Ғ. Мүсірепов «Боранды түнде» әңгімесі
Ғ. Мүсірепов «Боранды түнде» әңгімесі
Әдебиет 7 - сынып
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ғ. Мүсіреповтың «Боранды түнде» шығармасының мазмұнымен тереңірек таныстыру, әңгіменің тақырыбы мен жазушының идеялық мұратын мәтінге сүйене отырып ашу. Шығарманы әдістермен талдау арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ұштау;
Дамытушылық: Мәтіннің танымдық сипатын, құрылымдық бөліктерін өздері байқап алатын, түсіне алатын нәтижеге жеткізу, көркем мәтінмен жұмыс істей білу дағдысын жетілдіру;
Тәрбиелік: Жазушының шығармасын оқи отырып, оқушыладың елін сүюге, салт - дәстүрін қадірлеуге, инабаттылыққа, адамгершілікке, адалдыққа, ізгілікке баулу.
Сабақтың түрі: Білімді бекіту сабағы.
Сабақтың әдіс - тәсілі: Сұрақ - жауап, талдау, жинақтау, шығармашылық жұмыс, мәтінмен жұмыс, мозайка әдісі, аквариум әдісі, концептуалдық кесте әдісі, кір қыстырғыш әдісі, жуан және жіңішке сұрақтар әдісі, алты қалпақ әдісі, фишбоун әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: Ғ. Мүсіреповтің портреті, слайд, кеспе қағаздар, плакат, интербелсенді тақта.
Пәнаралық байланыс: Музыка, қазақ тілі.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушыларды тексеру;
б) Сынып бөлмесінің сабаққа даярлығын қадағалау;
в) "Молекула" ойыны арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:"Кір қыстырғыш" әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау.
• Жалпақ балуан кім?
• Қырық жігіт пен Жалпақты тізе бүктірген қандай күш?
• Жер - Ана туралы не айта аласыңдар?
• Дүниеде не қымбат?
• Ананы қай кезден бастап іздейсің?
• Ананың махаббаты қандай?
• Сенің ең жақын досың, ұстазың кім?
• Сендер алысқа кеткенде ең бірінші кімді сағынасыңдар?
ІІІ. Білімді бекіту сабағы: Табиғат әуені арқылы ой шақыру.
Ызғарлы әуен.
Мұғалім сөзі: Оқушылар, Ғ. Мүсіреповтың қай шығармасында бұл табиғат құбылысы суреттеледі? Ендеше әңгімені талдауға кірісейік.
Оқушыларды топтау әдісі: асық таңдау.
Топтарды таныстыру.
1 - топ: Жасыл қалпақтар.
2 - топ: Сары қалпақтар.
1 - тапсырма: "Алты қалпақ" әдісі арқылы тапсырмалар орындау.
Көк: Әңгіме кімнің атынан баяндалады? (Автордың)
Қызыл: Әңгімеге қандай оқиға негіз болады? (Қызды алып қашу)
Жасыл: Әңгімеге сендер басқаша қалай ат қояр едіңдер?(Алып - қашу операциясы)
Сары: Неге Қайсар Күреңтөбелден айырылғысы келмеді?(Жалғыз тұяғы астындағы көлігі )
Қара: Қайсар қалыңдығын алып қашуға неге мәжбүр болады?(Шарасыздықтан)
Ақ: Мәселені басқа жолмен шешуге болмас па еді?
(1. Ұлттық құндылықтарды сақтап, Күреңтөбелді қалың малға беру.
2. Бекбергеннің теріс пиғылына қарай Қайсардың есерлігі орынды.)
2 - тапсырма: "Фишбоун" әдісі арқылы Ғ. Мүсіреповтың "Боранды түнде" әңгімесін талдау.
3 - тапсырма: "Концептуалдық кесте" әдісі арқылы қыздар мен ұлдар жекешелендіре отырып, кейіпкерлерге баға беру.
4 - тапсырма: "Мозайка" әдісі арқылы тіл ұстарту.
1. Қыс туралы мақал - мәтел айтыңдар.
• Қыс арбаңды сайла.
Жаз шанаңды сайла
• Жаздың қамын қыс ойла,
Бір ойлама, үш ойла.
2. Махаббат туралы мақал - мәтел айтыңдар.
• Махаббат - өмір көркі.
• Әркімнің мінген аты - өзіне тұлпар, әркімнің сүйген жары - өзіне сұңқар.
3. Ана туралы мақал - мәтел айтыңдар.
• Ана алақанының аясы,
Ақ шынардың саясы.
• Ананың алақаны балаға айдынды қоныс.
4. Қыз туралы мақал - мәтел айтыңдар.
• Ақылды қыз білімге жүгірер, Ақылсыз қыз сөзге ілігер.
• Отырған қыз орнын табады.
5. Жылқы туралы мақал - мәтел айтыңдар.
• Жақсы атқа бір қамшы,
Жаман атқа мың қамшы.
• Жомарт жоқтығын білдірмейді,
Жүйрік ат тоқтығын білдірмейді.
6. Ит туралы мақал - мәтел айтыңдар.
• Әр таудың түлкісін, әдісін білген тазы алар.
• Жақсы ит өлімтігін көрсетпес.
7. Достық туралы мақал - мәтел айтыңдар.
• Досы жоқпен - сырлас, досы көппен - сыйлас.
• Адамзатта не тәтті: аста - тұз тәтті, адамда - дос тәтті.
8. Жігіттік туралы мақал - мәтел айтыңдар.
• Жігіттің түсін айтпа, ісін айт.
• Ел мақтаған жігітті қыз жақтаған.
5 - тапсырма:"Аквариум " әдісі. Хат арқылы шеңбер ішінде ситуация жасыру.
1 - топ: Кімнің сөзі? Қай кезде айтылды?
• Әлгі қайын атам болмай кеткір...
(Қайсардың сөзі, баланың үйіне келген кезде айтады)
• Бала дегенде үлкенірегі кісі есігінде, Иміштің үйінде...
(Әке сөзі)
• Ұйқың келсе, ащы құрт же, қарның ашса кәмпит же...
(Бәден апайдың сөзі)
2 - топ: Кімнің сөзі? Қай кезде айтылды?
• Біз қыз алып қашуға шығып едік...
(Баланың сөзі. Қадырдың үйінде.)
• Інішегім, атың шабандау білем...
(Кәменнің сөзі. Ауылға келе жатқанда айтады)
• Сен бе, ей! - дейді.
(Кәменді алып келгендегі Қайсардың сөзі)
6 - тапсырма:"Жауан және жіңішке сұрақтар" әдісі арқылы оқушыларға сұрақтар қою.
1 - топ:
1. Ғабит Мүсірепов 1902 жылы дүниеге келген бе? (Иә)
2. Қайсардың кәсібі қандай? (Мал шаруашылығы)
3. Әңгіменің күлкілі тұстарын айтыңдар.
2 - топ:
1. Ғабит Мүсірепов Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген бе? (Жоқ)
2. Юмор дегеніміз не?
3. Ғабит Мүсірепов операға либретто жазды ма? Қандай? (Қыз Жібек)
7 - тапсырма: Сөзжұмбақ шешу.
1. Әңгіменің авторы кім?
2. Қайсардың қалыңдығы
3. Қыз алып қашу операциясы кімнің кесірінен сәтсіз аяқталды?
4. Қасқырдың терілері қайда үйіліп жатыр?
5. Қайсардың қимасы
6. Қайсардың қимасы жеті қазынаның бірі, Қайсардың сенімді серігі
Жауаптары:
1. Мүсірепов
2. Кәмен
3. Өсекші
4. Шошала
5. Күреңтөбел
6. Көкдауыл
Сергіту сәті:"Тыныс алу" тренингі.
IV. Сабақты бекіту: Кластер арқылы сабақты бекіту.
V. Үйге тапсырма:
1 - топ: Салт - дәстүрлерге байланысты ұғымдарға түсініктеме беріңдер.
1. Баланы сүндетке отырғызу;
2. Қыз айттыру;
3. Қалың мал беру;
4. Қыз алып қашу;
5. Ұзатылар қыздың қоштасуы;
6. Бата беру;
7. Келіншектің қайын інісіне ат қоюы;
8. Аңшылық.
2 - топ: Түсіндірмелі сөдікпен жұмыс. Мына сөздердің антонимдерін табыңдар.
1. Боқмұрын;
2. Оттамасын;
3. Иттің ғана баласы;
4. Қатын;
5. Өсекші.
VI. Бағалау: Түрлі - түсті шарлар арқылы бағалау.
Ақмола облысы, Көкшетау қаласы,
№22 негізгі жалпы білім беретін мектептің
қазақ тілі және қазақ әдебиеті мұғалімі
Аргунбаева Арай Сайранқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.