Байқоңыр – ғарыш айлағы
Байқоңыр – ғарыш айлағы
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта.
Ұйымдастырылғаноқу іс - әрекет: Қоршаған ортамен танысу.
Мақсаты: Балалардың ғарыш туралы түсініктерін кеңейту. Еліміздің мақтаныштары - қазақ ғарышкерлермен таныстыру.
Міндеттері: а) оқушыларға ғарышкер өмірінен мағлұмат беру, ойын дамыту. Ой - өрісін кеңейтіп, сауатты оқуға жаттықтыру
ә) Балалардың сөздік қорын байытып, тіл байлығын молайтып, ойлауға, армандауға баулу;
б) Ғарышқа тек қана өте білімді, денсаулығы мықты, спортпен үзбей шұғылданып, еңбеккор адамдар ұшатынын ұқтыра отырып, бүлдіршіндерді еңбек сүйгіштікке, патриоттық сезімдерін оята отырып тәрбиелеу;
Көрнекілігі: Слайд, суреттер, әліппе дәптер
Әдіс - тәсіл: сұрақ - жауап, түсіндіру, баяндау, көрсету, әңгімелеу.
Сезімдерін ояту
Жылулық берген күнге рахмет,
Тіршілік берген жерге рахмет!
Балалардан жыл мезгілі, оның ерекшелігі жайында сұрайды.
- Жарайсыңдар, олай болса айтыңдаршы, ғаламшарды зерттейтін адамдарды кім деп айтамыз?
Ұйымдастыру, іздестіру
- Ғарышкерлердің бәрі Байқоңыр қаласынан ғарышқа ұшады. Байқоңыр - ғарыш айлағы ол біздің Қазақстанда, оның ішінде өзіміздің Қызылорда обылысында орналасқан. Ғарышқа дайындалу үшін арнайы киімі болу қажет. Оны - скафандр дейді. Ғарыш кеңістігінде ауа жоқ, сондықтан ол жақта осы киімді киеді. Сонымен қатар ұзақ сапарға шыққан соң тамақ алып шығу керек. Ал ғарышкерлердің тағамы сықпалы паста түрінде болады.
1957 жылы адамдар жер серігімен бірге Лайка атты итті ұшырды, бірақ ол жерге оралған жоқ. Одан 3жылдан кейін Белка және Стрелка атты иттерді ұшырып, иттер аман - есен оралды
Балалар 1961 жылы 12 сәуірде тұңғыш ғарышқа адам ұшты. Ол Кеңес одағының азаматы Юрий Гагарин болатын. Гагарин ғарыш кемесімен жерді айналып шықты. Ал Қазақстан республикасының тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров. Одан кейін төрт жылдан кейін қазақ азаматы Талғат Мұсабаев ұшты.
- Ғалымдар аспан әлемін, жұлдыздарды бақылау барысында жерден басқа бірі үлкен, бірі кіші ғаламшарлар бар екенін білді. Сендердің алдарыңда ғаламшарлар
- Меркурий
- Шолпан
- Жер
- Марс
- Юпитер
- Сатурн
- Уран
- Нептун
- Плутон
- Біз осы ғаламшарында тұрамыз. Бұл жерде ғаламшарлар шар тәрізді екені көрініп тұр.. Басқа ғаламшарларға қарағанда жерде су, топырақ, ауа бар. Сондықтан мұнда адамдар, жан - жануарлар тіршілік етеді. Адамдар басқа ғаламшарларда да тіршілік бар - жоғын білгісі келеді. Бар болса онда кімдер тұрады? Бірақ оны білу үшін сол планеталарға ұшып бару керек болады. Ұшақтар алыс сапарға шығалмайтындықтан оқымыстылар зымыран ойлап тапты.
- Осы зымырандар Қазақстанда Байқоңыр қаласынан ұшырылады.
- Байқоңыр туралы кім тақпақ біледі?
Ғарышжай Байқоңыр, Қанаттылар мекені. Қазақ жері Байқоңыр, Қай жер саған жетеді?! Ғажап жерім Байқоңыр Тұңғиықты, ғарышты Тұнып тұрған алысты Орындалып арманы, Ғарышкерлер шарлады.
- Міне осы байқоңырдан ұшқан зымырандармен ғаламшарларды зерттейтін адамдарды ғарышкерлер дейміз.
Ғарыш туралы тақпақтар.
Мұздай болат киінген, Батпан қару үйірген. Қорғап бақыт ұясын, Тас түлек боп түйілген Ұшқыш болғым келеді
Ар - намысын ақтаған, Жүректе сыр жаттаған. Туған елім ұясын, Жан - тәнімен сақтаған Ұшқыш болғым келеді
Мөлдір тұнық көк аспан Ол аспанға жарасқан Ұшқан құспен таласқан Ұшқыш болғым келеді
- Балалар біздің Қазақстаннан ұшқан ғарышкерлер кімдер екен?
- Тоқтар Әубәкіров
- Талғат Мұсабаев
- Өте жақсы. Балалар, енді әліппе дәптерімізді ашып, Зымыран суретін саламыз.
Дәптермен жұмыс
Сергіту жаттығуы
Аспанға қарап ай көрдім,
Төменге қарап жер көрдім.
Оңға, солға бұрылып,
Егеменді ел көрдім.
Рефлексивті коррекциялау
1. Ғарышқа ұшатын адам.
2. Ең алғашқы қазақ ғарышкерлері
3. Ғарышқа немен ұшады?
4. Ғаламшарлар қандай пішінге ұқсайды?
Күтілетін нәтиже:
1. Нені біледі: Ғарышкер, ғаламшар, зымыран туралы біледі.
2. Нені түсінеді: Ғарышкерлердің аспан денелерін зерттейтінін.
3. Қолданады: әліппе дәптерді қолданады
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы,
Түймекент орта мектебінің мектепалды даярлық тобының мұғалімі
Молданбаева Альфия Даулетовна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.