Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасын бағалау ережелеріне өзгерістер енгізуді бастады. Ведомство бақылауға алынатын өнімдерді іріктеу тәртібін түзететін бұйрық жобасын қоғамдық талқылауға ұсынды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

«Ашық НҚА» порталында жарияланған құжатқа сәйкес, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасын бағалау ережелерінен нарықтан өнім іріктеу тәртібін реттейтін ережелерді алып тастау ұсынылады. Бұл өкілеттіктерді тәуекелге бағытталған тәсілді ескере отырып, іріктеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органға беру жоспарлануда.

Бұйрық жобасында нарықтан дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды іріктеу Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің № ҚР ДСМ-323/2020 бұйрығымен бекітілген тәуекелге бағытталған тәсілді ескере отырып, сапасы бақыланатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды нарықтан іріктеу ережелеріне сәйкес жүргізілетіні атап өтілген.

Денсаулық сақтау министрлігінде бұл жобаның қабылдануы нарықтан дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды іріктеу кезінде функциялардың қайталануын болдырмауға, сондай-ақ аталған бұйрыққа сәйкес іріктеудің бірыңғай тәртібін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Жобаның қоғамдық талқылауы 15 қыркүйекке дейін жалғасады.