Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 16 сағат бұрын)
Желтоқсан желі
ТАҚЫРЫБЫ: Желтоқсан желі!
МАҚСАТЫ:
1. Оқушыларға желтоқсан оқиғасының мәні мен мағынасын түсіндіру. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, олардың өмірін, ерлігі жайында түсіндіріп, олардың батырлығын насихаттау, оқушыларға желтоқсан оқиғасы туралы мағлұмат беру.
2. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке баулу. Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Түрі: ауызша журнал
Көрнекілігі: қанатты сөздер, презентация

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Құрметті бүгінгі тәрбие сағатымызға қатысушылар: Өткенімізсіз бүгін болмас еді. Өткеніміз - бүгінгі тәуелсіз еліміздің іргетасы. Бұл тәрбие сағаты 1986 ж. 16 - 17 желтоқсан күндері болған желтоқсан оқиғасына, онда бейбіт ереуілге шыққан, сонымен тарихта аты қалған желтоқсан көтерілісіне қатысушыларға, онда қаза болғандардың рухына арналады. Тәуелсіздік! Ата - бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздік! Тәуелсіздік жолында халқымыздың басынан нелер оқиғалар өтпеді! Халық қамы үшін қан кешіп, құрбан болған ерлеріміз қаншама!

1--жүргізуші: Желтоқсан – 86, ызғарлы күн,
Қар мен мұз жылжығандай құздан бүгін,
Өттің де астан – кестең ойда жоқта
Артыңа ұмытылмас із қалдырдың.

2- -жүргізуші: Кешегі тарих қойнауына кеткен ХХ ғасырдың 1986 жылдың желтоқсанында болған оқиға ұлт тарихындағы азаттық үшін өткен күрестердің ең соңғысы еді.
1 -жүргізуші: Біздің тәрбие сағатымыз ашық журнал түрінде өтеді
2 -жүргізуші: Ендеше журнал беттерін парақтайық

Журналдың 1 - ші беті «Желтоқсан тарихы»

Назым:
1986 жыл 16 желтоқсан. Бұл күні Қазақстан компартиясы орталық комитетінің пленумы болды, онда Д. Қонаевты Қазақстан компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшылығынан босатып, орнына Колбинді сайлады. Колбин Қазақстанда тұрмайды, онда қызмет етпеген. Міне, осы пленум шешіміне қазақ жастары бейбіт түрде наразылық білдіріп алаңға шықты. Көтерілістің басталуына Мәскеудегі орталықтың республика халқының пікірімен санаспауы түрткі болды. Жастар шеруі желтоқсан айының 17 - 18 күндері болды. Бұл оқиға сол себепті де тарихта желтоқсан оқиғасы деген атпен қалды.
Ән «Қара бауыр қасқалдақ»
Аружан: 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы – әр қазақтың жан жарасы. Қалың тарихтың парақтарына қанмен жазылған бұл күндер жайында толғана да тебірене де айтуға болады. Республиканың Колбин бастаған жаңа басшылығы олармен терезесі тең түрде пікір алысып, ұсыныстарына құлақ салуды намыс көрді. Олар әкімшілік - әміршілдік өктем көкірек, өр мінез көрсетті. Республикада тұратын 6 миллионнан астам адамнан, қазақтан лайықты ешкім таппай, сенімсіздік білдірген Мәскеуге қарсы бұл жастар қозғалысын олар ұлтшылдық, нашақорлық деп айып тағып, жаныштады.
Қатал екен желтоқсанның ызғары,
Қазағымның езгіленген ұлдары мен қыздары
Қара бұлттар түнереді аласапыран зең дала
Еріп түсті ерімейтін жауыздықтың мұздары
Кешкен сонда алып тұлға керуендей кездерін,
Жол таба алмай соқпақтағы іздеді ме іздерін.
Кеуде керіп Шаханов та ұлты үшін күресіп,
Құрбан еткен талай жастар елі үшін өздерін.

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама