Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Кірпінің отбасы
Кірпінің отбасы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Оқу - іс әрекеті: Мүсіндеу
Мақсаты: Ермексазды алақан арасына және домалақтау арқылы кірпіні мүсіндеуді үйрету. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Тілдерін дамыту.
Билингвальды компонент: Кірпі - ёжик - hanqhop

Шаттық шеңбері;
Күндей жарқырап
Жұлдыздай жарқырап
Таза көңілмен
Бүгінгі күнімізді бастаймыз.
- Ал, кәне, балалар, мен сендерге қазір жұмбақ жасырамын.
Шанамен зырлап жететін,
Шаңғы, коньки тебетін.
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың? – Қыс мезгілі.
- Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?
- Қыста қар жауады, айнала аппақ түске боялады, күн салқын болады.
- Қыста біздер қандай ойындар ойнаймыз?
- Шанамен, шаңғымен, конькимен, аққала жасап ойнаймыз.
- Қыс мезгілінде неше ай бар?
- Қыс мезгілінде 3 ай бар. Желтоқсан, қаңтар, ақпан.
- Қазір қыстың қай айы?
- Қыстың қаңтар айы.
- Ал олай болса балалар бүгін біздер орманға саяхатқа шығайық. Ол үшін біздер орманға поезбен барайық. Қане, бәріміз бірігіп поезға мініп, поезд әнін айтамыз.
«Поезд» туралы жаттау.
- Балалар, біздер орманға келдік, орманда шыршалар өте көп екен, орманда көптеген аңдар мекендейді. Мына аң қандай аң?
- Аю, Аю қыста ұясына жатып ұйықтайды, аю қорбаңдап жүреді. ол бап жөніндегі жақсы көреді.
- Ал енді мынау қандай аң?
- Қоян. Қоянның құлағы ұзын, сәбіз жегенді жақсы көреді.
- Ал енді мынау қандай аң?
- Түлкі. Түлкі өте қу аң, ол қутыңдап жүреді.
- Балалар қараңдаршы, мынау жатқан қандай аң?
- Кірпі. Ол өте көңілсіз екен.
- Кірпі сен неге көңілсізсің?
- Мен отбасымды жоғалтып алдым.
- Балалар онда бәріміз кірпінің отбасын тауып беруге көмектесеміз бе?
- Ия.
Олай болса бәріміз орнымызға отырайық.
- Балалар біздер орманға барып қандай аңды тауып алып келдік?
- Кірпі.
- Ал балалар мұқият тыңдаймыз мен сендерге кірпі туралы мағұлматтар айтамын.

«Кірпі орманды мекендейтін аң. Кірпінің басқа аңдардан ерекшкліктері, ол өте кішкентай, оның тұмсығы, көзі. аяғы болады. Бірақ оның аяғы көрінбейді, оның үстін тікенек қаптап тұрады. Ол осы тікенектерінің арқасында көптеген аңдардан қорғанады. Қауіп төнген кезде аяқтарын жинап алып, дөңгелене жатып алады. Сосын тікенекті болып жатқасын оған ешбір аңдар жоламайды. Осы тікенегі арқылы ешбір аң жоламайды екен».

- Қазір біздер кірпіге отбасын жасап берейік. Ол үшін сендер маған мұқият қарап, тыңдап алыңдар. Сосын барлығымыз кірпіні жасаймыз. Кірпіні жасау үшін ең алдымен ақ ермексазды алып алақанымыздың арасына салып дөңгелетеміз, сосын еуі алақанның ортасына салып сопақша қылып есіп аламыз. Енді саусағымыздың ұшымен шымшу арқылы тұмсығын шығарамыз. Енді кірпінің құлағын жасаймыз. Сосын кірпінің көзін қара ермексаздан дөңгелетіп жасап жапсыру, тұмсығының ұшын қара ермексазбен кішкене дөңгелек қадау. Енді бастысы кірпінің тікенегі, оны біздер шемішкеден жасаймыз. Шемішкені кірпінің үстіне жабыстырамыз. Кірпінің тікенегі өте көп болады. Шемішке ермексазға оңай тығылады. Шемешкіні тікенек ұқсатып әрбір жеріне жапсырамыз. Қараңдаршы менің кірпім дайын болды. Ал олай болса сендерде кірпіні өз қолдарыңмен жасаңдар. Ал енді жұмысқа кіріспестен бұрын қолымызды сергітіп алайық.

Орнымыздан тұрайық
Мойнымызды бұрайық
Қолымызды көтеріп
Саусақты ашып жұмайық
Қолымызды түсіріп
Шапалақтап ұрайық.
- Ал, енді жұмысымызға кірісейік.
Ал балалар кірпімізді жасап болсақ, жасаған кірпімізді отбасына әкеліп қосайық. Жарайсыңдар балалар, сендер бүгін кірпіні өте жақсы етіп жасадыңдар. Кірпі сендерге өте риза болып жатыр. Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
Түсінгендерін сұрау.
- Ия ал олай болса балалар бүгінгі сабаққа қатысқан апайлармен қоштасайық.
Орнымыздан тұрайық
Үлкен шеңбер құрайық
Көріскенше күн жақсы
Сау, саламат болайық.

Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы
КМҚК "Гүлдәурен" ясли бақшасының тәрбиешісі
Жумабаева Бактикул Амандыковна

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама