Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Жидебай батыр (ІІ нұсқа)

Жидебай әулие де, ақын да, жұлдызшы да болған. Батыр жорыққа шығарда қол жинап, қойдың тіс тимеген жауырынына қарап (кейде отқа жағып, күліне қарап та) жорықтың қандай нәтижемен бітетінін алдын ала айтып отырады екен. Алдағы істі болжағыш, көріпкел, қолбасшы болған. Абылай хан Жидебай батырға Балқаш-Ақмола өңіріне жауды кіргізбей, сақшы болуды тапсырған екен. Жидебай батыр жүзден асқанда қайтыс болған. Өзінің бір өлеңінде:

Жидебай батыр болғаным —
Абылай ханның батасы.
Жоңғар ханды жеңгенім —
Қабанбай мен Бөгенбайдың арқары.
Жасымның жүзге жеткені —
Мұсылманның алғысы.
Екі көзімнің кеткені —
Жоңғарлардың қарғысы.

Елдің айрықша бір айтатыны — Жидебайдың әділеттілігі. Ол бірде соғыс арасындағы шабуылдан соң ат тынықтырып, ер-тоқым кептіруге еліне келіпті. Бір замандасының үйіне барып, ас ішіп, әңгіме-дүкен құрып отырса, ауыл іргесінде жайылып жатқан малға қасқыр шауыпты. Жидебай тоқтаған үйдің бұзауын арам өлтіріп кетіпті. Бұл болмашы оқиғаға үй иесі реніш білдірмесе де, батыр ойланып отырып былай депті:

— Апыр-ай, мен осы үйге келмесем, қасқыр бұзауды жемес еді! Үй иесі маған алаң болып, бұзауын қасқыр жеді. Бұл қиянат қой, — депті де, қосшы жігітті өз ауылына жіберіп, бір бұзау алдырып беріпті. Осыны естіген ел қатты таңданып, Жидебай батырдың әділеттігін сөз етіп, бұдан былай жүгініске осы кісінің алдына келетін болыпты. Батыр билік айтып, халықты бірлікке, адалдыққа шақырып, ішкі жаудан да, сыртқы жаудан да сақ болуды үйреткен.

Оқуға кеңес береміз:

Абылай ханның Жәнібекті сынауы

Жәнібектің қартайған кезінде кешірмелерін еске алуы

Жәнібек батырдың Абылайдың оң тізесінен орын алуы


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама