Қазақстанда дәрі-дәрмек құнына бақылау күшейтілді. Тек 2026 жылдың шілдесінде 589 атауым бойынша баға төмендеді. Фармбақылау комитетінде дәрілердің шекті бағасын қалай тексеруге және дәріханалардағы қымбатшылыққа қайда шағымдануға болатынын айтты, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Комитеттің мәліметінше, шілдеде 2,5 мыңнан астам препараттың құны талданған. 1 267 позиция бойынша баға өзгермесе, 589 дәрілік заттың құны төмендеген.

Ведомство бұл процесте цифрландырудың маңызы зор екенін атап өтті, себебі таңбалау жүйесі дәрінің өндірушіден дәріханаға және соңғы тұтынушыға дейінгі толық жолын қадағалауға мүмкіндік береді.

Фармбақылау комитеті дәрі құнын тексеру үшін NAQTY ONIM цифрлық сервисін пайдалануға болатынын еске салды. Қосымшаға кіріп, 2024 жылдың 1 шілдесінен кейін өндірілген препараттың қаптамасындағы Data Matrix кодын сканерлеу керек. Осыдан кейін адамға дәрі, өндіруші, таңбалау және оның жеткізу тізбегі бойынша қозғалысы туралы барлық ақпарат қолжетімді болады.

Сонымен қатар, сервис белгіленген шекті бөлшек бағаны тексеріп, оны дәріханадағы препарат құнымен салыстыруға мүмкіндік береді.

«Қандай да бір бұзушылық анықталған жағдайда, ақпаратты уәкілетті органдардың қарауына жіберуге болады», – делінген хабарламада.

Дәріге артық төлемеу үшін қазақстандықтарға мыналар ұсынылады:

дәрілерді тек лицензиясы бар дәріханалардан сатып алу;

реттелетін дәрілердің шекті бөлшек бағасын тексеру;

бірдей препараттың құнын әртүрлі дәріханаларда салыстыру;

қолжетімдірек генерикалық аналогтардың бар-жоғын сұрау;

түбіртектерді сақтау;

бағаның жоғарылағаны анықталса, Фармбақылау комитетінің аумақтық департаменттеріне хабарласу.

Бұған дейін «Курсив» «СК-Фармация» тегін дәрі алушылар үшін Telegram және WhatsApp-та жаңа сервис іске қосқанын жазған.