Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Ғабит Мүсірепов "Ананың анасы" әңгімесі
Маңғыстау облысы,
Бейнеу ауданы. Күйкен орта мектебі
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Салтанат Байманова

Қазақ әдебиеті 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Ғ. Мүсірепов «Ананың анасы» әңгімесі
Сабақтың мақсаты:
а) «Сөз зергері» аталған Ғ. Мүсіреповтің өмірі мен шығармашылығы туралы оқушылардың таным, білім көкжиегін кеңейту, шығарма мазмұнын ұғындыру;
ә) оқушыларды мейірімділікке, анасын сүйіп құрметтеуге, ананы сыйлап, қадірлей білуге тәрбиелеу, дүниедегі жақсылық атаулының бәрі күннің нұрынан, ананың мейірімінен тарайтынын ұғындыру;
б) оқушының өз бетінше салыстыра білу, зерттеу, қорытынды, тұжырым жасаудағы машығын дамыту, ой – өрісін, сөздік қорын, ой қабілетін арттыру;
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, іздену, бес жолды өлең, топтастыру.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, үнтаспа, кеспе қағаз, плакат.
Пәнаралық байланыс: география, тарих, ән, қазақ тіл.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру.
Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Топқа бөлу.
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын пысықтау
1. Мазмұндамаларының бағаларын тексеріп, қателері мен мазмұндалуы туралы айтып өтемін.
2. С. Мұқанов «Саятшы Ораз» әңгімесі бойынша сұрақ – жауап арқылы бекіту.
1. Әңгімеде жазушы Оразда қандай адам деп суреттейді?
2. Ораздың отбасы мүшелері кімдер?
3. Ораз қандай құстарды баптады?
4. Намыс пен борыш кімнің сөзінде айтылады?
5. Ораздың әңгімесінің тақырыбы не туралы?
6. Мұқан неліктен күйеу баласының ауылына барады?

III. Қызығушылығын ояту.
Ананың махаббаты

баласын жақсы көруі
ерекше нәзік сезім
балаға деген жүрек жылуы

Ананың тілі

жылы сөзі
еркелетіп айтуы
мейірімді сөйлеуі

1. Дүниеде не қымбат? 2. Ананы қай кезден бастап іздейсің?
3. Ананың махаббаты қандай? 4. Сенің ең жақын досың, ұстазың кім?
5. Сендер алысқа кеткенде ең бірінші кімді сағынасыңдар?
Осындай сұрақтарды қоя отырып жаңа тақырыпты ашамын.

IV. Жаңа сабақты түсіндіру.
Ана,
Сен бақыттысың,
Жыламағын!
Жай түсіп жатқанда да құламадың,
Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның
Сондықтан жыламағын, жыламағын! – деп
Мұқағали Мақатаев жырлап өткендей, бүгінгі жаңа тақырыбымыз Ғ. Мүсірепов «Ананың анасы» әңгімесі.

Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы Жаңажол ауылында шаруа отбасында 1902 жыл 22 наурызда дүниеге келді. Тоғыз жасқа дейін ауылында хат таниды. 1916 – 1921 жылдар аралығында қазақ – орыс мектептерін оқып бітіреді.
Ғ. Мүсірепов

жазушы
драматург
әдебиеттанушы
киносценарист
қоғам қайраткері
көркем сөз шебері
академик

«Ананың анасы» әңгімесінің мазмұны Соқыр Әйтілес қарттың әңгімесі болатын. Жалпақ балуанға еріп, Ергенектің елін шабуға аттанды. Бала бидің батыры Жалпақ балуан Ергенекті елінің екі рет шабуылдағанын. Бірінде өзі тоналып, бірінде оның қалыңдығын алғанын айтады. Сәресенбінің сәттісінде Жалпақ балуан жауға аттанады. Жолшыбайлап жылқысын төркеріп келе жатқанда, бота көзді тезек теріп жүрген бір қызды көреді де, «Сауға» деп атына салып алады. Артынша аттарды алғаның алған, жылқышының қызында нең бар, дейді – әкесі. Жалпақ Кейкіге ым жасайды. Әкесінің көкесін танытады. Аралдың басындағы бір төбеден әйел бәрін шақырады. ОЛ өзін – әйел деп таныстырады. Қолынан қыз шапшып шығып кетіп, шешесінің жанына барады. Сонар деген арбакештің қызымын, Байсары деген бай, онан соң өздерің шапқан Сары байдың қолына түстім, бәйгіге тігіліп деп басынан кешкенді айтып береді. Қызының өмірі өз өмірін қайталамауды сұрап Жалпақ балуанға түсіндіреді. Ол ананың сөздеріне жібіп босатады. Жанай балуан ылғи – шіркін, әйелдің де, әйелі еді деп айтушы еді деп сөзін аяқтады қарт.
Әңгімедегі кейіпкерлер: Әйтілес, Жанай балуан, Жалпақ балуан, Бала би, Кейкі, Ана, қыз, Сонар, Байсары, Күлтеке, Сары, Қайрақ.

V. Шығарманың құрылысы.
Басталуы. Соқыр қарт Әйтілестің әңгімесі.
Байланысуы. Жалпақ балуанның Ергенекті елін шабуға аттануы.
Шиеленісуі. Барымта. Тезек арқалаған жас қызды олжалау.
Шарықтау шегі. Ананың құдіреті. Кейкінің үкімі.
Шешімі. Жалпақ балуанның Ана мен қызына бостандық беруі.

VI. Топпен жұмыс.
Шығарманың тілдік ерекшеліктерін тап.
I топ. Әйтілес тобы
Портрет – әдеби кейіпкердің сыртқы бітімін, кескін – келбетін, бой – тұлғасын, жүріс - түрысын суреттеу.
Әйтілес – аппақ, ақ қарбас, соқыр балуан бармақты,
Ана – Бейшараның боз көйлегі жырым – жырым. Қолдары қарғаның тұяғындай қап – қара. Ерні қырық тілінген, жарық – жарық. Бірақ түйілген түйілген қабағынан, от жанған көзінен жаның шошырлық.
Жалпақ балуан – жауырыны қақпақтай, жұдырығы тоқпақтай, сыртынан қарағанда құйған пештей.
Ананың портретін тауып оқу.

II топ. Бала би тобы.
Пейзаж – Көркем әдебиеттегі табиғат суреті.
Жалпақ жаз, сай – салада сағым ойнаған саршаның тамызы. Саяз жайлаудың жан – жануарлары көлге тығылып қана сая табады, Күннің көзінің өзі де күн ұзағына көлге шомылып жанын сақтайтындай.
Табиғат дегеніміз не?
Метафора (грек. ауыстыру, алмастыр, қайтадан атау.)- қара таңба бір қара көрінді,
Эпитет – заттың құбылыстың сипатын, сапасын айқындайды.
кең өмір, сарғылт көңіл, жалпақ жаз, ескі күндер, қалың жылқы, найза бойы, шаңқай түс
III топ. Жалпақ балуан тобы.
Теңеу – затты не құбылысты екінші зат құбылыспен салыстыру.
іркіт сабасындай, жауырыны қақпақтай, жұдырығы тоқпақтай, оқтаудай ойнау, ұршықтай ойнау, етектей сақалы
Тұрақты тіркес – бірнеше сөздің бір мағына беруі.
ат құлағында ойнау, болат жүрек, көз салу, тірегі сынбау, қанаттан қан жау.
Географиялық атаулар – Үркер, Шолпан

IV топ. Байсары тобы.
Антонимдер – қарама – қарсы сөздер.
сұрақ – жауап, оң – сол, өлі – тірі, ашу - жұму
Десфемизм – жағымды сөзді, жағымсыз қылып көрсету.
қар қатын, байым өліп.
Көнерген сөз – қоғам дамуына орай қолданыстан шығып қалған сөздер.
жабағы, күпі, тоқым, құл, күң, барымта.

VII. Шығармашылық жұмыс.
І топ. Табиғат ананы топтастыру.
Дүниеде екі ана бар. Бірі - табиғат ана, екіншісі - адамның анасы. Сол табиғат құдіреттерін анамен қоса айтамыз. Неге? Ол қандай құдірет?
Өз анамыз
Жер - Ана
Су - Ана
Ауа - Ана
Отан – Ана

II топ. Бес жолды өлең жазу.
1. Зат есім (бір сөз) - Ана
2. Сын есім (екі сөз) - мейірімді, қамқор
3. Етістік (үш сөз) – мәпелейді, өсіреді, тәрбиелейді.
4. Үстеу ( төрт сөз) – шырылдап жерге түскен кезде
5. Түйін сөз (бес сөз) – Ана - ақылшың, ұстазың, досың, қамқоршың.

ІIІ топ. Ана туралы мақал - мәтел жазайық.
1. Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада.
2. Ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді.,
3. Ақ шашты ана:
«Жастығым — балам» дейді.
Ақылды бала:
«Ай - күнім — анам» дейді.
4. Ана алдында — құрмет,
Ата алдында — қызмет.
Ақ жаулығы ананың —
Ақ көрпесі баланың.
5. Ағайын — алтау,
Ана — біреу.
6. Ана алақанының аясы —
Ақ шынардың саясы.
7. Анаңа ауыр сөз айтпа!
Атыңа ауыр жүк артпа!
8. Ана сүтін ақтамағанды
ешкім мақтамайды.

IV топ «Әлемдегі асыл жан» деген тақырыпқа ой - толғау жазайық.

VIII. Сабақты бекіту.
Сөзжұмбақ шешу арқылы жаңа сабақты бекітемін.
Жұмбақтың шешуі табылғанда, әңгіме кейіпкерінің есімі шығады.

1. Ана өзін Жалпақ балуанға кім деп таныстырды?
2. «Әйелдің де, әйелі» - деп баға берген кім?
3. Сарыбайға әйелді бәйгіге берген кім?
4. Жалпақ балуанмен Ергенекке барған кім?
5. Ергенек еліне бара жатқанда Жалпақ балуан мен Кейкі қайда түнейді?
6. Әйел Жалпақ балуанға қай елге сәлем айт деді?
7. Әйелдің әкесінің есімі кім?

Қорытынды: Оқушылар, қай заманда да ана бейнеті ауыр. Түн ұйқысын төрт бөліп, асырап - бағып жеткізген ата - анасын жалғыз қалдыру не болмаса қарттар үйіне өткізу деген қазақ тарихында болмаған. Өмірде кездесіп жататын осындай келеңсіз жағдайлардан аулақ болыңыз, аналарыңның өлшеусіз еңбегін бағалап, мәңгілік қамқор болып өтіңдер.
Ана керек, о адамдар ана керек адамға,
Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда.
Пікірімді ұнатпаған, таптық па дер дананы,
Даналықтың қажеті жоқ, сыйлау үшін баланы. – деп Т. Айбергенов жырлап өткендей, аналарымызды қашанда сыйлап жүрелік.

IX. Үйге тапсырма
1. «Ананың анасы» әңгімесі туралы мазмұндау.
2. «Ананың ұлы махаббаты» туралы қазіргі кезеңмен байланыстыра отырып ойтолғау жазып келу.

X. Бағала
Оқушылардың жауаптарына, сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама