Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Жылыжайда лимон өсірудің тиімділігі

Шымкент аграрлық колледжінің
А9-161 тобының студенті: Сағат Ернұр
Жетекшісі: Махатова Жанна

 

Жоспар

І. Кіріспе

Өсімдік туралы ұғым

ІІ. Негізгі бөлім

1. Жобаның мазмұны
2. Нарық сараптамасы және маркетингтік стратегия
3. Технологиялық үрдіс
4. Инвестициялық жоспар
5. Қаржылық жоспар

ІІІ. Қорытынды.

Лимонның пайдасы

Пайдаланылған әдебиеттер.

 

 І.Кіріспе.

Лимон – руталар тұқымдасына жататын мәңгі жасыл ағаш. Шыққан жері  Үндістан, Оңтүстік және Үнді Қытай аралдары. Біртіндеп Жерорта теңізі аймақтарына және Батыс Еуропа өңірлеріне жерсіндірілген. Жабайы түрі жоқ, қолдан өсіріледі. Биіктігі 3 — 7 м-ге жетеді. Бұтақтары тікенекті. Жапырағының жоғарғы ұшы үшкірленген, пішіні жұмыртқа тәрізді, шеттері ара тісті болып келеді. Өзіне тән эфир майының хош иісі бар. Гүлдері (6 — 8 күн) ашық ақ түсті. Жемісі ірі, салмағы 200 — 400 г, сопақшалау, сары түсті қалың қабықпен қапталған. Ішіндегі шырын жемісі 8 — 10 бөлікке бөлінген, сыртын жұқа ақ қабық жауып жатады. Шырынының дәмі қышқыл, құрамында 5 — 7,2% лимон қышқылы, 1,9 — 3% қант, 50 — 90 мг С витамині, темірге бай, эфир майы, кальций, калий, т.б. болады. 3 — 4-жылдары жеміс береді. Бір ағаштан 15 — 30 кг жеміс алынады. Лимонның жемісін шырын және Лимон қышқылын алуға пайдаланады. Ашық алқапта өсіріледі. Қарашірігі мол, кәрізделген топырақта жақсы өседі. Лимон жылу, жарық, ылғал сүйгіш, оны тұқымы, қалемшесі және өркендері арқылы көбейтеді. Өсу кезеңінде артық өскіндерін қиып, биіктеп кеткендерін қысқартып отырады; қара Цитрусті өсімдіктер.

