Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Ғарыштағы жер серіктер

Жердің жасанды серігі (ЖЖС) — Жер төңірегіндегі орбитаға шығарылып, әр түрлі ғылыми және қолданбалы мәселелерді шешуге арналған ғарыштық аппарат. Дүние жүзіндегі ең тұңғыш ЖЖС КСРО-да 1957 жылы 4 қазанда ұшырылды. 1958 жылы 1 ақпанда орбитаға тұңғыш америкалық ЖЖС — “Эксплорер-1” шығарылды.

Ең алғашқы жердің жасанды серігі

Кейінірек өз ЖЖС-терін басқа елдер де ұшыра бастады:

  • 26.11.1965 — Франция (“А-1” серігі)
  • 11.2.1970 — Жапония (“Осуми”)
  • 24.4. 1970 — Қытай (“4 айна-1”)
  • 28.10.1971 — Ұлыбритания (“Просперо”)
  • 18.7.1980 — Үндістан (“Рохини”)

Канада, Франция, Италия, Ұлыбритания, т.б. елдерде жасалған кейбір серіктер 1962 жылдан бастап америкалық тасығыш ракеталардың көмегімен ұшырылды.

АҚШ, Ресей және бірнеше мемлекет ғарыштағы жер серіктері арқылы әлемдегі көптеген нәрсені көре алады. Жер серіктер қаншама шақырым биіктіктен үйдегі шыны аяқтың суретін түсіріп, тиісті жерге жеткізе алады.
Мысалы, 1990 жылы 2 тамызда Ирактың Кувейтке шабуыл жасауынан бұрын жасақтардың әрекеттерін АҚШ жер серіктермен анықтаған. Ұшақтардың түрі, ұшуы, жағдайы, атом бомбасын сынау сияқты әрекеттер де жер серіктерімен әрдайым бақыланып отырады.

Ең жақсы дамыған радарлармен жердің 100 м, теңіздің 500 м тереңдігі зерттеледі. АҚШ-тың мұхиттар үстіндегі жер серіктері кез-келген сәтте әлемнің барлық жерін ұдайы бақылай алады. Жер серіктер алдымен іздеп табады, сосын танысады, толық мәлімет пен фотосуретін алады.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама