- 30 сәу. 2022 00:00
- 247
Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру
Қазақстанның тауелсіздігіне ширақ ғасырдан асты, Біз 21- ші ғасырда өмір сүріп жатырмыз. Бүкіл әлемдегі елдер бір-бірімен аралас-құралас күй кешуде. Бұл заңды құбылыс. Өйткені, қоғамдағы өзгерістер заман талабына байланысты жүзеге асуда. Бұл құбылыстар көптеген жақсы да жаман да әсерлер туындырып тұрағанын көріп отырмыз.Жақсысы жылдам ақпарат алмасуы болса, терісі бұқаралық мәдениеттің келеңсіз ықпалы тиюде. Сонда қазақты қазақ ететін ұлттық болмысын қалай сақтап қалу керек?
2017 жылы 12 сәуірде Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» деп аталатын мақаласында Қазақстанның болашақ дамуына байланысты бірқатар басым бағыттарды атады. Соның ішіндегі басым бір бағыт – «ұлттық бірегейлікті сақтау» мәселесі. Ол аса маңызды бағыттардың бірі екендігі анық.
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» - ең алдымен, еліміздің Біртұтас ұлт болуын мақсат етіп, соған барар жолдағы ұлттың рухани болмысының мәні қалай болуы керек, нені негізге алып, қандай базалық құндылықтарды сақтауымыз қажет, ертеңгі ұрпаққа табыстар мұрамыздың сипаты қандай болуы керек, бүгінгі жастар мұраты қандай, батысқа еліктеу Еліміздің болашақ межесіне үлгі бола ала ма деген бүгінде қазақ қоғамын іштей толғандырып жүрген басты мәселелердің шешімі мен оның бағдары осы бағдарламада кеңінен қозғалып, тиянақталған.
Әлемдегі әрбір халықтың өзіндік ұлттық ерекшелігі бар. Мәселен, қазақ халқының көне замандардан бүгінгі күнге дейінгі тарихы, қалыптасу жолдары, материалдық және рухани мәдениеті, салт-дәстүрлері қалыптасқан. Ұлттық ерекшелік: тілі, салт-дәстүрі, діні және ұлттық құндылықтарына байланысты өзге елдерден бөлек ажыратылатыны айтпаса да түсінікті. Осы ұлттық өзгешелікті санау атам замандардан бері сақтап келген біздің ата-бабаларымыз Алтайдан Атырауға дейінгі аралықта ұлттық бірегейлікті қалыптасыра білді. Бірақ, қазіргі уақытта жаһандану процесіне байланысты қауіп-қатерлер де бар. Оған төтеп беретін әр ұлттың өзіндік болмысы мықты болуы қажет.
Нуриддинов Отабек