Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Банктік капиталды басқаруды жетілдіру жолдары

Банктік капиталды басқаруды жетілдіру жолдары

 

МАЗМҰНЫ

 

 

КІРІСПЕ...........................................................................................

2

 

 

 

1

НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ БАНКТІК КАПИТАЛДЫ БАСҚАРУДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

 

1.1

1.2

Банктің меншікті капиталы ұғымы және оның құрылымы...................

Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің түсінігі........................

4

10

1.3

Екінші деңгейлі банктердің ресурстарының құрамы мен құрылымы.........................................................................................

 

24

 

 

 

2

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ БАНКТІК КАПИТАЛДЫ ТАЛДАУ

 

2.1

Екінші деңгейлі банктердің меншікті капиталының серпіні мен құрылымын талдау...........................................................................

 

30

2.2

Банк капиталының жеткіліктігінің деңгейін бағалау.....................

38

2.3

Меншікті капиталдың банк жүйесінің тұрақтылығы мен өтімділігін қамтамасыз етудегі ролі...............................................

 

50

 

 

 

3

ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ БАНКТІК КАПИТАЛЫН БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ

 

3.1

Екінші деңгейлі банктердің банктік капиталын басқаруды жетілдіру..........................................................................................

 

60

3.2

Екінші деңгейлі банктердің банктік капиталын басқару мәселерін шешу жолдары................................................................

 

65

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................

74

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................

77

 

 

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Қазақстанның экономикалық құрылымында ерекше роль атқаратын несие-банк жүйесінде екінші деңгейлі банктердің меншікті капиталын басқару мәселесі маңызды орын алады. Аталған мәселе әр түрлі авторлармен әдебиеттер мен жаппай ақпарат құралдарында талқыланып жатқаны бірінші жыл емес. Себебі меншікті капитал көлемі кез-келген банктің ірге тасы ғана емес, басты сипаттамасы болып табылады.

Осыған байланысты, диплом жұмысының өзектілігі -банктің меншікті капиталы - бұл банкке төлеу қабілетін , яғни банктің қажетті мерзімде және толық сомада өз міндеттемелері бойынша жауап беру қабілетін, сақтауға мүмкіндік беретін резервтік ресурстар болып табылатындығында. Меншікті капиталды басқару ең алдымен банктің неғұрлым нақты қаржылық сенімділігінің кепілі болып табылады.

Жұмыстың негізгі мақсаты - меншікті капиталдың Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінің мақсатты мәселелерінің бірі ретіндегі ролін көрсету.

Қойылған мақсатқа сәйкес авторға алдында келесі міндеттерді шешу қажет:

  • екінші деңгейлі банктердің қаржылық ресурстарының қалып-тасуының теориялық негіздерін зерттеу;
  • екінші деңгейлі банктердің меншікті капиталының динамикасы мен кұрылымын қарастыру;
  • екінші деңгейлі банктердің қаржылық сенімділігін қалыптас-тырудағы меншікті капиталдың ролін зерттеу;
  • екінші деңгейлі банктердің меншікті капиталын басқарудың негізгі алғы шарттарын бағалау және анықтау:
  • капиталды басқару мәселелерін шешудегі кемшіліктерді
    айқындау;
  • несие-банк жүйесінің жалпы дамуының шеңберіндегі
    екінші деңгейлі банктер үшін меншікті капиталын басқару
    мәселелерін шешу жөніндегі шаралардың оптималды
    үйлестіру вариантын таңдау.

Ұсынылып отырған жұмыстың зерттеу объектісі болып Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктері табылады. Зерттеудің заты - банк саласындағы белгілі мәселелермен қатар жүретін меншікті капиталды басқару.

Зерттеу процессінде статистикалық, талдау және синтез әдістері, сонымен қатар нормативтік-позитивтік тәсілдерді үйлестіру әдісі қолданған.

Қазақстанда мәселені зерттеу ҚР Үкіметінің, Қаржы министрлігінің   қолдауымен   ҚР   Ұлттық   Банкімен,   «Амелин   және партнерлар» банктік талдау бір қатар ғалым-экономистердің катысуымен   жүргізілуде.

Бұрыңғы кезде және қазір өткізіліп жатқан зерттеулер меншікті капиталды

басқару, екінші деңгейлі банктердің іс-әрекетін, рентабелділігін реттеуді жетілдірудің негізгі мәселелеріне қатысты. Негізінде осы зерттеулердің барлығы батыс елдерінің несие-банк жүйесіндегі схемалар мен моделдерді көшіру есебінен өткізілуде. Сонымен, бұл салада ҚР территориясындағы банк ісінің дамуының тарихи ерекшеліктері ескерілмеген және зерттелмеген. Сонымен қатар аталмыш мәселені шешу әдістері екінші деңгейлі банктердің құрылымындағы өтіп жатқан процесстердің ерекшелігін ескермейді.

Диплом жұмысының бірінші бөлімінде екінші деңгейлі банктердің қаржы ресурстарының қалыптасуының теориялық аспектілері қарастырылады.

Екінші бөлімде Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктердің меншікті капиталының динамикасы мен құрылымы зерттеледі.

 Үшінші бөлімде ҚР-да екінші деңгейлі банктердің меншікті капиталын басқару мәселелерін шешу әдістері ұсынылған.

Қорытындыда баяндалған жұмыстың барлык бөлімдері бойынша кысқаша нәтижелері шығарылған.

Зерттеудің пәні болып  Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктердіндегі меншікті капиталды басқару саналады.

Зерттеу объектісі болып Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктері саналады.

Дипломдық жұмыстың теориялық және әдістемелік негізін   зерттеу тақырыбына қатысты отандық және шетелдік авторлардың еңбектері, заңдар, Үкіметтің және ҚР Президентінің ресми құжаттары, заң және нормативті құжаттар, ҚР қаржы Министрлігінің нұсқаулары мен әдістемелік ұсыныстары, ғылыми мақалалар мен статистикалық материалдар құрайды.

 

 

 

  • НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙДА ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ РЕСУРСТАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

 

  • Банктің меншікті капиталы ұғымы және оның құрылымы

Банк ресурстары" термині "несие ресурсына" қарағанда кең ұғымды білдіреді. Банк ресурстары тек несиелеуге ғана емес, сол сияқты басқа да активті немесе комиссиондық операцияларды қаржыландыру үшін пайдаланылады [4, б.12].

Жоспарлы экономиканы әкімшіл және әміршіл басқару жүйесі жағдайында банк ісін ұйымдастыруда мемлекеттік монополия көрінісі байқалды. Барлық кәсіпорындар, ұйымдар және мекемелер заңды түрде мемлекеттік банк мекемелерінде өздерінің ресурстарын міндетті түрде сақтауға тиіс болды. Банкке кәсіпорындар мен мекемелердің ресурстары іс жүзінде ақысыз тартылды. Тек кооперативтік кәсіпорындарға ғана жартылай мөлшерде төленді. Осындай жағдайларда жалпы мемлекеттік қарыз қоры деген экономикалық түсінік қалыптасты. Жалпы мемлекеттік қарыз қоры халық шаруашылығын несиелеу үшін банк жүйесі арқылы мемлекеттің ықпалымен жинақталған қаражаттар жиынтығын білдіреді. Демек олар банк ресуртары болып саналады. Несиелік қорды орталықтан бөлу сипаты банк ресурстарының құрылымдарына тікелей әсер етті. Сол кезеңдерде банк ресурстары меншікті және тартылған қаражаттарға бөлінген. Мұндағы меншікті қаражаттарға: жарғылық, резервтік негізгі құралдар, амортизациялық және банк ісін дамыту қорлары; ал тартылған қаражаттарға: мемлекеттік бюджет қаражаты, кәсіпорындардың, ұйымдардың есеп айрысу және ағымдық шоттардағы қаражаттары және халықтың ақшалай жинақтары жатты. Осындай жағдайларда банк ресурстарының нарығы қалыптасып, мемлекеттің қарыз қоры осы нарықтың бір бөлігін құрады [5, б.42].

Бүгінгі тандағы банк ресурстары нарығының құрылуында көптеген ерекшеліктері бар деуге болады. Екінші деңгейлі банктер қызметінің тұрақтылығы үшін, ең бастысы, олардың баланстары өтімді болу керек ал оның қамтамасыз етілуі, банктік ресурстар мен несиелік жұмсалымдар арасындағы көлемі және мерзімі бойынша тепе-тендіктің сақталуын талап етеді.

Банк ресурстары нарығының пайда болуымен қатар бағалы қағаздар нарығы қалыптасады. Сөйтіп банктер жаңа қызмет түрлері ретінде бағалы қағаздармен, факторинг, лизинг және басқа операциялармен тікелей жұмыс жасай бастады. Бұл, яғни банк ресурстарының құрамына тек қана ақшалай қаражаттар емес, сол сияқты тауарлы-материалдық құндылықтар және бағалы қағаздар кіреді дегенді білдіреді. Ұлттың (орталық) банкіміз "банктердің банкі" болып табылатындықтан, екінші деңгейлі банктердің ресурстарының бір бөлігі сол банктен алған ресурстардан да құралады [6, б.7].

Демек екінші деңгейлі банкгер ерекше бір кәсіпорын ретінде делдалдық қызметке байланысты, банктік ресурстар нарығында ақшалай ресурстарды сатып ала отырып, оны қажет ететін кәсіпорынға, ұйымға және халыққа сатып отырады.

Банк ресурстары — бұл банктің пассивті операциялары негізінде қалыптасқан және барлық активті операциялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастыруға бағытталатын банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығы болып табылады.

Нарықтық қатынастарға өту барысында банк ресурстарының құрылымында біршама өзгерістер болуда. Меншікті қаражаттар қатарына, біріншіден, екінші деңгейлі банктің акционерлік капиталы, резервтік қоры, сол сияқты қосымша қорлары кіреді. Тартылған қаражаттардың жаңа түріне: Ұлттық банктен және басқа да несиелік мекемелерден алатын несиелер, басқа банктердің, корреспонденттік шоттағы, депозиттік шоттарындағы қаражаттары, облигацияларды сатудан түскен қаражаттар, лизингтік операцияларды жүзеге асырғаны үшін алынған тауарлы-материалды құндылықтар жатады.

Екінші деңгейлі банктердің ресурстарының кұрылымы олардың мамандануына, әмбебаптығы мен қызметінің ерекшеліктеріне қарай ерекшеленеді.

Банк ресурстарының құрылымына мыналар жатады:

1)     Банктің меншікті капиталы.

2)     Банктің заемдық және тартылған қаражаттары [4, б.45].

Банк ресурстарнының құрамындағы меншікті капитал үлесі тартылған қаражаттарға қарағанда өте төмен болғандықтан барлық қаражаттарға деген қажеттіліктің 10 пайызға жуық бөлігі өтелсе, ал қалған бөлігі сырттан тартылған қаражаттар үлесіне тиеді.

Екінші деңгейлі банктердің меншікті капиталының рөлі мен шамасы, басқа қызметпен айналысатын кәсіпорындар және ұйымдарға қарағанда өзіндік ерекшеліктерге ие.

Банктің меншікті капиталы банктің тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды. Банктің бастапқы құрылуы барысында меншікті капитал көмегімен банк қызметіне байланысты алғашқы шығындар: жер, ғимарат, құрал-жабдық, жалақыға жұмсалатын және т.б. шығындар жабылады. Себебі, меншікті капиталсыз банктің қызметін бастау мүмкін емес. Осы меншікті капитал есебінен банкте қажетті резервтер құрылды. Сонымен қатар, банктің меншікті капиталы ұзақ мерзімді активтерге жұмсалымдардың басты көзі болып табылады.

Меншікті және тартылған екінші деңгейлі банктің ресурстары Ұлттық банкте ашылатын корреспонденттік шотта көрсетіледі. Бұл активті шот, сондықтан да дебеті бойынша ресурстар, ал кредиті бойынша несиелік жұмсалымдар беріледі. Демеқ дебеттік қалдықтың шамасы банктің бос резервінің мөлшерін көрсетеді. Банктің бос резервінің мөлшері активті операцияларға жұмсалмаған оның ресурстарының шамасын білдіреді. Осы бос резервтер сомасы қаншалықты жоғары болса, банктің тұрақтылығы соғұрлым жоғары, бірақ пайдасы төмен болады. Керісінше, егер бос жатқан қаражаттарының шамасы аз болса, онда тұрақтылығы төмен, пайдасы жоғары келеді. Сондықтан да, әрбір екінші деңгейлі банк өзінің корреспонденттік шоттағы қалдығын үнемі ықшамдауға ұмтылады.

Банктің меншікті капиталы — банктің қаржылық тұрақтылығын, коммерциялық және шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін құрылған банктің әр түрлі қорлары мен сол сияқты ағымдағы қызметінің нәтижесіне байланысты және өткен жылдардағы бөлінбеген пайдасы болып табылады.

Банктің меншікті капиталының құрылымы бірдей емес, себебі, оларға әсер ететін әр түрлі факторларға, атап айтсақ, активтер сапасына, меншікті пайданың пайдаланылуына, капиталдың базасын нығайту мақсатына және банк саясатына байланысты жыл бойына өзгеріп отырады.

Сонымен, қазіргі екінші деңгейлі банктердің меншікті капиталын мынадай баптар құрайды:

  • жарғылық капитал;
  • резервтік капитал;
  • қосымша капиталдар;
  • банк операциялары бойынша төуекелдерді төмендету мақсатында құрылған қорлар (резервтер);
    • бөлінбеген банк пайдасы.

Банктің жарғылық капиталы банктің заңды тұлға ретінде міндетті түрде құрылуын және өмір сүруінің экономикалық негізін құрайды. Жарғылық капиталдың төменгі мөлшері қазақстан Ұлттық банкінің пруденциялдық нормативтерімен реттеліп отырады. Банктің жарғылық капиталы, оның құрылтайшыларының қосқан жарналары немесе пайлары сомасынан тұрады.

Қазақстанда екінші деңгейлі банктер мынадай екі ұйымдық нысандарда құрыла алады:

  • акционерлік банк формасында;
  • пай қосу арқылы, яғни жауапкершілігі шектеулі серіктестік нысанында.

Пай қосу арқылы құрылған банктің жарғылық капиталы құрылтайшылық құжатта мөлшері анықталған пайшыларының жарнасынан құралып, олар қосқан жарналары көлемінде жауапты болып саналады. Мұндай банктердің жарғылық капиталын ұлғайту, тек қана пай қосушылардың қосымша қосқан жарналары және пай қосушылардың санының өсуі есебінен жүзеге асырылады. Алайда, акционерлік банктер өздерінің жарғылық капиталын ұлғайту үшін қосымша акцияларын эмиссиялайды, сол сияқты бұрынғы шығарылған акцияларының бағасын өсіреді [7, б.25].

Меншікті капиталдың құрамдас бөлігі — акционерлік капитал. Бағалы қағаз (акция) шығару есебінен құрылған банктің жарғылық капиталын банктің акционерлік капиталы деп атайды. Акционерлік капитал көлемі акцияны ұстаушылар — акционерлер қосқан жарналардан құралады. Акционерлік банктің акциясы — банктің жарғылық капиталына үлес қосқандығын куәландыратын, дивиденд алуға және банкті басқару ісіне араласуға құқық беретін бағалы қағаз.

Акционерлік капиталдың құрылымы әр банктерде әр түрлі болып келеді. Акционерлік капитал мынадай түрлерге бөлінеді:

а) меншікті акционерлік капитал, яғни бұл жай және артықшылығы бар акцияларды сатудан түскен қаражаттардан, үнемделген капитал және бөлінбеген пайдадан тұрады;

ә) банктік резервтер, яғни алдағы уақыттағы әр түрлі шығындарды жабуға, дивидендттер төлеуге, қайтарылмаған қарыздың орнын жабуға арналады;

б) банктің ұзақ мерзімді міндеттемесі (ұзақ мерзімді вексельдері, облигациялары).

Ашық типтегі банктің акциясы қолдан-қолға басқа да акционерлердің келісімінсіз өтеді. Жабық типтегі банктің акциясы қатаң түрде белгіленген тізім бойынша немесе құрылтайшылардың арасында бөлінеді.

Банктің жай акциясын иеленушілер, банктің таза табысынан дивиденд алып отыруға, оның жойылуы барысында тиісті мүлкіне ие болуға және акционерлердің жиналысына қатысып дауыс беруге құқылы.

Банктің артықшылығы бар акцияларын иеленушілер тұрақты сыйақы түрінде табыс алып отыруға, бірінші кезекте банктің жаңа акцияларын сатып алуға және оның жойылуы барысында бірінші болып өзіне тиісті мүлкін алуға құқылы.

Сонымен қатар, банктер қаражат тарту мақсатында облигацияларды шығарады. Жалпы, банктің акционерлік капиталының құралуы мынадай кезендерден тұрады:

  • бағалы қағаздардың эмиссия проспектісін дайындау және оны
    сараптамадан өткізу;
  • бағалы қағаздар эмиссиясын тіркеу;
  • эмитент-банктің бағалы қағаздарын тіркеу;
  • шығарылатын және   орналастырылатын   бағалы   қағаздардың
    нәтижелерін тіркеу.

Акционерлік банктер акциялары мынадай жағдайларда шығарылады:

  • банкті акционерлік нысанда құру;
  • банктің жарғылық қорын ұлғайту үшін қосымша акциялар шығару.

Банктің меншікті қаражатының түріне резервтік қор жатады. Резервтік қор — банк қызметінде пайда болуы мүмкін зияндардың орнын жабу мақсатында құрылған қаражат қоры.

Сондай-ақ, резервтік қор банктің тұрақты қызмет етуін қамтамасыз етеді. Резервтік қордың шамасы заңды түрде жарғылық капиталға белгілі бір сыйақы мөлшерінде, айталық, 25 % мөлшерінде құрылатын болса, оның мөлшері жарғылық қормен теңескен жағдайда жарғылық капиталға толығымен аударылады. Резервтік қордың құралуының негізгі көзіне банк пайдасы жатады. Кейде банкте пайда болмаған жағдайда резервтік қор есебінен банктің артықшылығы бар акциялары бойынша пайыздар төленеді.

Қосымша капиталдар - негізгі құралдардың тозуына байланысты аударылған аударымдар есебінен және белгілі мақсатқа бағытталатын пайданы бөлу нәтижесінде құрылатын қаражаттар.

Арнайы қорлар — негізгі қорларды қайта бағалау негізінде, валюталық қаражаттарды қайта бағалау қоры, яғни ұлттық валюта мен шетел валюталары арасындағы айырма нәтижесінде құрылады. Валюталық қаражаттарды қайта бағалау қоры шетел валютасында жарғылық капиталды қалыптастыру барысында маңызды болып келеді.

Келесі қорға жекелеген банк операциялары бойынша тәуекелді төмендету мақсатында құрылатын арнайы резевтер жатады. Мұндай резевтерге; несие тәуекелін жабуға және бағалы қағаздардың құнсыздануына байланысты құрылған резевтер жатады.

Бөлінбеген пайда — акциялар бойынша дивидендтті төлегеннен кейін және резевтік қорға аударғаннан қалған пайданың бөлігін білдіреді.

Банктің меншікті капиталын ұлғайту жолдарына мыналар жатады:

банк пайдасы;

акциялар шығару;

құрылтайшылар және пай қосушылар санын арттыру;

облигацияларды шығару жатады.

Банктің капиталы банктің дербестігін қамтамасыз ете отырып, оның қаржылық тұрақтылығына кепіл болады және банктің басынан кешіретін әр алуан тәуекелдерінің зардаптарын ретке келтіріп отыратын басты көз болып табылады. Осы мақсатта банктің меншікті капиталы мынадай қызметтер атқарады:

  • қорғаныс қызметі;
  • шұғыл қызметі;
  • реттегіш қызметі;
  • айналым қызметі.

Банк капиталының қорғаныс қызметі — банктің салым иелеріне жәрдем ақы төлеу мүмкіндігін ғана емес, сол сияқты ағымдағы табыс болмаған жағдайда зияндарды жабуға қызмет етуін сипаттайды. Сондықтан да, оның азаюы банктің банкротқа ұшырауына жол береді. Қорғаныс қызметі — меншікті капиталдың ең басты қызметі болып келеді /9/.

Банк капиталының шұғыл қызметі қорғаныс қызметіне қарағанда екінші дәрежелік маңызға ие болып табылады. Оперативті қызметі жер, ғимарат, құрал-жабдықтар алуға қажетті меншікті қаражаттарды жұмылдыруды,   сондай-ақ  көзге   көрінбейтін   зияндар   жағдайына байланысты рөзервтер құруды сипаттайды. Бұл қаржы ресурстарының көздері әсіресе, банк қызметінің басталуы үшін маңызды. Кейіннен бұл қаражаттардың бір бөлігі ұзақ мерзімді активтерге және әр түрлі резервтерді құрауға жұмсалынады.

Қаржы және салым иелерінің мүдделерін қамтамасыз етуден басқа банктердің меншікті капиталы реттегіш қызметті атқарады. Бұл қызмет қоғамның мүдделерімен, сол сияқты банк операцияларына бақылау жасауға мүмкіндік жасайтын заңдар және ережелерге тікелей байланысты. Банк капиталының көрсеткіштерінің көмегімен мемлекеттік ұйымдар банктердің қызметтеріне баға беріп, оны бақылауды жүзеге асырады.

Банктің меншікті капиталына қатысты ережелер, оның ең төменгі
мөлшеріне қойылатын талаптарды, активтерге байланысты
шектелуін және басқа банктен активтер сатып алу шартын қамтиды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі бекіткен пруденциялдық
нормативтерде банктің меншікгі капиталының көлемі беріледі.
Сонымен қатар, реттегіштік қызметке несиелік және инвестициялық
операцияларға байланысты шектеу мақсатында капиталды
пайдаланады.                                                                                             

Айналым қызметі. Кез келген банк капиталы банкроттыққа қарсы, не болмаса зияндардың орнын жабу үшін құрылмайды. Олардың басты мақсаты коммерциялық қызмет керсету болып табылады. Мұндай қызметтер тәуекелмен байланысты болатындықтан, банк капиталының мұндағы қызметі тәуекел дәрежесін есепке алатын активті айналымды аванстаумен сипатталады. Сондықтан да, бұл қызметті меншікті капиталдың айналым қызметі деп атайды. Бұл қызметті аткара отырып, өзінің айналым капиталын кассалық ақшалар, несиелік, факторингтік және лизингтік операцияларға, бағалы қағаздар сатып алуға, басқа да ғимарат, құрылғыларға және басқа да негізгі қорларға жұмсай отырып, банктер өз несие берушілерін зияндардан қорғайды.

Резервтік қызметі. Тәуекелдер тек активті операцияларға ғана емес, сондай-ақ пассивті операцияларға да тиісті болып келеді. Пассивті операциялардан туындайтын тәуекелдерді болдырмау үшін банктер тартылатын қаражаттар есебінен міндетті резервтер ретінде Орталық банкте өз резервтерін құрайды.

Банктердің ресурстарының тапшылығына байланысты міндетті түрде кұрайтын резервтер сияқты, активті операциялардан болатын тәуекелдердің орнын толтыру үшін арнайы резерв құруға мәжбүр болады. Мұндай зияндар  банк капиталының  айналым  қызметіне жатпайтындықтан, оларды басқа қызметі — резервтік қызмет арқылы ғана қолдап отырады.

Банктің капиталының резервтік қызметі тәуекел активтердің болуына байланысты емес, банк капиталының түрақты қызмет етуін қамтамасыз етеді.

Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі ұзақ уақыт бойы ғылыми-зерттеу объектісіне және банктер мен оны реттеуші ұйымдар арасындағы пікірталасқа айналып келеді.

Банктер өздерінің активтерін арттыру үшін капиталдың төменгі мөлшерде болғанын қалайды. Ал банкті бақылаушылар, банктердің банкроттықтан аулақ болуы үшін капиталдың жеткілікті мөлшерде болуын талап етеді. Банктердің банкроттығы ондағы басқарудың нашарлығынан болуы мүмкін, себебі банкті жақсы басқарса, ол төменгі капитал нормасында жұмыс жасай алады деген пікірлер бар.

"Капиталдың жеткіліктілігі" термині банктің жалпы тұрақтылығын және оның тәуекелге бару дәрежесін керсетеді. Капиталдың жеткіліктілігі — бұл банк капиталының мөлшерінің тәуекел дәрежелері ескерілген банк активтеріне сәйкес болуға тиісті. Сондай-ақ, екінші деңгейлі банктер өз жұмыстарында банк капиталын шамадан тыс ұлғайтуды теріс санайды. Өйткені, ол банктің қызметіне кері әсер етуі мүмкін. Банктердің көбі акция шығара отырып, қаражат тартуға ынтасыз болып келеді. Сондықтан банк жетекшілері бір жағынан, қадағалау және бақылау ұйымдары, екінші жағынан, банк капиталы мен екінші деңгейлі банктердің басқа да қызметіндегі параметрлер арасындағы қолайлы қатынасты табуға  тырысады.

Банктің ресурсындағы меншікті капиталдың өте төменгі үлесінде болуы да дұрыс емес. Себебі, ол банктің салым иелері алдындағы жауап беру мөлшеріне сәйкес келмейтіндігін сипаттайды.

Банк меншікті капиталын ұлғайтуға негіз болатын мынадай факторларды ескеру қажет:

банктердің дивидендтері өнеркәсіптік кәсіпорын активтеріне қарағанда, сыйақы мөлшерлемесінің өзгеруіне, қарыз алушының несиелік қабілетінің нашарлауына байланысты, олардың нарықтық құндары өзгеріп отырады;

- банк көбіне тұрақсыз қысқа мерзімді қарыз көздеріне көңіл бөледі, бірақ олардың көбі талап етілуіне байланысты қайтарылып алынуы мүмкін.

Сондықтан, кез келген саяси немесе экономикалық өмірдегі жағдайлар банктердегі ресурстардың сыртқа ағылуына себеп болуы тиіс. Бастапқыда банк капиталының активтерге қатысты шекті қатынасы 20 % шамасында болса, қазіргі оның шамасы 12 %-ды құрайды. Бұл дегеніміз банк жүйесіндегі төлем жасау қабілетсіздігі тәуекелдің уақыт өте келе арта түсетіндігін көрсетеді. Себебі, банк жүйесіндегі банк активтерінің сапасы әлі де болса өз деңгейінен төмен екендігін ескерсек, онда болашақта оның орнын жабатын меншікті капитал үлесінің жеткіліксіздігі орын алатындығы айқын.

Демек, банк капиталының жиынтық деңгейінің жеткіліктігі банк жүйесін қолдайтын басқа шарттардың біріне жатады.

Банктердегі немесе жалпы банк жүйесіндегі капитал көлемін тура
анықтау қиын, бірақ жоғарыда қарастырылған қызметтердің
орындалуы үшін салым иелері мен бақылаушы органдардың сенімі
үшін банк капиталы жеткілікті мөлшерде болуы қажет. Қажетті
капиталдың сомасы банктің тәуекел деңгейіне сәйкес болуы тиіс.
Мысалы, егер банктің берген несиелерінің тәуекел дәрежесі өте
жоғары болса, онда банкке көп мөлшерде қорлар құруға тура келеді.
қажетті меншікті капитал мөлшерін анықтай отырып, банк өз
алдына    мынадай    міндеттерді     қояды: тәуекелдің     артуына байланысты өз капитал мөлшерін ұлғайту қажет пе немесе тәуекел деңгейі төмен болып келетін активтерге өз қаражаттарын орналастыру тиімді ме? Осындай жағдайда банк капиталы, оның активтер сапасына, басқару сапасына, қызметіндегі саясатқа және банктің басынан кешетін тәуекелдерге тәуелді ме жоқ па деген балама сауалдар туындап отырады.

Банктің меншікті капиталын бағалау әдістемесі туралы мәселе 80-ші жылдардың екінші жартысында халықаралық қаржы ұйымдарында үлкен пікірталас туғызған болатын. Сөйтіп, 1988 жылы Базель Комитеті келісімінің шешімімен "Халықаралық біртұтас капитал есебі және капитал стандарты туралы" келісім шарт негізінде "Кук коэффициенті" деп аталатын капиталдың жеткіліктілігінің нормативі із жүзіне енгізілді. 1993 жылдан бастап күшіне енген бұл коэффициент көптеген елдердің Орталық банктерінде, біздің Қазақстанның Ұлттық банкінде пруденциалдық норматив қатарында пайдалануда .

Кук коэффициенті банк капиталы мен баланстан тыс активтері арасындағы ең төменгі шекті қатынасын бейнелейді. Мұндағы меншікті капитал екі элементті қамтиды: негізгі және қосымша капитал. Олардың жеткіліктігіне баға беру үшін, активтер мен баланстан тыс міндеттемелердің өлшемі таңдап алынған. Мұндай тәсіл баланстан  тыс  операциялардың  іске  қосылуын  қамтамасыз етумен қатар,  төменгі тәуекелді активтерге  қаражаттар жұмсауды ынталандыра түседі.

Базель келісіміне сәйкес, банктің капиталы екі деңгейге бөлінеді: I деңгейлі капитал және II деңгейлі капитал.

  • деңгейлі капиталға: қарапайым акциялар, бөлінбеген пайда, сол
    сияқты еншілес   компаниялардың   бақылаусыз   пакеті   шегерілген
    материалдық емес негізгі капитал шамасы жатады.
  • деңгейлі (қосымша) капиталға: несиелер бойынша зияндарды
    жабуға арналған резевтер, мерзімсіз  артықшылығы  бар  акциялар
    қосылған екінші дәрежелі қарыздар жатады.

Базель келісімінің бекіткен нормативтік коэффициентіне сәйкес, екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеуде қолданылатын пруденциялдық нормативтер қатарында банк капиталының жеткіліктілігі коэффициентін белгілейді.

Соңғы жылдардағы банк секторындағы меншікті капитал динамикасының өзгерісін 1 кестеден көруте болады.

Ке сте 1 - Банктің  меншікті капиталының серпіні, млрд. Тенге

 

Баптардың аттары

   01.01.2007

01.01.2008

өсім, %

I деңгейлі капитал

91,1

110,6

21,4

Жарғылық капитал

76,8

77,0

0,3

Қосымша капитал

8,7

11,2

28,7

Бөлінбеген табыс

8,7

15,0

72,4

II деңгейлі капитал

36,0

55,7

54,7

Ағымдағы табыс

7,4

20,6

178,4

Субординацияланған қарыз

15,3

30,1

96,7

Барлық меншікті капитал

122,1

161,2

32,0

 

2008 жылдың 1 қаңтарына екінші деңгейдегі банктердің меншікті капиталы 32,0 %-ға өсіп, 161,2 млрд теңгені (1 036 млн АҚШ долларын) құрады. Бірінші деңгейдегі капитал — 21,4 %-ға өсіп, 110,6 млрд теңгені, оның ішінде: төленген жарғылық капитал — 0,2 млрд теңгеге, өткен жылдардағы бөлінбеген таза табыс — 6,3 млрд теңгеге, қосымша капитал 2,5 млрд теңгеге өскен. Екінші деңгейлі капитал 54,7 %-ға өсіп, 55,7 млрд теңгені, оның ішінде: ағымдағы тазатабыс — 13,2 млрд теңгеге, субординацияланған міндеттемелер тізімі — 11,8 млрд теңгеге өскен.

Банк меншікті капиталының жеткіліктігі жоғарғы деңгейде сақталған. Оның ішінде: кі-дің мәні 2006 жыл бойына 0,11-ден 0,09-ға дейін (норматив мәні — 0,06 кем емес), к2-нің мәні 0,19-дан 0,17-ге (норматив мәні — 0,12 кем емес) төмендеген. Мұндай төмендеу, банк жүйесіндегі жиынтық активтердің өсуі банктердің капиталдану қарқынының өсуінен жоғары болып келуімен сипатталады.

Банк ресурстарының құрылымында тартылған қаражаттар үлесі меншікті қаражаттармен салыстырған өте жоғары, олардың есебінен банктің активті операцияларының басым бөлігі жүзеге асырылады.

Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты, сондай-ақ ескі банктік жүйе үшін уақытша бос ақшалай қаражаттарды тартудың дәстүрлі емес тәсілдерінің болуы, тартылатын қаражаттар құрылымын толығымен өзгертті десе де болады.

Банктің депозиттік емес ресурстары банктің қысқа мерзімді өтімділігін қолдау мақсатында тартылады. Оларға: банкаралық несиелер, Ұлттық банктің несиелері, банктердің меншікті бағалы қағаздарын эмиссиялау нәтижесінде тартқан ресурстары, сондай-ақ отаңдық және шетелдік басқа да қаржы нарығынан сатып алынған ресурстары жатады.

Банкаралық несие — бұл коммерциялық банктердің бір-біріне беретін несиелері.

Банкаралық несие бұл басқа ресурстармен салыстырғанда өте қымбат ресурс болып табылады.

Банкаралық несиенің негізін банкаралық депозиттер құрайды. Банкаралық депозиттер — бұл банктердің бір-бірінде ашқан корреспонденттік шотындағы қаражат қалдықтары.

Депозиттік емес қаражаттардың бір түріне Ұлттық банктің екінші деңгейлі банктерге қысқа мерзімді өтімділігін қолдап отыру мақсатында беріліп отырған мынадай несиелерін жатқызуға болады: овернайт (бір түндік) және күндізгі заемдар.

Овернайт — банктердің ұлттық банктегі корреспонденттік шотында дебеттік қалдықтың пайда болуына байланысты бір түнге берілетін несиесі.

Мысалға, оны бүгін кешке алған жағдайда, ертеңіне кешке қайтаруға тура келеді. Кей жағдайда бұл несиені алу жұмыс аптасының соңғы күні немесе жұма күнге түссе, онда несие келесі аптаның бірінші күні қайтарылуы тиіс.

Күндізгі заем — банктік жұмыс күні ішінде банктердін, ұлттық банкте ашқан корреспонденттік шотында уақытша қаражат жоқтығына немесе жетіспеуіне байланысты ақшалай аударымдар мен төлемдер жасау мақсатында берілетін несие.

Бұл аталған несиелер қысқа мерзімді. Ұлттық банк екінші деңгейдегі банктерге бүгінгі күні орта және ұзақ мерзімде несиелерді бермейді. Бағалы қағаздарды қайта сатып алу негізінде сату келісімі (РЕПО операциясы) — қазыналық міндеттемелермен қамтамасыз етілетін қысқа мерзімді заемның түрін білдіреді.

Мұндағы қарыз алушының міндеттемесі, яғни ол келісілген күні және алдын ала белгіленген бағада, өзінің сатқан бағалы қағазын қайта сатып алуды көздейді.

Ұлттық банктерде вексельдерді қайта есепке алу және несие беру

- бұл қосымша қаражатқа деген қажеттілікке байланысты екінші деңгейлі банктердің "Ұлттық банкке өздерінің вексельдерін кепілге бере отырып, ресурстар тарту тәсілі.

Банктік ресурстарды тартудың жаңа бір формасына банктің вексельдерін жатқызуға болады. Банктер тек қарапайым вексельдерді ғана шығарады. Банк вексельдерін шығарудағы артықшылықтарға: біріншіден, вексельді тауарлар мен көрсетілетін қызметтер үшін есеп айырысуда пайдаланады; екіншіден, вексельдер несие алу барысында кепілдік ретіңде жүреді; үшіншіден, вексельді жеке және заңды тұлғалар қолдана алады; төртіншіден, вексельдердің өтімділігі жоғары; бесіншіден, вексельдер бойынша дисконт мөлшерлемесі жоғары; алтыншыдан, вексельдің заңды немесе жеке тұлғаға өту барысында шектеу болмайды; жетіншіден, вексельдің мерзімі әр түрлі болады  [8, б.74].

Екінші деңгейлі банктер өздерінің меншікті капиталы мен банктік ресурстар көлемін ұлғайту мақсатында облигация шығару арқылы қосымша қаражат тартады. Облигацияларды отандық тәжірибеде көбіне ірі екінші деңгейлі банктер шығарып отыр. Мұндай қарыздық міндеттемелер түрлерін шығару бір жағынан, банк капиталын, екінші жағынан, оның ресурстарын ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұл операцияларды ұйымдастырудың басты мақсаты — банктің өтімділігін жақсарту болып табылады.

 

 

  • Қазақстандағы екінші деңгейлі банктер мен олардың меншікті құралдары түсінігі

 

Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына сәйкес банк емес несие мекемелері өзінің негізгі немесе қосымша қызметтері ретінде депозиттер қабылдауға құқы жоқ. Сондай-ақ өзінің атауында, құжаттарында, хабарландырулар мен жарнамаларында «банк» деген сөзді, ия болмаса депозиттер қабылдап, басқа банктік операциялар жүргізеді немесе банк ісіне аудиторлық бақылау жүргізеді деген ұғым қалыптастыратын туынды сөздерді қолдануға [1, б.27].

ҚР-дағы коммерциялық банктер өз қызметінде 1995 жылы 30 наурызда қабылданған «ҚР Ұлттық банкі» және 1995 жылдың 30 тамызында қабылданған «ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңдарын басшылыққа алады.

Коммерциялық банктер банктік жүйенің екінші деңгейін білдіреді. Олар банктік ресурстарды шоғырландыра отырып, заңды және жеке тұлғалармен кең көлемде банктік операциялар мен қаржылық қызметтерді жүзеге асырады.

Осылайша банк-  ақшамен және құнды қағаздармен орперациялардың түрлерін жүзеге асыратын, үкіметке, кәсіпорындарға, азаматтар мен басқа банкерге қызмет көрсеттеін қаржылық ұйымдар, мекемелер болып табылады [2, б.334].

Қазіргі коммерциялық банктер жүйесі 1990 жылдың аяғынан бастап қалыптасты,  яғни қазақстандық банктік жүйенің небары 15 жылдық тарихы бар. Коммерциялық банктердің соңғы төрт жылдағы сандық құрамы төменде 1 кестеде көрсетілген.

Халықаралық ұйымдардың бағалауы бойынша Қазақстан Республикасының банк жүйесі ТМД елдерінің арасында серпінді дамып келе жатыр.

Қазіргі таңда республикада 34 екінші деңгейлі банк өз қызметтерін атқаруда., оның ішінде «Қазақстанның Даму Банк» Ақ да бар. Бантердің көп бөлігі, атап айтсақ 28-і Алматы қаласында орналасқан. Сонымен қатар банк қызметіне қол жеткізу тармақталған филиалдар торабы арқылы қамтамасыз етілген. Соңғы жеті жыл ішінде филиалдардың саны 50-ге артты және 2006 жылдың 1 қаңтарына 418 -ді құрап отыр. Тұрғындар мен мекмелерге 1312 есеп-кассалдық бөлімшелер қызмет етуде, оның ішінде 206 бөлімше 2005 жылдың ішінде ашылған.

 

Кесте  2  - Коммерциялық банктердің сандық құрамы.

 

 

01.01.05

01.01.06

01.01.07

01.01.08

Екінші деңгейлі банктердің саны, оның ішінде

37

35

35

34

- шетелдің қатысуымен банктер

17

16

15

14

- жарғылық капиталда мемлекеттің 100% қатысуымен

1

2

1

1

Екінші деңгейлі банктердің филиалдарының саны

368

355

385

418

Екінші деңгейлі банктердің есеп-кассалық бөлімшелерінің саны

1020

1023

1106

1312

Екінші деңгейлі банктердің шетелдегі өкілеттілігінің саны

8

10

11

17

Қазақстан Республикасындағы банк-резидент еместердің саны

14

20

18

18

«Казахстан за годы независимости» Информационно-аналитический сборник. ҚР статитика Агенттілігі, 2007 жыл [3, б. 53]

 

 ҚР екінші деңгейлі банктері ҚР Ұлттық банктің берген лицензиясы негізінде қызмет етеді. Лицензияның өзіндік стандартты формасы бар және онда коммерциялық банктердің айналысатын қызмет түрі жазылады. Қазақстанда берілетін лицензияның дамыған шет елдерден айырмашылығы әмбебаптығы болып табылады.

ҚР-дағы банк қызметінде мемлекеттік органдар банктердің мамандануын белгілемейді, мысалыға, инвестициялық - ипотекалық қызметтерді жүзеге асырады және т.б. Қазақстандық банктер бағалы қағаздар нарығына да тікелей қатысуға толық құқылы.

Банктік операцияларды жүзеге асыруға алатын лицензиядан басқа ҚР Ұлттық банктен валюталық операцияларды жүзеге асыруға бас лицензия алады. Бас валюталық лицензия оларға, өз қызметін жүзеге асыруы үшін қажетті саналатын банктер қатарымен корреспонденттік қатынастар орнатуға, сондай-ақ дамыған шет елдерде өз филиалдары мен өкілеттігін ашуға құқық береді.

Сонымен қатар, Қазақстандық коммерциялық банктерге бағалы металдармен операцияларды жүзеге асыру үшін ҚР Ұлттық банкі лицензия береді.

1995 жылдың 31 тамызында қабылданған «ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы»  ҚР-ның заңына [4] сәйкес ҚР-да банкті ашу немесе оның қызметін ұйымдастыру мынандай үш кезеңнен тұрады:

  1. Банк ашуға Ұлттық банктен рұхсат алу;
  2. Әділет Минисрлігінде мемлекеттік тіркеуден өту;
  3. Банк операцияларын жүргізуге Ұлттық банктен лицензия алу.

Аталған заңға сәйкес банкті заңды және жеке тұлға ашуға құқылы.

Бірінші кезеңде, банк ашушы Ұлттық банкке банк ашу үшін рұхсат алуға өтініш береді және оған қоса төмендегідей құжаттарды тапсырады:

- рұхсат алу үшін беретін өтініші;

- құрылтайшылық шарт (түпнұсқа);

- банктің жарғысы (түпнұсқа);

- банк жарғысын қабылдау және банк органын сайлау туралы хаттама;

- құрылтайшылар туралы мәліметтер;

- құрылтайшылардың соңғы екі есептік жылдағы бухгалтерлік балансы (заңды тұлғалар үшін);

- құрылтайшылардың жарғылық жағдайлары туралы аудиторлық қорытынды;

- егер бір немесе одан көп құрылтайшылары ҚР-ның резиденті болмаса, ондай жағдайда сол мемле0кеттегі тиісті мемлекеттік немесе қадағалау органынан жазбаша келісімі;

- егер банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым банк ретінде қайта құрылса, онда оның жарғысы, құрылтайшылық шарты, соңғы есептік мерзімге жасалған бухгалтерлік балансы, ұйымның қаржылық жағдайы туралы аудиторлық қорытынды;

- банктің жетекшілік қызметіне тағайындалатын тұлғалар туралы мәліметтер, оның ішінде банк төрағасы мен бас бухгалтерінің банк жүйесінде кемінде - үш жыл, ал олардың орынбасарларының кемінде екі жыл, банк филиалының бірініші жетекшісі мен бас бухгалтерінің кемінде  - бір жылдық еңбек тәжірибесі болуы керек және т.с.с.

- жаңадан құрылатын банктің толық ұйымдастырылу құрылымы (банктің өкілетті органдарымен бекітілуі тиіс);

-  жаңадан құрылатын банктің   ішкі аудит қызметі туралы ережесі (банктің өкілетті органдарымен бекітілуі тиіс);

- жаңадан құрылатын банктің   несиелік комитеті туралы ережесі (банктің өкілетті органдарымен бекітілуі тиіс);

- жаңадан құрылатын банктің бизнес-жоспары, оның ішінде болуы керек, банк қызметінің  стратегиясы, бағыттары мен ауқымы, қаржылық болашағы (есеп айырысу балансы, бастапқы қаржылық  (операциондық) үш жылға арналған пайда және зиян туралы есебі, маркетинг жоспары  ( банк клиенттерін қалыптастыру ), еңбек ресурстарын қалыптасытру жоспары);

- тапсырылған бизнес-жоспарына сәйкес дайындық шаралары туралы құрылтайшылардың есебі;

- нотариалды түрде куәландырылған, құрылтайшылардың атынан өтініш беруге құзіретінің барлығын растайтын құжатты;

- басқа банктің жарғылық капиталына қатысуы туралы мәліметтері.

Банк ашу үшін рұхсат алуға берілген өтініш үш ай, әрі кеткенде алты ай мерзімінде Ұлттық банкте қаралады.

Ұлттық банк банк ашуға рұхсат алуға берілген өтініштердің есебін жүргізеді.

Екінші кезеңде жаңадан құрылатын банк Ұлттық банк рұхсат берген күннен бастап, бір ай ішінде Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге алынады. Оған Ұлттық банктің банк ашуға берген рұхсатын және Ұлттық банктің келісімімен расталған құрылтайшылық құжаттар тапсырылады.

Үшінші кезеңде банктік операцияларды жүзеге асыру үшін Ұлттық банктен лицензия алады. Лицензия алу үшін мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап, бір жылға дейін мыналарды орындауға тиіс:

  • ұйымдастырушылық - техникалық шараларды орындау, оның ішінде Ұлттық банктің нормативті талаптарына сәйкес бөлмелерді және құрал - жабдықтарды дайындау, тиісті біліктілігі бар қызметкерлерді қабылдау;
  • жарияланған жарғылық капиталды төлеу.

Лицензия алуға берген өтінішпен бірге жоғарыда аталған талаптарды орындағандығын растайтын құжаттарды беруге тиіс.

Өтінішті берген уақыттан бастап, бір ай ішінде Ұлттық банк қарайды. Лицензияның мерзімі шектелмейді және онда банктің жүргізетін барлық операциялар тізімі көрсетіледі.

Аталған заңның 30- бабына сәйкес банктік операцияларға мыналар жатады:

  • заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;
  • жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;
  • банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу;
  • заңды және жеке тұлғалардың металдық шоттарын ашу және жүргізу;
  • кассалық операциялар: банкнота мен монетаны қабылдау, беру, қайта санау, айырбастау, ұсату, сорттау, қаптау және сақтау;
  • аударым операциялары: заңды және жеке тұлғалардың ақшаны ауларумен байланысты тапсырмаларын орындау;
  • есепке алу операциялары: заңды және жеке тұлғалардың вексельдерін және өзге борыштық міндеттемелерін есепке алу;
  • займдық операциялар: ақы төлеу, мерзімін белгілеу және қайтару шартымен ақшалай формада несиелер беру;
  • заңды және жеке тұлғалардың, оның ішінде корреспондент-банктердің тапсырмаларына байланысты. Олардың банктік шоттары бойынша есеп айырысу операцияларын жүргізу;
  • сенім операциялары: сенім білдірушінің тапсырмасы бойынша және оның мүддесіне сай ақшасын, құйма бағалы металын және бағалы қағаздарын басқару;
  • клирингтік операциялар: төлемдерді жинау, тексеру және растау, сондай-ақ олар бойынша өзара есепке алу операцияларын жүргізу және клирингке қатысушылардың таза позициясын анықтау;
  • сейфтік операциялар: клиенттердің құжатты формада шығарылған бағалы қағаздарын, құжаттарын және бағалы заттарын сақтау қызметін көрсету, сондай-ақ жәшіктерді, шкафтарды және бөлмелерді жалға беру;
  • ломбардтық операциялар: тез іске асатын бағалы қағаздар мен жылжитын мүліктерді кепілге алып, қысқа мерзімді несиелер беру;
  • төлем карточкаларын шығару;
  • банкнота мен монеталарды және бағалы заттарды инкассациялау және жөнелту;
  • шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру;
  • төлем құжаттарын инкассоға қабылдау;
  • чек кітапшаларын шығару;
  • бағалы қағаздар нарығындағы клирингтік қызмет;
  • аккредитивті ашу, растау және ол бойынша міндеттемені орындау;
  • ақшалай формада орындалуды көздейтін банктік кепілзаттарды беру;
  • үшінші тұлғаның атынана ақшалай формада орындалуды көздейтін банктік кепілдеме беру.

Банктер бағалы қағаздар нарығында басқа да кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыра алады. Оларға мыналар жатады:

  • брокерлік - мемлекеттің бағалы қағаздарымен;
  • дилерлік - мемлекеттің және өзге де бағалы қағаздарымен;
  • кастодиандық;
  • клирингтік.

Осы аталған қызмет түрлеріне Ұлттық банктен жекелеген және кешенді лицензиялар беріледі.

Сонымен қатар, ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктер өз қызметін жүзеге асыру барысында филиалдарын, өкілдіктерін, жинақ кассаларын, сондай-ақ еншілес банктерін аша алады.

Банктің филиалы - филиал туралы ережеде немесе лицензияда көрсетілген банктік операцияларды жүзеге асыруға құқылы және өзінің дербес бухгалтерлік  балансы бар, заңды тұлға болып табылмайтын банктік мекеме.

Заңға сәйкес, банктер өздерінің филиалын ашу үшін Ұлттық банктің келісімін алуға тиіс. Ол үшін мынандай құжаттарды тапсырады:

- филиал ашуға рұхсат алу өтініші;

- банк операцияларының тізімі көрсетілген банк филиалы туралы ереже;

- бірінші жетекші және бас бухгалтер қызметіне кандитаттар туралы мәліметтер.

Шетелдік банктердің ҚР аумағында филиалдарын ашуға заңмен тыйым салынады.

Банктің өкілдігі - банктік операцияларды жүзеге асырмайтын, яғни банктің тапсырмасымен және оның атынана әрекет ететін банктің орналасқан жерінен тыс орналасқан, заңды тұлға болып табылатын банктің құрылымдық бөлімшесі.

Банк өкілдігі Ұлттық банктің келісімімен ашылады. Шетелдік банктер өкілдіктерін ашу үшін Ұлттық банкке мынандай құжаттарын тапсырады:

-өкілдік ашуға рұхсат алу өтініші;

-өтініш жасаушы банктің құрылтайшылық құжаттары;

-ҚР аумағында өкілдік ашу туралы өтініш жасаушы банктің шешімі;

-өтініш жасаушы банктің қызметті жүргізуге арналған лицензиясының барлығын растайтын сол мемлекеттегі банктік қадағалау органының жазбаша расталымы;

-аудиторлық ұйым куәландырған өтініш жасаушы банктің соңғы қаржылық жылға жасалған жылдық есебі;

- өтініш жасаушы банктің ҚР аумағында өкілдігін ашуға қарсы еместігін куәландыратын сол мемлекеттегі банктік қадағалау органының жазбаша хабарламасы;

- өкілдікте жұмыс істейтін қызметкерлердің саны және жетекшісі туралы мәліметтер.

Еншілес банк - жарғылық капиталдың елу пайыздан астамы бас банкке тиселі және өзінің дербес бухгалтерлік балансы бар заңды тұлға.

Есеп айырысу кассалық бөлімі - ҚР аумағында банктік операциялардың жекелеген түрлерін орындайтын, филиал немесе өкілеттік мәртебесі жоқ, заңды тұлға емес, Ұлттық банктің келісімі негізінде құрылатын банктің аумақтық бөлімшесі.

ҚР Ұлттық банкі екінші деңгейдегі банктерді ашуға берген рұхсатын мынандай негіздерге байланысты қайтарып  алуы мүмкін:

 - банк тарапынан өз еркімен қайта құрылу немесе  таратылуы туралы шешім қабылдау;

-  банк қызметінің тоқтатылуы туралы сот шешімінің қабылдануы;

- мемлекеттік тіркеуге алған күннен бастап, бір жыл ішінде банк қызметіне байланысты жалған мәліметтердің болуы;

- мемлекеттік тіркеуге алған күннен бастап, бір жылдан астам уақытқа дейін банк операцияларын жүргізу лицензиясын алмаған жағдайда;

- банк заңдылықтарында, сол сияқты жарғысында көрсетілмеген операцияларды жүзеге асыруы;

- мемлекеттік тіркеуге алған күннен бастап, бір жылға дейін жарияланған жарғылық қордың сомасын төлемеу.

Қазақстандық тәжірибеде басқа дамыған шетелдік тәжірибелер сияқты жарияланған жарғылық капиталдың төленген жарғылық капиталдан айырмашылығы болады. Қазақстандағы банктік заңдарғы сәйкес банкті тіркеуге алу үшін жарияланған жарғылық қордың 50 пайыздан астам бөлігі акция, облигация, ақшалай қаражат, бағалы металдар немесе басқа да  материалды құндылықтармен  төленуге тиіс. Ал қалған сомасы жыл бойы салынуға тиіс [5, б.17].

Жарияланған жарғылық қордың жартысының ақшалай түрдегі сомасы сол банктің корреспонденттік шотына түсіріліп, ал материалдық құндылықтары бірлескен түрде бағалануына байланысты банкті құрушы акционерлердің жалпы жиналысында акті бойынша қабылданады.

Банктің ұйымдастыру құрылымы негізгі екі тәсілмен анықталады: банктерді басқару құрылымымен және оның функционалды бөлімшелері мен қызметінің құрылымымен.

Басқару органдарының негізгі тапсырмасы -  банктің негізгі қызметтерін жүзеге асыру мақсатында оны тиімді, ұтымды және оперативті басқаруды жүзеге асыру. Банктің құрылуына, оның басқармамен және бағынушыларымен қарым қатынасына барлық қызметі тәуелді болады.

Банкті басқару құрылымын анықтау басқару органына анықтауды, олардың өкілеттілігін бекітуді, негізгі банк операцияларын жүзеге асырудағы жауапкершіліктері мен өзара байланысын қарастырады. Банктің жалпы тәсілі мен басқару құрылымы банк заңдылығымен анықталады, бірақ басқару құрылымының көптеген сұрақтарын коммерциялық банк өзі шешуге құқылы.

Коммерциялық банктің ұйымдастыру және басқару құрылымы жарғыда жарияланады, онда  банкті басқару органдарының, олардың құрылымының, құрылу және қызмет тәртібі көрсетіледі.

 Акционерлік коммерциялық банктің жоғарғы органы төмендегі негізгі сұрақтары шешу мақсатында жыл сайын шақырылатын акционерлердің жалпы жиналысы:

  • жарғы мен жарғылық капитал көлемін өзгерту;
  • банк басқармасын сайлау;
  • жылдық есепті бекіту;
  • банк кірісін бөлу;
  • банк филиалдарын құру және тарату және т.б.

 Банк қызметін жалпы басқару үшін, сонымен қатар атқарушы және бақылау органдарының жұмысын бақылау және қадағалау үшін акционерлер жиналысы басқарманы немесе кеңесті 5 жылдық мерзімге сайлайды.

Басқарма банктің мақсатын анықтайды және оның несие - есеп, инвестиция, валюта және қызметтің басқа түрлері бойынша саясатын жүзеге асырады, іскерлік әлемдегі басқа ұйымдармен қызметін координациялайды және байланыс орнатады.

Басқарма несие және инвестициялық саясаттың банк заңдылығына және Қазақстан Республикасының басқа заңдылықтарына сәйкес келуіне жауапты болады. Ол кадрларды іріктеу, дайындау және пайдалану сұрақтарын шешеді.

Басқарма құрамындағы акционерлер жиналысы банк қызметін оперативті басқару үшін басқарма төрағасын немес банк президентін сайлайды. Ол банкті өзінің орынбасарлары арқылы басқарады, ал олар  банк қызметінің нақты облыстарымен айналысады. Олардың бәрі басқарма құрамына енеді.

Ірі банктер көбінесе функционалды белгісі бойынша құрылатын  департаменттерден, басқармалар мен бөлімдерден тұрады. Олардың басшылары осы бөлімшелердің бір қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етулері керек.  Департаменттердің директорлары, басқарма басшылары және олардың орынбасарлары бөлімшелер мен қызметтердің қызметін координациялайды, олардың нақты мақсаттары мен бағдарламаларын анықтайды, олардың жұмыстарына кеңес береді, қадағалайды және бағалайды.

Бөлімдер мен қызметтер тар шеңберде  маманданған жұмыстар мен банк операцияларын және клиенттерге қызмет көрсетумен айналысатын мамандардан тұрады. Көбіне бөлімдер төмендегідей болады: несиелеу, инвестициялау және құнды қағаздар, депозиттік және кассалық операциялар, маркетинг, сыртқы экономикалық байланыстар және т.б.

 Несие беру және тексеру жұмыстары туралы нақты шешім қабылдау үшін банктарда несие комитеті мен тексеру комиссиясы құрылады [6, б.21].

.

Сурет 1-Коммерциялық банктің жеңілдетілген сызбасы.

 

 Банктың ұйымдастырушылық құрылымында  банктың алдына қойған тапсырмалармен тікелей байланысты қызметтері жүзеге асады. Оларға: несиелеу, инвестициялау, сенім операциялары, халықаралық есеп айырысулар, клиенттерді қабылдау және қызмет көрсету.  Бөлімдердің саны банктің көлемі мен қызмет сипатына, банк операцияларының көлемі мен күрделілігіне және клиенттерге көрсетілетін қызметтер түрінің әр түрлілігіне байланысты анықталады. Банкта филиалдар мен аймақтық өкілдіктердің болуына байланысты оның құрылымында филиалдар мен аймақтық өкілдіктердің қызметін координациялайтын, басқаратын және бақылайтын департаменттер мен басқармалар болуы керек.

 Банк қызметінің мәні олардың бір бірінен ерекшеленетін белгілі қызметтерді атқаруымен көрінеді. Банк қызметін  банктың клиенттер мүддесі үшін белгілі әрекеттерді атқаруы арқылы сипаттауға болады. Кез келген банк өнімінің негізінде қайсібір қажеттілікті қанағаттандыру жатыр.

 Қазіргі кезде негізгі дәстүрлі қызметтерге салымдарды тарту мен ссуданы ұсыну жатады. Қызметтердің пайыздарының арасындағы айырмашылықтан коммерциялық банктер өздерінің пайдасының көп бөлігін алады. Бірақ осы екі қызметтен басқа да көрсетілетін қызметтердің түрі сан алуан.

Республиканың коммерциялық банктері өздерінің клиенттерінің шаруашылық қызметімен байланысты несие, есеп айырысу және қаржы операцияларының барлық түрлерімен айналысады.

 Қазақстан Республикасының банк заңдылығына сәйкес коммерциялық банктер келесі операцияларды орындайды:

  • ақылы негізде депозиттерді тарту;
  • клиенттер мен корреспондент-банктердің  есебін жүргізу және кассалық қызмет көрсету;
  • заңды және жеке тұлғаларға қайтару, мерзімді және ақылы негізде қысқа және ұзақ мерзімді несиені ұсыну;
  • иелердің немесе инвестицияланатын қаражаттарды бөлушілердің нұсқауымен күрделі қаржыландыру;
  • заңда қарастырылған негізде жеке құнды қағаздарын шығару;
  • төлем құжаттарын немесе басқа құнды қағаздарды сатып алу, сату және сақтау немесе солармен байланысты басқа да операциялар;
  • ақшалай формада орындалуын талап ететін, үшінші тұлғалар үшін  кепілдемелер беру;
  • банк операциялары бойынша брокерлік қызмет көрсету;
  • клиенттердің құжаттары мен құндылықтарын сақтау;
  • банк қызметімен байланысты кеңес берушілік қызметі;
  • лизинг операцияларын жүзеге асыру;

Ұлттық банктің арнайы лицензиясын иеленген банк басқа банк операцияларын жүзеге асыра алады, оның ішінде:

  • шетелдік валютамен операцияларды жүзеге асыру;
  • халықтан ақша салымдарын тарту;
  • инкассация қызметі;

 Коммерциялық банктің осы операцияларын топтай отырып, олардың атқаратын негізгі қызметтерін топтауға болады:

  1. уақытша бос ақшалай қатажаттарды, жинақтар мен қордарды аккумуляциялау ( депозит операциялары);
  2. экономика мен тұрғындарды несиелеу ( активті операциялар);
  3. несие ақшаларын шығару;
  4. нақтысыз есеп айырысуды жүзеге асыру;
  5. инвестициялық қызмет;
  6. клиенттерге басқа да қызметтер көрсету.

Жеке және заңды тұлғалардың уақытша бос ақшалай қаражаттарын орналастыра отырып және оларды капиталға айналдыра отырып, банктер ақшалай кірістер мен салымдар түріндегі жинақтарды аккумуляциялайды.

Сонымен қатар оларды тиімді басқарады, яғни оларды сақталуын қамтамасыз етеді және пайдалы негізде қарыз алушыға ұсынады, сөйтіп салымдарға жиналған жинақтар ссудалық капиталға айналады.  Қарыз алушылар қаражаттарды өндірісті кеңейтуге, тауарларды сатып алуға жұмсайды. Ақырында  коммерциялық банктер көмегімен жинақтар капиталға айналады.

Банктердің ақшалай қаражаттарды  пайдамен орналастыру мақсатында салымдарға тарту жөніндегі жұмыстары депозитті операциялар деп аталады. Осы депозит операциялары негізінде коммерциялық банктердің несие ресурстарының негізгі бөлігі қалыптасады [7, б.30].

Банктің меншікті кұралдары деп банкпен оның қаржылық тұрақтылығын, коммерциялық және шаруашылық іс-әрекетін қамтамасыз ету үшін құрылған әр түрлі қорларды, сонымен қатар ағынды және алдыңғы жылдардағы іс-әрекет нәтижелері бойынша алынған пайданы түсінеді.

Банктің меншікті құралдарының құрылымы сапалық құрамы бойынша біркелкі емес және жыл бойында бір қатар факторларға байланысты, атап айтқанда активтер сапасына, меншікті пайданы пайдалануға, банктің капиталдық базасының тұрақтылығын камтамасыз ету жөніндегі саясатына байланысты өзгеріп тұрады. Келтірілген мәліметтер банктің меншікті кұралдары мақсатты арналуы және қалыптасуынын, әр түрлі көздері бар әр түрлі қорлардан тұратындығын көрсетеді [8, б. 76].

Коммерциялық банктердің меншікті құралдарының келтірілген құрылымы банк капиталының негізгі үлесін төмендегілер құрайтындығын көрсетеді: жарғылық капитал, меншікті капитал және банк қорлары - 2003 жылдың 1 қаңтарында 75,9% және 2003 жылдың 1 шілдесінде - 94,9%. Мұнда банктің таза пайдасынан құралатын қорлар банктермен құрылған қорлардың жалпы сомасының 51,0 және 70,0% құрайды, ал олардың құрамында ең үлкен үлесін алатын арнайы және жинақтау қорлары - 45,3 және 59,6% . соңғы екі қордың құралдары коммерциялық банктермен өз қызметкерлерінің материалдық және әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыруға, қайырымдылық жәрдемге және банктің өндірістік дамуына пайдаланылады. Сонымен, осы қорлар құралдарының бір бөлігі банктің ағынды қажеттіліктеріне қызмет етеді. Резервтік қордың өсіміне пайда айтарлықтай аз жіберілгендігін жеке қорлар бойынша өзгеру қарқындары көрсетуде. Экономикадағы дағдарыс кұбылыстарының өсуінің және клиенттердің төлеу қабілетінің төмендеуінің жағдайында пайданың мұндай бөлінуі банктің меншікті кұралдарының өсуіне және оның тұрақтылығын қамтамасыз етуге себеп тудырмады.

Банктің меншікті кұралдарының маңызды элементі болып ссудалар бойынша мүмкін шығындарға, бағалы қағаздардың құнсыздануына және басқа да банк активтеріне арналған резервтер табылады.

Жарғылық капитал банктің заңды тұлға ретіндегі әрекет етуінің экономикалық негізін құрайды және пайда болуының міндетті шарты болып табылады. Оның шамасы орталық банктердің заңдылық актілерімен бекітіледі және, сонымен бірге оның минималды шамасын 1989 жылы 5 млн ЭКЮ сомасында бекіткен Европалық экономикалық бірлестіктің келісімімің заты болып табылады.

Резервтік капитал (қор) жарғылық капиталдың төлнеген сомасының 15%-нан төмен емес көлемдегі таза пайдадан құрылады және банк іс-әрекетіндегі күтпеген шығындардың орнын жабу мен оның әрекет етуінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге арналған. Бұл қор барлық банктермен «Акционерлік қоғамдар туралы» және «Банк және банк іс-әрекеті туралы» Заңдарына [9] сәйкес құрылады.

Қорлардың екінші тобы банк карамағында қалған таза пайданы (арнайы қорлар) бөлу нәтижесі ретінде калыптасады, сонымен қатар таза пайданың белгілі мақсаттарға пайдаланылуының процесін көрсетеді.

Қорлардың «қосымша капитал» деген атаумен біріктірілген үшінші тобы төмендегілерді қамтиды:

  • акцияларды олардың    бірінші    ұстаушыларына    сатудан алынған кұралдар - «эмиссиялық табыс». Бұл құраладар банктің бастапқы капиталын және оның тұрақты бөлігін арттырады;
  • негізгі қорларды   қайта   бағалау   кезінде   пайда   болатын мүлік құнының    өсімі.    Бұл    қордың    шамасы    елдегі инфляция  деңгейінің   көрінісі   болып   табылады,   демек, оның       іс- әрекетінің сапалық       сипаттамасы       болып табылады.    Өзінің экономикалық мәні    мен    пайдалану сипаты   бойынша   аталған   қорды   тіркелген активтердін (негізгі  қорлардың)  құнсыздануына арналған  резерв деп қарастыруға болады;
  • ақысыз алынған  мүліктің  құны.   Бұл  қор  құралдарының көлемі банктің материалдық активтерінің өсімінің көзін көрсетеді, ал оны пайдалану      ережелері      (мүмкін шығындардың    орнын    толтыру) оны резервтік   қорлар тобына жатқызуға мүмкіндік береді.

Қорлардың төртінші тобы жеке банктік операциялар бойынша тәуекелді жабу мақсатымен, сол арқылы жинақталған резервтердің есебінен шығындарды сіңіру аркылы банк тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатымен кұрылады. Оларға ссудалар, бағалы қағаздар және банктің басқа да активтері бойынша резервтер жатады. Бұл резервтердің шамасы, бір жағынан, банк активтерінің сапалы кұрылымын, екінші жағынан - банк тұрақтылығының қоры, әсіресе таза пайдадан құрылған резервтік қорлар (мысалы, бірінші топ ссудалары бойынша болуы мүмкін шығындарға резервтер) бөлігін куәландырады.

Екінші, жартылай үшінші және төртінші топ қорларының кұралдары олардың мақсатты арналуына сәйкес өте қозғалымды болып келеді, себебі олар меншікті техникалық базаның дамуымен байланысты банктің ағынды шығындарын немесе күрделі салымдарын қамтамасыз ету үшін қолданылады (мысалы, сыйақы, жәрдемақы төлеу, құрал-жабдық алу, бекітілген нормативтерден тыс жасалған шығындарды жабу, оларды операциялык шығындарға жатқызу, қайырымдылық көмек көрсету және т.б.), яғни бұл қорлардың кұралдарын пайдалану банк мүлкінің азаюымен байланысты.

Сондықтан, мұндай немесе соған ұқсас қорладың құралдары банкте қалып, басқа мақсаттарға қолданыла алмайды, яғни банк капиталы ретінде бола алмайды.

Сонымен, банк ісінін теориясы банктің меншікті құралдары мен меншікті капиталының ұғымдарын бөледі. «»Банктің меншікті құралдары ұғымы - ең жалпы, банк «іс-әрекетінің процессінде пайда болған барлық пассивтерді камтиды; банктің жарғылық, резервтік және басқа да қорлары, сонымен бірге өткен жылдардың бөлінбеген пайдасы мен ағынды жылдың пайдасы. Банктің меншікті капиталы - бұл есептік жолмен анықталатын шама. Ол экономикалық мағынасы бойынша банк капиталының функцияларын орындай алатын меншікті кұралдардың баптарын қамтиды. Меншікті кұралдардың негізгі элементтері, яғни заңмен сәйкес кұрылған негізін калаушы қорлар және банк іс-әрекетін қолдау мақсаттарына ішкі көздердің есебінен құрылған резервтер келесі ережелерге сәйкес болған жағдайда банк капиталына жатады:

  • тұрақтылық;
  • несиелеуші құқыктарына қатысты субординация;
  • табыстардың тіркелген есептік сомаларының болмауы.
    Банктің меншікті      капиталы      деп      оның      экономикалық тұрақтылығын камтамасыз ету, болуы мүмкін шығындарды сіңіру үшін арналған және оның әрекет етуінің бүкіл мерзімінде банктің пайдалануында болатын арнайы құрылған қорлар мен резервтерді түсінеді. Банктің капиталы жарғылық, резервтік капиталды, пайдалану мерзімі жоқ құрылтайшылық пайданы, ағынды және алдыңғы жылдардың бөлінбеген пайдасын,әр түрлі тәуекелдерді жабуға арналған резервтерді қамтиды және банк ісәрекетінде бір қатар маңызды функцияларды атқарады.

Банк капиталымен атқарылатын функциялар отандық және батыс әдебиеттерінде бір мағыналы талқыланбайды. Үш негізгі функция бөлінеді: қорғаушы, оперативті және реттеуші. Банк активтерінін маңызды үлесі салымшылармен несиеленгендіктен салымшылардың мүдделерін қорғау сомасы бойынша шектеулі болып келетін меншікті капиталдың негізгі функциясы болып табылады. Сонымен катар, банк капиталы банк '"акционерлерінің тәуекелін төмендетеді. Қорғау функциясы банктің жойылуының жағдайында салымшыларға компенсация төлеу мүмкіндігін, сонымен бірге банкке шығындар болу қауіпіне қарамастан әрекет етуге мүмкіндік беретін активтерге резерв жасау арқылы төлеу қабілетін сақтауды білдіреді. Бірақ, мұнда шығындардың үлкен бөлігі капитал есебінен емес, банктің ағынды табыстарының есебінен жабылады деп ұйғарылады. Кәсіпорындардың көпшілігімен салыстырғанда коммерциялық банктің төлеу қабілетін сактау тек меншікті капитал бөлігімен қамтамасыздандырылады. Әдетте, банк акционерлік капиталға қол тимеген жағдайда, яғни активтер кұны банкпен шығарылған міндеттемелер сомасынан (қамтамасыз                              етілмегендерін есептемегенде) және оның акционерлік капиталынан төмен болмаған жағдайда  төлеуге кабілетті   деп   саналады.   Капитал   ерекше   корғау «жастығының» ролін атқарады және күтпеген ірі шығындардың жағдайында операцияларды жалғастыруға мүмкіндік береді. Мұндай шығындарды қаржыландыру үшін меншіктк капиталға қосылатын әр түрлі резервтік қорлар әрекет етеді, ал ссудалар бойынша клиенттердің жаппай төлемеуінің жағдайында шығындардың орнын толтыру үшін акционерлік капиталдың бір бөлігін пайдалану қажет болуы мүмкін.

Банк капиталының оперативтік функциясы қорғау функциясына қарағанда екінші кезектегі орынды алады. Ол жер, ғимараттар, кұрал-жабдықтар алуға, сонымен бірге күтпеген шығындар жағдайына қаржы резервын құруға меншікті кұралдардың пайдаланылуын камтиды. Қаржы ресурстарының бұл көзі банк іс-әркетінің бастапқы кезеңдерінде, кұрылтайшылар бірінші кезектегі бір қатар шығындарды іске асырып жатқан кезде өте бағалы болып табылады. Банктің дамуының келесі кезеңдерінде меншікті капиталдың ролінің маңыздылығы төмендемейді, бұл құралдардың бір бөлігі ұзак мерзімді активтерге, әр түрлі резервтер құруға жұмсалады. Операцияларды кеңейтуге кеткен шығындарды жабудың негізгі көзі болып жинақталатын пайда табылғанымен, банктер жиі жағдайда акциялар шығаруды немесе кұрылымдық сипаты бар шараларды өткізу кезінде - филиал ашу, бірігу кезінде ұзақ мерзімді қарыздарды қолданады.

Капиталдың реттеуші функциясын орындау тек қана коғамның банктердің табысты әрекет етуінде ерекше мүдделі болуымен байланысты. Банк капиталының көрсеткішінің көмегімен мемлекеттк органдар банк іс-әрекетін бағалау мен бақылауды іске асырады. Әдетте банктің меншікті капиталына жататын ережелер оның минималды көлеміне қойылатын талаптарды, активтер бойынша шектеулерді және басқа банк активтерін сатып алу шарттарын камтиды. Орталық банкпен бекітілген экономикалық нормативтер негізіне банктің меншікті капиталының көлеміне байланысты болады. Функциялардың қарастырылып отырған классификациясының шеңберінде реттеуші функцияға ссудалық және инвестициялық операцияларды шектету мақсатымен капиталдың пайдаланылуын да жатқызады (банктің ссудалары мен капиталы бар меншікті капиталмен шектелетін шамада) [10, б. 67].

Басқа көздері, банк капиталының негізгі мақсаты - тәуекелді төмендету екендігін мойындай отырып, келесі функцияларға негізделеді:

  • капитал шығындарды    жұтып    төлеу    кабілетін    сақтай алатын буфер болып табылады;
  • капитал қаржы ресурстарының нарықтарына қол  жеткіздіреді және    банктерді     өтімділік    мәселелерінен қорғайды;
  • капитал тәуеклдің өсуін тежеп, шектетеді.

Капиталдың барлық осы функциялары тәукелдің төмендеуіне себеп тудырады. Мұндай тәсілдің үлкен практикалык маңызы бар және ол коммерциялық банкті басқару мақсаттарына бейімделген.

Капиталдың ссудалар бойынша шығындарға қарсы буфер ретіндегі ролі оны ақшалай құралдардың қозғалысының процессінде карастырғанда айқын көрінеді. Банк клиенттері ссудалар бойынша өз міндеттемелерін орындауды доғарса, проценттер мен негізгі төлемдер бойынша ақша кұралдарының келуі бірден тоқтайды. Құралдардың кетуі өзгермейді. Банк келген кұралдар кеткен құралдардан жоғары болғанға дейін төлеуге қабілетті болын қалады. Мұнда да капитал буфер болып қалады, себебі ол мәжбүрлі түрде кетіп жатқан кұалдарды азайтады.

Банк төлеуге қабілетсіз болып, акциялар бойынша дивидендтерді төлеуді кейінге қалдыруы мүмкін. Жеткілікті капиталы бар банктер жоғалтқан ақшалай кұралдардың түсімдерінің орнын толтыру үшін және активтер мәселесі шешілгенге дейін уақыт ұтып алу үшін жаңа міндеттемелер немесе акциялар шығарады. Сонымен, банк капиталы неғұрлым үлкен болса, соғұрлым банк төлеуге кабілетті болғанға дейін төленбей қалатын активтер көп және банк тәуекелі төмен болады.

Тең банк капиталы қаржы ресурстарына еркін қол жеткізіп, операциялық мәселелерді азайтады. Капитал банктерге әдеттегі ставкалар бойынша дәстүрлі көздерден қарыз алу мүмкіндігін береді. Үлкен меншікті капитал банктің тұрақты абыройын, оған деген салымшылардың сенімділігін қамтамасыз етеді.

Капитал қарыз көмегімен қаржыландыру арқылы ала алатын жаңа активтерді шектеудің тәуекелдігінің өсіреді және азайтады. Бұл функция мемлекеттік органдар бекітетін капиталдың активтерге қатынасының нормативімен тығыз байланысты. Осылайша, егер банктер ссудалар көлемін арттыру немесе басқа активтер алуды шешсе, олар өсуді акционерлік капиталды қосымша қаржыландыру көмегімен колдап отыруы қажет. Бұл шара банк активтерінің спекулятивтік өсімінің алдын алады, өйткені банктер әрқашан активтерді табысты басқару жөніндегі өз мүмкіндіктерінің шеңберінде қалуы тиіс.

Банк капиталының аталған функциялары меншікті капитал -банктің коммерциялық іс-әрекетінің негізі екендігін көрсетеді. Ол оның дербестілігін қамтамасыз етеді және банк көтеретін тәуекелдердің жағымсыз салдарын түзетудің көзі болып табылады [11, б. 45].

 

 

1.3 Екінші деңгейлі банктердің ресурстарының құрамы мен құрылымы

Коммерциялық банктердің шаруашылық қатынастардың басқа субъектілерінде сияқты өз коммерциялык және шаруашылық іс-әркеті қамтамасыз ету үшін ақшалай құралдарының белгілі сомасы болуы тиіс. Экономиканың дамуының казіргі жағдайында ресурстарды қалыптастыру мәселесі бірінші кезектегі орында тұр. Оның себебі - экономиканың нарықтық моделіне өтумен, банк ісіне мемлекет монополиясын жоюмен, екі деңгейлі банк жүйесінің құрылуымен банк ресурстарының сипаты маңызды өзгерістерге тап болуда. Бұл төмендегілермен түсіндіріледі:

  • біріншіден, банк ресурстарының жалпы мемлекеттік қоры маңызы азайды, ал оны колдану саласы банк жүйесінің бірінші   звеносы  -  Қазақстан   Республикасының   ұлттық банкінде шоғырланған;
  • екіншіден, әр түрлі меншік формаларындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың пайда болуы ақшалай кұралдарды сақтаудың орны мен әдісін өз     бетінше анықтайтын    уақытша   бос ақшалай    құралдардың    жаңа егелерінің пайда болуын білдіреді; ол ақшалай қатынастар жүйесіне      жататын      несиелік      ресурстар нарығының құрылуына себеп тудырады.

Сонымен бірге, активті операцияларының объектісімен анықталатын банктер іс-әркетінің көлемдері олардың қарамағындағы, әсіресе қатыстырылған ресурстар көлеміне байланысты болады. Мұндай жағдай банктер арасындағы ресурстарды тарту үшін бәсекелік күресін күшейтеді.

Несиелік ресурстар нарығымен қатар банктер мемлекеттік және корпоративтік бағалы қағаздарды сатушы немесе сатып алушы болып табылатын бағалы қағаздар нарығы әрекет ете бастайды. Сақтандыру, қаржы және басқа да несиелік мекемелердің бар болуы несиелік ресурстар нарығындағы бәсекелік күресті белсендендіреді және уақытша бос ақшалай құралдарды банктермен аккумуляциялау мәселесін күшейтеді.

Коммерциялық банктердің ресурстары немесе «банктік ресурстар» банк қарамағында бар болатын және активтік операцияларды іске асыру үшін қолданылатын меншікті және қатыстырылған құралдар жиынтығы болып табылады.

Пайда болу әдісі бойынша коммерциялық банктің барлық ресурстары меншікті және қарызға алынған (қатыстырылған), болып бөлінеді. Банктер көпшілігі үщін құралдарды табудың негізгі көзі болып депозиттердің түрлері табылады - талап еткенге дейінгі, жинақтық және шұғыл. Қаржылық тұрғыдан депозиттер құралдарды қарызға алудың барлық басқа көздеріне ұқсас. Ал заңдылық көзқарастан депозиттер банкті жойылуының жағдайында олардың егелерінің претензияларын қанағаттандыруда құралдардың басқа көздерімен салыстырғанда артық орын алады. Сонымен бірге, әр бір депозит егесі депозиттерді сақтандыру жөніндегі Федералдық корпорация (ҒВІС) есебінен 100 000$-ға дейінгі сомаға дейін кез-келген шығындардан сақтандырылады.

Банктер ағынды немесе чек есеп шоттары деп аталатын операциялык есеп шоттардың бір қатарын ұсынады. Олар жалпы ақша массасының % бөлігінен жоғарысын құрап, экономикада айырбас құралы ретінде қызмет етеді.

Талап еткенге дейінгі депозит - бұл егесі есеп шоттағы ақшаны бірінші талап етуі бойынша ала алатын немесе жазылған чек аркылы оларға деген құқықты басқа тұлғаға бере алатын ағынды есеп шот. Олар барлық салымдардың 20% құрайды. Талап еткенге дейінгі депозиттер жеке тұлғалардікі, мемлекеттік мекемелер мен компаниялардікі болуы мүмкін. Бірақ олар ешқандай процент әкелмейді, сондықтан тұтынушылар процент алу мүмкін болатын операциялык есеп шоттарға көшті [12, б. 156].

Жеке компаниялар мен мемлекеттік билік органдарының талап еткенге дейінгі депозиттері негізіненәр түрлі қаржылық операцияларды өткізу үшін ашылады. Мысалы, Ақш мемлекеттік Казначейлігінің кейбір коммерциялық банктерде ағынды есеп шоттары бар. Бұл есеп шоттары Казаначейлік салықтар мен ссудалар бойынша алынған құралдарды депозитке салды шешкен жағдайда болуы мүмкін резервтер шамасының кенет өзгерулерін болдырмауға көмектесу үшін ашылады. Коммерциялық банктердегі казаначейлік депозиттері салықтар мен ссудалар есеп шоты деп аталады. Шағын банктердің ірі қалалық банктерде ашыйтын талап еткенге дейінгі есеп шоттарында маңызды қалдықтары бар; бұл қалдықтар корреспонденттік есеп шоттардағы қалдықтар деп аталады. Бұл кұралдарды инвестициялау немесе ссуда түрінде беру жағдайында олардың бір бөлігі қосымша табыс алып келе алатындықтан корреспонденттік есеп шоттардағы қалдықтарды пайдалану үшін корреспондент-банктер коореспондент-банктерге әр түрлі компенсациялар ұсынады. Мысалы, шағын банктер ірі банктерден чектер клирингі, валюталық және траст операциялары мәселелері бойынша кеңес ала алады.

1980 жылға дейін банктердің көпшілігі талап текенге дейінгі депозиттер бойынша проценттік табыс төлей алмаған. Бұл депозиттеринвестицияларды іске асыру және ссуда беру үшін пайдаланғандықтан  банктер   өз  клиенттеріне  жеңілдетілген  бағамен әр түрлі қызметтерді ұсыну есебінен осы «ақысыз» құралдардың алуын арттыруға тырысқан. Олаға чек кітапшаларын беру, банк сейфтерінде құндылықтарды сақтау, қаржылық есеп жүргізу немесе жол чектрін беру жөніндегі қызмет көрсетулер жататын. Бұл қызмет көрсетулер талап еткенге дейінгі есеп шот егелеріне проценттік төлемдердің жоқтығының орнын толтыратын.

1972 жылы Конгресс эксперимент ретінде Масачусетс және нью-Гемпшир штаттарының қаржылық институттарына НАУ (Кеоііа1 ог" АУҺҺсіга уаі ) деп аталатын

Ағынды есеп шоттардың ерекше түрі бойынша проценттік табыс төлеуге рұқсат берді. Мәні бойынша НАУ есеп шоттары талап еткенге. дейінгі, 5,25% проценттік ставканың максималды мәнімен шектелетін проценттік табыс әкелетін есеп шоттар болып табылады. 1980 жылы депозиттік мекемелерді реттеу және ақшалай-несиелік реттеу туралы Заңға сәйкес НАУ есеп шоттарын ашу құқын барлық штаттардың депозиттік институттары алды. Бұл түрдегі есеп шоттарды тек жеке тұлғалар, мемлекеттік мекемелер және коммерциялық емес ұйымдар ашуы мүмкін. 5,25%-дык проценттік ставканың шекті мәні 1986 жылдың 1 қаңтарынан бастап жойылды. НАУ түріндегі есеп шоттар барлық салымдар бойынша шамамен 5% береді.

Жинақтау есеп шоттары жеке тұлғалармен және коммерциялық емес ұйымдармен құралдарды жинақтаудың дәстүрлі формасы болып табылады. Шағын банктер үшін олар ірі банктермен салыстырғанда құралдарды алудың маңызды көздері болып табылады. 1980 жылы басталған қаржы жүйесін реттеусіздену процессінің басталуымен банктер үшін бұл есеп шоттардың маңыздылығы төмендей бастады, себебі халық неғұрлым табысты және ыңғайлы чек есеп шоттарын белсенді пайдалана бастады. Дәстүрлі түрде жинақтық есеп шоттар олаға кызмет көрсетуге аз ғана шығын талап етеді, өйткені банк клиенттерімен оларды пайдалану салыстырмалы түрде төмен болып табылады. Жинақтық есеп шоттардың негізгі түрлері - жинақ кітапшасын пайдалану арқылы және ақша нарығының депозиттік есебі.

Банктердің бүгінгі клиенттері квартал сайын өз есеп шотынан көшірме алып отырады және компьютердің көмегімен өз жинақтарымен үйінен .шықпай операция жасай алады. Жинақтық есеп шоттар барлық депозиттердің 15% құрайды және жиі жағдайда жеке салымшылармен және коммерциялық емес ұйымдармен ашылатын. Бірақ, 1975 жылдан бастап оларды пайдалану жеке бизнес кәсіпорындары үшін де рұқсат етілді. Әрекеттегі заңдарға сәйкес жинақтық салымнан ақша алу үшін банкті 30 күннен кеш емес мерзімде алдын-ала ескерту кажет. Бұл ереже банктерге халықтың жаппай ақша құралдарын салымнан алуымен күресу үшін 30-шы жылдарда, жиі  банкроттық дәуірінде еңгізілген.    Бірақ  біздің уақытта банктер кұралдарды алу жөнінде алдын-ала ескертуді сирек талап етеді, сондықтан салымшылардың көпшілігі оларды бірінші талап етуі бойынша ала аламын деп санайды. Сонымен қатар 1986 жылдың 1 сәуірінен бастап жинақтық есеп шоттар бойынша есептелетін проценттік табыс бойынша шектеулер жойылғандығын атап кеткен жөн [13, б. 64].

Әсіресе соңғы 15 жылдың ішінде әйгілі болған жинақтық сертификаттар негізінен ұсақ клиенттермен қолданылады. Олар шағын, қатардағы тұтынушыларға бейімделген банктер үшін құралдардың маңызды көзі болып табылады. Жинақтық сертификаттар номиналдық кұны, проценттік ставкасы және өтеу мерзімі көрсету арқылы шығарылған банк міндеттемелерін білдіреді. Жинақтық сертификаттар бойынша проценттік ставка әдетте жинақтық есеп шоттардыкінен жоғары болады.

Өтімділіктің қажетті деңгейін қолдау пікіріне сүйене отырып банктер заңмен қойылған талаптардан асатын резервтер құруы мүмкін. Резервтері артық банк резервтердің жетіспеушілігіне тап болған немесе олардың көлемін арттырғысы келетін басқа банкке олардың бір бөлігін бере алады. Резервтік банкте депозиттен резервтерді сатып алу (қарызға алу) немесе сату (қарызға ұсыну) ҚР құралдарымен жасалатын операциялар деп аталады.

Қайта сатып алу туралы келісімдер банк алу үшін табыстылыктың келісілген деңгейін қамтамасыз ететін бағамен белгілі күнге немесе талап ету бойынша қайта сатып алу жөніндегі келісім жасаумен қатар өз несиелеушісіне бағалы қағаздарды (әдетте мемлекеттік) сататын ссуданың түрін білдіреді. Мысалы, артык қүралдары бар компания келесі күні қайта сатып алу шартымен жылдық 7% деңгейінде банктен үш айлық казначейлік векселдерді сатып алуға келісуі мүмкін. Мұндай келісімдердің компаниялар үшін тартымдылығы - талап еткенге дейінгі депозиттерге қарағанда олар проценттік табыстың төленуін қамтамасыз етеді. Қайта сатып алу келісімдерінің көпшілігі 1 млн. долл. Жоғары сомаға жасалынады, ал оларды өтеу мерзімі үздіксіз ұзартылу мүмкіндігіне қарамастан, әдетте, бір күнді кұрайды. Кейбір қайта сатып алу келісімдері 30 күнге дейінгі мерзімге жасалынуы мүмкін.

АҚШ-тың шетелдік банктеріндегі немесе банктердің шетелдік филиалдарындағы қыска мерзімді долларлық депозиттер евродоллар деп аталады. Американдық банктер евродоллар нарығында жеке тұлғалардан немесе басқа банктерден құралдарды қысқа мерзімге карызға алуы мүмкін. Евродоллар нарығында американдық банктер ғана белсенді әрекет етеді [14, б.48].

Банктік акцепт тауар кұнын төлеу үшін банке жазылған аудармалы вексель болып табылады. Аудармалы вексель оның егесіне болашақтағы нақты күні белгілі ақша сомасын төлеу міндеттемесін    білдіреді.     Мұндай    аудармалы    векселдің    ерекше қасиеті - банк ақшаның белгілі мерзімге төленуіне кепілдеме беріп, оны алдын ала акцептілеуі. Нәтижесінде банк алдында жазған фирмаға міндеттелген берілген вексель бойынша төлеу міндеттемелерін өзіне алады. Банк банктік акцептті өзінде ұстай алады немесе қолда бар құралдардың қорын толықтыру үшін екінші нарықта сата алады. Әдетте, банктік акцепттердің көпшілігі халыкаралық сауда келісімдерінің процессінде пайда болады. Экспортерлар мен импортерлар аз танымал компаниялардың банктік есеп шоттарына жазылғандарына қарағанда әйгілі банктермен төленуіне кепілдеме берілетін аудармалы векселдердің пайдаланылуын сенімді деп санайды. Банктік акцепттер көбінесе ірі банктер үшін құралдардың көзі болып табылады.

Коммерциялық банктер құралдарды аймақтық резервтік банкте қысқа мерзімге қарызға алуы мүмкін. Мұндай операцияның мақсаты болып банк резервтерінің уақытша тапшылығының орнын жабу болып табылады. Мұндай ссуданың мерзімі әдетте 15 күнді құрайды, бірақ ол федералдық резервтік банктің келісімімен ұзартылуы да мүмкін. Дисконттық терезе арқылы ссуда алу үшін коммерциялық банк сәйкес өтінішпен федералдық коммерциялық банке барып, оның келісімін алуы қажет. Әдетте, терезе арқылы коммерциялық банк ала алатын сома салыстырмалы түрде үлкен емес және барлық банктерге арналған құралдардың 1%-нан төменін құрайды.

Қажетті кұралдарды алу үшін облигация шығаруды көптеген өнеркәсіптік компаниялар қолданады. Бірақ бірнеше жылдан бері кейбір коммерциялық банктер құралдарды толықтыру көзі ретінде қысқа мерзімді ноталдар мен ұзақ мерзімді облигацияларды пайдалана бастады. Ноталар мен облигациялар коммерциялық банктер міндеттемелерінің шағын ғана бөлігін құрайды.

Банктің меншікті капиталы оның акционерлері мен егелерінің құралдарын білдіреді. Алынған ссудалар немесе шығарылған бағалы қағаздар бойынша банк міндеттемелерін орындамаған жағдайда олар осы құралдарды жоғалту қауіпі пайда болды. Меншікті капитал мен депозиттер көлемінің арасындағы ара қатынас неғұрлым жоғары болса, соғұрлым банк салымшылары мүдделерінің қорғалуы жоғары. Банктердің бизнестің басқа түрлерімен айналысатын коипаниялармен салыстырғанда капитал есеп шоттарының деңгейі төмен. Қазіргі кезде банк капи.талдарының есеп шоттарында олардың кұралдарының жалпы санының шамамен 8% орналастырылған. Шағын банктер үшін меншікті капитал ірілерге карағанда құралдардың айтарлықтай маңызды көзі болып табылады.

Коммерциялық банктер капиталының үш негізгі типы бар: акционерлік капитал, бөлінбеген пайда және арнайы резервтік есеп шоттар. Акционерлік капитал банктің құрылуы мен дамуына бағытталған инвестицияларды білдіреді; бөлінбеген пайда акционерлерге     дивиденд     түрінде     төленбеген  пайданың    бөлігін қамтиды; арнайы резервтік есеп шоттар ссудалар мен инвестициялар бойынша болуы мүмкін шығындардың орнын жабу үшін құрылады.

Коммерциялық банк ресурстарының негізгі көзі болып барлық банк ресурстарының 70-80%-на жуығын кұрайтын қатыстырылған құралдар табылады. Банктердің меншікті құралдарының үлесі 22-ден 30%-ға дейін құрайды. Бұл жалпы әлемдік банк парктикасында қалыптасқан құрылымға сәйкес келеді, Банктің меншікті кұралдарының құрамындағы негізгі бөлігі әр түрлі қорларға келеді. Меншікті құралдардың екінші бөлігі   - ағынды жылдың пайдасы [15, б. 34].

Қазақстанның коммерциялық банктерінің қатыстырылған ресурстарының құрылымына талап еткенге дейінгі депозиттерді құрайтын есептік және басқа да есеп шоттарда сақталынатын кұралдардың жоғары үлес салмағы тән болады. Ресурстардың бұл категориясының үлес салмағы 64,3% құрайды. Шұғыл депозиттерді үлесі 23,5%      құрайды,      олардың      ішінде      коммерциялық құрылымдардың депозиттері мен халықтың салымдары - 5%, банктердікі - 18%-дан жоғары.

Жеке коммерциялық банктер бойынша банк ресурстарының кұрылымы әр түрлі болып келеді, себебі олардың жеке ерекшеліктері бар.

Банктің меншікті капиталы анық көрінетін құқықтық негізі және функционалдық анықтылығы бар бола тұрып, ол банктің дамуының қаржылық базасын құрайды. Банктің меншікті капиталының кәсіпкерлік іс-әрекеттің басқа салаларымен салыстырғанда жалпы капиталдағы үлесі үлкен емес. Бұл ақша нарығындағы бос ресурстардың жұмылдырылуын іске асыратын және қарызға беретін мекеме ретіндегі банк іс-әрекетінің ерекшелігімен түсіндіріледі. Сондықтан банк іс-әрекетінің меншікті капиталының арналуы кәсіпкерліктің басқа салаларына қарағанда ерекше болып табылады. Кәсіпкерліктің басқа салаларында бұл төлеу қабілетін қамтамасыз ету және кәсіпорындар мен ұйымдардың "оперативтік функцияларын орындау болса, банкте меншікті капитал ең алдымен салымшылардың мүдделерін қорғау (капиталдың қорғау функциясы), содан кейін оперативтік іс-әрекеттің қаржылық қамтамасыздандырылуы.

 

 

2   ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙДЕГІ БАНКТЕРДІҢ МЕНШІКТІ КАПИТАЛЫН ТАЛДАУ

2.1     Екінші деңгейдегі банктердің меншікті капиталының серпіні мен құрылымын талдау

1993 жылдың сәуір айында республиканың Жоғары Кеңесінің сессиясында жаңа заңдарды - орталык банк туралы және екінші деңгейдегі банктер туралы - банк жүйесінің дамуын мемлекеттік реттеудің негіздерін қалады. Ең алдымен, елдің Ұлттық банкісінің тәуелсіз мемлекет банкісі ретіндегі статусы өзгертіліп, оның реттеуші және бақылаушы функциялары анықталды; екіншіден, -Ұлттық Банкіге оның бақылау функцияларын орындау кезінде экономикалық және әкімшіліктік ықпал етудің қатаң шараларын колдану құқықтары берілген; үшіншіден, - Ұлттық Банк пен коммерциялық банктердің функциялары, кұқыктары және міндеттері анық бөлінген.

Жаңа заңға сәйкес, Ұлттық Банктің бақылау функцияларының шеңбері кеңейтілді, банктік бақылау департаменті құрылып, әрекет ете бастады, коммерциялық банктерге бекітілетін экономикалық нормативтер шеңбері кеңейтілді, олардың жарғылық қорларының минималды көлемдеріне байланысты талаптар күшейтілді. Банктік бақылау саясатын күшейтудің нәтижесінде банктер санына қатысты тенденциялар өзгерді. 1993 жылға дейін елдегі банктер саны көбейген болса, 1994 жылдан бастап кері тенденция басым бола бастады.

1993 жылдың өзінде банктердің жарғылық қорларының минималды көлемдеріне қойылатын талаптар үлкейту жағына екі рет қарастырылды. Оның себептер - инфляциялык процесстердің өсуі, сонымен қатар Ұлттық Банктің елде салымшылардың сеніміне ие болатын және өндірістің дұрыс несиелендірілуін қамтамасыз ете алатын жеткілікті капиталданған коммерциялык банктерге еге болуға ұмтылуы.

Банктердің құрылуы мен ә-іс-әрекетіне тым қатаң талаптар және Ұлттық Банктің банктік іс-әрекетті реттеу жөніндегі кеңірек өкілеттіліктері 1995 жылдың 31 тамызында жарық көрген Заң күшіне ие Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы банктер мен банктік іс-әрекет туралы» Үкімінде бекітілген [16], оның негізіне халықаралық стандарттар алынған.

Жаңа Заңның негізінде 1995 жылы Ұлттық Банк банктік бақылаудың өкілетті органы ретінде банк жүйесінің қайта құруын іске асыра бастады. Қазақстанның банк жүйесін 1995 жылға реформалаудың бірінші Бағдарламасы 1995 жылдың 15 ақпанындағы Қазақстан Республикасы Президентінің қаулысымен      бекітілді.

Реформанын басты міндеті банктер өзінің несиелік іс-әрекетінде толығымен ішкі және сыртқы нарықтағы өз бетінше қатыстырған     құралдарға сүйенетіндей етіп         оларға орталықтандырылған ақшалай құралдардың ұсынылуын максималды қысқартуды камтыған. Қазақстан Республикасының Үкіметімен банктердің жарғылық капиталындағы өкіметтің үлесін сату жөніндегі шаралар да қабылданған. Бұл шаралардың салдары бір мағыналы болмады. Бір жағынан, олар депозиттерді белсенді тартумен айналыспайтын банктерді сұрыптауға себеп болды, екінші жағынан, екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық Банк құралдарының есебінен рефинанстауды мүлдем тоқтатуға алып келді. Франция, Германия сия0ты дамыған елдерде рефинанстау механизмы несиелік-ақшалай реттеудің негізгі механизмы ретінде пайдаланғанына қарамастан, бұл бекітілетін рефинанстаудың ресми ставкасын таза тұрақсыз етті. Мемлекеттік банктердің саны 1997 ж. 5-тен 1998 ж. 1-ге дейін шұғыл қысқарды, сонымен мемлекет мемлекетің қаржылық саладағы ролі негізінен қаржылық бақылаумен және инфляциялық таргеттеумен шектелетін қаржы нарығының ағылшын-американдык моделін артық көретінін көрсетті.

Активтер сапасын жақсарту үшін банк активтерін топтастыруға деген талаптар және олар бойынша екінші деңгейлі банктер бойынша провизияны есептеу кезіндег шартты міндеттемелер жетілдірілді. Мысалы, оффшорлы аймақтарда орналасқан банк активтері сенімсіз ретінде жіктелетін болды. Бірінші деңгейдегі капиталдың банктің жалпы активтеріне және меншікті капиталдың тәуекел деңгейі бойынша өлшенген активтерге қатынасын білдіретін меншікті құралдардың жеткіліктілігінің коэффициенттері 0,04-тен 0,06-ға дейін және 0,08-ден 0,12-ге дейін көтерілді. Бұл банк секторының капиталдануының өсуіне себеп болды.

Банк секторын одан әрі нығайту және арттыру мақсатында 1996 жылдың соңында капитал жеткіліктілігінің, актиавтер сапасының, менеджмент деңгейінің, бухгалтерлік есейтің, ақпарат жүргізу және беру саласындағы халықаралық стандарттарға екінші деңгейдегі банктердің өтуінің Бағдарламасы қабылданды. Бағдарламаның мақсаты - халықаралық стандарттар деңгейінде өз іс-әрекетін жүргізетін жоғары капиталданған банктермен тұрақты банк жүйесін құру болды. Бағдарламаның банктердің капиталдануына қойылған қатаң талаптары банктік капиталдың консолидациясына алып келді. Ал Бағдарлама талаптарына жауап бермейтін немесе орындай алмайтын банктер өз қаржылық іс-әрекетін тоқтатуға немесе несиелік серіктестіктерге айналуға мәжбүр болды.

Аталған шаралар 2000 жылы физикалық тұлғалардың салымдарын (депозиттерін) міндетті ұжымдық кепілдеме ету (сақтандыру) жүйесінің еңгізілуімен толықтырылды. Ұлтты Банкпен қабылданған  Ережелерінде  қарастырылған   физикалық  тұлғалардың салымдарын (депозиттерін) міндетті ұжымдық кепілдеме ету (сақтандыру) механизмы Халықаралық Валюта Қорымен және Қаржылык Тұрақтылық Форумы мақұлдаған депозиттерді сақтандырудың ең жақсы әлемдік практикасына сәйкес келеді. Қазіргі кезде 34 жеке екінші деңгейдегі банктердің 21 (яғни барлық банктердің 61%) аталған жүйенің мүшелері болып табылады, ал кепілдеме етілген салымдар физикалық тұлғалардың барлық банктік депозиттерінің 50% құрайды. Сонымен қатар салымшылардың сенімін арттыру және елдің банк жүйесіне көлеңкелі капиталдың тартылуын белсендендіру үшін 2000 жылдың наурызында жеке тұлғалардың депозиттік есептеріне байланысты банк құпиясы туралы Заң қабылданды. Екі шара да банк жүйесіне деген халықтың көзқарасына он әсерін тигізді. Экономикалық белсенділіктің жылдам өсуімен үйғарылған халық табыстарының өсуінің жағдайында бұл соңғы жылдары банктердің депозиттік базасының кеңеюіне алып келді. 1993 жылдың соңында жарғылық капиталдың минималды көлемі мемлекеттік банктер үшін - 10 млн. теңге, жеке және шетел банктері үшін - 1 млн.$, валюталық операция жүргізуге лицензиялары бар банктер үшін - 50 млн. теңге, жеке банктер үшін -500 мың теңгені құраған. 1997 жылдың соңында жарғылық капиталдың минималды көлемі жаңадан ашылған банктер үшін - 300 млн. теңге, әрекеттегі банктер үшін - 100 млн. теңге болып бекітілді. Ал 2002 жылы жаңа банктердің жарғылық капиталының минималды көлемі - 2 млрд. теңге, меншікті капитал көлемі - 1 млрд. теңге, оның ішінде аймақтық банктер үшін - 0,5 млрд. теңге деңгейінде бекітілді. Ұлттық Банктің қаржылық тұрақсыз және төлеуге қабілетсіз банктерге байланысты осындай жұмысының нәтижелері мынадай болды: бір жағынан, банк жүйесінің нығаюы, банктердің капиталдануы мен қаржылық тұрақтылығының өсуі, ал екнші жағынан - олардың санының маңызды азаюы. 1993 жылы әрекет етіп тұрған 2004 банктен 2006 жылдың қазанында тек 34 ғана қалды, яғни банктер саны 5,4 есе азайды. Ұлттық Банітің «бақылау жүгі» әсіресе отандық банктер үшін ауыр болды. 1993 жылы олардын саны 197 немесе банктердің жалпы санының 97% болса, қазіргі кезде олардың 22, немесе банктердің жалпы санына 58% қалды. Ал шетелдік қатысуы бар және мемлекет аралық банктер үлесі осы уақытта 3%-дан 42%-ға дейін өсті [17, б. 34].

Бұл тұста аталған банктердің азаюының тенденциясы экономикалық құлдырауының да, өсуінің де кезеңінде байқалған, яғни ел экономикасындағы жағдаймен маңызды байланыссыз. Мысалы, 1999 жылдан 2000 жылға дейін елдегі өндіріс маңызды өскен, және, барлық ережелер бойынша банктердің жылдам өсуі мен нығаюының процессі жүруі қажет болатын. Бірақ, Қазақстанның практикасы біраз басқаша тенденцияны көрсетті. Бір банктердің маңызды тұрақтануымен қатар басқаларының қаржылық жағдайының нашарлауы мен банкроттығы өткен. Жалпы айтқанда, 1998 жылдың соңынан қазіргі кезге дейін екінші деңгейдегі банктердің саны 33 бірлікке қысқарды (71-ден 38-ге дейін), ал 2006 жылдың 9 айында -10 бірлікке (44-тен 34-ге дейін).

Осыған байланысты біздегі банк бақылауында барлығы дұрыс па деген сұрақ туындайды. Өйткені, егер, өте сәтті экономикалық жағдайда да банктер мен олардын филиалдарының саны маңызды азайып жатса, онда ішкі және сыртқы жағдай нашарлаған болса не болады? Мұндай тенденцияның жалғасуы біздің елдін 5-6 жылдан кейін негізінен шетелдік банктермен қалу мүмкіндігіне алып келуі мүмкін. Олардың саны соңғы 2 жылда айтарлықтай төмен жылдамдықпен азаюда. Ал банктер санының одан әрі қысқаруы банктер арасындағы бәсекенің әлсіздеуіне және олардың олигополистік мінез-құлыққа ауысуына алып келеді, ал бұл тұтынушыларға, әсіресе аймақтық деңгейдегі, қызмет көрсетудің сапасын төмендетеді. Мұндай нәрсені банктер, немесе олардың филиалдары мен есептік-кассалық орталықтары жойылған аймақтардың кәсіпорындары мен халқы сезіп те өтті. Мысалы, 1998 жылдын соңынан 2002 жылдын казанына дейін аймақтарда орналасқан коммерциялық банктер мен еселтік-кассалық орталыктардың саны сәйкесінше 90 және 267 бірлікке азайды. Бұл аймақтарда қандай халыққа банктік қызмет көрсету туралы айтуға болады? Ол, әрине, локалдық түрде жақсара алады, мысалы банктер мен олардың филиалдарының саны үлкен және олардың арасындағы клиенттер үшін бәсеке жоғары болатын Алматы қаласындағыдай. Клиенттер үшін болатын азырақ бәсеке облыс және ірі аудан орталықтарында байқалады. Мысалы, бүгінде 5 аймақта бір аймақтық банктен ғана сақталған: Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау облыстарында. Қазакстанның бес аймағында бір де бір дербес аймақтық банк қалмаған: Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында. Мұнда көбінесе алматылық банктердін филиалдары әрекет етуде. Еліміздің басқа аудан орталықтарында банк аралық бәсеке және клиенттерге кызмет көрсету бұдан да нашар, жоқ болуы да мүмкін.

Әрине, белгілі кезеңде (1993-1998 жж.) банктерді ірілету саясаты өз оң нәтижелерін берген. Оның нәтижесі - қаржылық әлсіз банктерден тазарту, олардың кейбіреулерінің косылуының, жекелерінің несиелік серіктестіктерге қайта құрылуының есебінен банк жүйесінің тұрақтылығының өсуі. Бұл елдін банк жүйесіне Ресеймен салыстырғанда дағдарысты сәтті бастан көшіруге мүмкіндік берді. Банктер саны маңызды азайғанымен, Ресейдегідей көлемде емес.

Бірақ, қазіргі кезде - елдегі экономикалық даму жағдайында, банктердің банкроттығымен қалыптасқан жағдайды дұрыс деп атауға болмайды.   Әрине,  аталған   саясат   апологеттері   мұндай   «банктер қатарын сиретуді» экономикалық жағдайдың мүмкін нашарлауының жағдайына әдеттегі сауықтыру профилактикасы деп атайды. Бірақ, өткен 15 жылдың ішінде біздің банктер сол күйі жұмыс істеуді үйренбегені ме? Жоқ, мұндағы іс банктердің өзінде емес, оларға деген қисынсыз саясатта. Бейнелеп айтқанда, оларды ағынды қаржылық жағдайымен нақты мүмкіндіктеріне қарамастан, жарғылық капиталдың минималды көлеміне қойылатын талаптарды күшейту арқылы «күштеп» «жарық банктік болашаққа» сүйреп кіргізуге тырысуда. Әрі әңгіме айтарлықтай қатал: минималды талаптарды немесе осы себеп бойынша пруденциалдық нормативтерді орындамасаң - банк болмайсың. Мұндағы істің мәні - минималды жарғылық капиталға деген жаңа талаптарға шығу үшін банктер алынатын пайданың маңызды үлесін рекапиталдауға мәжбүр болады. Бұл депозиттер, акциялар және облигациялар бойынша табыстылық деңгейін арттыруға мүмкіндік бермейтін және инвесторларды шошытатын банктің қаржылық көрсеткіштерінің нашарлауына алып келеді. Табыстылықтың төмендеуін тоқтату үшін кейбір банктер кейде тәуекелді жоғары табысты операцияларға баруға мәжбүр болады. Оларға өндірісті ұзақ мерзімді несиелеудің де кейбір түрлері жатады. Ал, практикадан көрінгендей, бұл жиі жағдайда банктердің өздерінің банкроттығымен айналады [18, б. 143]. 

Дегенмен, дамыған елдердегі банк жүйесінің дамуының процессі көрсеткендей, әдеттегі универсалдық коммерциялық банктер экономиканың белгілі бір сегментіне қызмет көрсетуге, атап айтқанда оның кысқа және орта мерзімді несиелердегі қажеттіліктерін қанағаттандыруға бейімделген, және олардан о табиғатына тән емес функцияларды орындауды - ұзақ мерзімді инвестицияларды іске асыруды талап ету қисынсыз болып табылады. Мұндай саясат тек банктердің жойылуына алып келеді, бірақ елдегі ұзақ мерзімді несиелеумен қалыптасқан жағдайды маңызды жақсартуға мүмкіндік бермейді. Бұл әдеттегі коммерциялық банктердің ресурстық базасы ретінде көбінесе қысқа және ұзақ мерзімді сипаты бар халық пен кәсіпорындардың депозиттері болатындығымен байланысты. Сондықтан, әдеттегі банктерден өндірістің ұзақ мерзімді несиелендіруін талап ету оларды банкроттыққа саналы түрде итермелеуге тең болады, өйткені бұл жағдайда «қысқа» ресурстық базамен «ұзын» несиелік портфель арасындағы дисбаланс өседі, ал бүл өтімділікпен байланысты мәселелерге алып келеді. Бірақта, Ұлттық Банктің өсуші минималды талаптарын орындау үшін барлық депозиттік банктер жеткілікті күшті емес, әрине, олардың бір бөлігі кедейленеді. Ұлттық Банктің бастамалары Қазақстан Банктерінің Ассоциациясымен барлық банктерге жеткізігенімен, банктер ұсынысының есепке алынуы Ұлттық Банктің ерекше прерогативасы болып қалуда.

Экономиканы ұзақ мерзімді несиелеу үшін дамыған елдерде арнайы қаржылық институттар құрылған. Әдетте бұл ресурстық базасы ретінде мемлекеттік құралдар немесе ұзақ мерзімді банк облигациялары болатын мемлекеттік даму банктері немесе инвестициялық   банктер.Біздің  елде 2001   жылдың   ортасынан бастап жоғарыда аталған функцияны орындауға арналған мемлекеттік даму банкісі құрылған. Мұндағы қиындық - аталған банктің аймақтық филиалдар жүйесі жоқ, сондықтан оның қызметтерін пайдалануға көптеген ірі және орта кәсіпорындардың жағдайы келмейді. Сондықтан, банк бар сияқты болғанымен шын мәнінде жоқ болады, себебі оның қызметтерін нақты пайдалана алмайды.

Дамыған елдерде орталық және аймақтық банктерге катысты әр түрлі нормативтер әрекет етеді. Бұл толығымен ақталады, егер қызмет көрсету контингенті мен ресурстық базалары өте қатты ерекшеленетінін ескеретін болсақ. Орталық банктерде әдетте ірі кәсіпорындарға қызмет көрсетіледі, ал аймақтық банктерде -негізінен шағын және орта кәсіпорындар. Орталық банктер ішкі ресурстарға да, шетелдік көздерге де сүйенеді, олар ерекшк қиыншылықсыз капиталдың халықаралық нарықтарына шыға алады. Жергілікті банктердің ресурстық базасында негізінен ішкі көздері қолданылады, ал халықаралық рейтингтің жоқтығы оларға капиталдың халықаралық нарықтарында минималды шығындарымен карыз алуға мүмкіндік бермейді. Бізде соңғы уақытқа дейін мұндай айырмашылықтарға көңіл аз аударылған. Барлық банктерге олардың жағдайы мен мүмкіндіктеріне байланыссыз бірыңғай тенестірушілік тәсіл басым болған. Бұл біздің нарықтық қоғамдағы, дәлірек айтқанда адамдар сана-сезіміндегі социализмнің тікелей қалдығы. Мысалы, егер капиталға қойылатын минималды талаптар еңгізілген болса, олар барлық банктер үшін бірдей болып табылады (басында айырмашылық тек меншік формалары жүргізілген, кейіннен әрекеттегі және жаңа банктер принципы "бойынша). Пруденциалдық нормативтер қолданса да - барлық банктер үшін бірдей. Заттар логикасы бойынша минималды капиталға байланысты бірыңғай талаптарды ірі Тұран Әлем Банкі мен шағын провинциалдық банкке қою - бұл толық сандырақ, өйткені олардың мүмкіндіктері мен әрекетінің салалары мүлдем әр түрлі.

Осыдан не шыққанын әбден күтуге болатын (кесте 2).

 

Кесте  3 – ҚР екінші деңгейлі банктердің меншікті капиталының серпіні мен құрылымы, мың тенге

 

 

2004

2005

2006

2007

2008

Меншікті капитал

47,3

69,0

97,6

121,1

136,5

Млн. Доллармен

564,4

499,3

675,4

806,3

891,6

ЖҰӨ ге шаққанда

2,7

3,4

3,8

3,7

4,1

1- деңгейлі капитал

46,7

56,5

77,3

91,1

102,2

Млн. Доллармен

557,3

408,8

534,9

606,5

667,5

Жарғылық капитал

41,5

53,5

68,5

76,8

78,3

Қосымша капитал

4,1

4,3

5,4

8,7

9,9

Бөлінбеген пайда

0,6

-0,6

6,6

8,7

8,4

2- деңгейлі капитал

4,2

17,0

25,8

36,0

40,3

Млн. Доллармен

50,1

123,0

178,5

239,7

263,2

Ағымды пайда

3,8

9,5

6,7

7,4

10,3

Субординарландырылан пайда

0,3

2,1

10,1

15,3

24,7

 

Тек 2003 жылдан бастап жарғылық капиталға койылатын минималды талаптардың аймақтық принцип бойынша бөлінуі жүргізіле бастады, бірақ әлі күнге дейін олардың банктің клиенттік базасының спецификасына байланысты бөлінуі, яғни ірі, орта немесе шағын кәсіпорындарға қызмет көрсетуге бейімделуі жоқ. Жаңа банктер үшін капиталға қойылатын жоғары минималды талаптарды бекіту принципіне   келетін   болсақ,   бұл бір   жағынан,   банк   саласындағы бәсекені төмендетуге тырысу, екінші жағынан - жаңа банктерді дискриминациялау, яғни ол олардың іс-әрекетінің неғұрлым жақсы жағдайларымен ұйғарылмаған. Әрине, банктерді бақылау жаңа әлде әрекеттегі банк принципі бойынша емес, басқа отандық және шетелдік банктермен аффилиирленген бе әлде жоқпа белгісі бойынша іске асырылғаны дұрыс болатын еді. Бұл жағдайда аффилиирленген банктерге жоғарылау талаптарды бекіту үшін негіздеме көз алдымызда, себебі мұндай банктерді құру оларға басқа банктер алдында анық бәсекелік артыкшылықтар береді және олар олардың меншікті іс-әрекетінің тиімділігімен ешқандай байланысты емес. Ал бұл әділ және адал бәсеке көзқарасынан мүмкін емес [19].

Демек, банктердің банкроттығын қазіргі кезде жасайтындай тек банктердің өзінің нашар менедментінен көруге болмайды, себебі ол көбінесе банктер «бір тарақпен» олардың іс-әрекетінің ерекшелігін ескерусіз қарастырылатын банк жүйесін мемлекеттік реттеудің кемшіліктерінің салдарынан болып отыр. Сондықтан банктердің экономикалық өсу жағдайындағы банкроттығының негізгі себептерінің бірі болып банктік реттеу мен бақылау саласындағы Ұлттык Банктің дұрыс емес көңіл бөлуі табылады деген пікірдің негіздемесі жоқ деп айтуға болмайды. Қазіргі кезде банктік бақылау саласындағы саясат векторының банктерді «күшпен» ірілендіруге итермелеу режимінен банктерге олардың депозиттік немесе инвестициялық, орталық немесе аймақтық банктерге жататындығына және олардың негізгі клиенттік базасының ерекшелігіне байланысты талаптардың анық бөліну процессіне ауыстыру қажеттілігі әбден жетілді. 2002 жылы аймақтық банктерге қатысты жағылық капиталға төмен минималды талаптар қойылғанымен, олар Қазакстан аймақтарының экономикалық потенциалындағы маңызды ерекшеліктерді ескермейді. Негізінен аймактық банктер мен олардың филиалдарының жойылуы кездейсок емес.

Қазакстандағы банк жүйесінің тұрақтылығы мен өтімділігінін негізгі индикаторларын қарастырайық.

Капитал. Екінші деңгейдегі банктердің жалпы меншікті капиталы 2004 жылдың соңынан 2008 жылдың ортасына дейін нақты өлшемде 3,1 есе ұлғайып 136,5 млрд. теңгені құрады. (кесте 3).

 

Кесте- 4 ҚР екінші деңгейлі банктерінің меншікті капиталының серпіні мен құрылымы, %

 

 

2004

2005

2006

2007

2008

Меншікті капитал

100

100

100

100

100

1- деңгейлі капитал

98,7

81,9

79,2

75,2

74,9

Жарғылық капитал

87,7

77,5

70,2

63,4

57,4

Қосымша капитал

8,7

6,2

5,5

7,2

7,3

Бөлінбеген пайда

1,3

-0,9

6,8

7,2

6,2

2- деңгейлі капитал

8,9

24,6

26,4

29,7

29,5

Ағымды пайда

8,0

13,8

6,9

6,1

7,5

Субординарландырылан пайда

1,8

3,0

10,3

12,6

18,1

 

 

Бірінші деңгейдегі капитал 102,2 млрд. теңгені, ал екінші деңгейдегі капитал - 40,3 млрд. теңгені құрады. Меншікті капиталдың   ең   төмен   деңгейі    2004  жылы   байқалған, сәйкесінше - ЖҰӨ-ге 1,9% және 1,8%. 2003 жылдан бастап банктердің меншікті капиталының өсуі байқалады, ол 2007 жылдың ортасында Ж¥Ө-ің 4,1% құрады.

Бұдан да көрнекі бейне меншікті капиталдың өзгеруінің құрылымын өсу қарқынымен көрсеткенде пайда болады (кесте 4).

Кестеден көрініп тұрғандай, 1-ші деңгейдегі капиталдың үлесі 2004 жылға дейін біртіндеп өсіп, 98,7%-ға жетті, ал содан кейін кайта төмендей бастады және 2008 жылдың шілдесінде 74,9% құраған. Оның мұндай динамикасы жарғылық капитал үлесінің өзгеруімен тікелей байланысты

 

 

Кесте 5- Банктердің меншікті капиталының сәйкестілігінің көрсеткіштері

 

 

2004

2005

2006

2007

2008

Бірінші деңгейдегі меншікті капиталдың жалпы активтерге қатынасы (к1)

0,24

0,17

0,15

0,11

0,11

Меншікті капиталдың тәекел деңгейі бойынша өлшенген активтерге қатынасы (к2)

0,3

0,28

0,28

0,26

0,19

Меншікті капиталдың жіктелген активтерге қатынасы

0,7

0,9

1,57

0,75

0,76

Қалыптастырылған провизиялардың меншікті капиталға қатынасы

4,76

0,24

0,20

0,24

0,3

Меншікті капиталдың ссудалық портфельге қаынасы

0,43

0,41

0,34

0,24

0,24

Меншікті капиталдың сенімсіз активтерге қатынасы

9,11

7,56

16,2

11,2

9,5

Провизиялардың ссудалық портфельге қатынасы

2,05

0,1

0,07

0,06

0,07

 

Мұнда көңіл аударатыны - меншікті капиталдың қалыптасуындағы бөлінбеген пайданың үлесінін 2004 жылдың соңынан қазіргі кезге дейін өсуі. Ол 2005, 2006 және 2007 жылдың бірінші жарты жылдығында сәйкесінше 6,8%, 7,2% және 6,2% құраған. Бұл банктер капиталдану олардың қаржылық тұрақтығының негізі екендігін түсініп, оның өсуіне мүдделі болатындығын көрсетеді. Сондықтан бұл процессті қамшылауға болмайды, бірақ реттеу кажет.

Ағынды пайданы қарастыратын болсақ, банктер үшін 2000 және 2001 жылдар ең нашар болған, сонымен қатар ел үшін дағдарыстық болған 2002 жыл банктер үшін жаман жыл болмады. Бірақ, меншікті капиталға байланысты ең үлкен пайданы банктер өндірістің үлкен өсімі байқалған 2003-2005 жылдары емес, валюта курсы девалвацияланған және мемлекет бюджет тапшылығын жабу үшін үлкен көлемде бағалы кағаздар шығарған 2001 жылы алған. Бұл банктер үшін өндірісті несиелеуге қарағанда дағдарыстық жылдарда өкіметті қаржыландыру мен валюталық операцияларпайдалырақ екендігін көрсетеді. Оның есесіне ол ел экономикасының өсуіне маңызды салым болып табылады.

