Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер жалған нөмірлі көлікпен қашып құтылмақ болған жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 12 тамызда Мамлютка аудан орталығына қарай бет алған жүргізушілер полицияның қуғын көрінісіне куә болды: екі қызметтік көлік ақ түсті «Ниваны» қуып бара жатты. Бұл оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде пайда болды.
«Полицейлер 42 жастағы жүргізушіні Воскресеновка ауылының маңында ұстады. Оның айтуынша, ол "қорқып кеткендіктен" қашып құтылмақ болған. Полицейлердің тоқтау туралы талабына мұндай дүрбелең реакция оған 3 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алынуы мүмкін», — дейді СҚО ДП-да.
Тәртіп сақшыларының көлікке назар аударуына себеп — автокөліктің сыртқы түрі мен мемлекеттік нөмірінің сәйкес келмеуі. Ер адам көлікті жөндеу кезінде өзі кузовты ауыстырғанын түсіндірді.
Полицейлердің айтуынша, мұндай ауыстырудан кейін арнайы ХҚКО-ға хабарласып, қайта тіркеу мәселесін шешу жеткілікті еді. Енді ауыл тұрғыны полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбағаны үшін ғана емес, жалған мемлекеттік нөмірді пайдаланғаны үшін де әкімшілік жауапкершілікке тартылады — 5 тәулікке дейін қамаққа алынып, 1 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылуы мүмкін.


