Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Есте сақтау қабілетінің қызметі мен оны дамыту жолдары

СҚО Петропавл  қаласы
«№7 орта мектеп» КММ
Мектепалды  даярлық  сынып  тәрбиешісі
Кишкентаева Венера Ерсаиновна

«Таяудағы 2-3 жылда дуальдік, техникалық және кәсіптік білім берудің ұлттық жүйесінің негізін қалыптастыру керек», – деп, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, ендігі ең үлкен, жауапты мақсат білім ордаларына қатысты болып отыр. Ол мақсат, мүдденің бірі-12 жылдық білім жүйесіне көшу. Жаңа білім жүйесі мектеп пен мұғалімдер алдында тұрған негізгі мәселелерді анықтауда жаңа мазмұндағы білім жүйесін мектеп өміріне енгізуді қажет етеді.

Қазіргі уақытта осы жаңа жүйе бойынша көптеген жұмыстар нақтыланып, маңызды істер тындырылуда. Әрбір мектеп алдында жеке тұлғаның ерекшеліктерін ескере отырып, шығармашылықпен ойлай алатын жеке тұлғаны қалыптастыру мақсаты тұр. Осыған орай бүкіл әлемде білім беру жүйелерінің келешек ұрпаққа қандай білім беретіні туралы мәселе қайта қаралуда. «Оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс»-деп  атап көрсеткендей, қазіргі таңда елімізде жаппай білім беру мазмұны жаңғыртылуда. Білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасы сабақ берудің  әдіс-тәсілдерін, мұғалімдердің педагогикалық  шеберліктерін жетілдіреді. Аталмыш бағдарламаның басты мақсаттарының бірі – баланың оқыта отырып, ой еркіндігін, белсенділігін, ізденімпаздығын қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру жүйесін енгізді.

«Білім негізі бастауышта» демекші, білім берудің алғашқы сатысы – бастауыш білім. Сондықтан баланы бастауыш сыныптан бастап шығармашылықпен ойлауға, өз бетімен шешім қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға үйрету қажет. Оларды  шығармашылық бағытта  жан-жақты дамыту - бүгінгі күннің басты талабы. Бұл бізден тәрбиешілерден өнімді жұмысты талап етсе, балалардан сол бастауыш сынып оқушысына лайықты тұлғаны талап етеді. Ол дегеніміз, балалардың алған білімдерін меңгеруі үшін көп еңбекті  қажетсіндіреді. Оны жүзеге асыру жолдары балалардың есте сақтау қабілетін дамытуға септігін тигізетін оқу үдерісін ұйымдастырудың  тиімді әдіс-тәсілдерін ұсынуды міндеттейді. Яғни, оқу тәрбие барысындағы балалардың есте сақтау қабілетін дамыту, сол арқылы қарым-қатынас жасай білуге үйрету өзекті мәселені танытады.

Адамның есте сақтау қабілетінің мәні мен маңызы ерекше ғой. Мектеп қабырғасында тиісті бағдарламаны балаға меңгеріп, білімі мен білігін дамыту үшін оның есте сақтау қабілетіне жүк те артып отыр. Осы орайда есте сақтау қабілетінің жұмысын жеңілдету үшін, мәліметтерді есте сақтаудың тиімді әдістері мен тәсілдерін меңгеру қажет.

Баланың кез келген іс-әрекеті оның жұмыс істеу әдіс-тәсілдеріне тікелей байланысты болады. Қолданылатын әдістің тиімділігі оның нәтижелілігінің кепілі болады. Егер есте сақтау қабілетін іс-әрекет деп танысақ, онда сәйкесінше қандай да бір мәліметті есте сақтауға  септігін тигізетін арнайы іс-әрекетке байланысты әдіс-тәсілдерді меңгер  қажет болады. Әрбір саналы адам мақсатты түрде есте сақтау қабілетін дамытуға бағытталған әдістерді меңгерсе, өзінің есте сақтау жадын тиімді әрі рационалды түрде дамыта алатындығы ғылыми түрде дәлелденген.

Бала мектепалды даярлық сыныпқа келген кезде оқуға үйрету үшін, әуелі сөйлемдерді сөздерге, сөзді буындарға, буынды дыбыстарға бөлу жұмыстарын атқарады. Бұл мезгіл, талдау кезеңі болып есептеледі. Осы кезеңде бала тек дыбыстарды ажыратуға ғана  үйренбейді, оларды  буынмен оқып жаттығуға ерекше көңіл бөледі. Егер бұлай жасамаса сөздерді, сөйлемдерді оқып үйрену көпке созылып кетеді. Ал  жаттығуды бірнеше жасағаннан кейін бала қайтадан топтау кезеңіне көшіп, дыбыстардан буын, буындардан сөз, сөздерден сөйлем  құрастыру әдістері арқылы оқиды. Әрине, бұл кезеңде бала мәтінді бірден оқып кете алмайды. Тек соңғы кезеңде бала біраз жетістікке жеткесін, дағды автоматтануға айналады.                                           

Қорыта келгенде қажырлы еңбек барысында есте сақтау қабілеттің дағдылары бірнеше бөліктерден тұратынын анықтаймыз:

- Белгілі бір мәліметті тез есте сақтауға көмектесетін бейнелі шартты белгілер болуы тиіс. Мысалы, «Мнемотехника» әдісінің Мнемотаблицамен жұмыс тәсілі, дыбыс және оның әріп таңбасын, әңгіме мазмұнын есте сақтап, оны сол шартты белгілерге қарап толық мәлімет беруге оңтайлы.

- Есте сақтаған мәліметтерді бейнелі образдарға айналдыру қабілетінің  болуы; Бұған мысал ретінде, «Ассоциация» әдісін дәлел ретінде алуға болады.

- Мәліметті ұзақ уақыт бойы есте сақтау дағдысын қалыптастырып, қажетінде еске түсіртетін зейін тұрақты болуы тиіс;

- Жадымызда мәліметтердің байланысын есте сақтау үшін көмек көрсететін тірек образдар жүйесі болуы тиіс.

Білім саласына түрлі технологиялар енгізілуде. Сол технологиялардың ішінен өзімізге қажеттісін таңдап, оқу қызметінің әр кезеңінде тиімді  қолдана білу қажет. Қазіргі кезде мектепетер интерактивті тақталармен жабдықталған. Сол аталмыш техникада дидактикалық материалдарды  қамтамасыз етіп, балалардың қызығушылық қабілеттерін ашып сөздің  айтылуын, оқылуын, жазылуын, суретті интерактивті тақтаға шығарып  қойсақ, оны  өру арқылы, тыңдау арқылы есте сақтап қалу қабілеттерін жақсы дамытуға болады. Психолог ғалымдардың айтуынша: «Көрнекіліктерді қолдану мидың қабығында қосымша тітіркендіргіштердің пайда болуына ықпал жасап, есте сақтау қабілетін нығайтады  екен».

Есте сақтау қабілетін тұрақтандыру үшін қарапайым қағидаларды да ұстанған дұрыс. Ғалымдар есте сақтаудың бірнеше жолдары барын  мәлімдеді. Мысалы, бос уақытта сурет салу есте сақтауды жақсартады екен. Бұл жерде суреттің сапасы мен көркемдігі маңызды емес, бастысы - сурет ойды тынықтырады. Ойдың тынығуы есте сақтау қабілетін жоғарылатады. Көзге арналған жаттығулар да естің дамуына  пайдалы. Егер таңертен күнде 30 секунд жаттығу жасап отырса, есте сақтау қабілетіміз 10%-ға  жақсарады. Бұл да ғалымдармен  дәлеледенген.

Сөзжұмбақтар, ойша санау, логикалық сұрақтарды шешу, өлеңдерді жаттау, шет тілдерін меңгеру - миды жұмыс істеуге арналған ең тиімді  әдістер болып саналады.

Жалаң аяқ жүгірудің өзі есте сақтау қабілетіңді жақсартады. Себебі, адам жалаң аяқ жүрген кезде, аяғын жарақаттап алмайын деп  айналасына барлай  арап жүреді емес пе, мұндай сәтте ми да белгілі бір қызмет атқарады. Ол қызметтер есті жақсартуға көмектеседі екен. Келесі тәсіл – жазу. Қазіргі кезде қолмен жазу қалып келеді. Көбінесе біз пернетақта көмегімен жұмыс жасаймыз. Дегенмен, есте сақтау  қабілетімізді жақсарту үшін бір ауық қолға қалам алып, жазу жазып та тұру өте қажет.

Жаңа зерттеулер дәлелдегендей, жаттығу кезінде салмағы ауыр заттарды көтерген кезде есте сақтау 20%-ға  жақсарды делінген. Биікке  өрмелеу, шыңға шығу мен ағашқа өрмелеу де есте сақтау қабілеті үшін пайдалы. Себебі, тепе-теңдікті сақтау арқылы жады жұмысы  жақсара түседі екен.

Бір сөзбен айтар болсақ, миды үнемі жұмыс істетіп тұру қажет.

Сөзімнің соңында ес туралы мынадай метафораны айтқым келеді: Есті кішкентай және әлсіз, сабырлы және тыныш, мүмкін үлкен және мықты өсіп,  дамып келе  жатқан ағашпен салыстыруға болады (немесе орманмен де). Ал, енді қандай ағаш өсіретініміз - ол өзімізге  байланысты.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама