Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жолдары

Экстремизм – әр уақытта әр қалай көрініс беретін өте күрделі құбылыс.

Ал «терроризм» ұғымына қатысты көптеген анықтамалар мен түсіндірмелер болғандықтан, жұртшылыққа ортақ анықтама беру қиынға соғады. Алайда, оның «зорлық зомбылық», «қорқыныш пен үрейтуғызушылық»  және кінәсіз адамдарға кесір тигізу сынды басты белгілерін айқындай кетуге болады. Бұған негіздесек, терроризм – үкімет немесе қоғамды белгілі бір саяси талаптарды  қабылдауға мәжбүрлеу мақсатында жүйелі түрде жасалатын қоқан лоққы мен зорлық зомбылық деуге болады. Ендігі кезекте экстремизм мен терроризмнің алдын алу жолдарына тоқталсам.

Экстремизмге қарсы күрестің бірден-бір жолы – олар туралы өз уақытында шынайы мәлімет беру. Бұл жерде, әрине, күнделікті  ақпарат құралдарының рөлі өте жоғары. Әйтсе де, жасөспірім балалар үшін ақпарат құралдарының беретін мәліметі де жеткілікті емес. Жат ағымдардың, экстремистік топтардың қаупі туралы жастарды көбірек хабардар етіп отыру қажет. Ол үшін барлық мектептерде дінтану сабағымен қоса мамандар қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, онда экстремистік топтардың қаупі туралы жастарды көбірек хабардар етіп отыру қажет.  Ол үшін барлық мектептерде дінтану  сабағымен қоса мамандар қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, онда экстремистік топтарды, тоталитарлық  секталарды қалай білуге болатынын түсіндіру қажет. Олардан қалай сақтанудың жолын көрсетіп отыру керек.

Жас ұрпаққа рухани тәрбие беріп, діни сауатын ашу үшін барлық жағдайды жасадық  деп айта аламыз. Тәрбие жүйесінде ойланып- толғанатын, толықтыратын жайттар көп. Рухани тәрбиеге тиісінше мән берілмеген. Міне, осының салдарынан рухани тұрғыдан таяз жаңа ұрпақ өсіп жетілді. Діни сауаты жоқ, рухани тәрбиеден жұрдай жастарды әлдекімдер алдап-арбау арқылы санасын роботқа айналдырып, өз мақсаттары үшін пайдалануда. Террорлық әрекетке барып жатқандар мешіт жамағатынан шыққан, діндар жандар емес. Діндар кісілер мұншама жауыздық әрекетті жасай алмайды.  

Жанкештілікке көбіне діни сауаты жоқ адамдар барады. Ислам діні – террорға, зорлық – зомбылыққа, бейбіт жандарға күш қолдануға қарсы. Сондықтан мұсылман баласы жаппай біріге күрессе, терроризм мен экстремизмнің алдын алуға болады.  

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Философия және Саясаттану факультеті
Дінтану мамандығының 3 курс студенті: Жармұхаметқызы ӘсеМ
Жетекшісі: Мұқан Нұрзат
Практика жетекшісі: Әскенұлы Елнұр


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама