Кеңсе қызметкерлерін ең көп тітіркендіретін нәрсе — тамақ пен парфюмерия иісі, деп хабарлайды infohub.kz.

HR-директоры Татьяна Грибкованың айтуынша, сұралғандардың 32%-ы әртүрлі иістерге — тамақ иісінен бастап әріптестерінің парфюміне дейін — ең көп шыдай алмайды. Екінші орында шу тұр: оны қызметкерлердің 27%-ы мәселе деп атаған.

Тағы 22% респондент дымқылдық пен бұзылған кондиционерлерге шағымданған. Қызметкерлердің 19%-ы үшін ашық кеңсе кеңістігі мен жеке орынның жетіспеушілігі проблемаға айналған.

Сұралғандардың 13%-ы келіссөз бөлмелеріндегі кезек пен ас үйде немесе демалыс аймағында орынның жетіспеушілігін тітіркендіргіш деп санайды.

«Бұл нәтижелер қызметкерлерге тек кеңсенің ауданы ғана емес, сонымен қатар кеңістіктің қаншалықты ыңғайлы ұйымдастырылғаны маңызды екенін көрсетеді», — деп атап өтті Грибкова.

HR-сарапшы шешім ретінде кеңселерде зейінді шоғырландыруға арналған тыныш аймақтар құруды, келіссөз бөлмелерін брондаудың түсінікті жүйесін енгізуді және ортақ кеңістіктерде жеткілікті орынмен қамтамасыз етуді ұсынды.

Сонымен қатар, сұралғандардың 10%-ы кеңсе ортасының жағдайына толық қанағаттанатынын мәлімдеді.