Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Бір ән бар бүгінгі ұрпақ естімеген...
Қостанай облысы, Амангелді ауданы,
Б. Қолдасбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектепте аға тәлімгер
Ақышова Ақтоты Ауданбекқызы

Бір ән бар бүгінгі ұрпақ естімеген... (ән - жыр кеші)

Безендірілуі: баннер, слайд, қаламның суреті
Сахнаны қараңғылап, «Пай - пай – өмір» Мұқағали ақының өз дауысы.
«Менің анкетам» өлеңі көрініс түрінде көрсетіледі.
Дәрігер:№17 палатадағы Мұқағали жолдас, бері келіңіз, анкета толтырамыз.
Дәрігер: Туған жеріңіз?
Ақын: Ұланымын Қарасаз деп аталатын ауылдың.
Дәрігер: Туған жылыңыз?
Ақын: 1931. Құрдасымын Шәмілдің.
Дәрігер: Шыққан тегіңіз?
Ақын: Шаруамын. Бар тірліктен бағалы оны санаймын.
Дәрігер: Білімің ше?
Ақын: Орташа ғой. Алайда оны жоғарыға балаймын.
Дәрігер: Ана тілің?
Ақын: Қазақша. Қысылғанда орысша да, немісше де тағы бар.
Дәрігер: Қайда істейсің?
Ақын: Мынау еңбек кітапшамнан тауып ал. Оқымаған дипломсыз демесең, бір бойымнан бар мамандық табылар.
Дәрігер: міндеттісің бе әскерге?
Ақын: Міндеттімін. Біздің әлі жас кеуде. Жауынгердің ұлымын ғой, жанын қиған Мәскеуде.
Дәрігер: Шет елдерде болдың ба?
Ақын: Болғам жоқ. Олар маған тұрған да жоқ қол бұлғап. Қалсам болды, өлсем болды жайыммен, осы отырған орнымда - ақ.
Дәрігер: Мекен - жайың?
Ақын: Мекен - жайым - жер менің. Жерде жүрген ақын деген пендемін. Қалам, қағаз, уақыт бер тек аздаған, мен өмірді жырлау үшін келгенмін.
Дәрігер: Мұқағали жолдас, сіз әлі қаралып, дәрі ішуіңіз керек.
Ақын: Керегі жоқ, керегі жоқ, керегі жоқ бәрінің. Иненің де керегі, керегі жоқ дәрінің.
Дәрігер: Сіз қаралып, емделіп шығасыз, сіздей адам бізге қажет, тыңдап көрейін, әлі - ақ жазылып кетесіз.(тыңдап, дәрі жазып береді.)
«Өзімнің есебімше» атты өлеңін оқып сахнадан шығып кетеді.

Ән: Есіңе мені алғайсың
1 - ж: Армысыздар, ақынын аялап азаматын ардақтаған құрметті көрермендер!
2 - ж: Шындықтан туған шынайы поэзияның иесі, қазақтың қара өлеңінен ешкімге ұқсамайтын өзгеше рең, өшпес бояу беріп, қайталанбас құбылысқа айналған мұзбалақ ақын М. Мақатаевтың туған күніне арналған «Бір ән бар бүгінгі ұрпақ естімеген» атты ән жыр кешіне қош келдіңіздер!
1 - ж: Бүгін ереулі атқа ер салып жүріп, егеулі найза қолға алып жүріп, еңку - еңку жер салып жүріп, ойраны шыққан ғасырлардан көріп
Патша құдай сыйындым,
Тура басса өзіңе.
Жау жағадан алғанда,
Жан көрінбес көзіме - деп, күңірене толқыған
2 - жүр: ескі мен жаңаны, батыс пен шығысты жалғаған, ғаламдық биікке көтерілген мәңгілік сарындардың шалқар кеңістігіне шыққан қазақ жыры Мұқағали үні болып, сана атаулыны қозғауда. Мұқағали мұңы болып жүректерге сапар шегуде.
1 - жүр: Бүгін естір құлақ пен ескі үнді қайрап бір сілкініп ұлы музаның сиқырлы сырлы сазына шомылары меңіреу шыңдарға тіл бітіп бедеу қырларға үн қосары қошқар мүйізді қазақтың қай - қайдағысы еске түсері жазғыны тұлпары тулап көгінде қыраны қалықтары жаны жадырап, көңіл толқыры ақиқат. «Атырау, Алтай» поэмасынан үзінді - Жасұлан, Әли, Әли, Рүстем, Кенжеболат, Ерұлан.
Ән: «Туған жер»
1 - Жүр: Ақын қиялы мен арманын, ақын ойы мен мұратын жырсыз елестету мүмкін емес.
2 - Жүр:
Ойлы жаз өлең менің сырласымдай
Сырлассамда құмарым жүр басылмай
Айтып өткен ақында арман барма
Жүргенің түбіне кір жасырмай
Мақатаев жырларының әр сөзі қорғасындай салмақты әр тіркесі өмірдің өзіндей бейнелі де бедерлі әр ойы тағдырдың көзіндей тереңде тегеурінді.
«Автограф»
«Туады ақын»
«Жазылар естеліктер мен туралы»
«Үш бақытым» -
«Аттандырып тым тәтті сәттерімді»
«Не сыйлайды, не береді келер күн?»

«Бақыт дегенім» әні

«Аққулар ұйықтағанда» - көрініс

«Жас қайың» әні

«Сәби болғым келеді»
«Ақ кимешек көрінсе» - Мағжан
«Жүрегімде жүргені - ай бір қауіптің»
«Қариялар азайып бара жатыр»
«Шеше, сен бақыттысың»
«Сен қартайды дегенге»

«Қайраң жеңгем» әні

Жүргізушілер: Мұқағали - Фаризаның сөзінен монолог
Ән «Фариза қыз»

«Жоқ, дәрігер»
«Шыда, шыда»
«Бір ән бар бүгінгі ұрпақ естімеген»
«Бұлқынба жүрек»
«Арыз жазып кетейін»

«Аңса жаным» «Сенің көзің» әні

Экранда Гүлнар Дәукенованың «Күрең күз» әнінің шығу тарихы туралы берілген сұхбаттан үзінді.
Квартет: «Күрең күз»

2 - Жүр: Ұлы қуаныштары мен ұлы қасіреттерін терең сезініп, тебірене жырлаған Мұқағали Мақатаев жыр тауында асқақтай түспек.
1 - жүр: Қазақ жыры аманда, қазақ өлеңін оқитын ел аманда. Мына сыры мен сиқыры мол ғаламда өзінің құндағында тебірентер, құдіретті жырының өз халқымен бірге өзінің ұлы даласымен бірге өмір сүрері, ғұмыр кешері ақиқат.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама