Журналист Жанар Байсемиз өзінің YouTube-арнасында «зікіршілер» деп аталатын діни қауымдастықтың бұрынғы мүшелерімен сұхбат жариялады. Олардың бірі Қазақстанда белгілі діни қайраткер саналатын қауымдастық басшысы туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Подкаст қатысушысының айтуынша, қауымдастық басшысы жасөспірімдерді азғырған. Сұхбатта ол кәмелетке толмаған баланы жыныстық сипаттағы әрекеттерге мәжбүрлегені, ал бас тартқан соң жасөспірімге қорқытуға көшкені айтылады. Сол подкаст қатысушысы бұл бір ғана оқиға немесе бір ғана жасөспірім туралы болмауы мүмкін деп болжады.
NUR.KZ тілшісіне Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жарияланымда баяндалған мәліметтер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, оның аясында болған жайттың барлық мән-жайы тексерілуде.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етуге жатпайды.