Атап кететін тағы да бір жағдай - соңғы кездерде банктердің меншікті кпиталының құрамындағы субординацияланған қарыздың өсуі. Мұндай құбылыс банктердің жарғылық қордың талап етілетін шамасына пайданың талап етілетін төмендетуісіз жылдам шығуына ұмтылуын көрсетеді. Оған банкпен меншікті облигацияларды шығарып, кор нарығында орналастыру аркылы жетеді. Сонымен катар,меншікті капиталды мұндай тәсілмен арттыру банктердің болашақтағы табыстылығының төмендеуіне алып келуі мүмкін, себебі орналастырылған облигациялар бойынша табыс төлеу қажет болады.

Банктердің меншікті капиталының 1994 жылдың соңынан бері өсуі аса біркелкі емес болып өткен. Меншікті капиталдың ең үлкен өсімі 2003 жылы байқалған (75%-ға), 2004 жылы (61%-ға), 2005 жылы (46%-ға), 2006 жылы (41%-ға) байқалған.

 

 

2.2    Банк капиталының жеткіліктілігінің деңгейін бағалау

 

Банк капиталының жеткіліктілігін анықтау мәселесі ұзақ мерзім бойында ғылыми зерттеулер мен банктер мен реттеуші органдар арасындағы     пікір таластардың     заты     болып     келеді.     Банктер пайдалылық және активтер өсімінің көрсеткіштерін көтеру үшін капиталдың минимумымен канағаттанады; банктік бақылаушылар банкроттық тәуекелдігін төмендету үшін үлкен капиталды талап етеді. Сонымен бірге банкроттық нашар басқарудан пайда болады, жақсы басқарылатын банктер капиталдың төмен нормаларымен де әрекет ете алады деген пікірлерде айтылады.

«Капиталдың жеткіліктігі» термины банк сенімділігінің жалпы бағалануын, оның тәуекелге бейімділігінің деңгейін көрсетеді. Капиталдың шығындарға қарсы «буфер» ретіндегі анықтамасы капитал шамасымен банктің тәуекелге бейімділігінің арасындағы кері байланысты ұйғарады.

Осыдан жеткіліктіліктің негізгі ережесі шығады: меншікті капиталдың көлемі активтердің тәуекелінін деңгейін ескергендегі олардың көлеміне сәйкес болуы қажет. Сонымен қатар коммерциялық банктер өз жұмысында банктің мөлшерден тыс «капиталдануы», меншікті құралдардағы оптималды қажеттілікпен салыстырғанда акциялардың артық санын шығару игілік болып табылмайтындығын ескереді. Ол банк іс-әрекетінін нәтижелеріне кері әсерін тигізеді. Ақшалай ресурстарды акция шығару арқылы шоғырландыру шеттен құралдарды қатыстырумен салыстырғанда банк үшін қымбат және жиі жағдайда тілекке сай емес қаржыландыру әдісі болып табылады. Сондықтан банк жетекшілері - бір жағынан және банкті бақылау органдары - екінші жағынан капитал шамасы мен коммерциялық банк іс-әрекетінін басқа параметрлері арасындағы оптималды ара қатынасты табуға тырысады. Банк ресурстарындағы капиталдың төмен үлесі сынға түседі. Мұндағы сөз - банк пен оның салымшыларының сәйкессіз жауапкершілігі жайлы. Банк жауапкершілігінің шамасы онын капиталымен шектеледі, ал салымшылар мен басқа несиелеушілер банкке тапсырылған құралдардың айтарлықтай үлкен көлемімен тәуекелге барады.

Сонымен қатар банк капиталын арттыруды ұйғаратын бір қатар факторлар бар:

а) банк активтерінің нарықтық кұны өнеркәсіптік кәсіпорындарға карағанда өзгермелі болып табылады, -проценттік ставкаларының өзгеруімен, қарыз берушілердін несиелік қабілетінің нашарлауымен қатар өзгереді;

б) банктер көбісін талап бойынша алуға болатын қысқа мерзімді карыздың тұрақсыз көздеріне көбірек сүйенеді. Сондықтан экономикалық немесе саяси өмірдің кез-келген кұбылысы банк ресурстарының жаппай кетуіне алып баруы мүмкін. Ғасырлар аралығында капиталдың активтерге катынасы банктер бойынша орташа алғанда 20% құраған, ал бүгінде ол тек 8%-ға жақындап келеді. Яғни банк жүйесінің төлеу қабілетіні тәуекелі уақыт өткен сайын өсіп келеді, өйткені активтер сапасы капиталдын кіші үлесінің орнын толтыратындай шамада жақсарған жоқ.

Банк капиталының сәйкестілігі қоғамның нақты коммерциялық банкке және жалпы банк жүйесіне деген сенімін анықтайды деген дәлел оны орталық банк атынан мемлекеттің бақылауындағы бір қатар көрсеткіштерге айналдырады. Жалпы капиталдын жеткілікті деңгейін қолдау банк жүйесінің тұрақтылығы шарттарының бірі болып табылады [20, б.212].

Банк немесе банк жүйесінің қарамағында болуы тиіс капитал көлемін анықтау қиын, бірақ ол аталған функцияларды орындау, салымшылар мен бақылау органдарының сенімін қамтамасыз ету үшін жеткілікті болуы қажет. Қажетті капитал сомасы банк өзіне алатын тәуекелге байланысты болады. Мысалы, егер банк ұсынған ссудалар үлкен тәуекелмен байланысты болса, капиталдық қорлар көбірек қажет болады. Қажетті капитал көлемін анықтай отырып, банк альтернатива алдында тұрады: өз капиталын тәуекел өскен сайын арттыру немесе жоғары тәуекелмен байланысты емес активтерге құрал жұмсау. Сонымен, банк капиталының сәйкес әлде сәйкессіз больш табылуы оның активтерінің сапасына, басқарудың сапасына, іс-әрекет және банк көтеретін тәуекелдер сомасының саласындағы саясатқа байланысты болады. Ұзақ мерзім бойында коммерциялық банктер және қоғам банктің немесе жалпы банк жүйесінің капиталының жеткіліктілігінің деңгейін тексеру кезінде пайдалануға болатын нормативтер жүйесін өңдеуге ұмтылған.

Ең ұзақ қолданылған көрсеткіштердің бірі - бұл капиталдың депозиттер сомасына қатынасы. Ол АҚШ-да XX ғасырдың басында ақшалай айналымды бақылау қызметімен кең қолданылған. Банктегі депозиттер сомасының 10% капитал есебінен орны толтырылуы қажет екендігі анықталған. Банк меншікті құралдарымен салымдардың жаппай кетуі басталған кезде олардың оныншы бөлігін төлей алады. Бұл көрсеткіш айтарлықтай қарапайым, оның негізінде банктердің салыстыруын өткізуге болады. Осы ерекшелігі банктік қаржылық қызметтерде оның әйгілілігін бүгінгі күнге дейін сақтап келеді.       *

40-шы жылдарда оның орнына басқа көрсеткі келді -капиталдың жалпы активтерге қатынасы. Дәл банк активтерінің құрамы мен сапасы банкроттықтың негізгі себебі болып табылады деп саналатын; көрсеткіштің мақсатқа сәйкестілігі батыс банк балансында шығындарды активтердің жалпы шамасын азайту түрінде көрсетуден пайда болды. Бұл коэффициент банк салымшыларға зиян келтірмей, қандай шығындарға шыдай алатындығын көрсететін және шамамен 8% құрайтын. Көрсеткішті жетілдіру капиталдың тәуекелді активтерге катынасының коэффициентіне алып келді - ол активтер көлемінің қысқаруының мөлшерін объективтік бағалауды ұсынады. Бұл коэффициент жалпы капиталдың белгілі бір тәуекелді активтен немесе тәуекелді активтер категориясынан шығындарды   анықтаусыз   шығындар   мүмкіндігін қамтиды. Сонымен қатар артық капитал негізінде құрылған коэффициенттер де ұсынылған (жәй акциялардың құнын шегеріп тастағандағы жалпы капитал ), өйткені ол бірінші кезекте шығындарды жабуға қолданылады.

Банк капиталын бағалау әдістемесінің мәселесі 80-шы жылдардың екінші жартысында халықаралык қаржы ұйымдарында (Халықаралық есеп айырысу Банкі) талқылау затына айналған. Оның максаты - капиталдың жеткіліктілігінің жалпы критерийлерін өңдеу. 1988 жылдың шілде айында банктік реттеу және бақылау жөніндегі базель комитетінің басшылығымен әдетте «Кук коэффициенті» деп аталатын жеткіліктілік норамтивын енгізген «Капиталды есептеу және капитал стандарттары туралы Келісім» жасалды. Ол 1993 жылы күшіне енген және қазіргі кезде көптеген мемлекеттердің орталық банктерімен басты бағыт ретінде қолданылады. Бұл нормативтің ерекшелігі - ол тек халықаралық банктерге, яғни шет елде филиалы, бірлескен банктері бар банктерге тарайды. Кук коэффициенті банк капиталы мен жеке елдер бойынша ерекшелене алатын нормалармен сәйкес тәуекел деңгейі бойынша өлшенген оның баланстық және баланстан тыс активтерінің арасындағы минималды ара қатынасты бекітеді. Бірақ мұнда белгілі логика сақталуы қажет. Коэффициент 8% деңгейінде бекітілген (бірақ, мұнда негізгі капиталға осы 8%-дың кем дегенде жартысы жатуға тиіс). Меншікті капитал екі элементті камтиды: негізгі және қосымша. Олардың жеткіліктілігінің деңгейін бағалау үшін активтерді және баланстан тыс міндеттемелерді (баланстың жалпы сомасын пайдалану емес) өлшеу таңдап алынған. Мұндай тәсіл баланстан тыс операциялардың қосылуын қамтамасыз етеді және әлсіз тәуекелі бар активтерге қаржы жұмсауды ынталандырады.

Мәні бойынша Базель келісімі несиелік және сақтандыру тәуекелдерінің бағалануын стандарттады. Проценттік ставкалармен байланысты тәуекелдер және нарықтық тәуекелді бұл әдістеме шеңберінде 1997 ж. дейін реттеу мүмкүн болмады. Қазіргі кезде Базель комитетімен проценттік және нарықтық тәуекелдерді ескере отырып капитал жеткіліктіігінің нормативын есептеу жөніндегі ұсыныстар өңделген. Тәуекелді бағалауға байланысты активтерді өлшеу іске асырылады. Бұл олардың әр елдегі алуан түрлілігімен және кейде маңызды емес көлемімен байланысты. Әр бір ел тәуекелдерді түсіндіру мен Базель келісімінің ұсыныстарын колдануда белгілі еркіндік танытады, сонымен бірге бұл ұсыныстар барлық баланстан тыс міндеттемелерді конверсиялауды талап етеді. Ол үшін арнайы конверсиялык коэффициент қолданылады. Алынған нәтижелер баланстық операциялар жағдайындағыдай өлшенеді. ¥л көптеген банктерге жаңа қаржылық кұралдарды еңгізудің көмегімен активтердің тәуекелді түрлерін баланстан тысқа шығару практикасын колдануға   мүмкіндік береді.   Сонымен   банктің   барлық   активтері бойынша жалпы тәуекелді бірыңғай бағалау іске асырылады. Базель жүйесі кең тараған. Осылайша, ЕБ елдерінде Кук коэффициентіне ұқсас төлеу қабілетінің коэффициенті қолданылады, бірақ ол тек ірі халықаралық банктерге ғана емес, несиелік институттардың бүкіл жүйесіне тарайды. Меншікті капиталды бағалаудың тұтас тәсілін өңдеу қазіргі Қазақстандық банк жүйесі үшін өте маңызды болып табылады. Біздің елдің коммерциялық банктері күшейіп жаткан сәтсіз конъюнктура жағдайында жұмыс жасауда. Банктердің банкроттығы мен жабылуының көптеген жағдайлары, депозиттерді сақтандырудың орталықтандырылған жүйесінің жоқтығы коммерциялық банк капиталының жеткіліктілігінің деңгейін анықтау үшін мұкият талдауды, статистикалық зерттеу жүргізуді талап етеді.

Базель келісіміне сәйкес банк капиталы 1-ші деңгейдегі және 2-ші деңгейдегі капитал болып бөлінеді. 1-ші деңгейдегі капитал жәй акцияларды, бөлінбеген пайданы, дивидендтердің жинақталуын қарастырмайтын мерзімсіз артық дәрежелі акцияларды, сонымен бірге болмашы (материалдық емес) негізгі капиталды шегеріп тастағандағы филиал-компаниялардың бақылынбайтын акциялар пакетін қамтиды. Банктерге банкті немесе банктік емес фирманы нақты ақшаға сатып алу кезінде пайда болатын болмашы негізгі капиталды өз баланстарыңда көрсетуге рұқсат етілген. Жаңа халықаралық стандарттар банктің негізгі капиталының минималды талап етілетін көлемін анықтау кезінде оның болмашы капиталы жалпы капиталдан алынып тасталыну керектілігін ұйғарады.

Екінші деңгейдегі капитал (қосымша) активтік операциялар бойынша жалпы шығындарға, ссудалар бойынша шығындарды жабуға арналған резервтерді, кумулятивтік шұғыл артық дәрежелі акцияларды, субординацияланған қарызды қамтиды.

Бірақ қосымша капиталдың бір де бір формасы негізгі капиталдың 50%-нан жоғары бола алмайды. 1992 жылдан кейін несиелер мен арендадан болған шығындарды жабуға арналған резервтер жалпы (ерекше) резерв болып саналған және тәуекел бойынша өлшенген банк активтерінің 1,25%-нан аспайтын жағдайда қосымша капитал бөлігі болып саналады.

2-ші деңгейдегі капиталдың компоненттері Базель келісіміне кол койған жақтармен дербес түрде реттеледі; мүнда 1-ші деңгейдегі капитал 2-щі деңгейдегі капиталдың 100%-нан жоғары бола алмайды.

2-ші деңгейдегі капиталға кіретін резервтер ссудаларды кайтармау жағдайына 1992 жылдан бастап шектелген - тәуекел бойынша өлшенген активтердің 1,25%; екінші қарыздар мен өтеу мерзімі келгенде амортизациялануы қажет орта мерзімді артық дәрежелі акциялардың қосынды шамасы 1-ші деңгейдегі капиталдың 50%-нан аса алмайды. 2-ші деңгейдегі капиталдың басқа компоненттері   шектелмейді,   ал   бекітілген   нормативтер шеңберінен тыс    шығатын    сомалар    рұқсат    етіледі,    бірақ    капитал ретінде саналмайды.

1992 жылдан бастап еңгізілуі тиіс капиталға қойылатын жаңа келісілген талаптар төмендегідей болған:

  1. 1-ші деңгейдегі   капиталдың   тәуекел   бойынша   өлшенген активтер мен баланстан тыс операцияларға қатынасы   4%-дан төмен болмауы қажет;
  2. Жалпы капиталдың   (яғни    1-ші   және   2-ші    деңгейдегі капиталдардың қосындысының) тәуекел бойынша өлшенген жалпы активтер мен баланстан     тыс     операцияларға қатынасы 8%-дан төмен болмауы тиіс.

Келісім сонымен бірге өтпелі кезеңді қарастырған (1990-1992жж.), оның ішінде аталған көрсеткіштер сәйкесінше 3,65 және 7,25% құруы қажет болатын.

Капитал жеткіліктілігінің деңгейін анықтаудың Базель келісімімен ұсынылған тәсілінің келесі негізгі артықшылықтары бар:

  • банктің «нақты» капиталын сипаттайды;
  • несиелік портфельдің көлеміне емес, оның сапасына артықшылық беріп, банк стратегияларының кайта қаралуына және минималды капиталмен несиелерді өсіруден бас тартуға себеп тудырады;
  • банктің тәуекелді емес іс-әрекет үлесінің өсуіне себеп тудырады;
  • үкіметті банк іс-әрекетін реттеуді азайтуға ынталандырады, себебі онда өздігінен реттелу элементтері көбірек қолданылады;
  • баланстан тыс   операциялар   бойынша   тәуекелдерді   есепке   алу мүмкіндігін береді;
  • әр түрлі елдердің банк жүйелерін салыстыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, банк капиталының жеткіліктілігін есептеудің ұсынылған әдісінің артықшылықтарымен қатар бірнеше кемшіліктері бар екендігін атап кеткен жөн:

  • жеке банктер тарапынан капиталға деген талаптарды жұмсартуға мүмкіндік беретін деңгейлер     бойынша     капиталдың     кұрама элементтерін анықтаудағы жеткілікті анықтылықтың жоқтығы;
  • тәуекел деңгейлері     бойынша     активтердің     жеткіліксіз     толық дифференциалдануы;
  • операциялардың жеке     түрлері     бойынша     резервтерге     деген талаптардың төмендігі;
  • капитал жеткіліктілігін  бағалауға тек  несиелік  тәуекел  бойынша бейімделу;
  • банк іс-әрекетінде     маңызды     орын     алатын     нарықтық    және проценттік тәуекелдерге капитал көлемінің тәуелділігінің жоқтығы.

Банк капиталының жеткіліктілігінің деңгейін проценттік және нарықтық тәуекелді ескере отырып есептеуді дәлірек ету мақсатымен 1997 жылдың шілдесінде Келісімге капитал деңгейіне койылатын талаптар    туралы өзгерістер    еңгізілді.    Осы    өзгертулерге    сәйкес банктік бақылау органдарымен бекітілген мерзімдерде банктер капиталды нарықтық тәуекелдерге түзетіп, төлем ақыларын өлшеп, жасайды. Нарыктык тәуекел - бұл нарықтық бағалардың өзгеруінің салдарынан баланстык және баланстан тыс позициялар бойынша шығындардың пайда болу тәуекелі.

Бұл талап тәуекелдердің келесі түрлеріне тарайды:

  • проценттік ставкаларға    негізделген    құралдармен    және саудалық операциялар портфеліндегі алаңдық құралдармен байланысты тәуекелдер;
  • банктің барлық  операциялары  бойынша  валюталық  және тауарлық тәуекел (бағалы қағаздарды сату - сатып алу).

Нарықтық тәуекелді жабу үшін ең алдымен 1-ші және 2-ші деңгейдегі капитал қолданыла алады. Ұлттық органдардың шешімі бойынша банктер қысқа мерзімді (2 жылдан кем емес) субординацияланған қарыздан тұратын 3-ші деңгейдегі капиталды пайдалана алады. Ол келесі шарттар орындалған кезде мүмкін болады:

  • банктер 3-ші деңгейдегі капиталды тек нарықтық бағалар деңгейінің өзгеруінен  болғн  нарықтық  тәуекелді  қолдау үшін пайдалана алады. Бұл 1988 жылғы капиталдың жеткіліктілігі туралы келісім шарттары бойынша несиелік тәуекелмен немесе контрагент тәуекелімен байланысты, оның ішінде саудалық     жөне     банктік портфелдегі тұынды құралдарды пайдалану кезінде пайда болатын контрагенттің   тәуекелімен   байланысты пайда болатын   капиталға қойылатын   кез-келген  талаптар   осы келісім шарттары бойынша орындалуы қажет (яғни тек 1-ші және 2-ші деңгейдегі капиталдармен жабылуы қажет);
  • нарықтық тәуекелді қолдау  үшін қажетті 3-ші деңгейдегі капитал   1-ші   деңгейдегі   капиталдың  250%-нан  жоғары болмауы қажет.

3-ші деңгейдегі капитал ретінде қысқа мерзімді субординацияланған қарыз қолданылуы мүмкін. Оны капитал ретінде келесі жағдайларда қарастырған дұрыс: жағдай соны талап еткенде банктің тұрақты капиталының бөлігі бола алғанда және банктің төлеуге қабілетсіз болған жағдайында шығындарды жабу үшін қолданғанда. Сондықтан ол кем дегенде төмендегідей болуға тиіс:

  • қамтамасыз етілмеген,    суординацияланған    және    толық төленген;
  • кем дегенде 2 жылдық бастапқы мерзімі болуы қажет;
  • бақылау органдарымен    рұқсат    етілген    жағдайлардағы бастапкы бекітілген мерзімге дейін өтелуі қажет.

Отандық практикада коммерциялық банктер үшін капиталдың жеткіліктілігінің   нормативын   есептеу  тәртібі   ҚР  ¥лттык   Банкінің сәйкес құжаттарымен бекітілген. Негізгі болып кейінгі өзгерістер мен қосымшалар еңгізілген ҚР ¥ллтық Банкінің №1 «Банктер іс-әрекетін реттеу тәртібі туралы» Нұсқаулары және «Несиелік ұйымдардың меншікті құралдарын (капиталды) есептеу әдістемесі туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ережесі. Аталған нормативтік құжаттармен жаңадан құрылып жатқан несиелік ұйымдар үшін жарғылық капиталдың минималды мөлшері, әрекеттегі несиелік ұйымдар үшін меншікті капиталдың минималды мөлшері, капиталдың абсолюттік және салыстырмалы шамасын есептеудің жалпы тәртібі және оның Базель комитетінің ұсыныстарымен сәйкес бөлінуі бекітілген. Қазақстанның Ұлттық Банкісі капиталдың абсолюютік және салыстырмалы шамасын халықаралық стандарттармен сәйкестендіре отырып, талаптарын күшейтіп жатқанын атап кеткен жөн. Жаңадан құрылып жатқан несиелік ұйымдар үшін жарғылық капиталдың минималды көлемі 11.01.2000ж. - 4,0 млн. ЭКЮ-ге эквивалентті соманы, ал 01.07.2000ж. 5,0 млн. ЭКЮ құруы қажет болатын. Жарғылық капитал, банк қорлары мен бөлінбеген пайда қосындысы ретінде анықталатын банктің меншікті капиталының минималды көлемі 2001 ж. 1 қаңтарынан бастап 5,0 млн. евроға эквивалентті сомада бекітілген. Меншікті капиталының көлемі 1,0 ден 5,0 млн. евроға дейінгі эквивалентті сомалар шеңберіндегі болатын банктерге жеке операцияларды орындауға шектеулер еңгізіледі. Атап айтқанда, бұл банктер Қазақстанның шекарасынан тыс жердегі (физикалық және заңды тұлғалардың тапсырмасы бойынша есеп жүргізу үшін резидент емес банктерде корреспонденттік есеп шоттарды ашу және жүргізуден тыс) операцияларды, қымбат металлдарды тарту және орналастыру жөніндегі операцияларды жүргізе алмайды, шет елдерде филиалдар мен ұйымдар аша алмайды, несиелік ұйымдар капиталында олардың капиталының 25%-нан асатын сомаға қатыса алмайды. Банк капиталы жеткіліктілігінің нормативын есептеу келесі тәртіпте жүргізіледі. Бастапқыда капиталдың абсолюттік шамасы есептелінеді; содан кейін тәуекел деңгейі бойынша өлшенген активтер сомасы және активтік операциялар бойынша мүмкін шығындарды жабуға арналған ьанкпен кұрылған резервтер есептелінеді. Меншікті капиталдың абсолюттік шамасын есептеу кезінде келесі элементтер қолданылады:

Баланстық есептер бойынша қалдықтар сомасы.

  1. Банк қорлары: жарғылық капитал (102е.ш. + 1ОЗе.ш. + 104е.ш.); қосымша капитал  (106 е.ш.);   қорлар  (107е.ш.)-      104  баланстық шот     бойынша қалдықтар (акционерлік     емес     банктердің жарғылық капиталы) нақты төленген, бірақ тіркелгеннен жоғары емес жарғылық капитал сомасында есепке алынады.
  2. Банктің ағынды   шығындарына   азайтылған   (702   е.ш.)   банктің ағынды табыстары (701 е.ш.).
  3. Банктің жеке операциялары бойынша теріс айырмаларын шегеріп тастағандағы (есеп     шоттар     61405+61406+61407+61408)     оң айырмалар түріндегі  болашақ мерзім  табыстары  (61305   е.ш.  -проценттік (купондық) міндеттемелер бойынша аванспен алынған жинақталған  проценттік  (купондық табыс;  61306  е.ш.  - шетел валютасында  құралдарды   қайта   бағалау;   61307   е.ш.   -  бағалы қағаздарды   қайта бағалау;   61308   е.ш.   -   бағалы   металлдарды қайта бағалау).
  4. Ағынды және     алдыңғы     жылдардың     шығындарын     шегеріп тастағандағы банктің бөлінбеген пайдасы (есеп шоттар 703-704- 705).
  5. Тәуекелдің 1-ші   тобының   кредиттеріне   жасалған   ссудалар бойынша мүмкін    шығындарға    арналған    резервтер    (банктің аналитикалық есебінін мәліметтері бойынша).
  6. Бағалы қағаздарға     салымдардың     құнсыздануына     арналған резервтер:
  • ұлдық және тәуелді акционерлік қоғамдардың акцияларына (е.ш. 60105);
  • қайта сату   мен   инвестициялау   үшін   сатып   алынған   банктердің акцияларына (50804 е.ш. бойынша аналитикалық есеп мәліметтері);
  • басқа да акцияларға, резидент емес банктердің акцияларына, және басқа да резидент еместердің акцияларына (50904, 51004, 51104 е.ш. бойынша аналитикалык есеп мәліметтері).

Банк капиталы келесі сомаларға азаяды:

  • акционерлік және   акционерлік   емес   банктермен   сатып   алынған акциялар мен үлестер (105 е.ш.);
  • бөлінген құралдар    бойынша    банк    ұйымдарымен    есептесудегі аударылған құралдар (60319 е.ш.);
  • банкпен есептелген, бірақ мерзімінде төленбеген проценттер (61401 е.ш. бөлігі);
  • бір қарыз      алушыға      тәуекел      нормативтерімен      бекітілген лимиттерден   тыс   банкпен   өз   мүшелеріне   (акционерлерге)   және инсайдерлерге      ұсынылған      несиелер,      кепілдемелер,      кепілдер және банкпен       өз       инсайдерлеріне       ұсынылған       несиелердің, қарыздардың, кепілдердің максималды көлемі;
  • банк катысушылары    мен    инсайдерлерге    ұсынылған    несиелер шамасы     мен     жасалып      болмаған     резервтер     сомасын     алып тастағандағы   бағалы   кағаздарға   салымдардың   кұнсыздануы   мен ссудалар бойынша мүмкін шығындарға жасалып бітпеген резервтер (ҚР   ҰБ нормативтік   құжаттарымен   талап    етілген   резервтердің есептік  шамасымен резервтердің    нақты    құрылған    сомасының арасындағы айырмасы);
  • 1997 ж.   1   каңтарына   дейін   іске   асырылған   банк   мүлкін   қайта бағалау  сомасынан  асатын   10601   «Қайта  бағалау  кезіндегі  мүлік құнының өсімі» есеп шоты бойынша қалдықтар;
  • сәйкес баланстық есеп шоттар бойынша есепке алыну мерзімінен бастап ұзақтығы 30 күннен асатын мерзімі өтіп кеткен дебиторлық қарыз (дебиторлық   қарызды   есепке   алу   есеп   шоттары   бойынша аналитикалық есеп мәліметтері);
  • материалдық және   материалдық   емес   активтерге   салымдардың оларды   қаржыландыру   көздерінен   асуы.   Банк   капиталды   мұндай түзету  үшін     алдын-ала   есеп   жүргізу  қажет.   Материалдык   және материалдық емес активтерді есепке алу жөніндегі есеп шоттардың дебеттік қалдықтарының қосындысы  (604+605+607-606+609  (А-П) +610) пассивтік есеп шоттар бойынша қалдықтардың қосындысымен салыстырылады       (102+103 + 104-105+106+107+(701-702)+(703-704- 705).  Егер  көздерінің қосындысы материалдық және  материалдык емес  активтерге  салымдар  қосындысынан жоғары  болса,  онда оң нәтиже есепке қабылданбайды. Егер материалдық және материалдық   емес   активтерге   салымдар  көздерінен асатын   болса (теріс нәтиже),   онда   банк   капиталы   тозу   сомасына   азайтылған жоғарыда аталған   есеп   шоттар   бойынша  дебеттік   қалдықтардың бүкіл сомасына азайтылады;
  • егер акциялар   (қатысу)   пакеті   банк   капиталын   есептеу   күніне эмитент-ұйымның жарғылық капиталының 20%-нан асатын болса, инвестициялау   үшін    алынған    басқа    банктер    мен    шаруашылық қоғамдардың,   оның   ішінде   резидент   емес   несиелік   ұйымдардың акцияларына банк алымдары (50903,51003,51103,60202,60203,60204 есеп шоттарына аналитикалық есеп мәліметтері);
  • қайта сату үшін (50802 е.ш.) және  инвестициялау үшін  (50803) е.ш. алынған банк акциялары;
  • ұлдық және   тәуелді    акционерлік   компанияларда   қатысу   (е.ш. 601А);
  • басқа банктердің капиталдарына салынған банк құралдары (60203 е.ш.).

Мұндай есептің нәтижесінде алынған шама банктің меншікті капиталының абсолюттік сомасын құрайтын болады.

Тәуекел деңгейі бойынша өлшенген активтер сомасын есептеу кезінде олар салымдар тәуекелінің деңгейі бойынша және құн бөлігін жоғалту мүмкіндігі бойынша бес топқа бөлінеді. Активтерді өлшеу сәйкес баланстық есеп шоттағы құралдардың қалдығын немесе олардың бөлігін 100%-ға бөлінген тәуекел коэффициентіне (%) көбейту аркылы жасалады. Тәуекел деңгейі бойынша өлшенген активтердің алынған сомасы бухгалтерлік есептің баланстан тыс есеп  шоттарындағы  құралдар  бойынша  несиелік  тәуекел  сомасына, шұғыл келісімдер бойынша несиелік тәуекел сомасына және нарықтық тәуекел сомасына арттырылады. Баланстан тыс есеп шоттарда көрсетілген құралдар бойынша несиелік тәуекелді анықтау үшін әр бір қаржылық құрал бойынша міндеттемелердің номиналдық шамасы тәуекел коэффициентіне көбейтіледі. Алынған сомаға тәуекелдік активтер арттырылады.

