. м3 газ (қоры 14 трл. м3 шамасында) өндіріледі. Экономиканың басқа салалары да дамыған, бірақ сыртқы экон. байланыстардың нашарлығынан және қаржы жетіспеушілігінен толық қуатымен жұмыс істей алмауда. Өнеркәсіпке қажетті құрал - саймандар 90%- ға дейін шеттен әкелінеді.
Ауыл шаруашылығы нашар дамыған. Тұрғындар үшін бидай, күріш, қант, өсімдік майы, т. б. шеттен (жыл сайын 2 млрд. АҚШ долл - на) әкелінеді. Соңғы жылдары туризм дами бастады. Ұлттық байлықтың 36%- ы өнеркәсіптен, 22%- ы ауыл шаруашылығынан, қалғаны қызмет көрсету секторынан тұрады. Мұнай экспортынан жыл сайын 16, 3 млрд. АҚШ доллары түседі. Ұлттық табыс 75 млрд. АҚШ доллар көлемінде, жан басына шаққанда — 1250 долл. шамасында. Елдегі басты проблеманың бірі — жұмыссыздық (3, 5 млн. адам). Мұнайдан басқа экспортқа кейбір өнеркәсіп тауарлары, ауыл шаруашылығы өнімдері, кілем, халық тұтыну тауарлары шығарылады. Шеттен — азық - түлік өнімдері (30%), машина, құрал - жабдықтар, кейбір өнеркәсіп шикізаттары әкелінеді. Негізгі сауда серіктестері: Германия, Жапония, Ұлыбритания, Италия, Араб елдері, Түркия, Қазақстанмен дипломатиялық және экономикалық байланыс 1992 ж. орнады.

Біріккен Араб Әмірлігі
Біріккен Араб Әмірліктері - солтүстік - шығыстағы Арабия түбегінде Таяу шығыста орналасқан мемлекет. Қатармен, Сауд Арабиясымен, Оман Сұлтанатымен шектеседі. Солтүстіктегі БАӘ Парсы шығанағының суларымен, ал шығысында Оман бұғазының суларымен жағаласады. Ресми астанасы – Абу - Даби қаласы болып табылады. Ал туристтік және саудалық орталығы – Дубай шаһары - деп есептеледі. Әрбір әмірліктің есімі оның бас қаласының атауымен сәйкес келеді. 1971 жылы құрылған федеративті мемлекет Біріккен Араб Әмірліктері – жеті тәуелсіз әмірліктерден тұратын жас ел, әр әмірліктің есімі негізгі қаласымен байланысты аталған белгілеуі болады: Абу - Даби, Дубай, Шарджа, Аджман, Ум - аль Кувейн, Рас - Эль - Хайма және Фуджейра. Әр бір әмірліктің әміршісі – шейх, ал жалпы мемлекеттік басқару билігі жоғарғы кеңеске берілген. Халықтың 80%- ы басқа елден келушілер болып табылады. 2009ж. Санақ бойынша этникалық арабтар барлық тұрғынның 48, 1% (оның ішінде БАӘ арабтары – 12, 2%, бедуиндер – 9, 4%, египеттік арабтар – 6, 2%, оман арабтары – 4, 1%, сауд арабтары - 4%), оңтүстік Азиядан келгендерi – 35, 7%, ирандықтар - 5%, филлипиндіктер – 3, 4%, еуропалықтар – 2, 4%, басқалар – 5, 4% бөлігін құрады. БАӘ - нiң діні – ислам. Дегенмен, басқа діндерге де рұқсат берілген. Араб тілі, сонымен бірге ағылшын тілі де кең таралған.

Катар
Катар, Катар мемлекеті – Парсы шығанағының Катар түбегіндегі мемлекет.
Жер көлемі 11400 км2.
Халқы 1 699 435 мың адам (2010).
Негізгі тұрғындары – катарлық арабтар. Оған қоса пәкстандықтар, үнділер, ирандықтар тұрады.
Ресми тілі – араб тілі.
Тұрғындары, негізінен, мұсылмандар.
Астанасы – Доһа қаласы.
Мемлекеттің саяси құрылымы – абсолютті монархия.
Мемлекет басшысы әмір шейхі Хамад бен Халифа әл - Тани (1995 жылдан) бүкіл билікті өз қолына шоғырландырған.
Саяси партияларға тыйым салынған.
Ұлттық мерекесі 3 қыркүйек – Тәуелсіздік күні (1971).
Ақша бірлігі – Катар риалы.

Экономикасы
Негізгі байлығы – мұнай (табиғи қоры – 778 млн. тонна). Елдегі ұлттық табыстың 90%- ын мұнай өнеркәсібі береді. Мұнай өнеркәсібі “Катар петролеум”, “Шелл оф Катар”, тағы басқа компаниялар қолында. Мұнайдан басқа табиғи газ өндіріледі, балық ауланады. Тұрғындардың 35%- ы өнеркәсіпте, 3%- ы ауыл шаруашылығында, 60%- ы қызмет көрсету салаларында қызмет етеді. Жерінің 0, 7%- ы ғана ауыл шаруашылығына пайдаланылады. 1997 жылы ұлттың байлық мөлшері 7, 4 млрд. АҚШ доллapы, жан басына шаққанда 20100 доллар деңгейінде болды. Мұнай салалары бойынша жетіспейтін жұмыс күшін сырттан әкеледі. Сырттан машиналар, құрал - саймандар, мал, тамақ өнімдері, тұтыну және химия тауарлары әкелінеді. Негізгі сауда серіктестіктері: Жапония, Италия, АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция, Сауд Арабиясы. Қазақстан мен Катар арасында дипломатиялық қатынас 1992 жылы орнаған. 1998 жылы 23 мамырда Қазақстан Президенті Н. Назарбаев Катарда ресми сапармен болып, әмір Хамад бен Халифа әл - Танимен және елдегі аса ірі бизнес өкілдерімен келіссөз жүргізді. Екі жақ мұнай өңдеу және тасымалдау, инвестиция мен банк, туризм, әуе байланысы, тағы басқа салалар бойынша өзара келісімдерге қол қойды. Осы кездесуден кейін екі ел арасында сауда - экономикалық байланыстар жедел дами бастады.

Биология және география пәні мұғалімі
Зарипова Гаухар Адилбековна

Презентациясын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама