Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 сағат бұрын)
Келешекке кемел біліммен
Келешекке кемел біліммен
Жастар мемлекеттің және қоғамның әлеуметтік құрылымындағы маңызды топ болып табылады. Ресми мәліметтерге қарасақ, республика халқының 28 пайызына жуығын жастар құрайды. Олардың саны 4, 5 миллионнан асқан. Қазақстан халқының үштен бірін құрап отырған жастардың қазіргі білімі, кәсіптік, рухани және мәдени дайындығы мемлекеттің келешегін айқындайды. Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы алғашқы атқарылуы тиіс мәселе жастар саясатының қалыптасуы, жүзеге асырылуы болып табылады.

ХХ ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақтың ұлттық демократиялық бағыттағы саяси - ағартушы қайраткерлері жастар мәселесіне барынша назар аударып, көңіл бөлген.
Жастардың біліміне, кәсіби дағдыларды игеруіне, тәрбиеге, әлеуметтік бейімделуіне, қоғамның әлеуметтік құрылымындағы рөліне, бос уақытын тиімді өткізу мәселелеріне арналған жұмыстардың орны ерекше.
Қазақстандық зерттеушілер жастар мәселелері бойынша саяси ғылымға айтарлықтай үлес қосты. Ш. О. Омаров пен Н. З. Нығматулиннің диссертациялық жұмыстары шеңберінде 1990 жылдардың ортасына дейінгі мемлекеттік тәуелсіздік алудағы тарихи кезеңді қамтитын республикадағы демократиялық жаңаруды іске асыратын Қазақстандық жастардың ролі мен жастар арасындағы саяси үрдістер зерттелді. Біздің еліміздің тарихындағы ол кезеңдегі жағдай қазіргі кезден ерекшеленеді және жас буынның саяси мінез - құлқы мен жастар арасындағы саяси үрдістерде көрініс тапты.

Қазақстанның тәуелсіздік дамуы кезінде, әлеуметтік - экономикалық, саяси және мәдени өзгерістері белең алған кезеңінде республикамыздың жігіттері мен бойжеткендері қоғамның, дамыған елдер қатарына қосылуда, дамудың қарқынды болуына елеулі үлес қоса алады, әрі елдің жаңа сапалы көрінісіне бет бұруына көмектесуі тиіс. Ол іс - шаралар, біріншіден, мемлекеттік жастар саясатының қажеттілігімен, екіншіден, тиімді жастар саясатын құру тұжырымдамасын жасау, үшіншіден, жастардың саясатқа деген көзқарастары мен белсенділігін арттыру арқылы қоғамдық маңызды мәселелерді шешу, қоғам болашағын анықтайтын жастарды саяси ынталдыру, төртіншіден, елдегі жастардың қоғамдық - саяси құндылықтарға бейімделу деңгейін көтеру аса маңызды болып отыр.

Қазіргі кезеңдегі ел дамуындағы ең өзекті мәселе - мемлекеттің жастарға деген жаңаша қарым - қатынасын қалыптастыру болып табылады. Бұл жөнінде Н. Ә. Назарбаев былай деген болатын: «Біз бұл ретте жаңа құндылықтар жүйесіне тезірек бейімделіп кеткен, болашаққа жаңаша көзқарасы бар жас ұрпаққа сүйене отырып, бұқаралық сананы төзімділікпен жаңғыртуға тиіспіз»
Жастар - мемлекеттің ең басты стратегиялық, әлеуметтік, электоральды ресурстарының бірі. Кез келген қоғамның жаңару мен даму болашағы жастарға байланысты. Жастар жаңа ойлардың желісін жақсартуға бағытталумен үйлесетін болса айрықша әлеуметтік топ ретінде жігерлілік, белсенділік танытады. Демократиялық сәйкестігін дамыту, сонымен қатар мемлекетті басқаруда жастардың белсенді қатысуы және барлық қоғам үшін маңызды шешімдер қабылдауды ұйғару керек.

Жастарды саясаттандыру тереңдігі қоғамның барлығы не жастардың демократиялық дамуын қамтамасыз ететін жастардың саяси тәртібінің оптималді моделін іздеу тиімді. Қазіргі сатыда «Нұр Отан» партиясының басым моделі Қазақстанның саяси жүйесіндегі оңтайлы пішін ретінде қарастырылуда. Бұл алдағы уақытта басқа да саяси партиялардың сайлауға қатысып, Парламенттен өз орнын алуына және барлық үрдістерге қатысуына мүмкіндік беретіндігі алға тартылды.

№ 10 орта мектеп, математика пәні мұғалімі,
«Парасат» дебат клубының жетекшісі
Наурызбаева Айнур Муханбедияровна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама