Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен әкелініп, Қазақстанда уақытша есепте тұрған көлік иелері бес жылдық мерзім біткен соң оның тағдырын шешуге мәжбүр. Бір нұсқа — уақытша есептен кейін көлікті 200 мың теңгеге бастапқы тіркеу арқылы заңдастыру, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Уақытша тіркеу мерзімі бес жылды құрайды, сондықтан осы схема бойынша рәсімделген алғашқы жеңіл көліктер, шағын автобустар мен жеңіл жүк көліктері 2028 жылдың жазында шекті мерзімге жетеді.
Бес жылдан кейін не істеу керек
Көлік иесі оны Қазақстаннан шығара алады немесе елде тұрақты есепке қоя алады. Екінші нұсқа үшін мыналар қажет:
көлікті уақытша есептен шығару;
оны бұрынғы есепке алынған елде тіркеу мәселесін шешу;
уақытша тіркеуден кейін заңдастыру рәсімінен өту.
Бастапқы тіркеу алымы 200 мың теңгені құрайды, бұл ретте утильсбор алынбайды. Қосымша тіркеу куәлігі мен мемлекеттік нөмір белгілері үшін төлеуге тура келеді. Жеңілдік мөлшерлемесін қолдану үшін көлік арнайы режим талаптарына сай болуы тиіс. Атап айтқанда, үкіметтің №13 қаулысының талаптарына сәйкес келетін көліктер туралы айтылып отыр.
Тіркеу мерзімі біткен соң не болады
Уақытша есеп мерзімі аяқталған соң куәлік күшін жояды. Жаңа құжаттар рәсімделгенге дейін мұндай көлікті Қазақстан аумағында пайдалануға болмайды. Тіркелмеген көлікті басқарғаны үшін 10 айлық есептік көрсеткіш (2026 жылы 43 250 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады, ал көліктің өзі бұзушылық жойылғанша арнайы тұраққа қойылуы мүмкін.
Осылайша, 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген көлік иелері уақытша тіркеу мерзімі қашан бітетінін алдын ала тексеріп, одан әрі қандай нұсқаны таңдайтынын шешкен жөн.
Бұған дейін «Курсив Авто» Қазақстанда ЕАЭО-дан әкелінген көліктердің уақытша тіркеу мерзімі бітіп келе жатқанын хабарлаған.