Шұғыл келісімдер бойынша (несиелік тәуекел есептелінбейтін, «дамыған елдер тобының» құрамына кіретін елдердің сауда алаңдарында жасалған келісімдерден басқалары) несиелік тәуекелді есептеу үшін ағынды несиелік және потенциалдық тәуекел есептелінеді. Ағынды несиелік тәуекел екі жақты компенсациялық келісімдерге кіретін келісімдер (неттинг және соған ұқсас келісімдер)      бойынша      ауыстыру      кұнымен компенсациялық келісімдерге кірмейтін келісімдер бойынша ауыстыру құнының қосындысын білдіреді.

Потенциалды несиелік тәуекел заңды түрде дайындалған екі жақты компенсациялық келісімдер мен аталған келісімдерге жатпайтын мәмілелер бойынша тәуекелдің қосындысы ретінде анықталады.

Шұғыл келісімдер бойынша тәуекелдің жалпы шамасы (КР<3) ағынды және потенциалды тәуекелдің қосындысымен банкпен контрагенттен алынған қамтамасыз ету сомасының арасындағы айырмасы ретінде анықталады. Алынған шама контрагентке байланысты тәуекел коэффициентіне көбейтіледі және капитал жеткіліктілігін есептеу кезінде ескерілетін шұғыл келісімдер бойынша несиелік тәуекел сомасын құрайды. Сонымен, капитал жеткіліктілігінің нормативы келесі формула бойынша есептелінеді:

К

Н =--------------------------------------------------------- . 100%

Ар - Рц -Рк - Рд + КРВ + КРС + РР

Мұндағы: К -банк капиталының есептелген сомасы;

Ар - тәуекелде ескере отырып өлшенген активтер сомасы;

Рц - бағалы қағаздардың құнсыздануына арналған резервтің жалпы сомасы;

Рк - несиелер бойынша мүмкін шығындарға арналған есептік және құрылған резервтер арасындағы айырмасының орнын толтыру сомасьша азайтылған тәуекелдің 2-4 топтарына жатқызылған ссудалар бойынша мүмкін шығындарға арналған резервтер қосындысы;

Рд - басқа активтер мен дебиторлармен есеп айырысулар бойынша мүмкін шығындарға құрылған резерв сомасы;

КРВ - баланстан тыс есеп шоттарда көрсетілген құралдар бойынша несиелік тәуекел шамасы;

КРС - шұғыл келісімдер бойынша несиелік тәуекел шамасы;

РР - нарықтық тәуекел шамасы.

Капитал               жеткіліктілігінің                деңгейін             халықаралық

стандарттармен сәйкестендіру үшін Н1 нормативының шамасы келесі мөлшерде бекітіледі:

Капиталы: 5млн. евро және одан жоғары   5 млн.евродан төмен

01.02.1999ж.   бастап               8%                            9%

01.01.2000ж.    бастап               10%                           11%

Банк капиталын анықтаудың және оның жеткіліктілігін есептеудің Қазақстандық әдістемесі Базель комитетінің ұсыныстарынан маңызды ерекшеленеді. Біріншіден, банк капиталының құрамына өткен және ағынды жылдың бүкіл пайдасы оның мақсатты арналуын ескерусіз қосылатын, ол капитал сомасының артық жазылуына алып келетін. Екіншіден, тәуекел деңгейі бойынша өлшенген активтерді есептегенде корпоративтік бағалы кағаздар бойынша тәуекел коэффициенттері азайтылған. Бұл жағдай қазіргі кезде де сақталған. Аталған айырмашылықтар белгілі шамада «Несиелік ұйымдардың меншікті құралдарын (капиталын) есептеу әдістемесі жөніндегі» Ережемен жойылған. Бұл Ереже капиталдың екі деңгейге: негізгі және қосымшаға бөлінуін қарастырады және банк капиталының құрамына еңгізілетін пайда мен қорлар сомасын есептеуді нақтылайды. Банктің негізгі капиталы келесі элементтерді қамтиды:

  • несиелік ұйымның жарғылық капиталы;
  • эмиссиялық табыс;
  • ақысыз алынған мүлік құны;
  • банк мүлкінің азаюына алып бармайтын алдыңғы жылдар пайдасының есебінен несиелік      ұйымның      құрылтай құжаттарымен   бекітілген тәртіпте   және   заңдылық   және нормативтік  құжаттардың  талаптарына  сәйкес  құрылған несиелік ұйым қорларынын бөлігі;
  • ағынды жылдың пайдаланылмаған пайдасының бөлігі және мәліметтер аудиторлық фирмамен     дәлелденген     болса ағынды жыл пайдасынан құрылған қорлар;
  • банк акцияларына (инвестициялау және қайта сату үшін) ұлдық және тәуелді қоғамдардың акциялары мен үлестеріне салымдардың құнсыздануына  арналып  несиелік  ұйыммен құрылған резерв сомасы.

Банктің      негізгі      капиталы      төмендегілердің      қосындысына азайтылады:

  • есептелген тозудың сомасына түзетілген материалдық емес активтер;
  • несиелік ұйыммен сатып алынған меншікті акциялар мен үлестер;
  • өткен жылдардың жабылмаған шығындары;
  • ағынды жыл шығындары.
    Қосымша капиталға төмендегілер жатады:
  • 1997 ж. 1 қаңтарына дейін жасалған кайта бағалау есебінен мүлік құнының өсімі;
  • тәуекелдің 1-ші тобына жататын ссудалар бойынша мүмкін шығындарға арналған резервтер;
  • аудиторлық фирманың       растауысыз       ағынды       жыл пайдасынан   құрылған   және   пайдалануы   банк   мүлкінің азаюына алып келмейтін аудиторлық фирманың растауына дейінгі      алдыңғы      жылдардың пайдасынан     құрылған несиелік ұйым қорлары;
  • аудиторлық фирмамен расталмаған және негізгі капиталға қосылмаған тәуекелдің 1-ші тобына жатқызылған несиелер бойынша есептелген проценттерді    ескергендегі   есептік жылдың бөлінбеген пайдасы;
  • келесі жағдайлар орындалған жағдайда 5 жылдан кем емес мерзімде банкпен алынған       несие       деп       түсінетін субординацияланған несие: несие    бекітілген    мерзімнен бұрын өтеле    алмайды    (несие    алушы жағынан    келісім шарттарын маңызды     бұзу     немесе     басқа     негіздермен болмаса);     бір сомамен     мерзімнің     соңында     төленеді; проценттер рефинанстау        ставкасының        деңгейінде бекітіледі;     несие беруші    банк жойылған     жағдайда несиелеушінің ұсынылған субординацияланған      несие бойынша   талаптары   басқа несиелеушілердің   талаптарын орьшдағаннан кейін,    бірақ    банк мүшелеріне    акциялар немесе үлестер бойынша төлеуден бұрын қанағаттандырылады. Субординацияланған несиенің көлемі негізгі капиталдың 50%-нан аспауы тиіс;
  • кайта бағалау      кезіндегі       мүлік       құнының       өсімін капиталдандыру есебінен құрылған жарғылык капиталдың бөлігі;
  • тұрақты дивиденд     бекітілмеген     және     кумулятивтікке жатпайтындардан басқа артық дәрежелі акциялар;
  • аудиторлык растауға дейінгі (ағынды жылдың 1 шілдесіне дейін) алдыңғы жылдың пайдаланылмаған пайдасы.

Осылайша анықталған қосымша капиталдың шамасы негізгі капитал сомасының шеңберіндегі жалпы капитал есебінде қолданылады. Егер негізгі капитал нольге тең немесе теріс шамалы болса, қосымша капитал есепке алынбайды.

Есептелген негізгі және қосымша капитал сомаларын қосу арқылы жалпы капиталдың абсолюттік шамасын табамыз.Жалпы капиталды ақырғы бағалау үшін оны капитал жеткіліктілігінің нормативының есебінде көрсетілгендей етіп азайту қажет. Жоғарыда аталған элементтерге қосымша банк капиталы қосымша капитал көздерінің құрамында ескеретін резидент-ұйымдарға ұсынылған субординацияланған несие сомасына азаяды.

Сонымен, банк капиталын есептеудің нақтыланған әдістемесі және оның негізгі және қосымша болып бөлінуі капиталды бағалауды халықаралық стандарттарға жақындата түседі.

 

 

2.3     Меншікті капиталдың банк жуйесінің тұрактылығы мен өтімділігін қамтамасыз етудегі ролі

Банк жүйесінің сенімділігінің негізгі шарты болып табылатын -оның сенімді қаржылық институттардың әрекетіне негізделуінін кажеттілігі. Осы тұрғыдан банк жүйесінің жалпы өтімділігін сақтау мақсатында уақытша қаржылық қиыншылықтарды бастан кешіретін банктерді ақырында қолдайтын несиелеуші болатын Ұлттық Банк атындағы институционалдык реттеуші құрылымның бар болуы ақталады.

Салымдары мен депозиттерін сақтандыру банктердің қаржылық қауіпсіздігінің тағы бір тәсілі болып табылады. Қазақстанда әзірше әлемдік банк практикасында онша жетілмеген және кепілді емес сақтандыру механизмы болып табылатын банктермен өз депозиттік базасын ерікті сақтандыру жүйесі тараған.орталык банктің меншікті капиталдың жеткіліктілігінің мөлшері бойынша нормативтік талаптар жүйесін (пруденциалдык нормативтерді) екінші деңгейдегі банктермен орындау төлеуге қабілетсіз болудың негізделмеген тәуекелдерінен қорғанудың ең кеңінен тараған және жалпы мойындалған құралы болып табылады.

Қазіргі зерттеулердегі банктердің қаржылық сенімділігі екінші деңгейдегі банктердің өтімділігін жоғалтудың банктік тәуекелдерін минималды ету бағытында қарастырылады. Және де, экономикалық дамудың тұрақтануының жағдайында банк жүйесі нарықтық механизмнің жетілмегендігімен, экономикадағы құрылымдық қайта құрулардың аяқталмағандығымен, экономикалық дамудың циклдығымен және бағалар динамикасының теңсіздігімен байланысты негізгі қаржылық тәуекелдерді шоғырландыруды жалғастыруда. /16/

Экономикалық тұрғыдан банктің «қаржылық сенімділігі» зерттеушілермен оның тұрақты қаржылық дамуының бағытында қарастырылады. Ол қаржы ресурстарының көздерінің тұрақты қалыптасуын, активтердің төмен тәуекелді құрылымын, жеткілікті өтімділікті ұйғарады. Коммерциялық банктің ең кең тараған түсінігі экономикада клиенттер, несиелеушілер, салымшылар алдында оған тән болатын функцияларды орындау, өзгермелі ішкі және сыртқы жағдайларға карамастан қыска және ұзақ мерзімді несиелеу қажеттіліктерін қамтамасыз ету қабілеті деп түсіндіріледі. Мұндай түсінікте банктің қаржылық сенімділігі жоғалтуы салымшылардың жинақтарын, заңды тұлғалардың айналмалы капиталын, акционерлер капиталын жоғалтумен, банк жүйесіне шығын келтірумен байланысты болатын қаржылық тұрактылықпен теңдестіріледі. Э. Рид және Р. Коттердің пікіріне сай банктер сенімділігінің үғымы реттеуші органдардың олардың төлеу қабілетін банктік заңдарды орындау және өткізілетін операцияларда бұзушылықтардың болмауының саласында сыртқы бақылауының нәтижесінде пайда болған. Бақылаушылық реттеуде қазақстандық банктердің сенімділігі капиталдың жеткіліктілігінің к1 және к2 коэффициентермен бағаланады. Оларға қойылатын минималды талаптар әрдайым көтеріліп тұрады. Сонымен, банк сенімділігінің түсінігі банктердің қаржылық жағдайымен де, қажетті табыстарды алумен де байланысты болады. Ю. Масленченков банк іс-әрекетінің қаржылық сенімділігінің оптималды мәндерін негіздеуге тырысқан. Банктердің қаржылық делдалдығын зерттей отырып, Д.Кидоуэлл, Р.Петерсон, Д.Блэкуэлл қаржылық институттардың сенімділігін банк жүйесінің қаржылық кауіпсіздігінің негізгі шарты деп санайды. Олардың пікірінше қаржылық сенімділік  төмендегілермен камтамасыздандырылуы тиіс:

  • орталық банкпен бекітілген капитал жеткіліктілігінің және сапалы қаржылық менеджмент нормативтерін орындаумен;
  • қаржылық институттың төлеушілік қабілетімен;
  • қарыздық міндеттемелерін  жаба алатын сапалық активтердің жеткілікті көлемдеріне ие болумен;
  • салымдар мен депозиттердің жаппай  кайта  алынуын болдырмау  мақсатында салымдар мен депозиттерді сақтандырудың дамыған жүйесінің болуымен.

Әрекеттегі құқықтық нормалар банктер үшін міндетті болатын және банк жүйесінін тұрақтылығы мен сенімділігін қамтамасыз етуге арналған шекті шеңберлері мен шектеулерді бекітеді. Олар нашар менедментпен әкелінген зиянның алдын алуға, шектеуге немесе жоюға мүмкіндік береді. Белгілі салаларда құкықтық реттеудің жоқтығы ақша-несие саясатын іске асырудағы диспропорцияларға, банктердің ойсырауына, қаржылық нарықтардың бөлінуі мен жалпы тұрақсыздыққа алып келуі мүмкін. Бәсекелік ақша нарығының дамуының шеңберлерін шектемей, қаржылық жүйенің сенімділігінің сәйкес қорғалуын қамтамасыз ететін құкықтық реттеу жүйесін құру кажет. Соның арасында, қазақстандық банк зандылығында («ҚР-дағы банкроттық туралы Заңды» да қамтығанда) банк жүйесінің «тұрақтылығының», «қаржылық тұрақтылығының», «банктің қаржылық жағдайының» нақты анықтамалары жоқ, несиелеушілер мен салымшылардың мүдделерінің сипаттамасы жоқ. Банктік бақылау жөніндегі Базель комитетінің ұсыныстарында да «каржылық тұрақтылық», «қаржылық сенімділік», «қаржылык қауіпсіздік» терминдеріне байланысты дәл және бір мағыналы анықтамалары жоқ. Қаржылық қауіпсіздік түсінігі соңғы кезде банк активтерімен салымдар мен депозиттерді сақтандыруға сәйкес болған.

Қазіргі экономикалық әдебиеттерде «каржылық сенімділік» және «қаржылық тұрақтылық» ұғымдарына банктің «өтімділігі» мен «төлеу қабілетінің» үғымдары жақын болып келеді. Әрине, өтімділік банктің пассив бойынша өз міндеттемелерін ақшалай түрде уақтылы орындауды қамтамасыз ету     қабілеті     ретіндегі     банктің    төлеу қабілетінің негізінде жатыр. Төлеу қабілеті кеңірек түсіндіріледі және банктің қажетті мерзімдерде    және толық    сомада    өз    төлемдік міндеттемелері   бойынша жауап   беру  қабілеті ретінде   анықталады.    Өтімділік  төлеу  қабілетінің қажетті   шарты  болып табылады,  оның   орындалуын әрдайым бақылауды банктік бақылау қызметі атқарады. Біздің түсінігімізде банктің қаржылық жағдайы  оның іс-әрекетінің бір   ізді   өтімділікпен,   төлеу қабілетімен,   қаржылық сенімділігімен және қаржылық тұрактылығымен анықталады.

Банктер іс-әрекетінің қаржылық тәуекелдерге тап болуы бірінші орынға банк  жүйесін   несиелеушілердің  мүдделерін  қорғауды  қояды. Мұндағы сөз несиелеушілер     мен     салымшылардың    құралдарын сақтандыру     жүйесін құру     жөнінде.     Физикалық     тұлғалардың салымдарын (депозиттерін) кепілдемелеудің ерікті Қорының құрылуынақарамастан республикада мұндай жүйе   толық   шамада; қазіргі кезге дейін қалыптаспаған. Кепілдемелеудің құрылған жүйесі негізінен толық емес және банктер тарапынан сипаты бойынша ерікті болып табылады,     ал    бұл    сақтандыру    жүйесінің халықаралық стандарттарына сәйкес келмейді.

Банк активтерінің бірдей емес деңгейі, менедмент пен басқару сапасындағы айырмашылықтар банк жүйесінің дамуындағы белгілі қиыншылықтарға мәжбүр етеді. Банктердің қаржылық сенімділігін қолдау қажеттілігімен сәйкес Ұлттық Банк банктердің қажетті капиталдануы бойынша талаптарды әрдайым күшейтеді. Атап айтқанда, кастодиан банктердің (зейнетақылық қорлармен жүмыс істейтін) жарғылық капиталының көлеміне 1 млрд. теңгеге дейін қойылған талап ұсақ банктердің (олардың үлес салмағы - 34%) зейнетақылық     қорлармен жұмыс істеудің перспективаларын тарылтып қойды. Жарғылық капиталды 2005 жылдың соңына дейін 2 млрд. теңгеге дейін арттыру жөніндегі талаптарды орындау орта банктердің дамуының стратегияларында ревизия өткізді. Банктердің жалпы меншікті капиталының жеткіліксіз өсуінің тенденциясы республиканың банк жүйесі үшін шешілмеген мәселе болып қалуда.

2006-2007жж. мерзімінде жарғылық және меншікті капиталдың өсуінің баялауының тенденция сақталды. 2007ж. 1 қаңтарына банктердің жалпы меншікті капиталының көлемінің ең төмен өсімі байқалған - 2007 жылдағы 28,1%, 2002 жылдағы 49%, 2005 жылдағы 56,6%, 2003 жылдағы 73,7%-бен салыстырғанда 1,5%-ға өскен. Банктердің жарғылық капиталының интенсивті өсуі қаржылық тұрақсыз банктердің белсенді қосылуы мен жойылуының кезеңіне келді.

Банктердің меншікті капиталының өсуі банктердің көпшілігі акционерлердің дивидент алу мүдделерін елемей, таза табыстың үлкен бөлігін оның өсіміне жіберетін 2002-2003 жылдары байқалған. 2007 жылы ұлттық валютаның қалқымалы алмастыру курсын еңгізуден кейін қайта бағалау қоры мен ағынды пайда есебінен қалыптасатын екінші деңгейдегі анктердің капиталының өсуі капиталданудың ерекшелігі болып табылады (4,2 млрд. теңгеден 17 млрд. теңгеге дейін немесе 3 есе). Бірінші деңгейдегі капитал (жарғылық капитал, екінші деңгейдегі капитал мен алдыңғы жылдардың пайдалары немесе шығындары, қайта бағалау бойынша қор мен резервтер, өндірістік және әлеуметтік даму коры) жеткілікті деп санауға болмайтын негізінен банктермен 9,5 млрд. теңге (өсімі - 21%)көлемінде алынған пайданың есебінен тек 20%-ға ғана (9,8 млрд. теңге) өсті. Жарғылық капиталы 1 млрд. теңгеден асатын банктердің капиталы өте жәй өсуде. Республиканың банк жүйесі көбінесе ұсак банктермен көрсетілген. Сондықтан қалыптасқан макроэкономикалық даму көрсеткіштерінде олардың капиталдануының деңгейі барлық коэффициенттер бойынша төмендегеніне қарамастан халықаралық эксперттермен қанағаттанарлық деп бағаланған (кесте 5).

Шығыс Европаның банк жүйелерінің даму деңгейіне жету үшін банктік капитал кем дегеңде екі есе өсуді талап етеді. Банктік іс-әрекеттің жеткіліксіз рентабельділігінде және дивидендттер мөлшерін бір жақты минимизациялау практикасында отандық акционерлердің салымдарының есебінен капиталдың өсуін күту екі талай.

 

Кесте 6 - Екінші деңгейдегі банктердің меншікті капиталының сәйкестілігінің көрсеткіштерінің өзгеруі

 

Коэффициенттер

2006ж

2007ж

2008ж

1

Бірінші деңгейдегі меншікті капиталдың жалпы активтерге қатынасы (К1)

0,22

0,15

0,14

2

Меншікті капиталдың тәуекел деңгейі бойынша өлшенген активтерге катынасы (К2)

0,30

0,28

0,26

3

Меншікті капиталдың топтастыруға жататын активтерге қатынасы

0,29

0,23

0,28

4

Меншікті капиталдың қалыптасқан провизияларға қатынасы

4,76

4,14

6,71

5

Меншікті капиталдың ссудалық портфелге қатынасы

0,43

0,41

0,34

6

Меншікті капиталдың сенімсіз активтерге қатынасы

9,П

7,56

16,90

Банктердің жалпы активтер көлемдерінің өсу қарқындары меншікті капиталдың өсу қарқындарынан асуда - оны меншікті капиталдың жалпы активтерге қатынасының төмендеуі (0,22-лен 0,14-ке дейін) көрсетеді, оның ішінде жалпы ссудалық портфелге қатынасы (0,43-тен 0,34-ке дейін). Анктердің жалпы активтерінің өсуінің жағдайында табыстылықтың төмендеуі банктердің меншікті құралдарының сәйкес өсуіне кедергі болады және капитал табыстылығы көрсеткішінің төмендеуіне алып келеді.

Классификацияланған активтер мен шартты міндеттемелер бойынша резервтерді құруға кететін шығындар жоғары болып қалуда. Бұл фактордың банк табыстарына әсері болашақта да өсетін болады. Бұл банк активтеріндегі несиелеу үлесінің белсенді өсуімен және несиелер бойынша мүмкін болатын шығындарды жабуға арналған провизиялардың өсуімен байланысты. Банктердің жалпы активтеріндегі ссудалық портфелдің үлесі 49%-дан 53%-ға дейін өсті. Сөзсіз артықшылық құралдарды несиелерге орналастыруға берілген, «ностро» есеп шоттарында 20%-дан аспайтын құралдар шоғырланған, мемлекеттік және басқа да бағалы қағаздарда - 17%, накты құралдарда - 6%, банк аралық депозиттерде - 4%. Сонымен, топтастыруға жататын активтердің көлемі меншікті банктік капиталдың өсуінен жоғары болып келеді, ол туралы меншікті капиталдың топтастыруға жататын активтерге қатынасының төмендеуі мәлімдейді. Макроэкономикалық жағдайдың жақсаруының есебінен нақты секторды несиелеудің жалпы тәуекелдерінін төмендеуіне   қарамастан   қазіргі   кезде  актуалды болып табылатын нақты секторды несиелеу қазақстандық кәсіпорындарды несиелеудің жоғары тәуекелдерімен ұйғарылатын кедергілерге тап болады. Ол ресейлік экономикада да орын алады. Несиелік тәуекелдің аталмыш институционалдық элементтері де жоғары болып келеді, бірінші кезекте, өндірістік және кәсіпкерлік іс-әрекетке салық салудың тиімсіз жүйесі, несиелеушілердің құқықтарын қорғаудың заңдылық базасының тарлығы.

Банк капиталының жалпы өсімі негізінен үлесі 59,8%-дан 66,1%-ға дейін өскен мемлекеттік емес акционерлік капитал есебінен болды. Мемлекет банктік секторға өз қатысуын азайту саясатын жалғастыруда, соған байланысты оның үлесі 13,3%-дан 1059%-ға дейін қысқарған.

2005 жылда банктердің жалпы активтерінің көлемі 528,2 млрд. теңгені құрап, 2003 жылда 48,1%-ға есіп, 187,1 млрд. теңгеге дейін өсті. Шетел валютасында деноминацияланған активтердің үлесі 52,8%-дан 48,4%-ға дейін төмендеді - ол ұлттық валютаның девальвациялану қарқындарының төмендеуімен ұйғарылады. Активтер құрамында маңызды өзгерістер пайда болды: атап айтқанда клиенттерге деген талаптардың маңызды өсуі - 118,2 млрд. теңге немесе 76,4%-ға, валюталық эквивалентте - 68,7%-ға (жалпы активтердегі үлесі 45,4-тен 51,7%-ға дейін өсті),мемлекеттік бағалы қағаздар портфелінің өсуі - 62,2 млрд. теңге немесе 207 есе, валюталык эквиваленті 2,2 есе өсті (жалпы активтердегі үлесі 10,8-ден 18,8%-ға дейін өсті). Сонымен қатар, «ностро» есеп шоттарындағы құралдардың үлесі 20%-дан 6,1%-ға дейін қысқарды.

Топтастыруға жататын активтер көлемі 97,4 млрд. теңгеге (38,3%-ға) өсті, негізінен ссудалык портфелдің есебінен - 119,0 млрд. теңгеге (71,1 %-ға) 286,4 млрд. теңгеге дейін. Стандартты активтердің үлес салмағы 70,3-тен 81,7%-ға дейін өсті, субстандартты активтер үлесінің 22-ден 12,8%-ға дейін төмендеуінің салдарынан күдікті активтердің үлес салмағының 26-дан 16,7%-ға дейін төмендеуі пайда болды. Қанағаттанарлықсыз активтер үлесінің 2,2-ден 2,3%-ға дейін өсуіне қарамастан, тәуекелінің деңгейі жоғары күдікті активтер 1,8-ден 1,6%-ға дейін төмендеді. Сенімсіз активтер үлесі 3,7-ден 1,6%-ға дейін төмендеді. Активтер сапасының позитивті өзгерісі банктердің тәуекелдерді бағалау жөніндегі салмақты саясаты мен экономиканың тұрақтануының салдарынан банктік клиентураның қаржылық тұрақтылығының нәтижесі болып табылады (кесте 6).

Банктердің қаржылық сенімділігіне деген сенім экономикалық тұрақтану жағдайында біртіндеп артуда. Ел экономикасының оң жаққа қарай дамуы мен азаматтардың жеке табыстарының біртіндеп өсуінің жағдайында халық акшаларының банк жүйесіне ағып келуінің оң тенденциясы күшее түсті.

 

Кесте 7 -Банктік сектордың жалпы активтерінің сапалық көрсеткіштері

 

Активтер топтары

01.01.06

01.01.07

01.01.08

 

 

Негізгі қарыз сомасы, млрд. теңге

Барлы ғына %-бен

Негізгі қарыз сомасы, млрд. теңге

Барлы ғына %-бен

Негізгі қарыз сомасы, млрд. теңге

Барлы ғына %-бен

Стандартты

103,58

71,9

180,92

70,3

289,8

81,7

Күдікті

35,23

24,4

67,00

26,0

59,1

16,7

Субстандартты

28,40

19,7

56,76

22,0

45,4

12,8

Канағат-

танарлықсыз

3,90

2,7

5,61

2,2

8,2

22,3

Сенімсіз

5,35

3,7

9,53

3,7

5,9

1,6

Барлығы

144,16

100

257,45

100

354,8

100

Жеке тұлғалардың депозиттерінің сомасы, көбінесе шетелдік валютада, қарқынды өсіп келеді. Мұндағы атап кететін нәрсе - теңгедегі депозиттердің өсуі 23,3 млрд. теңгені немесе 73,7% құрады, ал шетелдік валютада деноминацияланған депозиттердің өсуі 15,9 млрд. теңге немесе 148,6% құраған. Клиенттердің ағынды есеп шоттарындағы қалдықтардың өсуімен байланысты талап еткенге дейінгі депозиттер сомасының өсуі 54,9 млрд. теңге (79,9%, валюталық эквивиалентте - 9,1%), шұғыл депозиттердің өсуі - 26,3 млрд. теңге (55,3%, валюталық эквивиалент 5,9%-ға төмендеді). Шетелдік валютадағы депозиттердің артық өсуінің тенденциясының сақталуы жалғасуда. 2005 жылы ұлттық валютадағы депозиттер 60,6%-ға 142,9 млрд. теңгеге дейін өсті, ал шетелдік валютадағы депозиттер 84,5%-ға 150,1 млрд. теңгеге дейін өсті. Нәтижесінде теңгелік депозиттердің үлес салмағы 52,2-ден 48,8%-ға дейін төмендеді. Депозитке ақша орналастыру кезінде теңгелік депозиттерге қарағанда валюталық дерозиттер бойынша нақты табыстылықтың деңгейі төмен болғанына қарамастан халықтың үлкен бөлігі валюталық есеп шоттарды артық көреді. Мұндай жағдай күтілген, себебі депозиттердің негізгі келуі шетелдік валютада сақталған халықтың «шөлкедегі» жинақтарының есебінен қамтамасыз етілген. Халық депозиттерінің өсімі 36,7 млрд. теңгені (236,6 млн. долл.) құрады, ал 2004 жылы тек 23,4 млрд. теңгеге (20,5 млн. долл.) тең болған. Халық депозиттерінің кұрамында шұғыл депозиттердің 61,7-ден 70,7%-ға дейін маңызды өсуі пайда болды. Бұл несиелеудің дамуы үшін позитивтік фактор болып табылады. /24/

Банктердің жеткіліксіз капиталдануының себептеріне екінші деңгейдегі банктер іс~әрекетінің таза, қаржылық нәтижелерінің өсуінің жоғары емес қарқынын жатқызуға болады. Егер 2001 жылдың нәтижелері бойынша банктермен 9,5 млрд. теңге көлемінде (алдыңғы мерзім пайдасынан екі есе жоғары) жалпы пайда алынған болса, 2005 жылы табысқа салынатын салықты төлегеннен кейінгі жалпы таза табыс 7,1 млрд. теңгені құрады, яғни 33,9%-ға төмендеді. Бірақ, шын мәнінде 2003 жылы оның негізгі бөлігін банктік қызмет көрсетулерден түскен пайда емес (шығын 300 млн. теңгені құраған), қалқымалы курсқа өту нәтижелері бойынша шетелдік валютада деноминацияланған активтер мен міндеттемелерді қайта бағалаудан алынған пайда құраған. 2004 жылы екінші деңгейдегі банктердің табыстары мен шығындарының құрылымы маңызды өзгерген. Негізгі банктік операциялар бойынша 3,8 млрд. теңгеге немесе 20,7%-ға (2005 жылдағы 18,4 млрд. теңгеден 2005 жылдағы 14,6 млрд. теңгеге дейін) негізгі банктік операциялар көлемінің өсуінің есебінен және провизияларды қалыптастыруға кеткен шығындардың төмендеуінің есебінен 13,5 млрд. теңге көлемінде таза табыс алынған. Егер 2005 жылы басқа да табыстардың негізгі бабы болып қайта бағалау бойынша түскен пайда табылса, 2006 жылы басқа да банктік операциялар бойынша таза табыс таза комиссиялық табыс пен қаржылық (дилингтік) операциялар бойынша таза табыс есебінен алынған (18).

Жалпы оң қаржылық нәтижеге қарамастан негізгі банктік операциялар (ссудалық, депозиттік және т.с.с.) жеткілікті рентабелді болған жоқ. Банктердің әкімшіліктік шығындарынын (персоналға, офис пен құрал-жабдықтарды ұстауға кеткен шығындар) әрдайым өсуі байқалуда. Ол банктердің компьютерлендіруге, филиалдар ашуға, іс-әрекеттің, бухгалтерлік банк ішіндегі есептің халықаралық стандарттарына өтуді аяқтау процессіндегі бағдарламалық қамтамасыз    етуді    жаңартуға кеткен    шығындардың өсуімен байланысты. Жұмысшылардың жоғары еңбек ақы сыйымдылығы және банктік технологияларға компьютерлік-жүйелік қызмет көрсетудің шығындылығы, активтер мен пассивтерді рентабельсіз басқару банктердің табыстарын төмендетеді.

Нәтижесінде банктік сектордың пайдалылығының жалпы коэффициенттері төмендегідей болды: ЯОА - 01.01.2007ж. -1,5% , 01.01.06ж. - 0,028, 01.01.05 ж.- 0,019: КОЕ - 01.01.2006ж. - 0,138, 01.01.05ж. - 0,08. Берілген көрсеткіштердің ресми бекітілген критерийлері жоқ. Бірақ экономистердің зерттеулері банктер іс-әрекетінің жалпы көрсеткіштері тек ЯОА = 0,05-0,1 және КОЕ = 0,1-0,2% деңгейінде ғана банк жүйесін қаржылық сенімді және тұрақты дамып жатқан деп сипаттайтындығын мәлімдейді. Қазақстандық банктердің пайданы және меншікті капиталды арттырудың пайдаланылмаған резервтері бар екендігі анық. Сонымен қатар банктермен олардың меншікті капиталының өсімінен асатын қарқындармен активтерді жинақтауы тұрақты артық өтімділікке алып келеді, ал ол өз кезегінде банктермен пайданы жоғалтуына себеп тудырады.  Мұндай  құбылыс мүмкін  шығындарға резервтерді жасау процессіне әсерін тигізеді. Өз кезегінде банктер сенімділігін арттыру мақсатында экономиканы несиелеуді қысқарту активтік операциялардың ресурстық базасын қалыптастыратын клиенттік есеп шоттардағы құралдардың азаюынан банктердің өзін ұруы мүмкін. /20/

Нақты секторды несиелік инвестициялауды Ұлттық Банктің 02.06.2000ж. №265 пруденциалдық нормативтер туралы Ережеге сәйкес меншікті капиталдың жеткіліктілігінің коэффициентіне К1 0,04-тен 0,08-ге дейін қойлатын талаптарды көтеру ақтайды. Ресейлік пруденциалдық реттеу жүйесімен салыстырғанда, Қазақстанда екі к1, к2 коэффициенттерімен, ал Ресейде - бір Н1 коэффициентімен сипатталатын Базель комитетімен ұсынылған капитал жеткіліктілігін бағалаудың күрделі негізгі әдісі қолданылады. Қазақстандық әдістеме әр түрлі топтар капиталының қалыптасу көзінің құрамында к 1 - бірінші деңгейдегі және к2 - екінші деңгейдегі капиталды бөледі. Капиталды қалыптастыру көздері әр бір топ шеңберінде тен болып мойындалады, бірақ топтар арасында теңдік жоқ.

Басқа сөзбен айтқанда, капитал компоненттері «нашар» компоненттердің жалпы шамасына шектеу еңгізу арқылы «жақсы»(1 деңгейдегі капитал, негізгі капитал) және «нашар»(2 деңгейдегі капитал, косымша капитал) болып бөлінеді. Ұлттық Банкпен капитал жеткіліктілігінің нормативтерін еңгізу мезгілінен бес жыл өткен соң 2004 жылы бірінші деңгейдегі капитал жеткіліктілігінің нормативі кі 0,04-тен 0,06-ға дейін, ал екінші деңгейдегі капиталдың нормативі к2 0,08-ден 0,12-ге дейін көтерілген. Экономикалық тұрактылық орнағаннан кейін капитал жеткіліктілігіне қойылатын осындай талаптарды көтеруді әр екі жыл сайын өткізген дұрыс болып көрінеді.

Банктер іс-әрекеттерінің қаржылық сенімділігі тікелей оның жеткіліктілігінің көлемдерімен анықталады. Сондықтан банктердің капиталданып аяқталуының мәселесін шешу осыншама маңызды болып табылады. Жалпы анықтамасы бойынша капитал (меншікті құралдар, таза активтер) - бұл банктің міндеттемелерден бос мүлкі,дамуына жағдай жасайтын, қажет болғанда шығындарды жабатын және сөз баға мен банктің өзінің көлемі жайында болғанда негізгі баға құрушы факторлардың бірі болып табылатын стратегиялык резерв. /14 /

Жоғарыда айтқанды қорыта отырып, банктік іс-әрекет тиімділігінің негізгі көрсеткіші - бұл пайда маржасының, капитал мультипликаторының және банк сапалық активтерін пайдалану тиімділігінің өзара байланысы мен өзара тәуелділігін көрсететін пайда нормасының капиталға шаққандағы көрсеткіші. Өзінің экономикалық мазмұны бойынша пайда нормасының капиталға қатынасы банктің шығындарының тиімділігін көрсетеді, активтердің табыстылығы активтердің таза табыс алып келу қабілетін көрсетеді, қаржылық тетік капиталдың активтерді регенерациялау процессіндегі рөлін анықтауға мүмкіндік береді. Банктердің іс-әрекетін бақылау және басқару жүйесі активтер құндылығын, шығындарды төмендетуді кешенді басқару тиімділігінің, гэпті (проценттік ставкаға сезімтал активтер мен пассивтер арасындағы проценттік айырмасын), спрэдті (тартылған және берілген несиелер арсындағы айырмасын)басқарудың, бағалы қағаздарды басқару тиімділігінің , банк өтімділігі мен банктік өтімді қызмет көрсетулерді сату мәселелерін қозғайды. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен 2000 жылы банктер өтімділігін бақылауды күшейту жөнінде өзгерістер еңгізілген, банктің міндеттемелерінің мерзімдері мен активтерін салыстыру әдістемесін нақтылау іске асырылған./18/

Ішкі нарықты «күдікті капиталдың» қаптап кетуінен қорғау мақсатында Ұлттық Банкпен тізімі анықталған оффшорлық аймақтарда тіркелген заңды тұлғалардың резидент-банктерінің жарғылық капиталына қатысуға тыйым салынған. Банктерге консервация және санация режимдерін енгізу сияқты санкцияларды колдану, теріс меншікті капиталы бар банктің акцияларын мәжбүрлі түрде сатып алу механизмін қолдану қарастырылған. Бастапқы кезеңде банктер жабық акционерлік қоғам формасында және мемлекеттік кәсіпорын формасында құрылуы мүмкін. Банкті ашық акционерлік капиталға қайта кұру банктің бір календарлық жыл бойында шығынсыз әрекет етуінің жағдайында және оның пруденциалдык нормативтер мен басқа да нормалар мен лимиттерді сақтау жағдайында рұқсат етіледі. Банктің жарғылық капиталы бұл жағдайда тек ақшалай құралдармен қалыптастырылуы кажет. Шетелдік қатысумен банк құрған жағдайда орталық резидент емес банктің келісімі қажет болады. Ұлттық Банкпен отандық банктерге бекітілген барлық талаптарды орындау міндетімен қатар, еншілес банктерге қосымша нормаларды орындау қажет, атап айтқанда меншікті  капитал көлеміндегі активтерді Қазақстан Республикасының ішкі активтеріне орналастыру.

 

  1. ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ МЕНШІКТІ КАПИТАЛЫН БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ

 

3.1  Екінші деңгейдегі банктердің меншікті капиталын

басқаруды жетілдіру

2003 жылдың 1-ші шілдесіне екінші деңгейдегі банктермен, ресми мәліметтер бойынша, 116 млрд. Теңге көлемінде жалпы таза табыс алынған, ал 2002 жылдың 1 -ші шілдесінде ол 110,3 млрд. теңгені құраған. Өз уақытында ¥лттық Банктің төрағасы Г. Марченко Қазақстан экономикасының мұнай-газ өнеркәсібінің жағына қатты ауытқуына қарамастан, қаржылық сектор табыстыларының бірі екендігін атап кеткен. Қазіргі статистика соны дәлелдейді. Ол казіргі кезде банктердің ісі бұрын болмағандай жақсы екендігін мәлімдейді: олардың ішіндегі жетекші банктер шетелден көп және арзан қарыз алуда. Бір сөзбен айтқанда, банктер, капиталды ұмытпай тұрып, өсіңкі түрде активтерін арттыруда: бір жағынан, орталык банк нормативтеріне шыдау үшін, екінші жағынан, несиелеу мен басқа банктік өнімдерді ұсыну көлемдерін арттыру үшін капиталды да арттыру қажет. Ағынды жылдың бірінші жарты жылдығының нәтижелері бойынша үш банктің - ¥лтты Банк, Қазкоммерцбанк, ТұранӘлемБанктің активтері манызды өскен. Бұл лидерлер үштігі. Соған сәйкес пайда көлемдері оларда ең жоғары. Осыдан сәл бұрын Халық Банктің басқарма төрағасының орынбасары Серік Святов жыл нәтижелері бойынша банктің пайдасы шамамен 40 млн.долл. құрайтындығын атап кетті.

Алдыңғы жылдары Халық Банкте пайда жағдайы онша жақсы болмады. Оның мысалында 90-шы жылдарда орын алған республиканың қаржылық организміндегі температураның аусуы банктік іс-әрекетке қалай кері әсер еткенін және нарыкка жекешелендіру процессі мен жеке банктік бизнестің дамуы кандай позитивтік әсер ете алатындығы жайлы- ой айтуға болады. Осы мағынада Халық Банктің тәжірибесі көрнекті болып табылады.

1998 жылы Қазақстан экономикасы әлемдік конъюнктураның ықпалына, анық өзінің пайдасына емес, түсті: қазақстандық экспорттың негізгі негізгі өнім түрлеріне бағалар төмендеді, республика үшін негізгі саудалық партнерлар мен инвесторлар болып табылатын елдердегі жалпы экономикалык жағдай нашарлады. Осы жағдайда Халық Банк жоғары пайда алуға сенбеді. Ол, маңызды болмаса да, 1997 жылдың көрсеткішінен асқанының өзі жеткілікті болған (суреті).

1999 жылы халықаралық каржылық дағдарыс депрессиялык жағдайдағы сыртқы экономикалық іс-әрекетпен айналысатын отандық кәсіпорындарды тағы белгілі уақытта үстап отыруды жалғастырып, толық қайтқан жоқ. АҚШ доллары валюталык курсын еркін қалыптастыруға өткеннен кейін Халық Банк табыстарынын маңызды бөлігін валюталық клиенттік несиелер мен бағалы қағаздарды қайта бағалаудан түскен табыстар құрады. Тек 2002 жылы ғана Қазақстанда экономикалық өсу тенденциялары байқала бастады. ЖІӨ өсімі 2001 жылдағы 2,7%-бен салыстырғанда 9,8% қүрады., ұлттық валютаның АҚШ долларына қатысты девальвациялау деңгейі 5,2%-ға дейін төмендеді (1999 жылы -64,6%), инфляция қарқындары 9,8%-ға дейін төмендеді (2001 жылы -17,8%). Кәсіпкерлік күрылымдар белсендендірілді, халык табыстары үдайы өсе бастады. Осының барлығы банктік қызметтерге, әсіресе депозиттер мен ссудаларға, сүраныстың кеңеюіне алып келді. Қаржылық секторда «екінші дем» ашылды: сол мезгілде Халык Банктің активтері мен капиталының көрсеткіштері жақсара бастады.

 

Сурет 1- Қазақстанның Халык Банкіндегі таза пайда динамикасы.

 

Бірақ банк маңызды ресурстарды өткен жылдардың провизияларына бөлуге мәжбүр болды, өйткені еркін қалқымалы алмастыру курсына ауысқаннан кейін несие алушылардың қаржылык жағдайы қатты күрделенді. Нәтижесінде - төмен қаржылық нәтиже (1230,32 млн. теңге). Өкімет Халық Банкіндегі өзінің қалған үлесін сатуды ұйғарады. Нарықпен акциялардың мемлекеттік пакетін (33% және 4- бір акция)сату нәтижесінде банкте пайда бола алатын қүрылымдық кайта күруларды күту банктің негізгі бизнесінің дамуын тежеді. 2004 жылмен салыстырғанда активтердін, капиталдың, несиелік портфель мен депозиттік база көлемдерінің абсолюттік өсуіне қарамастанХальщ Банкі негізгі көрсеткіштердің өсу карқындары   бойынша   өзінің   жақын бәсекелестерінен   артта  қалды.

Банктік бизнестегі негізгі позициялар бойынша оның үлесі төмендеді. Дегенмен, жекешелендірудің аяқталуы - болмауы мүмкін емес уақытша киыншылықтар мен операциядан кейін жылдам сауығуьшен өзінше бір шок терапиясы. Сол мезгілде бүл банк екі еселенген күшпен жүмыс істеп кетуі үшін кажет болды. 2007 жылдың өзінде Халык Банкі карыз алудың халыкаралық нарықтарында маңызды капиталдану мен өз позицияларын нығайтуға жете алды. Сонымен қатар банк өз мүмкіншілігін - аймақтарда басым болу үшін ең кеңінен тараған филиалдык жүйені тиімді ұтып алуға тырысады. Осы мақсатпен топ-менеджмент облыстардың муниципалдык билік органдарымен қызметтесу жөнінде келісімдер жасайды және жаңа бағдарламаларды еңгізе отырып, аймақтардағы клиенттерге (ірі корпорациялармен қатар шағын және орта бизнес субъектілеріне және жеке тұлғаларға) кызмет көрсетуді жақсартады

2007 жылдың бірінші жарты жылдығында Халық Банкі 2007 жылдың бизнес-жоспарынын негізгі қаржылық көрсеткіштерінін жоспарлы деңгейін асыра орындап, өсудің жоғары қарқындарын сақтады. Жыл басынан бастап банктің меншікті капиталы 7,16%-ға немесе 11,512 млн теңгеге өсті. Бұл өсу негізінен ағынды жылдың бөлінбеген таза табысының есебінен пайда болды және 2007 жылдың бірінші жарты жылдығының нәтижелері бойынша меншікті капитал 122,634 млрд. теңгені құраған. 1 тамызда бұл көрсеткіш 127,177 млрд. теңгеге тең болған. (сурет 2).

Сурет 2 - Қазакстан Халық Банкінің активтері (млрд. теңге)

Сәйкес динамика активтер бойынша да байқалады.  2003 жылы Халык Банкінде 362 млрд. теңгеге активтер болған, ал соңғы үш жылда өсу қисығы кілт жоғарыға ұмтылды (сурет 3). 2007 жылдың басынан банк балансының валютасының көлемі 16,12%-ға өсті, оның ішінде маусымда көбінесе корреспонденттік есеп шоттардағы кұралдардың өсуінің есебінен 2,7%-ға немесе 16 млрд. теңгеге. Жалпы сомасы 11,3 млрд. теңге болатын акциялардың сегізінші эмиссиясын шығару және жалпы сомасы 14,5 млрд. теңге болатын алты жылдық субординацияланған облигацияларды орналастыру есебінен жарғылық капиталды арттыру Халық Банкіне активті операциялар көлемін және құралдардың несиелерге салынуын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Шілде айының соңында Халық Банкі  150 млн. долл. Сомасына сидицирленген қарызды қатыстырып, орналастыруға дайындалған. Ресурстық құйылымдар, сөзсіз, банктің экономиканың дамуына несиелерді көбірек беруіне алып келуі қажет.

 

 

Сурет 3 - Қазақстан Халық Банкінің капиталының қалыптасуы

 

Соңғы мәліметтер бойынша несиелеу нарығындағы Халық Банкінің үлесі 19,8% құрайды, және де оның өсуі әбден мүмкін. Мысалы, синдикациялау есебінен банктерде өзінің ірі корпоративтік клиенттерінің саудалық операцияларын қаржыландыру, атап айтқанда тамақ және жеңіл өнеркәсібі, жол құрылысының саласы, химиялық және мұнай-газ салалары үшін құрал-жабдықтарды жеткізу мүмкіндігін алды. Несие-банк жүйесі қазіргі Қазақстанның экономикалық құрылымында ерекше роль атқарады. Қаржылық институттар, нақты айтқанда, несиелік ресурстарды жеткізіп берушілер мен тұтынушылар арасында делдалдық қызмет көрсетулерді іске асырады. Банктер уақытша бос ақшалай құралдарды белсенді әрекет етуші капиталға айналдырады, көптеген әр түрлі операцияларды орындайды. Екінші деңгейдегі банктердің іс-әрекетінің арқасында кәсіпорындар мен халықтың ақшалай есеп айырусулары мен төлемдерінің маңызды ағымы іске асырылады.

Қазақстандық несие-банк жүйесінің іс-әрекетінің көлемдері жөнінде келесі мәліметер бойынша айтуға болады. 2006 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша Қазақстан банктерінің жалпы активтері 534 млрд.теңге құраған, Қазақстан Республикасының банктік секторының жалпы міндеттемелерінің сомасы 439 млрд. теңгеден асты. Активтер құрылымында клиенттерге койылатын талаптар (жалпы активтердің 56%), мемлекеттік бағалы қағаздар портфелі (16%) сияқты компоненттердің үлесі артық. Жалпы мідеттемелердің құрылымында банктермен қатыстырылған депозиттердің көлемі 76%, ал банктік емес қаржылық ұйымдар алдындағы қарыз - 6% құрады. /25/

Банктер қаржылық делдалдар ретінде операциялардың үлкен санын орындап, сол арқылы коғамның дұрыс экономикалық өмірін камтамасыз етуімен қатар, банктердің ерекше ролі банктер табиғатының ерекшелігімен анықталады - банктерге үлкен ақшалай құралдар сеніп, тапсырылған. Сонымен бірге қаржылық сала ерекше сала болып табылатындығын, оған банктік есеп шоттардан құралдарды жаппай алуға ерекше сезімталдық пен нәзіктік тән болады.

Жоғарыда айтылғанды корыта отырып, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің іс-әрекетінің саласы мемлекет тарапынан ерекше көңіл аудару және бақылау объектісі болып табылады. Қазакстандық банктік заңдылық көптеген ережелерді қамтиды. Оның ішінде банктік іс-әрекетті лицензиялау туралы, банктік іс-әрекетке тыйым салу және шектеу туралы, Қазақстанның Ұлттық банкінің тарапынан екінші деңгейдегі банктердің іс-әрекетін бақылау, банктік іс-әрекетті сақтандыру, күдікті және сенімсіз активтерге қарсы резервтік капитал мен провизия құру арқылы банктер банкроттығының алдын алу, ссудалық операциялар бойынша шектеу қою туралы ережелерді атап кеткен дұрыс.

Ссудалык операцияларды реттеуде банкпен ерекше қатынастармен байланысты болатын тұлғаларға қаржылық қызмет көрсетулердің ұсынылуын реттеуге ерекше көңіл аударылады.

Қазіргі кезде Қазақстанда банкпен ерекше қатынастамен байланысқан тұлғаларға жеңілдетілген шарттарды ұсынуға тыйым салынған. Осылайша, заң банкпен ерекше қатынастармен байланысқан тұлғаларға жеңілдетілген шарттарды ұсынудың түсінігін анық тұжырымдайды. Жеңілдетілген шарттарды ұсыну келесіні білдіреді: 1) банкпен ерекше қатынастармен байланысқан түлға болып табылмайтын клиенттермен банк оның табиғаты, мақсаты,ерекшеліктері мен тәуекелі бойынша түспейтін келісімге түсуі; 2) банктік операцияны орындау үшін ақы алу немесе қамтамасыз етуді қабылдау ақысы басқа клиенттерге қарағанда төмен.

Банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлғаларды несиелеу банктің қирауының потенциалды көзі болуы мүмкін болғандықтан, біздің ойымызша банкпен ерекше қатынастармен байланысқан тұлғаларға қатысты ссудалық операцияларды орталықтандырылған тәртіпте реттеуін күшейту мақсатқа сәйкес болады.

Әлемдік банктік практика банкпен ерекше қатынастарда болатын тұлғаларға несие ұсынуды реттеу жөнінде жеткілікті тәжірибе жинақтаған. Атап айтқанда, АҚШ-да жетекші жұмыскерлердің, директорлардың, және банктің ірі акционерлерінің тарапынан теріс пайдаланулардың алдың алуға бағыттылған заңдар қабылданған, мысалы - Федералдық резервтік жүйе туралы Заң және депозиттерді сақтандыру жөніндегі Федералдық корпорацияны жетілдіру туралы Заң.

Әрине, банкпен ерекше қатынастармен байланысқан тұлғаларға ссуда ұсынуды реттеудің американдық практикасын механикалық түрде қабылдауға болмайды. Бізбен өткізілген зерттеу көрсеткендей, айтарлықтай табысты американдық тәжірибенің кейбір элементтерін біздің елдің ерекшеліктерін ескере отырып қазакстандық банк жүйесінің қаржылық тұрақтылығын күшейту үшін қолдануға әбден болады. Төменде біз банкпен ерекше қатынастармен байланысқан тұлгалардың әлсіз реттелетін әрекеттерінің салдары ретіндегі банктік күйреу мүмкіндіктерін минимумге жеткізуге мүмкіндік беретін превентивтік шаралар ұсынамыз. Сонымен қатар, екінші деңгейдегі банкетердің іс-әрекетін мемлекеттік бақылауды жетілдіру, біздің ойымызша, кәсіпкерлік құрылымдардың да, жалпы қоғамның да мүдделерінің дұрыс балансына жетуді қарастыруы кажет. Сондықтан бізге банкпен ерекше қатынастармен байланысқан тұлғаларға екнші деңгейдегі банктермен несие ұсыну жөніндегі қосымша  ережелерді  енгізумен  қатар,  осы  мәселенің  семантикалық тәсіліне сәйкес осы саладағы коммерциялык банктер үшін бар жеке ережелерді реттеп тастау қажет.

Біздің көзқарасымызға сай, банктердің қаржылық жағдайы туралы есептеріне жетекші жұмыскерлеріне әр бір есептік мерзімде берілген несиелер туралы ақпаратты енгізу жөніндегі талапты бекіту қажет.

Сонымен, жоғарыда коммерциялық банктердің іс-әрекетін реттеуді жетілдіру жөніндегі ұсынылған шаралар банкпен ерекше қатынастармен байланысқан тұлғаларға несие ұсынған кезде екінші деңгейдегі банктерге қойылатын жеке практикада қолданылатын талаптарында саналы және дифферециалданған тәсілді бекітумен қатар, осындай несиені ұсыну кезінде косымша ережелер бекіту қажет. Коммерциялық банктердің іс-әрекетін мемлекеттік реттеуді жетілдірудің осы шаралары несиелік тәуекелді төмендетіп қана қоймай, банктердің қаржылық жағдайын күшейту арқылы банктердің дұрыс әрекет етуін қамтамасыз етеді.

 

 

3.2       Екінші деңгейдегі банктердің меншікті капиталын басқару мәселелерін шешу жолдары

Қазақстанның банк жүйесінің 10-жылдық әрекет етуінен кейін заңды және практикалық тұрғыдан оның маңызды ерекшеліктерін, қазіргі өзекті мәселелерін және одан әрі дамуының мүмкін альтернативтік бағыттарын ұғыну және қорыту маңызды болып табылады.

Соңғы жылдары банктік секторда жетерліктей жылдам және жалпы оң өзгерістер өтуде. Олардың нәтижесінде, талдаушылардың пікірі бойынша, банктік жүйенің ядросы 1998 жылдың дағдарысын сандық та, сапалық көрсеткіштер бойынша толық жеңіп шықты, ал бір қатар бағыттар бойынша дағдарысқа дейінгі кезеңмен салыстырғанда маңызды алға қарай жылжыды.

Банктердің көпшілігінде сол оқиғалардың сабақтарынан маңызды қорытындылар шығарылған - бір сатыға менеджмент деңгейі көтерілген, несиелік және басқа да іс-әрекеттің тәуекелдері айтарлықтай қатаң және дәл бағаланады, ішкі бақылаудың деңгейі көтерілуде және көптеген тағы да басқа.

Банк жүйесін жетілдіруде Ұлттық Банктің жаңа басшылығы коммерциялық банктерге бет бұрып, олардың мәселелері мен ұсыныстарын «естиді», және де жалпы алғанда банктік іс-әрекеттің мәселелерінің көпшілігі бойынша дұрыс көзқарасты ұстанатындығы да соңғы роль атқармайды. /20/

Сонымен қатар банктік сектордың экономикалық дамуды жеделдету,анық тиімсіздітің, ал мәнісінде 90-шы жылдардың аталмыш терең реформаларының елдің бүкіл әлеуметтік және экономикалық ұйымдастырылуына ойратушылық әсерінің нәтижесінде елде пайда болған терең жалпы экономикалық және технологиялык дағдарысты жеңіп шығу міндеттеріне сәйкестілігінің көзқарасынан ел банктерінің жалпы жалпы жағдайы қанағаттанарлық деп санала алмайды.

Отандық банк жүйесінің әлсіздігі, оның негізгі кемшіліктері мәлім. Қазіргі жағдайда банк жүйесі капиталдың өнімділікті қозғалысының мақсаттары үшін ресурстардың максималды мүмкін көлемін шоғырландыру мүддесінде өзінің басты қаржылық делдалдык әлеуметтік қызметін толық орындауға қабілетсіз екендігін атап кеткен маңызды.

Қалыптасқан жағдайдың себептерін айқындау, мәселенің дамуының «тарихын» бағалаудың маңыздылығы одан кем емес, себебі тек осындай талдаудың негізінде ғана оны шешудің мүмкін тәсілдерін өңдеу мүмкін болады. Отандық банктердін, барлық мәселелерінің негізінде олардың ресурстық базасының жеткіліксіздігі мен төмен «сапасы» және бірінші кезекте меншікті капиталдың жеткіліксіздігі жатқанын асырмай-ақ айтуға болады.

2007 жылдың ортасында барлық қазақстандық банктердің меншікті құралдары шамамен 20 млрд. долл. Құраған, ал ол бір жетекші әлемдік банктің капиталынан оншақты есе кем. Бүл құралдардың үлкен бөлігі көбінесе астаналық банктің ондаған филиалдарында шоғырланған, ал банктердің негізгі саны (аймақтық банктерді қосқанда) - бүл көпшілігінде ұсақ құрылымдар, нақты банк ісіндегі шағын бизнес./77/

Қазақстандық банктердің 75%-нан көбі 5 млн. евроға дейінгі капиталға ие, бұл, әрине, олардың іс-әрекетінің көлемі мен динамикасын алдын ала анықтайды. Меншікті капиталдың көлемі кез-келген банктің ірге тасы, сипаттамасы болып табылатындығын атап кеткен жөн. Ең алдымен капиталдың көлемі ресурстарды тарту (сәйкесінше, орналастыру) мүмкіндіктерін анықтайды, яғни мәнісінде банктік іс-әрекеттің барлық негізгі түрлері бойынша операциялардың көлемін анықтайды.

Ақырғы мәнінде капиталдың көлемі шешуші шамада банк сенімділігін бағалау үшін бастапқы шарты болып табылады -капиталы бойынша неғұрлым ірі банктер әр түрлі сәтсіз конъюнктуралық әсерлерге, банк ісінде онсыз болмайтын тәуекелдер мен шығындарға тұрақты болады.

Қазақстандық банктердің көпшілігінің модернизациялау үшін ресурстардың жетіспеушілігінен тұншығып жатқан нақты экономиканың, әсіресе өңдеуші салаларының үлкен бөлігі мұқтаж болып тұрған ең алдымен инвестициялық сипаттағы көлемді ұзақ мерзімді жобаларды несиелеуге қабілетсіздігі барлығына мәлім. Бұл жағдайдың негізгі себебі - банктерде мұндай несиелеу үшін тұрақты ұзақ мерзімді ресурстардың жоқтығында. Бірақ, дәл меншікті кпитал, мәнісінде, банктердің осындай операциялары үшін идеалды ресурс болып табылады.

Бірақ, жеке банктерге қатысты дұрыс болып табылатын нәрсе жалпы банк жүйесіне де дұрыс болады, капиталдық базасының әлсіздігінде экономикалық конъюнктураның сауықтырылуына, экономикалық даму қарқындарын жеделдетуге және соның негізінде көптеген әлеуметтік мәселелерді шешуге белсенді және құрылымдық банктік ықпалдың мүмкін еместігінің себебі бүркеліп тұр. /25/

Ұлттык банкпен бекітілетін негізгі нормативтер – капитал жеткіліктілігінің нормативі, бір несие алушыға берілетін несиенің шекті көлемдері, резервтердің көлемдері және басқалары - толығымен банктің капиталына байланысты болады, ал ол өз кезегінде банктің күнделікті іс-әрекетін, оның бақылау органымен, клиенттермен      қарым-қатынастарын анықтайды, яғни банк жұмысының ортасын, менеджмент пен персоналдың күш салуларын нақты жасампаз шаруашылық шешімдерде шоғырландыру мүмкіндігін    қалыптастырады.

Көптеген жылдар бойы банктер шаруашылық субъектілер үшін бекітілген ең жоғары ставкамен (45% )пайда салығын төлегендігін еске түсірудің өзі жеткілікті. Ол меншікті капиталды арттыру мүмкіндігінен банктерді айыратын. Нарыктық экономикаға өтуді іске асырған бір қатар басқа елдермен салыстырғанда, өнеркәсіпті несиелендіретін отандық банктерге төлеуге қабілетсіз мемлекеттік кәсіпорындардың қарыздарының бір бөлігін шығынға жазу жөнінде ешқандай көмек көрсетілмеді. /20/

Одан да әрі, кәсіпорындарға, мысалы қоғаныс өнеркәсібіне, мемлекеттік құрылымдардың төлемдерін көпжылдық тоқтатылуының салдарынан оларды несилеген банктер қиын жағдайға түсті - олар қайтарылмаған ссудаларды шығынға жатқызуға және сол арқылы өзінің онсызда кедей капиталын азайтуға мәжбүр болған.

Себептердің екінші тобы - 1990-1992 жж. Қазақстанда коммерциялык банктер жүйесін құрудың басында ақшалай билік органдарымен жіберілген өрескел қателіктер. Бұл мерзімде жаңа банктерді ұйымдастыру кезінде де, сол мезгілге дейін әрекет еткен ірі мамандырылған банктерді күшпен жою және олардың ең төменгі деңгейі - бөлімшеде жаңа банктерді ұйымдастыру кезінде де маңызды емес капиталы бар ұсақ банктер жүйесі саналы түрде орнатылғандығының фактісі қазіргі кезде ұмытылып бара жатыр. Капиталы 5 млн. теңгеден асатын банктер тіркелуге қабылданбаған - бұдан артық қисынсыздықты елестету қиын. Қазақстандық банк жүйесі осы өзінше туа біткен ақауды әлі күнге дейін жойған жок -қазір бізде банк секторын реформалаушылар ұмтылған кішкентай капиталы бар, экономиканың қандай да бір маңызды нақты міндеттерін шеше алмайтын көптеген ұсак банктер бар. /21/.

Өкінішке орай, бүгінде де билік органдарымен банктер экономиканың         тұрақты         жеделдетілген дамуы мен модернизациялануына өту кезінде атқаруға тиісті, олардың капиталының өсуімен анықталатын, ерекше маңызды ролін үғыну байқалмайды. Әлсіз банк жүйесіне көптеген сөгістер айтылуда, банктерді реформалау жыдары жөнінде көптеген дискуссиялар өткізілуде, экономикалық даму мен банк жүйесін реформалаудың әр түрлі стратегиялары қабылданып, түзетілуде.

Бірақ бұл стратегияларда мысалы өкіметтің немесе Ұлттық Банктің экономиканың шын мәніндегі (конъюнктуралық тәуелді емес) дамуының шешуші шарттарының бірі ретіндегі банктер капиталын      арттыруды жылдамдату жөніндегі нақты міндеттемелерін табуға болмайды. Сондықтан мазмүндық та, сандық та өлшемдердегі банктер капиталының    көлемдері мен экономикалық өсуге өту шарттарының өзара байланыстарының мәселелеріне тоқталу қажеттілігі пайда болады.

Жоғарыда аталғандай, банктердің ең маңызды міндеті болып елдің ақша шаруашылығының ресурстарын шоғырландыру және оларды       өндірісті  дамыту  мақсатында жоғары тиімді, шоғырландырылған пайдаланылуы табылады. Осы мағынада шоғырландырылған ресурстардың негізгі массасы ретінде банктермен тартылған қарыз құралдар болу керектігі анық. Бірақ, ресурстарды осындай тарту және пайдаланудың негізі ретінде тек банктердің меншікті капиталы бола алады.

Дәл меншікті капитал ең ұзақ мерзімді, тұрақты, сенімді және өздігінен банктердің несиелік және басқа да активті операциялары үшін арзан ресурс болып табылады, тек оны дамыту және арттыру банктердің шаруашылыққа және кейінгі дамуына, шаруашылықтың өзін сауықтыруға несиелік экспансиясының негізі болып табылады.

Біздің ойымызша, дәл осы жетерліктей айқын жағдай банк жүйесін реформалаудың кез-келген бағдарламаларының негізіне салынуы қажет. Мұнда қазіргі капитаіғмен (сенімге ие болатын талдаушылардың пікірі бойынша 30%-на дейін үрленген, фиктивтік болып табылатын) экономиканың дамуын жеделдетудің ешқандай міндеттері казақстандық экономиканың қалыптасқан нарықтық сипатына байланысты анықтамасы бойынша шешіле алмайды. Мәселенің ерекше өзектілігі сандық бағаларда да әбден анық көрінеді. Егер елге 2010 жылға дейін ЖІӨ-ді екі есе арттыру қажет болса, онда осы мерзімге дейін банктердің капиталын да 60 млрд. долл. Дейін көбейту қажет. Бірақ мұнда экономикадағы банктердің нақты ролін көрсететін капитал мен банк активетрі мен ЖІӨ-нің бүгінгі өте төмен ара қатынасы сақталады.

Демек, осы мерзімде бұл көрсеткішті кем дегенде екі есе арттыру қажет, яғни банктердің капиталын 120 млрд. долл. Жеткізу. Банктер капиталы  15  жылда тек 30 млрд долларға    өскенін ескере отырып, 6 жылда оны 90 млрд. долларға арттыру банк жүйесінің өзі үшін іске аспайтын міндет. Бұл маңызды және шиеленіске жалпы экономикалық мәселе, бүкіл мемлекеттің міндеті болып келе жатқаны әбден анық болды.

Бұл пайда күнемдік карпорация ішіндегі мәселе еместігін атап кеткен дұрыс - бұл ақшалар банкте отырып қалмайды, олар бірден және шартсыз нақты экономикаға жұмсалады, ең алдымен өндірістік салаға, негізгі капиталды орта және ұзақ мерзімді модернизациялаудың инвестициялык жобаларына.

Сонымен банктік капиталды арттыру экономиканың даму қарқындарын арттыруға және қажетті қозғалысты жасауға, ал соның негізінде елдің әлемдік прогресстің перифериясына ақырғы түсіп кету қауіпінің алдын алып, ғылыми-техникалық және әлеуметтік салада бұзып өтуге мүмкіндік беретін тиімді экономикалық маневр болып табылуға тиісті.

Демек, банктердің маңызды өсуінің міндеті бір жағынан, жалпы экономикалық, мемлекеттік мақсат болып табылады, екінші жағынан - экономикалық саясаттың басты құралы болып табылады, өйткені, мәнісінде оның шешілуі арқылы кең көлемді жалпы ұлттық ссудалық қор түріндегі экономиканың басты қозғаушысы құрылуы мүмкін.

Банктік сектордың дамуында екі альтернативтік бағыт мүмкін екендігі туралы пікір айтылуда - тұрақтанушылық үзіліс (накты экономиканы несиелеудің жеделтетілген өсуінің кезіндегі тәуекелдердің аса өсуінен құтылу мақсатында) және жеделдетілген өсу (бірақ тек жүйелік тәуекелдердің жинақталуын тежеудің тиімді механизмдерін өңдеу шартында ғана).

Бұл көзқарастарды жағдайдың дәл мониторингісінің және ақшалай нарықты реттеудің қазіргі шараларының тұрғысында бөлісе отырып, сонымен қатар меншікті капиталдық базаның жеделдетілген өсуі шешуші шамада жүйелік тәуекелдерді әлсіздендіретіндігі және ең алдымен экономиканың өсуінің, соның арқасында шаруашылық субъектілерінің, яғни несие алушылардың, клиенттердің және банк акционерлерінің, қаржылық жағдайының нығаюының есебінен көлемді банктік дағдарыстың алдын алатындығы анық-

Егер біз біздің банктік жүйеміз орасан зор капиталдары және көп ғасырлық тәжірибесі бар аса күшті бәсекелестер астында жойылып, бір қатар шығыс Европа елдерінде болғандай өзінің дербес әрекет етуін тоқтатқанын қаласақ, басты мәселесі болыл оның капиталдык базасының өсуі табылатын банк саласын сапалық жетілдіру үшін қажетті жағдай жасауды ойлауымыз қажет. /17/

Баяндалған мәселенің құрамында шешуге тиісті негізгі сұрак -банк жүйесінің капиталын арттыру үшін қажетті ресурстарды қалай табу. Бұл екі жақты тегі бар ресурстар деп айтуға болады - банк жүйесінің    өзінде және     бүл    жүйеге    қатысты     сыртқы    көздер.

Банктердің өз мүмкіндіктері қаншалықты шектеулі болғанымен оларды есептен шығарып тастауға болмайды. Банктердің пайдасы сәтті конъюнктураның жеке мерзімдерінде жоғары қарқынмен өскен.

Дивидендтік төлемдерді шектеп, жалпы алғанда қатаң үнемдеу тәртібін сақтап, банктер және олардың акционерлері меншікті пайда есебінен меншікті капиталды маңызды арттыра алады. Сонымен қатар билік органдарының бұл мәселеде банктерге көмек көрсеткені дұрыс болар еді, мысалы, банктер пайдасының капиталдануға жіберілетін бөлігіне қатысты салықтық жеңілдік беру.

Меншікті ресурстар есебінен капиталдың өсуімен қатар, банктерге капиталдың ішкі консолидациясын іске асыру қажет -мұндағы сөз қосылу, бірігу, кұйылу, шағын банктерді ірілерінің сатып алуы және т.с.с. арқылы банктік құрылымдарды ірілендіру жайында болып тұр. Дамудың бұл бағыты ұсақ банктік құрылымдар түріндегі жоғарыда аталған туа біткен ақауды жоюға мүмкіндік береді.

Бұл мағынада банктердің бірігуінің процедураларын жеңілдету жөніндегі ақша билік органдарының шаралары да> меншікті капитал параметрлері жөніндегі директивтік талаптар да дұрыс болып көрінеді. Бірақ, банк саласының жүйе ішіндегі көздері жоғарыда аталған қажетті көлемдерде капиталды өсіру міндеттерін шешуге ешқандай мүмкіндік бермейтіндігін мойындаған жөн. Оған қоса соңғы уақытта жағдайды күрделендіретін бір катар қосымша факторлар мен тенденциялар айқындалды. Халықтын банктерге деген сенімін қайта орнату халық салымдарының кәсіпорындардың есеп шоттарындағы құралдардың қалдықтарының динамикасымен салыстырғанда озыңқы өсімінде көрініс алды, бұл банктердің ресурстық базасының қымбаттауына және соның салдарынан болашақта пайда динамикасының нашарлауына алып келеді.

Дивидендтерді шектеу және пайданың капиталдануы жөнінде ұсынылып отырған шаралармен қатар банктік іс-әрекеттің төмен рентабельділігі банктердің капиталдарьіна инвесторларды тарту мүмкіндіктерін шектетеді. Бұл тұйыққа тірелу банк жүйесінің өзінің ішінде шешіле алмайды, мұнда, аталғандай, жалпы мемлекеттік шешімдер деңгейіндегі күш салулар қажет. Жоғарыда келтірілген тұжырымдарды ескере отырып, мәселенің жалпы экономикалық және жалпы мемлекеттік маңыздылығына көңіл аудара отырып, билік органдарының қолдауымен банктердің капиталдық базасының жеделдетілген өсуінің негізіндегі елдің банк жүйесінің қайта құрылуының мақсатты мемлекеттік бағдарламасын қабылдау қажет болып көрінеді. /32/

Мұндай бағдарламаның негізгі мазмұны ретінде іске асыру кезіндегі капиталкөздерін, механизмдерді, шарттарды және преференцияларды анықтау болуы тиіс. Бәріне белгілі, елде үйымдастырылған күрылымдардан тыс жүздеген миллиард теңгемен есептелетін нақты теңгелік ақшалай құралдардың («қара нал») орасан зор үлкен саны айналуда. Сонымен бірге, банктерден тыс жеке жинақтарда долларлар мен басқа валюталык ресурстардың ондаған миллиардтары бар.

Маңызды құралдар кәсіпорындардың, оның ішінде шағын бизнестің, есеп шоттары мен кассаларында тұрып қалады. Барлық осы айтарлықтай маңызды ресурстар, біздің ойымызша, банктер капиталының өсуінің маңызды көзі болуға тиіс. Банктердің акционерлік капиталында қазіргі кезде физикалық тұлғалардың қатысуы абсолюттік және салыстырмалы түрде де өте маңызды еместігін ескере отырып   оны пайдалануға күш жүмсау қажет. /26/

Халықтың, бірінші кезекте кәсіпкерлердің банктердің акционерлерлік капиталына жеке құралдарын тарту жөніндегі шаралар жиынтығын өңдеу қажет. Шамасы, мүмкін варианттарды зерттеу қажет, мысалы, банктің акцияларын сатып алуға жіберілген құралдарды салық салынатын базадан шығарып тастау. Сонымен қатар, бір мезгілде банктердің өздеріне өз акционерлік капиталына халықтың құралдарын кең көлемді тарту жөніндегі жұмысты бастау қажет (әзірше мұндай акциялар мүлдем байқалмайды).

 

Сурет 4 - ЕДБ   капиталының өсуі

 

Өндірістік кәсіпорындардын қаржылық жағдайының бүкіл шиеленісуінде олардың аз емес бөлігі жетерліктей тиімді жұмыс істеп отырып, жоғары қаржылық нәтижелерге жетеді және банктердің акционерлік капиталын толтырудың маңызды көзі больш табыла алатын маңызды бос ақша қүралдарына еге болады (ол банктердің корреспонденттік есеп шоттарындағы құралдардың өсуші қалдықтарымен дәлелденеді).

Іскерлік ортада мәлім болғандай экономикалық республицистикада тұрақты және мүлдем негізделген түрде пайдаға салынатын салықта төлеу кезіндегі инвестициялык жеңілдікті қайта орнату мәселесі талқыланады. Бүгінгі таңда маңызды профицитпен орындалатын бюджет осындай мүмкіндік береді. /20/

Жақын арада мүмкін бюджеттік шиеленісулердің себебінен отандық экспорт тауарларына әлемдік бағалардың төмендеуінің жағдайында бұл жеңілдікті қайта орнату мүмкін болмаса, кем дегенде бұл жеңілдікті банктер капиталына салынатын инвестицияларға қолдану қажет, мүмкін, банктердің акционерлік капиталына жіберілетін шаруашылық құрылымдар пайдасына салынатын салықтан толық босатуға мүмкіндік беріп, оны кеңейту қажет болар (мүмкін, бірінші кезеңде тек нақты экономикаға несиелері активтердің 50%-нан төмен емесін құрайтын банктер бойынша ғана). Мұндай тектес ұсыныстарға жетерліктей белсенді қарсы пікірлерді алдын ала болжауға болады.

Бірақ, барлық мүмкін ресурстарды шоғырландыру, экономиканың өсуін жеделдету жөніндегі батыл, стандартты емес шешімдерді қабылдау арқылы жоюға болатын өсуші технологиялық және ғылыми-техникалық қалып кеткен жағдайдың ерекше өзектілігін ұғыну кажет. Ал оған күшті капиталдық базасы бар ірі банктерсіз жету мүмкін емес.

Сонымен, мұндағы сөз елдің дамының стратегиялық көкжиектері жайлы, және мұнда ағынды бюджеттік тәсілдерді қажетті түзету әбден ақталған, одан да әрі болашақта бүл бюджет үшін маңызды ұтыспен айналады. Ресурстардың тағы да бір көзін қарастырайық.

Барлығына мәлім болғандай, соңғы жылдары болашақта банктердің халық пен бизнестің ресурстары үшін бәсекелестері болатын    және    ірі    ресурстарды    шоғырландыратын    сақтандыру, зейнетақылық және инвестициялық компаниялар мен қорлардың интенсивті өсуі байқалуда.

Бірақ, дәл банктер құралдарды өндірістік салаға жеткізуші болатындығын және сол арқылы өнімділікті капиталдың қозғалысын қолдайтындығын ескере отырып, бүл құрылымдардың ресурстарын банктік айналымға, оның ішінде акционерлік капиталға максималды қосу жөніндегі шаралар жүйесін өңдеу қажет. Және, ең соңғысы, ресурстардың ең ірі мүмкін көзі, іске асыру үшін ең мәселелік болып табылатын - елден шығарылған капитал туралы.

Қайтарылуы мүмкін болатын капиталдың үлесін жетерліктей шамалы бағалап отырған талдаушылармен келісу қажеттілігі айқын. Ең болмағанда тұрақты даму мен технологиялық прогресстін негізінде елде тартымды инвестициялық климат жасауға дейін елден шығарылған жүздеген миллиард доллардың ондаған миллиардқа ғана өтімді формадағы капиталды қайтару мүмкін болып көрінеді.

Бірақ бүл ресурстар да, жоғарыда сипатталған ішкі көздермен қатар, қазақстандық банктердің капиталдануының мәселесін шешу үшін жеткілікті болатын еді. Мұнда ұрандар мен қорқыту емес, тек экономикалық-құқықтык шешімдер әсерлі болатындығы да анық. Мұндай шешімдердің мүмкін варианты ретінде қайтарылатын капиталды отандық банктердің акционерлік капиталына жіберу кезінде толығымен (оның ішінде салықтық та) амнистиялау болуы мүмкін. /25/

Әрине, еңгізілген үсыныстарды толық камтыған және даусыз деп қарастыруға болмайды. Банктік және іскерлік қоғамдастық шешімдердің көптеген басқа варианттарын үсына алады. Бір-ак нәрсе даусыз: баяндалған мәселе ел экономикасының болашағы үшін шын мәнінде ерекше маңызды болып табылады және кейінге қалдырылмай қарастырылуы тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Экономикалық дамудың тұрақтануының жағдайында екінші деңгейдегі банктер іс-әрекетінің қаржылық сенімділігі меншікті капиталдың  басқарылуына жоғары     талаптар     қояды. Соның нәтижесінде екінші деңгейдегі банктердің капиталын өсіру мәселелері Қазақстанның экономикалық құрылымындағы ерекше рольді атқаратын несиелік-банктік жүйеде маңызды орын алады.

Екінші деңгейдегі банктердің ресурстарын, банктің меншікті капиталының құрылымын, сипаттамасын және түсінігі қарастыра отырып меншікті капиталдың қазіргі кездегі үғымына бір катар ерекше белгілер тән екендігі жөнінде қорытынды жасауға болады -ол банктердің акционерлік меншікті капиталының және жарғылық қордың көлемдерінің қалыптасуының процессі. Осыны ескере отырып екінші деңгейдегі банктердің қаржылық ресурстарын құру теориясын баяндауда қалыптасқан стереотиптердің бір қатарын қайта қарастыру қажет. Меншікті капиталдың жеткіліктілігін бағалау туралы айтқанда ол соңғысының іс-әрекетінің қаржылық сенімділігін тікелей сипаттайтындығын атап кеткен жөн.

Жалпы алғанда қазіргі экономикалық кеңістіктегі, атап айтқанда несиелік-банктік жүйедегі, меншікті капиталдың теориялық аспектілерінің өзектілігін практикаға, яғни ҚР-ның банктік жүйесінде болып жатқан нақты жағдайға, максималды жақындату үшін қайта қарастыру қажет.

Екінші деңгейдегі банктердің меншікті капиталының динамикасы мен құрылымын зерттей отырып, екінші деңгейдегі банктердің жалпы меншікті капиталы 1994 жылдың соңынан казіргі мерзімге дейін нақты өлшемде 4 есе өскендігі туралы қорытынды шығаруға болады, оған республиканың жалпы экономикалық жағдайының жақсаруы себеп болды. Меншікті капитал Қазақстандағы банктік жүйенің тұрақташығы мен өтімділігінің индикаторы болып табылатынын ескере отырып, банктердің құрылуы мен іс-әрекетінде неғұрлым қатаң талаптар, сонымен қатар банктік іс-әрекетті реттеу жөніндегі Ұлттык Банктің неғұрлым кең өкілеттіліктері қажет.

Отандық банк жүйесінің әлсіздігі, оның негізгі кемшіліктері жақсы мәлім. Өзінің казіргі жағдайында банк саласы капиталдың өнімділікті қозғалысының мақсаттары үшін ресурстардың максималды мүмкін болатын көлемін шоғырландыру мүддесінде өзінің басты қаржылық делделдык әлеуметтік қызметін атқаруға жағдайы келмейтінін атап кеткен маңызды.

2004 жылдың 1 шілдесінде екінші деңгейдегі банктермен, ресми мәліметтер бойынша, 116 млрд. долл көлемінде жалпы таза табыс алынған, ал 2003 жылдың 1 шілдесінде - 110,3 млрд долл.

Ағынды жылдың бірінші жарты жылдығың нәтижелері бойынша үш банктің - Халық Банкінің, Қазкоммерцбанктің және ТұранӘлемБанкінің активтері маңызды өскен. Бұл лидерлер үштігі. Сәйкесінше, пайда көлемдері де оларда ең жоғары.

90-шы жылдардың соңында орын алған республиканың қаржылық организміндегі температуралардың ауысуы банктік іс-әрекетке кері әсерін тигізді. Ал жекешелендіру процессі мен жеке банктік бизнестің дамуы нарыққа позитивтік әсерін тигізді. Бұл мағынада Ұлттық Банктің тәжірибесі көрнекті болып табылады.

Мемлекеттік қазыналық міндеттемелер, банкаралық несие, ұлттық банкінің ноталары бойынша пайыздық мөлшерлемелер сауда мәніне сай келеді.

Банктерге берілетін несиенің көлемін реттеу үшін, банктің өз міндеттемелері бойынша төлей алмау тәуекелін төмендету және банктердің акционерлері мен салымшыларының мәүдделерін қорғау мақсатында ұлттық банк резервтік талаптар механизмін қолданады.

Банк резервтерінің шамадан тыс өсуіне байланысты (ұлттық банкідегі корреспонденттік шоттағы қаражаттар) резервтік талаптардың   мөлшерін азайтып   қана   коймай,   сонымен   қатар, резервтеудің баламалы тәртібіне ауысу мүмкіндігі пайда болды. Яғни экономикалық  нормативтерді орындайтын банктердің корреспонденттік    шоттағы    қаражаттарының    мөлшері    резервті талаптардан кем болмау керек еді.

Ұлттық банк орташа айлық қалдыққа байланысты пайызды банктің корреспонденттік шоты бойынша төлейді (резервтік талаптан аспайтын). Резервтер бойынша пайызды төлеу резервтік талаптардың жоғары болу жағдайында несиелер және тартылған депозиттер бойынша банктердің пайыздық мөлшерлемесі арасындағы айырманы азайту қажеттілігінен туындайды. Жоғарыда аталған мәселелердің барлығы Қазақстан Респуликасының ақша-несие саясатын жүзеге асыруының одан әрі жетілдіре түсуі қажеттілігін айқындайды.Ұлттык банк іс-әрекетінің аталған мысалына қатысты екінші деңгейдегі банктердің рентабелділігін арттыру жоспарында оң тенденциялар байқалғаны жөнінде қорытынды жасауға болады. Негізінен бұл банктер активтерді, таза пайданы және капиталды арттыру мәселесіне аударатын ынталы көңілінің есебінен пайда болды. Сондықтан меншікті капиталды басқару мәселесін шешудегі приоритеттік бағыттарды бөле отырып, бүл мәселені шешу үшін экономикалық-күқықтық механизмдерді өңдеуді өзі жеткілікті екендігін атап кету қажет. Олардың мүмкін варианты ретінде кайтарылатын капиталдың отандық банктердің акционерлік капиталына  жіберілген кезінде толық амнистициялау болуы мүмкін.

Сонымен қатар банктік сектордын экономикалық дамуды жеделдету,анық тиімсіздітің, ал мәнісінде 90-шы жылдардың аталмыш терең реформаларының елдің бүкіл әлеуметтік және экономикалық ұйымдастырылуына ойратушылық әсерінің нәтижесінде елде пайда болған терең жалпы экономикалық және технологиялық дағдарысты жеңіп шығу міндеттеріне сәйкестілігінің көзқарасынан ел банктерінің жалпы жалпы жағдайы канағаттанарлық деп санала алмайды.

Еңгізілген ұсыныстарды толық қамтыған және даусыз деп қарастыруға болмайды. Банктік және іскерлік қоғамдастық шешімдердің көптеген басқа варианттарын ұсына алады. Бір-ақ нәрсе даусыз: баяндалған мәселе ел экономикасының болашағы үшін шын мәнінде ерекше маңызды болып табылады және кейінге қалдырылмай қарастырылуы тиіс.

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Мадиярова Д.М. Основы современного банковского дела: Учебное пособие / Д.М. Мадиярова, Марчевский В.С. – Алматы: Экономика, 1997. – 136 с.
  2. Финансы, денежное обращение и кредит: Учебник. Под ред. В.К. Сенчагова, А.И. Архипова. – М.: «Проспект», 1999. – 496 с.
  3. «Казахстан за годы независимости» Информационно-аналитический сборник. ҚР статитика Агенттілігі, 2006 жыл, 53 бет
  4. 1995 жылдың 31 тамызында қабылданған «ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР-ның заңы.
  5. Коробова Г.Г. Система государственных банков развития реального сектора экономики (проблемы формирования)/ Г.Г. Коробова // Банковские услуги. – 2003. – № 4. – С. 16- 21.
  6. Деньги, кредит, банки: Учебник для вузов./ Под ред. Г.С. Сейткасымов. – Алматы: «Экономика», 1999. – 364 с.
  7. Масленников В.В. Методологические основы управления поведением банковской системы для повышения инвестиционной привлекательности национальной промышленности: Авторе. Дисс. на соиск. степени д.э.н. / В.В. Масленников – С-Пб., 2002. – 32 с.
  8. Сейтқасымов. Ақша, қаржы, банктер. Алматы, Экономика, 2001ж.
  9. «Акционерлік қоғамдар туралы» және «Банк және банк іс-әрекеті туралы» Заңдарына.
  10. Смирнов К.А. Основы  банковского дела.  - М.:   Международный
    славянский университет им. Г.Р. Державина, 2000.
  11. Основы банковской          деятельности./Под       редакцией д.э.н.Тагирбекова К.Р. - М.:Издательский дом,2002.
  12. Деньги, кредит, банки: Учебник. / Под ред. О.И. Лаврушина. – 2-е изд., перераб. и доп. – М.: Финансы и статистика, 2000. – 464 с.
  13. Финансовый менеджмент:   Практикум:   Учебное   пособие   /   под
    ред.Н.Ф. Самсонова. - М.:ЮНИТИ-ДАНА,2000.
  14. Ольшаный А.Н. Банковское кредитование: Российский и
    зарубежный опыт. - М.:Русская деловая литература,1997.
  15. Абрахманова Г.Т., Нурсеитова Р.А.  Тенденции и  перспективы
    развития финансового сектора в казахстане // Банки Казахстана,
  16. 1995 жылдың 31 тамызында жарық көрген Заң күшіне ие Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы банктер мен банктік іс-әрекет туралы» Үкімінде бекітілген.
  17. Иванов М.И.   Депозитарные   расписки:   перспективы   развития
    рынка в казахстане // Рынок ценных бумаг Казахстана. - 2002.-№9.
  18. Сборник трудов научно-практической конференции «Стратегия
    Казахстан-2030: пути реализации в экономике регионов», 12-15
    мая, 1998. - ЮКГУ им.М.Ауезова, Шымкент.
  19. Иванов М.И. Биржевой фондовый рынок Казахстана: итоги
    четырех месяцев 2003 года: Общий обзор // Рынок ценных бумаг
    Казахстана.-2003.-№10
  20. Финансы, денежное обращение и кредит: Учебник / Под ред. В.К. Сенчагова, А.И. Архипова. – М.: «Проспект», 1999. – 496 с.
  21. Президенттің Қазақстан халқына  жолдауы.  -Астана,  03.2004-
    05-14. ҚР-ның әлеуметтік-экономикалық дамуы. ҚР-ның
    статистика жөніндегі Агенттігі. - №1. - 2004.
  22. Программа по развитию финансового сектора /рынок ценных
    бумаг Казахстана.-№10.-2003.
  23. Бельгибаева К.к. Финансовая и банковская статистика: Учебное
    пособие /Каз. Гос. Академия управления.-Алматы: Экономика,
  24. Соколов Б.И. Экономическая теория.-Спб.: Издательство Санкт-
    Петербургского университета, 2000.
  25. Финансовый менеджмент:   Практикум:   Учебное   пособие   /   под
    ред.Н.Ф. Самсонова. - М.:ЮНИТИ-ДАНА,2000.
  26. Финансы Республики   Казахстан:   Ежегодный   статистический
    сборник   1999-2001   /  под  ред.   А.А.   Смаилова,   Агетство   РК  по
    статистике. - Алматы, 2002.
  27. Финансы, деньги, кредит: Учебник / Под ред. О.В. Соколовой. -
    М.: Юрист, 2001.
  28. Капенова Г., Габбасова Г. О некоторых аспектах деятельности регистраторов на    рынке    ценных    бумаг    РК: Инфраструктура //Рынок ценных бумаг.- 2000.- №1.
  29. Кравченко П.ГТ. Финансовый рынок  в  рыночной  экономике.  Финансовый менеджмент.- 2001.-№2.
  30. Муртазина Р. Запуск казахстанских  депозитарных  расписок считается   наиболее   перспективным   инструментом   в   проекте   по организации интегрированного   рынка   ценных   бумаг   России   и Казахстана / Панорама.-2002.-5 июля.- №26.
  31. Нормы деловой   этики   профессиональных  участников и
    квалифицированных   специалистов   рынка   ценных   бумаг   РК   // рынок и право.-2002.-№8.
  32. Омарова А. Подготовка кадров для рынка ценных бумаг в
    Казахстане // Рынок ценных бумаг Казахстана.-2000.-№8.
  33. Правила выпуска, размещения, обращения, погашения и обслуживания среднесрочных валютных государтсвенных
    эмиссионных ценных бумаг   местных   исполнительных   органов: Утвержден от 4 сентября  2001 года № 1139 // Собрание актов.- -№31.
  34. Сайденов А. Инструмент высокого класса //Казахстанская правда.-2002.-13 декабря.
  35. Қаржы-несие сөздігі. —Алматы,2003
  36. Хейне П. Экономический образ мышления в банковской практике-М.: Новости,1996
  37. Ширинская Е.Б. Операции коммерческих банков и зарубежный
    опыт-М.: Финансы и статистика,1998
  38. С.И.Ожегов. Словарь русского языка. М.: Советская
    энциклопедия, 1970
  39. К.Маркс, Ф.Энгельс. Таң. шығ. 23 т. 188 б.
  40. Қазақстанның тәуелсіздік алған он жыл ішіндегі банк жүйесі, ҚР
    Ұлттық банкі, 2003
  41. А.Г.Мельников "О необходимости целостной системы
    гарантирована вкладов" / Деньги и кредит, 2004
  42. ОҚО Ұлттық банк филиалының дайындаған статистикалық мәліметтері, 2005,2006,2007.

 

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама