Солтүстік Қазақстан облысындағы элеваторда екі жұмысшы зардап шекті, олардың бірі қолынан айырылды. Оқиға 3 қыркүйекте Дубровное ауылында болған, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Halyqstan Telegram-арнасының мәліметінше, 43 жастағы ер адам аяғынан ауыр жарақат алған. Оның әріптесі көмекке ұмтылған кезде механизм оны да жарақаттаған. Екі зардап шеккен де ауруханаға жеткізілді, жағдайлары тұрақты ауыр деп бағалануда.
1983 жылы туған жұмысшы ашық сынықтар алған, оған ота жасалған. Оның 41 жастағы әріптесінің оң қолы ампутацияланған.
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растады. Ведомствоның мәліметінше, 3 қыркүйекте астық кептіргіш жабдығының элементінде жұмыс істеу кезінде жұмысшылардың бірі аяғынан жарақат алған. Оған көмек көрсетуге тырысқан кезде екінші жұмысшы да жарақаттанған. Екеуі де медициналық мекемеге жеткізілген.
Осы факті бойынша еңбекті қорғау ережелерін бұзу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.


