Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 8 сағат бұрын)
Ыбырай Алтынсарин «Өнер білім бар жұрттар», «Жаз»
Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин «Өнер білім бар жұрттар», «Жаз»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Білім алушыларға Ы. Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығын таныстыра отырып, өлеңдеріне тоқталып, мағынасын ашып, негізгі идеясын түсіндіру;
Дамытушылық: Білім алушыларды бір - бірімен ауызекі тілде сөйлесуге, қазақ тілінде сауатты жаза білуге, тілдік қорларын дамытуға, негізгі ойды табуға дағдыландыру;
Тәрбиелік: Білім алушыларды Ыбырай Алтынсариннің өлеңдері, әңгімелері арқылы адамгершілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдері: Оза оқыту, СТО технологиясының стратегиясын, АКТ элементтерін пайдалану арқылы түсіндіру
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, орыс тілі, қоғамтану, Қазақстан тарихы
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Түгендеу. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
2. 1 Шоқан Уәлиханов кім?
2. 2 Ш. Уәлиханов қай жерде туған?
2. 3 Шоқанның шын аты.
2. 4 Шоқанның кадет корпусында қандай орыс достары болған?
2. 5 Шоқанның қандай еңбектері бар?
ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру

3. 2 Жаңа сөздермен жұмыс
Тілмаш - переводчик
Дарынды – талантливый
Жоғары бағалайды - высоко ценят
Табиғат – природа
Ескерткіш – памятник
Ғылыми – зерттеу – научно – исследовательский
Жаңашыл - новатор
Атақты – выдающийся
Қызмет - деятельность
Ағартушы – просветитель

3. 3 Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығын баяндау.
Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы 20 қазанда қазіргі Қостанай облысының Затобол ауданында дүниеге келген. Әкесі Алтынсары ерте өліп, атасы Балқожаның тәрбиесінде болған. Атасы өз заманының беделді адамдарының бірі болған, оқу - өнердің маңызын жақсы түсінген Балқожа би 5 жасар Ыбырайды Орынборда ашылмақ болған, болашақ орыс - қазақ мектебіне жаздырып қойды. 1850 жылы сол мектеп ашылғанда түскен 30 қазақ баласының бірі - Ыбырай болған. Ыбырай сабақты ерекше ынтамен оқиды. Сөйтіп, мектепті 1957 жылы “өте жақсы” деген бағамен бітіреді.

1859 жылы Ыбырай Алтынсарин Орынбордағы Шекаралық комиссияға тілмаш болып ауысады. Ол кезде ол Шекаралық комиссияның төрағасы, шығысты зерттеуші белгілі ғалым, профессор В. В Григорьевпен жақсы танысады. Атасы Балқожаны жақсы сыйлатын Григорьев Ыбырайға аса жақсы ќарап, өзінің бай кітапханасын пайдалануға рұқсат берген. Осы кітапханада Ыбырай Григорьевтің көмегімен орыс жазушыларының шығармаларының, орыс және дүние жүзі ағартушыларының еңбектерін ұлы адамдардың өмірі жайлы кітаптарды көп оқыған. 1860 қазақтар үшін 4 бастауыш мектеп ашылған кезде, Торғай мектебіне мұғалім болуға сұранып рұқсат алады. Бірақ мектеп бірден ашыла қоймайды, сол себептен Ыбырай біраз балаларды өз үйіне әкеліп, оқытады. Торғай мектебі 1864 жылы ғана ашылады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама