Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген әйелдерге қол көтеретін еркектерді қатты сынап, өткір мәлімдеме жасады. Әртіс өз үндеуін Instagram-да жариялады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Постта әнші әйелдерге зорлық-зомбылық көрсетуге жол беретіндердің өздерін еркекпіз деп атауға лайық емес екенін айтты. «Әйелдерді ұрып, бұнымен мақтанатындар, сендер қалай өздеріңді еркекпіз деп атауға батылыңыздар жетеді? Егер жұдырықтарың әйелдерді ұруға ғана жараса, онда сендер еркек емессіңдер, жай ғана жануарсыңдар. Әйелді қорлау арқылы құрметке ие боламын деп ойлау — адамгершіліктің шегінен шығу», — деп жазды Димаш.
Жанкүйерлер әртіске түсініктемелерде қолдау білдірді. «Толығымен келісемін», «Бәрі дұрыс айтылған», «Әр қазақ жігіті Димаштай болсын», «Рахмет саған, бауырым, осы пост үшін. Егер бәрі сендей болса, сенің отбасыңдай болса», «Егер барлық еркектер сендей болса, біздің планета жұмаққа айналар еді», — деп жазды желі қолданушылары.


