Жамбыл облысында бір әйел үйін 18 млн теңгеге сатқанымен, небәрі 14 млн теңге алған. Ол көшіру туралы талаппен сотқа жүгінуге мәжбүр болған. Ақыр соңында тараптар келісімге келді, деп хабарлайды infohub.kz.
Жамбыл облысы соттарының ресми Telegram-арнасында хабарланғандай, Қордай аудандық соты Қордай ауылындағы тұрғын үйден көшіру және оны босату туралы дау бойынша тараптарды татуластырды. 2025 жылдың тамызында тараптар 18 млн теңге тұратын үй мен жер телімін сатып-сату шартын жасасқан. Жауапкер 14 млн теңге төлеген, алайда қалған 4 млн теңгені белгіленген мерзімде төлемеген. Осыған қарамастан, жауапкер үйде тұруды жалғастырған. Үйді өз еркімен босату туралы бірнеше рет талап қойылғанымен, нәтиже болмаған, талапкер сотқа жүгінуге мәжбүр болған.
Татуластыру рәсімдерін қолдану барысында сот тараптарға татуласудың тәртібі мен салдарын түсіндірді. Нәтижесінде тараптар өзара келісімге келіп, медиативтік келісім жасасты. Оның шарттарына сәйкес, талапкер жауапкер қажетті соманы төлегендіктен талап қоюдан бас тартты. Жауапкер талапкерге 400 мың теңге өкілдік шығынды 4 ай бойы ай сайын 100 мың теңгеден төлеуге міндеттенді. Медиативтік келісімді бекітуге байланысты сот іс бойынша іс жүргізуді тоқтатты. Талапкерге бюджеттен төленген мемлекеттік баж қайтарылды. Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.


