Көкшетауда полиция ойын клубында 40 жастағы әйелдің омыртқасы жарақаттануына байланысты тергеу бастады, деп хабарлайды infohub.kz.
Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, сотқа дейінгі тергеуді бастауға 1986 жылы туған әйелдің арызы себеп болған. Ол клубта ойын кезінде құлап, омыртқасын жарақаттағанын айтады.
Осы факті бойынша тәртіп сақшылары қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсетуге қатысты бап бойынша қылмыстық іс қозғады.
Тергеу шаралары барысында полицейлер ойынды ұйымдастырушыны анықтады. Қазір оның оқиғаға қатысты рөлі және жарақат алудың барлық мән-жайы анықталуда.
Тергеу құлаудың қандай жағдайда болғанын және жарақаттың тікелей ойын кезінде алынғанын анықтауы тиіс.
Полицияда сотқа дейінгі тергеу қорытындысы бойынша барлық қатысушылардың әрекеттеріне түпкілікті құқықтық баға берілетінін атап өтті.