Өсімдік туралы

Лимон – цитрустар тұқымдасына жататын көпжылдық мәңгіжасыл өсімдік. Отаны – Үндістан, Қытай және Тынық мұхитының тропикалық аралдары. Қазіргі кезде тропикалық]аймақтарда ғана емес, сонымен қатар мәдени түрлері субтропикалық Кавказ, Орта Азия, Калифорния, Флорида, Жерорта теңізі аймақтарында да өсіріледі. Лимон ағашының биіктігі 5-8 метр. Бұтақтарының инелері болады. Жапырағы жұмыртқа пішінді, ұшы сүйірленген. Жапырағындағы эфир майы әсерінен өсімдік жағымды иіс бөліп тұрады. Гүлі ақ түсті, хош иісті. Лимон ағашының жемісі жұмыртқа пішінді, кейбір сұрыптарында домалақ түрлері кездеседі. Жемісінің ұзындығы 7-12 см, диаметрі 8-10см, салмағы 120 г. шамасында. Лимон жемісінің қабығының қалыңдығы 2-5 мм, сары түсті. Лимонның шырыны ақшыл-сарғыш түсті, дәмі ащы. Қазақстанда климаттық жағдайымызға байланысты бақшаға өсіре алмағанымызбен, жылыжайда өсіруге болады. Дұрыс күтіп баптаса, үй жағдайында да гүлдеп, жеміс береді. Үйде өсірілетін лимонның қабықтары жұқа, дәні майда, хош иісі көбірек болады. Дәнінен өсірген лимон 7-8 жылдан, кейде 15-20 жылдан кейін ғана жеміс береді. Бұл процесті тездету үшін, бір жылдық көшетті жеміс беретін ағаштың бұтағымен телу керек. Мұндай өсімдік 2-3 жылда гүлдей бастайды. Бір лимон жемісі толық жетілу үшін сабақ бойында кем дегенде 10-15 жапырақ болуы керек. Жарығы: тек жаздың ыстық айларында ғана тіке түскен күн көзінен қалқалау қажет, басқа уақытта жарықта жақсы өседі.Жылуы: қыс айларында 12-14ºС төмен болмағаны дұрыс, егер осы температуралық жағдай жасалмаса өсімдік көктемде гүлдемей қояды. Ал, гүлдегенде, түйін салғанда 18ºС төмен болмауы керек. Азынақ желден, температураның кенет өзгеруінен, өсімдік гүл күлтелері мен түйінін тастап жібереді.Суғарылуы: жаз айларында аптасына 2-3 рет, қыста айына 2-3 рет суғарып тұру керек.Ылғалдылығы: су  бүркіп ылғалдандырып әрі шаңнан тазартып тұрған абзал. Қоректендірілуі: 10-15 күнде бір рет толық минералды тыңайтқышпен қоректендіріп тұру қажет.Аурулары: ауа құрғап кетсе өрмекші құрты, кене, өсімдік биті секілді зиянкестердің әсерінен ауырады.Көбейтілуі: тұқымы және қалемшелеу, жалғау арқылы көбейтеді.Күтімі: жарықты жақсы көреді, тек жаздың аптап ыстық күндерінде терезеден түскен күн сәулесінен қалқалау қажет. Қыста 12ºС салқын жерге қою керек, егер осы температуралық жағдай туғызылмаса, өсімдік көктемде гүлдемей қояды. Оның себебі, салқын жерде өсімдік өсуін тоқтатып, «ұйқыға» кетеді де, көктемге дейін демалады. Дәл осы демалу кезеңінде гүл түйнегін қалай бастайды. Демалу кезеңінде тыңайтқыштармен қоректендіруге болмайды, ал басқа уақыттарда 10-15 күнде толық минералды немесе арнайы лимонға арналған тыңайтқыштармен қоректендіріп тұрған дұрыс. Су бүркіп ылғалдандырып, әрі шаң-тозаңнан тазартып тұрған абзал. Лимон гүлдей бастағаннан орнынан қозғап мазалауға болмайды, гүлін, түйінін тастап жібереді.Қолданылуы: лимонның құрамында 5-8% лимон қышқылы, азот пен пектинді заттар,қант, фитонцидтер, калий, мыс, флавоноидтар, А, В1, В2, С, Д, Р дәрумендері, қабығында – эфир майы болады. Лимон жемісі тұрмыста аспаздықта кеңінен қолданыс тапқан. Одан кондитерлік тағамдар, мармелад, джемдер, шараптар, түрлі иістендіргіштер жасалады. Суық тигенде лимонды шайға салып ішеді. Медицинада лимонды авитаминоз, цинга, қан қысымының жоғарылауы, асқазан ауруларына кеңінен пайдаланады. Сонымен қатар лимон шырыны косметикада да қолданыс тапқан. Оның шырыны теріні тазартып, ағартатын қасиетке ие.

ІІ.Жылыжайларда лимон өсірудің экономикалық тиімділігі.

Жобаның мазмұны
Инвестициялық жобаның мақсаты: 10 соттық жылжайда лимон өсіру 
Өнмділік: Егістік 2 000 кг - нан (2 жыл)  24 000 кг - ға дейін (5 жыл).
Өнім: жас лимон.
Жобаның құны: 6,8 млн. теңге.
Өтімділік мерзімі: 5,5 жыл.

Жобаның концепциясы

10 соттық жылыжайда «Мейер» деп аталатын лимон сұрпын егу.

Өнімнің сипаттамасы
Өсімдікті егуде оның сипаты тал немесе бұтақ тәрізді 2,5м. биіктікте болады. Бұталары аз тікенді тіпті тікендісі болмайды. Ұрықтары 90 нан 120 г дейін, формасы дөңес, кеңдөңесті, жоғарғысы дөңгелек, арасында анық көрінген ұшы болады. Қабығы жұқа, 0,3 см дейін, жоғарғысы тегіс, жылтыр. Еті сулы, 30,8 мг  дәрумені құрамында бар. 

Нарық сараптамасы және маркетингтік стратегия

Нарықтық мүмкіндікке сараптама: соңғы 3 жылда лимонға деген баға 50-60 % жетті;
- ішкі нарықта импортқа айналу (ішкі өнімнің жетіспеушілігі 15 мың. тоннаны құрады);
Тауар қозғалысының дәстүрлі каналы:

- тауарды алмастырудың бір бөлігі тікелей каналдар арқылы тауар қозғалысының тізбегі бойынша өндіруші-соңы сатып алушы болып жүзеге асады;

- өнімнің қосалқы каналдары өндіруші-көтерме сатып алушылар тізбегімеен жүреді;
Баға стратегиясы нарық бағасына негізделеді. Өнімнің бастапқы бағасы ішкі нарықтағы анықталған бағаға сүйеніп қойылады. Алда баға саясаты қоғамдық қажеттілік нәтижесінде құрылады. Бағаны анықтауда келесілер есептелінеді: төлем түрі, іске асырылатын өнімнің көлемі. 

Технологиялық үрдіс.

Цитрус сүйгіштерде көбінесе Мейера немесе Қытай карлигі лимонының сұрпы кездеседі. Бұл лимонның апельсинмен жаратылысы лимонның басқа сұрпынан айырмашылығы сарғыш-қызыл қабығында. Лимон Мейера ең төмен өсетін жақсы бұтақтайды. Жапырақтары майда, қара-жасыл. 4 жылда бір рет гүлдейді. Гүлдері ақ, майда, бір немесе бірнеше бұтаға жиналған. Сұрпы астықты мол береді. Өсімдік екінші жылында өнім береді. егіннің орташасы  90-100 г; оның қабығы өте жұқа; еті сәлғана сарғыштау, сулы, жағымды дәмі бар. Мейера лимонының талы жарықсүйгіш, оңтүстік немесе оңтүстік-шығыс терезе алдында жақсы өседі.

Әрқашан жасыл болып тұратын талы 5 метр биіктікте. Жапырағы эллиптикалық, жоғарыда кебеді, қабықты, жасыл, жағымды цитрусты иісімен. Гүлдері жалғыз немесе сабағына бірнеше басы жиналған, ақ немесе қызылдау. Ақпан-наурыздан тамызға дейін гүлдейді. Ұрықтары созылған-сопақ, соңы сарғыш арасында жасыл.

Ұрықтануға лимон алғашқы гүлденуінен кейін ақ дайын болады. Өсімдікте ережеге сәйкес 3-4 байланыс қалдырады: Бір дамыған ұрыққа кемінде 15 жапырақтан болу керек. Одан басқа қалдыруға болмайды ол оның өсуін тежейді. Алғашқы 2-3 жылда ғана ұрықтың сапасына көңіл бөлу керек. Топырақтың көлемі мен құрамына да егіннің қатысы бар. Жас лимон алғашқы жылдары өте қарқынды өседі. Бұл кезеңде 4-5 жылға созылады, жылсайын өсімдік тамырлы және жапырақты көлемін екі еселейді және қарауды қажет етеді.

Күтімі. Лимондар көтере алатын төменгі температура  +7°C, басқа цитрустылар +10°C көтере алады. Жазда олар өздерін ашық ауада жақсы сезінеді. Оларға жақсы алмасу және азырақ ылғал қажет. Суғару үшін су жұмсақ, мысалыға жаңбыр суы қажет. Суғаруда суғару арасы топырақ сіңу керек әйтпесе цитрусты жеміс өледі. Өсу кезеңінде оларды сұйық тыңайтқыш беру керек, ал қыста- аптасына бір рет, ал егер өте төмен температурада ұстағанда, оны мүлде суармау керек.  Цитрустар үшін арнайы тыңайтқышты табылмаған жағдайда жазда азот бар тыңайтқышпен нәрлендіру керек, ал қыста – NPK мен қарайды. Цитрустар кесуді көп қажет етпейді, бірақ тым ұзын сабақтарын немесе дұрыс емес өсіп келе жатқандарын қысқарту керек. Тезірек аздап кесу керек.

Тазалығы. Ұрықтың піскен піспегенін білу өте қиын. Түс алғаннан кейін олар 2 айға дейін тағы дамиды. Ұстап көруге болады, жайлап уақыт өткен сайын көру керек: сәл жұмсарған ба, яғни піскен. Бірақ өте жұмсарып кетуіне жол бермеу керек.

Сақталуы. Ұрықты сәл пісуі кем кезінде жинауға болады, өйткені олар қараңғы, жылы немесе құрғақ жерде жетілу үшін. 

Жабдық. Жылыжай үшін аспалы ауажылыту. Ауаны үру үшін сұйық жанғыш немесе полиэтиленді ауа өткізгіш жабдықталған: газды немесе сұйық жанғышты жанарғы inox AISI 430 тот баспайтын болаттан жасалған жылу алмастырғыш және жану бөлмесі; білік  немесе сыртқа тебуші желдеткіш; қауіпсіздік және бақылауды басқару үшін электрлі құрылғы; боялған мырышпен қапталған қаңылтыр панелден жасалған мықты корпус.

Ауыл шаруашылығы үшін ауа жылытқышының 5 үлгісі өңделді, ол ферма, жылыжайдың және т.б. зоотехникалық нысанды желдету және жылыту үшін жасалған. AGRI сериялы ауа жылытулары жабдықтың кең түріне ие. Сонымен қатар ауажылытқышты жанғышымен табиғи газда  жеткізіледі. inox AISI 430 тот баспайтын болаттан жасалған жылу алмастырғыштың ерекше белгі конструкциялар:

•  патенттелген конструкция, тот баспайтын хромды болаттан жасалаған (хромның құрамы 18 %) өнімнің жануына және ылғалға қарсы жоғары коррозияға тұрақтылықты қамтамасыз етті. 

Жылу алмастырғыш мыналардан тұрады:

•   сұйық жанғыш оттысы қосылу үшін ернемегі бар цилиндірлік оттықты бөлмені өзгерту, отты бақылайтын «көздік», ол оның барлық нүктелерінде керемет теңдей мұздатқышына ие;

•  жылу алмастырғышты максималды нәтижелілікпен қамтамасыз ететін, ішкі жалпақ турбуляторы бар, түтіндікті жалғастыру үшін ернемек бағытына қарай еңкейіңкі бағытталған қатпарлы жылу алмастырғыш;

Пайдалану мысалы:

Инвестициялық жоспар

Капиталды қаржы салу

Сомма

Жылыжай (0,1 га)

   5 250 000   

Құрал-жабдық

820 000

Көшеттер

      300 000   

Жерді дайындаудағы шығын

      454 301   

Барлығы

   6 824 301   

Жылыжай. Жылыжайдың нарықтық бағасы орташа 5250 тенге/м2, сонда 1000 кв. метрлі жылыжай 5,250 мың теңгені құрайды. 
Құралжабдық. AGRI-P/R жылыжайы үшін аспалы ауа жылытқышының бағасы 820 мың тенге. 
Егу материалы - көшеттер. 0,1 га-ға орташа егу материалы  – 200 көшет керек. Бір көшеттің құны - 1500 теңге (1500 теңге/көшет* 200 көшет= 300 000 тенге).

Табыстар. Лимонның бұл сұрпының түрі екінші жылынан бастап 10 кг дейін егістік береді.(бір жылдық көшеттерді еккен болса).

 

Бұтақтан өнім  

Бұтақтар саны

Егіннің барлығы

Бағасы, тг/кг

Соммасы

1 жыл

                    -     

               200   

                -     

250

                  -     

2 жыл

                    10   

               200   

  2 000   

250

500 000   

3 жыл

                    40   

               200   

  8 000   

250

         2 000 000   

4 жыл

                    80   

               200   

16 000   

250

         4 000 000   

5 жыл

                  120   

               200   

24 000   

250

         6 000 000   

Барлығы

 

 

50 000   

 

      12 500 000   

Қызметкерге кететін шығын. Лимонды егуді ұйымдастыру үшін бір агроном-бағбаншы керек:

Бағбаншы - агроном

1

70 000

840000

Әлеуметтік салық. Жоба жетекшісі әлеуметтік салықты екі ай көрсеткішінде өзі үшін және бір айлық көрсеткіш есебінде әрбір жұмысшыға төлейді. (1 852 тенге * 2 * 12 ай + 1 852 тенге МРП * 1 жұмысшы * 12ай = 66 672 тенге).
Әлеуметтік аударым еңбекақының 5 % тең және ол міндеттелген зейнетақы қорынан алынады. (840 мың тенге *(1-10%)*5%=37 800 тенге).

Әлеуметтік салық, теңге

66 672

Әлеуметтік аударымдар, теңге

37 800

Жобаны қаржыландыру:
Егер сіздің қолыңызда қаржы болмай, бірақ өз ісіңізді бастағыңыз келсе, қосымша қаржы табуға болатын жолдары бар. Қаржыландыру жолдары:
БВУ арқылы кредиттеу. Төлеу уақыты 72 ай, жарты жылға шектеулерімен, келесі ары қарай ай сайын төлеуге болатын  қаржылық есептер 14% пайыздық  үстемені көрсетті. 
Кредиттеу шегінде "Еңбекпен қамту - 2020» бағдарламасының жүзеге асуы. Бағдарламада өз ісі үшін бюджеттен қаржы бөліну қарастырылған.

ІІІ. Лимонның пайдасы

Лимон – руталар тұқымдасына жататын мәңгі жасыл ағаш өсімдігі. Ол қолда өсіруге арналған. Лимонның шыққан жері – Оңтүстік және Үнді Қытай аралдары. Лимон ағашының биіктігі 5-8 м жетеді. Өзіне тән эфир майының хош иісі болады. Соның арқасында өсімдік жағымды иіс бөліп тұрады. Лимонның шырыны ақшыл-сарғыш түсті, дәмі ащы.

Бір жақсысы лимонды үй жағдайында да өсіре беруге болады. Бірақ, ол үшін арнайы күтім қажет. Үйде өсірілген лимон, бау-бақшада өсірілген лимоннан хош иісті әлдеқайда көбірек бөледі.

Лимонның құрамында 5-8% лимон қышқылы, азот пен пектинді заттар, қант, фитонцидтер, калий, мыс, флавоноидтар, А, В1, В2, С, Д, Р дәрумендері мен эфир майы бар.

Лимон жемісі тұрмыста кеңінен қолданыс тапқан. Одан кондитерлік тағамдар, яғни, мармелад, джем, түрлі иістендіргіштер жасалады.

Оның денсаулыққа тигізер пайдасы да көп. Соның ең қарапайым түрі суық тиген уақыттағы қолданысы: лимонды шайға салып ішу. Мұнымен қоса медицинада лимонды  кеңінен пайдаланады. Әсіресе, асқазан, қан қысымының жоғарылауы сынды ауруларда таптырмас ем. Сонымен қатар, косметика саласында да лимонның алар орны бар. Егер лимон шырынымен бет терісін тазартатын болса, тері ағарады.

Ал енді лимонның келесідей тигізер пайдаларына жеке-жеке тоқталсақ:

1. Қолыңызға сүйел шықса, екі лимонның ұсатылған қабығына 30% сіркесудан 0,5 стақан құйыңыз. Тығыз жабылған ыдыста, кезеңдеп шайқап отырып, 8 күн ашытыңыз, содан соң сүзіңіз. Осы тұнбада суланған тампонды, күніне бірнеше рет сүйелдерге жағып тұрыңыз.
*Сепкілдерден ұялсаңыз,  маза бермес 100 г. бал алып, бір лимонның шырынымен араластырыңыз. Осы қоспамен дәкеден жасалған майлықтарды дымқылдатып, сепкілдер бар жерлерге 15-20 минутқа жағыңыз. Табысқа жету үшін үнемі 15-20 рет маска жағуға болады.

2. Егер денсаулығыңыз сыр беріп, қан қысымыңыз төмендесе, тамақтан соң үгітілген кофе дәмдерінен 50 г-0,5 кг. балдан және бір лимонның шырынынан жасалған қоспаны 2 сағаттан кейін 1 шай қасықтан қабылдаңыз. Қоспаны тоңазытқышта сақтауды ұмытпаңыз.

3. Басыңыз ауырса, жаңа піскен лимонның қабығын алып, цедрадан тазартып, қабаққа салыңыз және бірнеше уақыт ұстаңыз. Кейін терінің үстінде лимон қабығының астында қызыл таңба пайда болады, ол қызады, ал бас ауруы басылады.

4. Тіс жиегіңіз жиі қанайтын болса, тістеріңізді лимонның қабығымен ысыңыз.

5. Егер, аяғыңыздың сіңірлері тартылса, аяқтың табанына таңертен және кешке лимонның шырынын жағыңыз. Бірақ одан соң сәл жүрмей қоя тұрыңыз. Аяқ кимді шырын кеппегенше кимеңіз. Емделу мерзімі – екі жеті.

6. Тырнақтарыңыз сынғыш болса, оларға лимон шырыны мен май қоспасын жиі жағып тұрыңыз.

7. Ал құлағыңыз ауырса, 2-5 тамшы лимон шырынын тамызыңыз – бұл құлақтың ауруын басады және естуді жақсартады.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.«Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы» (Ә.Ә. Әметов, П.М. Мырзақұлов)
2. «Қазақ университеті »Алматы 2000 ж
3. «Ботаника» сисметика растений. Москва «Просвещение »1975 г (Н.А. Комарницкий, Л.В. Кудряшов, А.М. Уранов)
4. Шаңырақ: Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы: Қаз.Сов.энцикл. Бас ред., 1990
5. Сыр бойы. Қызылорда обл. газеті. 2012 05.06. № 6 басылым.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама