Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
Мақсаты:
1) Оқушылардың қызығушылығын арттыру, ойлау қабілетін дамыту, алған білімдерін тереңдету, кеңейту, дағдыларын жетілдіру.
2) Дидактикалық, логикалық т. б. ойындар арқылы оқушылардың ақыл - ой белсенділігін тәрбиелеу.
3) Оқушылардың зейінін, ойлау, зерде процестерін дамыту. Қиялын ұштап, қабілеттерін шыңдау, шығармашылық қабілетін дамыту.

Сайыстың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Кіріспе әңгіме
- Балалар, бүгінгі шарамыз «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» деп аталады. Қалай ойлайсыңдар, «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» деп қандай адамды айтамыз?
(Балалардың жауаптары тыңдалады.)
- Иә, бұл ұғым біздің халқымызда адамның алғырлығына, білімділігіне, біліктілігіне, тапқырлығына, талантына, еңбекқорлығына т. б. қасиеттеріне байланысты айтылады. Ендеше, өз арамыздан осы атауға лайықты оқушыны анықтауға кірісейік.
- Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың жарысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.
Сайысымызды бастамас бұрын сендердің жауаптарыңды, тапсырмаларды орындауларыңды қадағалап, әділ баға берер әділқазыларды сайлап алайық.
1. 2 - сынып мұғалімі Бердалина Н. Н.
2. Орыс тілі пәнінің мұғалімі Бақытжанова Л. Е.
3. Оқу ісінің меңгерушісі Улыкпанова А. З.

- Сайыста сендерге әр түрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылады. Сайыста жеңу үшін сендер белсенділік танытып, берілген сұрақтарға тезірек ойланып, шапшаң жауап берулерің керек, тапсырмаларды тез, әрі дұрыс орындауға тиіссіңдер. Сондықтан сайыс кезінде өте ұқыпты, ойларың жинақталған болу керек және тәртіп сақталғаны жөн.
Енді бүгінгі сайысымыздың жоспарымен танысыңдар:
1 – кезең: Жедел жауап
2 – кезең: Төртінші артық
3 – кезең: Көңілді санау (кесте бойынша 700 - ден 940 - қа дейін)
4 – кезең: Есіңе сақта, ретімен жаз
5 – кезең: Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы.
6 – кезең: Телефон
7 – кезең: Шапшаң есепте

ІІ Негізгі кезең
- Ал, қәнекей, келіңдер,
Біріңе - бірің еріңдер.
Біліміңді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер, - деп сайысты бастаймыз. Қатысушыларға сәттілік тілеймін.
1 - кезең: Жедел жауап
1. Мектептегі 1 сабақ неге минут өтеді?
2. Шарты мен сұрағы бар шағын мәтін не?(есеп)
3. Қарға жаңбыр жауып тұрған кезде қандай ағашта отырады? (су ағашта)
4. Елімізде қандай айтулы оқиға болып жатыр?
5. Ауаның қозғалысы - (жел)
6. Биыл тәуелсіздікке неше жыл толды?
7. Қазақтың бас ақыны кім?
8. Қазақтың бейнелеу өнерінің негізін салған кім?
9. 1 өрмекшінің 8 аяғы бар. 5 өрмекшінің неше аяғы бар? (40)
10. Қалталы жануар
11. Қазір қай ғасыр? (ХХІ)
12. Демалыс аптаның қай күні болады?
13. Алғаш ғарышқа ұшқан қазақ кім?

2 - кезең: Төртінші артық
1) Сағат, минут, бейсенбі, жыл
2) Қашаубаев, Қастеев, Құрманғазы, Қалдаяқов
3) Аққу, тауық, үйрек, қаз
4) Қар, жаңбыр, найзағай, бұршақ
5) Зат есім, сан есім, баяндауыш, етістік
6) шаршы, шеңбер, қосынды, үшбұрыш
7) Жер, ай, күн, жұлдыз
8) Емен, қайың, шырша, терек
9) дүйсенбі, сәрсенбі, қаңтар, жұма
10) килограмм, сантиметр, грамм, тонна

3 - кезең: Көңілді санау
1 4 7
20 18 16
1 10 2 20
1 2 4 8
5 10 15
99 90 89
10 30 50
100 80

4 - кезең: «Есіңе сақта, ретімен жаз».
Сөздер оқылады. Оқушылар сөздерді мұқият тыңдап, еске сақтауға тырысу керек.
Есік, терек, тон, шаңсорғыш, сызғыш, банан, шымшық, Марс, Семей, қызғалдақ, тұман, кірпі.
Енді естіген сөздерін мынадай ретпен жазу ұсынылады:
1) киім
2) аң
3) үй бөлігі
4) гүл
5) планета
6) тұрмыстық техника
7) құс
8) оқу құралы
9) қала
10) жеміс
11) табиғи құбылыс
12) ағаш

Қонақтарды сергіту
Шарадалар

5 - кезең: Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы Сайыскерлер өлеңдер оқиды. Бұл кезеңде тілдің тазалығы, мәнерлеп оқуы, дауыс ырғағы бағаланады

6 - кезең: Телефон
4+3 - 2*3 - 5*3/6+20 - 4/7*9+100
6+2 - 4*5 - 10*4/5+40/8*4+200
7+3 - 2*4 - 30*10/4+30/7*9+300
5+4 - 6*4 - 10*8/4+50/9*7+400

7 - кезең: Шапшаң есепте
8 * 4 - 30
8: 4 * 9
(140 - 40)*3
5*(17+13)

(15+25): 3
16: 4*6
8*(40+30)
(13+47)*2

36: 4*3
(28+17): 9
8*(432 – 430)
542: 542 + 99

ІІІ Қорытындылау кезеңі:
Білімнің мініп алып тұлпарына,
Қиналмай шықты білім шыңдарына.
Бүгінгі сайысымыз аяқталды,
Сөз кезегі қазылар алқасында.
Бүгінгі сайысымызды қорытындылап, жеңімпаздарды анықтау үшін қазылар алқасына сөз берейік.(Жеңімпаздарды марапаттау)
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Осымен бүгінгі сайысымыз аяқталды. Жарыс болған соң жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді. Жарыста жеңілсек те, өмірде жеңіске жете берулеріңе тілектеспін. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы,
Қопа орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Айбасова Күміс Маралқызы

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама