Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген Қарағандыдағы концерттен кейін 700 метр тереңдікке түсіп, кеншілерді кәсіби мерекелерімен жеке өзі құттықтады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Кеншілер күніне арналған, шамамен 250 мың көрермен жинаған концерттен кейін әнші Qarmet компаниясының Костенко атындағы шахтасына барды. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында әсерімен бөлісті: "Жер астына 700 метр тереңдікке түстім, кеншілердің қандай жағдайда жұмыс істейтінін, бұл қаншалықты қиын әрі жауапты еңбек екенін өз көзіммен көрдім. Маған шахтаның жұмысын, жер астындағы адамдардың орнын бақылауға мүмкіндік беретін заманауи қауіпсіздік жүйелері мен позициялау жүйелерін көрсетті. Шахталардың жаңарып жатқаны қуантады. Бірақ ең бастысы - кеншілермен жеке кездесіп, оларды кәсіби мерекемен құттықтау мүмкіндігі болды. Бұл мамандық иелеріне зор құрмет. Сіздердің еңбектеріңіз ерекше құрметке лайық! Кеншілер күні құтты болсын! Мықты денсаулық, амандық және қауіпсіз ауысымдар тілеймін!".

Әртіс жанкүйерлері түсініктемелерде оның бұл әрекетіне тәнті болып, оған денсаулық пен шығармашылық шабыт тіледі. Еске салайық, бұған дейін Димаш қазан айына дейін үзіліс алатынын хабарлаған еді.